Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 10 страница




Гранулометриялық құрамы бойынша бөлшектерінің өлшемі 0,05 мм кем болатын тозаңды құм, бөлшектері 0,05-0,25 мм-лік ұсақ құм; бөлшектері 0,25-0,5 мм-лік орташа құм және бөлшектерінің өлшемі 0,5-2 мм және одан астамды құрайтын ірі құм болады. Тасымалдау барысында құм еләуір тығыздалады. Құмның сусымалылығы елеулі дәрежеде оның ылғалдығына байланысты болып келеді. Құмның ылғалдығы 5-10% болған жағдайда табиғи еңіс бұрышының мәні барынша үлкен болады (около 40°). Ылғалдың әрі қарай артуы табиғи еңіс бұрышының 20-25° дейін кемуіне апарып соғады, бұл жайт соққы немесе дірілдің әсерімен бірге құмды сұйылтады. Әртүрлі биіктіктердегі құм қабаттарының ылғалдығы әртүрлі болып келеді, қабаттың деңгейі төмендеген сайын ол өсіп отырады. Қыс кезеңінде құм карьерлердің жоғарғы, яғни барынша құрғақ қабаттарынан алып тиеледі.

Жарықшақ тас бөлшектерінің өлшемі 5-150мм болады, гранулометриялық құрамы бойынша ол: ұсақ, орташа және ірі болып жіктеледі. Бөлшектерінің өлшемі 20-40мм болып келетін қиыршық тас малта тас деп аталады.

Қиыршық тас – тау жыныстарының және клинкер (отқа, суға төзімді кірпіш), кірпіш т.с.с. өндірісі қалдықтарының ұсақталуынан пайда болған өнім. Қиыршық тастың бөлшектерінің өлшемі әртүрлі әрі пініші сүйір бұрышты болып келеді.

Ақтара тиеліп тасымалданатын тастардың пішіні мен көлемі әрқилы болып келеді.

Сары топырақ құрамында дала шпаты көп болатын тау жыныстарының үгілуінен туындаған өнім болып табылады. Құрамында қоспалар жоқ таза және жеке бөлшектерінің өлшемі 0,005мм-кем болатын сары топырақ каолин деп аталады.

Сары топырақтың өзіндік ерекшеліктері: созымдылығы, су өткізбегіштігі, нығыздалу мен жабысуға аса бейімділігі. Сары топырақтың отқа төзімді сұрыптары жоғары температураларға ұзақ уақыт төзуге бейім болып келеді. Отқа төзімді сарып топырақты күйдіріп, клинкерді ұнтақтау нәтижесінде отқа төзімді шамот алынады.

Қыс кезеңінде сары топырақ кептірілген немесе мұздатылған күйінде тасымалданады. Каолин топырағы әдетте құрғақ күйінде кептіру агрегаттарынан алынған табақтар түрінде тасымалданады.

Тұтқыр материалдар. Тұтқыр құрылыс материалдарына алебастр (гипс), цемент, әк және бор жатады. Сумен араласқан кезде олар құмды, қиыршық тасты және тағы басқа толтырғыштарды байланыстыратын созылмалы заттарды құрайды.

Тұтқыр материалдардың ылғал тартқыштығы аса жоғары болып табылады, сондықтан олар атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды талап етеді. Олар шатыры мен қабырғалары су өткізбейтін жабық қоймаларда сақталады және жабық жылжымалы құраммен тасымалданады.

Тұтқыр материалдардың тозаңдану қабілеті және машиналар мен құрылғылардың үйкелетін бөлшектеріне абразивтік әсер ету қабілеті аса жоғары болып келеді. Алебастр, әк, цементті тиеу кезінде вагондардың қабырғаларын қорғау үшін жабындар қолданылады. Алебастр, әк,бор және цементті тасымалдау кезінде вагондар қатты ластанады, сондықтан тазартуды талап етеді.

22-кестеде тұтқыр материалдардың сипаттамасы келтірілген.

22-кесте

 

Тұтқыр материалдардың сипаттамасы

Материал Көлемдік салмағы, т/м3 Қозғалыссыз күйіндегі табиғи еңіс бұрышы, град
Цемент 0,6-1,15  
Әк 0,4-0,98  
Алебастр (гипс) 0,65-1,6 28-35-45
Бор 0,9-1,35  

 

Цемент – әдетте түсі ақ-сұр болатын ұнтақ. Цементті өндірудің бастапқы шикізаты әртүрлі минералды қоспалар қосылған әктас болып табылады. Шикізатты ұнтақтап, 1450°С жуық температурада күйдіреді. Содан соң клинкерді майқандайды. Қоспалар цементтің қасиеттерін құнды етеді, олар: шектеулі жылу өткізгіштігі, сульфаттарға және қышқылдарға төзімділігі, су өткізбегіштігі, қажетті түсі т.с.с.

Қосылатын қоспалар мен өзіндік қасиеттеріне қарай цементтің келесі түрлері өндіріледі: портландцемент, пуццолан цементі, шлак-портландцемент, алюминий тотықты цемент, романцемент т.б. осы түрлердің әрқайсысы беріктік шегі бойынша әртүрлі маркаларға жіктеледі: 200, 300, 400 т.б. Мәселен, 400 маркасы толық қатқан бетонның 400 кгс/см2 жүктемесін көтеретінін көрсетеді.

Оңай тозаңданатынына және адам ағзасына зиянды ісер ететініне байланысты цементпен жұмыс істейтін жұмыскерлер қорғағыш дәке немесе респиратор тағып жұмыс істеуі қажет.

Негізінен цемент ақтара тиеп, кейде ыдысқа салынып (бүкіл тасымалдау көлемінің 9%-на жуығы) тасымалданады. Цементке арналған ыдыс ретінде сыйымдылығы 50-70кг құрайтын крафт-қағаз қаптар қолданылады. Цемент тасымалдауға салқындатылған күйінде ғана қабылданады. Цемент ыстық күйінде тиелсе, суи келе ол жартылай нығыздалып, сапасы нашарлайды.

Цемент қоймаларын азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары қоймаларының жанына орналастыруға болмайды. Сақтау кезінде цементтің әртүрлі сұрыптарын араластыруға және оның жанына басқа тұтқыр материалдарды жинауға болмайды. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда цемент ауадан ылғал мен көмір қышқылын сорып алуы салдарынан оның тиісті сапасы жойылады. Цементтің теріс қасиеттеріне оның нығыздалуға және қатуға бейімділігі жатады.

Сөндірілмеген әк карбонат жыныстарды күйдіру өнімі болып табылады, ол пішіні мен өлшемдері әртүрлі, түсі ақ және сұр болып келетін түйірлер немесе кесектерден тұрады. Сумен араласқан кезде әк онымен реакцияға түсіп, ұсақ ұнтаққа айналып, көлемі ұлғаяды. Сұйытылған әк ауада қатып қалады. Сөндірілмеген әк қаіпті жүк болып табылады, қауіптілігінің сипаты бойынша ол ащы (улы) және су әсерімен тұтанатын заттарға жатады.

Құрылыс гипсі (алебастр) –ұнтақ тәріздес немесе кесек түріндегі ақ түсті материал, ол табиғи гипс тасын күйдіру және артынан ұнтақтау жолымен алынады.

Бор көмірқышқыл кальций бөлшектерінен тұрады, ол ұнтақ немесе кесек түрінде тасымалданады.

Дара құрылыс жүктері. Дара құрылыс жүктері номенклатурасында 100-ден астам әртүрлі атаулар бар, олар: кірпіш, отқа төзімді материалдар, темірбетон бұйымдар т.б. аталған жүктер тиісті өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдері болып табылады.

Дара құрылыс жүктерінің көбісі ашық жылжымалы құраммен тасымалданады.

Бастапқы шикізатына және жасау технологиясына қарай кірпіш бірнеше түрге бөлінеді, ал қысуға кедергісі дәрежесі мен ылғал тартқыштығы дәрежесі бойынша үш сұрыпқа жіктеледі.

Қарапайым құрылыс кірпішінің жеке бірліктерінің салмағы 3-4кг болады, оның ылғал тартқыштығы аса жоғары (20% дейін). Кеуекті және бос қуысты кірпіштің жеке бірліктерінің салмағы едәуір кем болады. Кеуекті және бос қуысты кірпіштердің бос қуыстары болуының арқасында жылу және дыбыс өткізгіштігі қарапайым құрылыс кірпішінікінен кем, алайда оның беріктігі айтарлықтай төмен.

Кірпіштің түріне қарай оның көлемдік салмағы бос қуысты кірпіштің 0,55 т/м3-нен шикі кірпіштің 2,36 т/м3-не дейін өзгереді.

Отқа төзімді бұйымдар отқа төзімді күйдірілген топырақтан (шамот) пішіні мен өлшемі және салмағы әртүрлі болып келетін кірпіштер немесе блоктар түрінде жасалады. Құрылыс кірпіші мен отқа төзімді материалдарды пакеттеу тасымалдау кезінде сынудан шығындалу көлемін шамамен 15%-ға кемітеді.

Шатыр материалдарына шифер, жабынқыш, қарақағаз, рубероид т.с.с. жатады.

Шифер пжазық немесе бүдір асбоцементті тақталар болып табылады. Ол сынғыш материалдарға жатады, бірақ атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды талап етпейді. Тасымалдау кезінде шифер салмағы 1,02 және 1,12т құрайтын пакеттерге жиналып салынады немесе арнайы контейнерлерге қаттап салынады.

Қарақағаз бен рубероид шатыр картонына, қағазға немесе рольдік целлюлозаға мұнай битумдарын немесе тас көмір қарамайын сіңіріп, содан соң оның үстіне ұсақталған минералды заттарды – қара шақпақ тас, құм т.с.с. жапсырады.

Қарақағаз бен рубероид шеттері тегіс, төсем жиектері жыртылмаған күйінде орап, рулондап тысамалдауға ұсынады. Уәрбір рулон қағазбен оралады.

Рулондардың салмағына, сіңіретін материалға және үстіне жапсырып жағылған минералды қоспаларына қарай қарақағаз бен рубероид бірнеше маркаға жіктеледі.

Қарақағаз бен рубероид – жылуға төзімсіз материалдар, ыстықтың әсерімен рулондардың бір-біріне жапсырылуы орын алады. Олар жабық әрі құрғақ қоймаларда сақталады және тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашындардан қорғай отырып жабық жылжымалы құрамдармен тасымалданады. Оларды күн сәулесі әсерінен қорғалған ашық алаңдарда қысқа мерзім сақтауға болады.

Рулондарды биіктігі бойынша арасына аралық төсем салынған екі қатардан асырмай тік тұрғызып қана сақтап, тасымалдайды. Оларды жатқызса, рулондағы қарақағаз немесе рубероидтың қатпарлары бір-біріне жабысып қалады. Рулондарға «Тұрғызып сақтау қажет» деген таңба басылады.

Құрылысқа арналған табақ әйнек сынғыш материалдарға жататындықтан,алдымен орамдау материалдарымен орап, стандартты ағаш жәшіктерге салынып тасымалданады. Сақтау кезінде әйнек салынған жәшіктерді екі қабаттан артық тізбей, тігінен штабель етіп жинайды. Қабаттардың арасына аралық төсем салынады.

Тасымалдау кезінде жәшіктерді орнынан қозғалуы мен теңселуін болдырмайтындай етіп вагонды бойлай тігінен тұрғызады. Әйнек салынған жәшіктерді жатқызса, өнім сынады. Әйнекті арнайы контейнерлерге тиеп тасымалдау ілгерінді тәсіл болып табылады.

Жәшіктерге «Әйнек», «Абайлаңыз», «Жатқызуға болмайды», «Домалатуға болмайды», «Жоғарғы жағы» деген арнайы таңбалар басылады. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде жәшіктерді лақтыру мен оларға соққы тигізуден сақтану қажет.

Әйнек ылғал мен күн сәулесінің әсерінен қорғайтын жабық қоймаларда сақталады. Ылғал мен күн сәулесі әсер еткен жағдайда әйнек сарғайып, оның бетінде жолақтар пайда болады.

Жазда әйнектің бөлек тақталарының арасына ылғал түсуі салдарынан оларды бір-бірінен ажырату қиын болады, сондықтан көбінесе әйнектер сынып кетеді, ал қыс кезеңінде ылғалдың мұздануы салдарынан әйнек шытынап кетеді.

Темірбетон бұйымдарға (ТББ) тақталар, блоктар, тіреулер мен бағаналар, панельдер, арқалықтар т.б. жатады. ТББ салмағы стандарт бойынша анықталады. ТББ жеткілікті дәрежеде сынғыш болып келеді, сондықтан жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде олардың шеттері мен жиектерін зақымданудан, сызаттар мен басқа да зақымдардан қорғау қажет.

Дәріс 8

ОРМАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ

Жоспар:

1. Ағаш материалдарының түрлері. Ағаш материалдарының қоймалары.

2. Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі

 

Жалпы сипаттамасы. Темір жолда ағаш материалдар мен ағаш бұйымдардың 200-ге жуық атауы тасымалданады. Өңдеу дәрежесі, сондай-ақ, тасымалдау және сақтау жағдайлары бойынша ағаш жүктері үш топқа жіктеледі: дөңгелек ағаш аметриалдары, кесілген ағаш материалдары мен шпалдар, ағаш бұйымдар. Ағаш жүктерін тасымалдауда басым бөлігін бірінші екі топ құрайды.

Ағаш жүктерінің ең маңызды сипаттамалары қаттылығы, салыстырмалы салмағы, ылғалдығы, түсі, иісі және ағаш ақауларының бар-жоғы болып табылады.

Барлық ағаш түрлерінің тығыздығы бірдей дерлік болып келеді және ол 1,5-1,56т/м3 құрайды. Ағаштардың кеуегі мен қуыстарының болуы мен жалпы көлеміне қарай ағаштардың түрлері бір-бірінен қаттылығымен және салыстырмалы салмағымен ерекшеленеді. Ағаш түрлерінің салыстырмалы салмағы ылғалдығы мен қаттылығына (кеуектілігіне) қарай 0,36-1,2 т/м3 құрайды.

Қаттылығы бойынша ағаш түрлері ең қатты (қара ағаш), аса қатты (емен, қызыл ағаш), қатты (қайың, сағызқарағай, үйеңкі), қаттылығы кем (қараағаш, жөке, шырша) түрлеріне бөлінеді.

Ағаш материалдарын есепке алудың негізгі бірлігі тығыз текше метр болып табылады – бұл ағаштың көлемін бөренелердің, діңгектердің, тақтайлардың т.с.с. арасындағы саңылаулары ескерілмейтін бірлік.

Ағаш материалдары темір жолмен тасымалдауға штабельдердің саны мен биіктігі, пакеттер саны және даналар санымен қабылданады. Даналар санымен қабылдау кезінде Vп ағаш көлемі мына формуламен анықталады, м3:

 

Vп = n Sср lст м3 (67)

 

мұндағы n – ағаш материалдарының саны, дана; Sсp – жекелеген бөренелердің, шпалдардың, діңгектердің т.с.с. шетінің орташа ауданы, м2; lст – ағаш материалдарының стандартты ұзындығы, м.

 

Басқа жағдайларда ағаштың көлемі мына формула бойынша анықталады:

 

Vп = кд Vшт nшт м3 (68)

 

мұндағы Vшт – ағаш материалдары штабелінің (пакетінің) көлемі, м3:

 

Vшт = lст hшт lшт м3 (69)

 

мұндағы hшт, lшт – тиісінше ағаш материалдары штабелінің (пакетінің) биіктігі мен ұзындығы, м.

 

Штабельдің биіктігі штабель ұзындығының әрбір метрінде өлшенген биіктіктерінің орташа арифметикалық саны ретінде анықталады. Шөгу мен тығыздану нәтижесінде штабель биіктігінің төмендеуіне жол беріледі, бірақ ол биіктіктің әрбір метріне шаққанда 3см-ден аспауы тиіс;

nшт – ағаш материалдары штабельдерінің (пакеттерінің) саны; кд – ағаш материалдарының жекелеген бірліктерінің арасындағы саңылауларды ескеретін толық ағаштық коэффициенті (23-кесте).

 

23-кесте

 

Толық ағаштық коэффициенттері

Ағаш түрі Толық ағаштық коэффициенті
дөңгелек ағаш материалдары үшін Аралық төсемі бар бумалары тізілген кесілген ағаш материалдары мен шпалдар үшін
Қабығы аршылмаған Қабығы нашар аршылған Қабығы аршылған
Шырша, самырсын қарағай қайың, қараағаш, жөке, сағызқарағай   0,7 0,68 0,67 0,64 0,75 0,77 0,74-0,93

 

Жүк жөнелтушілер ағаш жүктерінің салмағын шартты түрде анықтайды:

 

Q = Vп ρуд т (70)

 

мұндағы ρуд – ағаштың салыстырмалы салмағы, т/м3.

 

Ағаштың ылғалдығы оның механикалық және биологиялық қасиеттері мен салмағына едәуір әсер етеді. Ағашта ылғал бос (капиллярлық) және химиялық байланысқан (молекулалық) күйінде болады. Ағаш материалдары құрғаған кезде бірінші кезекте капиллярлық ылғал буланады. Бұл орайда ағаштың салмағы ғана өзгереді. Ағаштың әрі қарай құрғауы молекулалық ылғалдың булануы есебінен жүзеге асады, бұл ағаштың көлемді түрде кебуіне (ең көбі 5-6%-ға дейін) және оның механикалық беріктігінің артуына апарып соғады. Ағашты 17-20%-дық салыстырмалы ылғалдыққа дейін кептіру қайтарылмас өзгерістерге апарып соғады, яғни ағаш ылғалды қайта сіңірмейтіндей дерлік болады. Дұрыс сақтамау жағдайында ағаш материалдарын жылдам кептірсе, олардың шытынауы мен қисаюын және сапасының нашарлауын туғызады.

Кептіру кезінде ағаштың салмағы едәуір азаяды (24-кесте).

24-кесте

 

Ағаштың салыстырмалы салмағының мәндері

Ағаш түрі Ағаштың салыстырмалы ылғалдық жағдайындағы, %, салыстырмалы салмағы, т/м3  
 
             
Шырша 0,45 0,48 0,56 0,62 0,68 0,75  
Қарағай 0,50 0,525 0,625 0,70 0,76 0,84  
Сағызқарағай 0,67 0,70 0,82 0,91 1,00 1,10  
Самырсын 0,37 0,41 0,49 0,54 0,60 0,65  
Қайың 0,62 0,67 0,79 0,88 0,96 1,06  
Көктерек 0,45 0,50 0,60 0,67 0,73 0,80  
Қараағаш 0,52 0,54 0,65 0,72 0,79 0,87  
Бәйтерек 0,45 0,50 0,60 0,65 0,70 0,75  

 

Ағашта сұр дақтардың, түсті жолақтардың пайда болуы, көкшіл, сарғыш тартуы ағаштың кінәратын немесе бұзылуын, бүлінуін білдіреді. Ағаш жүктерінің кінәраттары ағаш бұзғыш және ағаш бояғыш өңездің пайда болуы нәтижесінде туындайды.

Түр-түсінің өзгеруі ағаштың тауарлық түрін төмендетеді, бірақ оның механикалық қасиеттерін өзгертпейді. Ағаш қоймаларындағы ағаштарды жоятын негізгі кінәраты шіру болып табылады. Бұл жағдайда шіруге тән өзіндік иіс пайда болады. Шіру нәтижесінде ағаштың жалпы шығыны 8%-ға жетеді. +5°С-тан төмен температурада немесе ағаштың ылғалдығы 25%-дан төмен не 55%-дан жоғары болған жағдайда ағаш бұзғыш және ағаш бояғыш өңездің өсуі тоқтайды. Сондықтан ағашқа өңез тимеуі үшін әдетте оны ашық алаңдарда құрғақ не ө те ылғал күйінде сақтайды.

Осы аталғандармен қатар ағаштың кінәратына оның әртүрлі жәндіктермен зақымдалуы жатады. Жәндіктер жарық жақсы түсетін жерлердегі ағаштарды мекендейді. Ағаштар үлкен, тығыз орналастырылған штабельдерге жинап сақтаған кезде және қабығы аршылған жағдайда жәндіктердің оларды зақымдау мүмкіндігі кем болады.

Дөңгелек ағаш материалдары. Дөңгелек ағаш материалдары:

– кесілген ағаш материалдарын, шпал, фанера, әртүрлі дайындамалар, тері илеуге арналған сірінділерді және ағаш көмірді алуға арналған шикізат ретінде;

– құрылыста;

– қадалар, діңгектер, және электр станцияларының тіреулерін жасау үшін;

– тау қазбаларын бекіту үшін;

– қар қалқандарын жасау үшін – қолданылады.

Арналымына қарай оларды қабығы аршылған және қабығы аршылмаған күйінде дайындайды.

Қалыңдығы бойынша ағаш материалдары: ұсақ – диаметрі 1 см аралықпен 13 см-ге дейін жететін; орташа – 2 см аралықпен 14-24 см -ге дейін жететін; ірі – 2 см аралықпен 26 см-ге дейін жететін және одан асатын – болады. Бұл орайда дөңгелек ағаш материалдарының диаметрі деп ағаш діңгегі кесіндісінің жоғарғы және төменгі жақ диаметрлерінің жарты мөлшерлері алынады. Ағашының сапасы бойынша ұсақ ағаш материалдары сұрыпсыздарға жатады, ал орташалары мен ірілері төрт сұрыпқа жіктеледі.

Дөңгелек ағаш материалдарының ұзындығы 0,5-18 м көлемінде белгіленген. Теміржол көлігімен тасымалдау жағдайларына қарай дөңгелек ағаш материалдары ұзындығы 3 м дейін жететін қысқа, 3-13 м болатын орташа және 13 м астам болатын ұзын деп жіктеледі. Орташа және ұзын дөңгелек ағаш материалдары тиеу көлемінің жоғарғы жіңішкелеу жағын қолданып тиеледі.

Дөңгелек ағаш материалдары арналымына, сұрыптарына, ағаш түріне және қалыңдығына қарай сұрыпталады. Вагонға тиелген дөңгелек ағаш материалдарының бір штабелінде қалыңдығы бойынша төрт шектес өлшемнен артық болмауы тиіс, ал ағаштардың ұзындықтарының айырмасы 0,5м-ден аспауы керек.

Дөңгелек ағаш материалдарының бүйір жақ шетіне таңбалама салып, онда ағаштың арналымын, сұрпын және диаметрін көрсетеді. Ұзындығы қоса алғанда 2м-лік ағаш материалдары, сондай-ақ, қалыңдығы қоса алғанда 13см-ге дейін жететін барлық ұзындықтарға жататын дөңгелек ағаштар таңбаланбайды.

Дөңгелек ағаш материалдарын ылғалды, құрғақ немесе химиялық тәсілмен сақтауға болады. Ылғалды сақтау тәсілінде штабельдер қарапайым түрде немесе тығыз (аралық төсемсіз) тізіліп, ағаш материалдарының шеттері қорғағыш майлармен боялуы немесе көлеңкеленуі, мұздатылуы, қармен жабылуы, жаңбырлануы немесе суға салынуы тиіс. Бұл тәсіл кесуге, сыдыруға немесе сүргілеуге арналған қабығы аршылмаған ағаш материалдарын сақтау үшін қолданылады.

Құрғақ тәсілді қолдану кезінде ағаш материалдары сиретілген немесе қалыпты штабельдерге тізіледі. Соңғы жағдайда ағаш материалдарының шеттеріне қорғағыш май жағады немесе көлеңкелейді. Құрғақ тәсілмен дөңгелек күйінде пайдаланылатын қабығы аршылған ағаш материалдарын – құрылысқа араналған ағаштарды, бағаналар мен қадаларды, бекіткіш тіреулерді т.с.с. сақтайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 597; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.