Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма




Тапсырма.

Әр үйде 10терезеден болу керек.Жетпей тұрған терезелерді сал.

Фигураларды өзгерт

 

3тапсырма.

фигураларды пішініне қарай қораптарға орналастыр:

-Шеңберлерді қандай сандықшаға саламыз?Шаршыларды ше?Үшбұрыштарды ше?Әр топта неше фигурадан барын санаңдар және оларды атаңдар.

 

4тапсырма.

Саусақ қимылын дамытуға арналған 1және 2сандарын ұқыптап жазу.

 

Қортындылау:

1+1= 0+1=

2+1= 0+2=

 

Есеп шығару арқылы мадақтау.

 

26-сабақ.

Сандардың құрамын қайталау.

Мақсаты: 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау заттың қасиеттерін қайталау.10көлеміндегі сандар құрамын бекіту саусақ қимылын дамыту.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Көрнекілік: сандар,суреттер

№1 тапсырманы

орындамас бұрын балалардың әр тобына ұзындығы мен түсі әртүрлі лента (бау, жіп) жинағы үлестіріледі. Ең ұзын лентаны көрсет. Оның түсі қандай? Ең қысқаын көрсет. Оның түсі қандай? Содан кейін балалар ең ұзын жіп пен ең қысқа жпті өз бетінше бояйды. Одан қысқа жіптің суреті салынады.

№2 тапсырманы

орындау 5,6 және 7 сандарының құрамы бойынша ауызша жұмыспен ұштастырылады. Содан соң балалар өздігінен (немесе орындарында отырып түсіндірумен тапсырманы орындайды.

№3 тапсырма.

«Суретте неше құлпынай жидегі бар? Неше шие жемісі бар? Санды жеміс санымен сәйкестендіріп, үлгіге жаз. Барлығы неше жміс-жидек екенін сана. Дұрыс шешкеніңді тексер».

Екінші сурет бойынша да жұмыс жүргізіледі. «Тағы бір алма қосса, неше алма болатынын айт. Барлығы неше жеміс-жидек болады?»

№4 тапсырманы

орындар алдында ұжым болып ең үлкен шелек қайсысы екенін табамыз.

Оны шеңбермен (гүлмен, нүктемен немсе өзгеше) белгілейік. Қандай шарттар орындалуы тиіс?

 

Қортындылау:

7+3= 8+2= 9-1=

6+4= 3+7= 10-6=

 

27-сабақ.

Есеп және оның құрылымдық элементтері – шартты, сұрағы, шешуі,

жауабы туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру; сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Сұраққа жауап беріңдер, мұқият болыңдар!

- Төрт күшікте неше құйрық бар?

- Екі мысықта неше құйрық бар?

- Аптаның екінші күнін ата.

- Қыс неше айға созылады?

- Не артық: қалам, қарындаш, кесінді?

- Қар мен көрпеге не ортақ?

Жаңа материалды меңгеру

- Бүгін біз есеппен танысамыз.

- Суретке қараңдар.

Автотұрақта 6 машина тұрды. Бір машина кетіп қалды. Неше машина қалды?

 

6 - 1 =

 

 

Әліппе – дәптермен жұмыс. №1 тапсырма.

Есептің ШАРТЫН атаңдар. Есептің СҰРАҒЫН атаңдар. Бұл есепті қалай ШЕШУ керек? Қандай ЖАУАП алдық?

- Есептің шешуін жазайық. Барлығы неше ойыншық? (5).

- Есептің жауабын атаңдар.

- Жауабын жазамыз.

№3 тапсырманы орындау барычында дұрыс бояу үшін алдымен есепті орындап, сонан соң бояуға кірісу керектігіне балалар назар аударады.

 

28-сабақ.

Есеп және оның құрылымдық элементтері – шарты, сұрағы, шешуі, жауабы туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:« Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтері туралы түсініктерді бекіту; сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс алдыңғы сабаққа сәйкес жүргізіледі. «Құпия» ойыны.

Әліппе – дәптермен жұмыс. №1 тапсырма.

Суреттерді қараңдар. Суретте не болып жатыр? (3 гүлге тағы 2 гүл қосты). Олардың саны артты ма, әлде кеміді ме? Есеп құрастырамыз, бұл ертегі тапсырма: алаңқайда 2 аққала тұрды, содан кейін тағы 2 аққала пайда болды. Барлығы неше аққала болды?

- Есептің шартын атаңдар. Сұрақ қойыңдар. Сұраққа жауап беру үшін не істеу керек?

Есепті шығарып, жауабын жазамыз.

- Екінші сурет бойынша есеп құрастырып,шешуін тап. Шешуі мен жауабын жаз.

 

№2 тапсырманы балалар алдын ала әңгіме жүргізілгеннен соң, өздігінен орындайды.

- Сөрелердің әрқайсысында қанша доптан болуы тиіс? Жетпейтін санды жапсыр.

 

№3 тапсырма сан қырлы. Берілген материал бойынша мұғалім геометриялық материалды (сурет қандай фигуралардан тұратынын атаңдар), заттың түсі мен санын бекітеді. (Қандай түсті бөлшектер қолданылған? Суретте әр түстен қанша бөлшек бар? Белгіленген орындарды санап, таяқшамен көрсет). Содан кейін балалар үлгі бойынша суретті бояйды.

 

№4 тапсырманы орындау кезінде цифрлардың сыртын жүргізіп шығуды және бояуды ұқыпты орындауға көңіл бөлінеді.

 

29-сабақ.

Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: көпбұрыш, қөпбұрыштың түрлері (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш) туралы түсінікті нақтылау; «көпбұрыштың қабырғалары», «фигураныңбұрышы» түсініктерін нақтылау.

Ауызша жұмыс: тірек білімдерін жетілдіру.

Тақтаға фигуралар ілінген. Бірнеше көпбұрыш және шеңбер, бәрі көк түсті, ал үшбұрыш – жасыл.

– Фигуралардың қайсысы артық?

Мұнда фигура түсі, не болмаса пішіні бойынша «артық» болуы мүмкін.

 

1 әліппе-дәптер орындалады, әр уақытты топтау үшін негіз нақтыланып отырады.

 

КӨПБҰРЫШТАР

Берілген барлық фигуралар – көпбұрыштар. Олар неге бұлай аталады? Олардың әрқайсысының оө атауы бар? Бұл атауларды білесіңдер ме?

Бекіту үшін

№3 тапсырма орындалады.

Жұмысты өздігінен орындатып, соңынан тексеруге болады.

Тапсырманы түсіндіре отырып, орындау керек. Есеп қалай құрастырылатынын, қандай элементтерден тұратынын еске түсірейік. Суретте не берілген? Алдымен неше саптаяқ болды? Тағы неше саптаяқ қосты? Нені сұрауға болады? Есептің шарты мен сұрағын айтып, шешуі орындалады және жауабы жазылады.

 

 

30 - сабақ.

Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: «фигураның қабырғасы», «фигураның бұрышы» түсініктерін бекіту, шеңбер мен сопақша арасындағы айырмашылықты нақтылау.

Ауызша жұмыс: Тірек білімдерін жетілдіру.

Бұл жұмыс алдыңғы сабаққа ұқсас ұйымдастырылады. Фигураларды жіктеуге (бірнеше белгілері бойынша) арналған тапсырма ұсынуға болады.

 

№1 тапсырманы орындамас бұрын кестенің «бағаны» және «жолы» деген түсініктер нақтыланады.

– Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Кестеде қандай фигуралар берілген?

– Бірінші (екінші, үшінші) бағанда қандай фигуралар орналасады?

Фигураларды салып, боя.

– Бос торкөздерге тиісті фигураларды сал және берілген түстермен боя.

№2 тапсырманы орындар алдындар «подъезд», «қабат» түсініктері нақтыланады.

– Балалар, қараңдаршы, суретте ерекше үй берілген. Бұл – сиқырлы терезелер қандай болуы керектігін қарап, тиісті жапсырмаларды орналастыр.

 

 

31-сабақ.

Геометриялық фигуралар. Қайталау.

 

Сабақтың мақсаты: көлемді денелер (шар, текше, конус, цилиндр) туралы түсінік нақтыланады; қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйренеді.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыста балаларға көлемді денелердің макеті көрсетіледі және олардың атауы нақтыланады.

 

№1 тапсырманы орындар алдында балалар «Қайсысы неге ұқсас?» ойынын ойнайды. Тәрбиеші текшені көрсетеді, ал балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттардың бейнесін қарастырып, кесте ұяшықтарына жапсырады.

 

№2 тапсырма балаларға бұрыннан таныс,оны түсіндіруімен орындарында отырып орындайды.

 

№3 тапсырма есепті құрастыру және шешу дағдысын бекітеді. Суретке қараңдар. Неше пирамида үлкен? Оған нешеу қосты? Есептің шартын құрастырып, сұрақ қоямыз және есепті шығарамыз.

– Сурет астындағы 3 торкөзді бір түспен және 2 торкөзді басқа түспен боя. Есептің шешуін бос торкөздерге жаз.

 

 

32 - сабақ.

Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу.

Бірінші сабақта затты 2тең бөлікке бөлу қажеттігі жиі кездеседі, мәселен, 2 баланың (қонақтың) бір нәрсені тең бөліп жеуі, 2 тышқанға ірімшікті бөліге көмектесу және т.б. тәрбиеші затты тең 2 бөлікке, яғни теңдей етіп қалай бөлу керектігін көрсетеді. Балалар бөліктерді санап, олардың тең екеніне көз жеткізеді. Тәрбиеші тең 2 бөліктің кез келгені жарты деп аталатынын айтады.

Екінші сабақта тәрбиеші балалар екіге бөлетін заттар аясын кеңейтеді. Жармалар, су пайдалануға болады. Оларды бірдей мөлдір 2 стаканға теңдей етіп екі бөлікке бөледі.

 

Мақсаты: фигураларды тең бөліктерге бөлумен таныстырады, «жарты», «ширек» түсініктерімен таныстырады.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Бұл сабақта практикалық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бұл үшін балаларға оңай бүктелетін қағаз шеңберлер беріледі. Тәрбиешінің басшылығымен балалар шеңберді екіге бүктеу тәсілін орындайды.

– Бұл – шеңбердің жартысы. Неше жарты шықты?

Содан кейін балалар тағы бір рет бүктейді, сонда ширек шығады.

– Неше ширек шықты? Неге олай аталады?

№1 тапсырма орындалады.

- Суретке қараңдар. Олар шеңбердің қандай бөлшектерінен құралған? Жоғары суретте шеңбер, шеңбердің жартысы, шеңбердің ширегі қандай түспен боялғанын қараңдар. Осы түстермен төменгі суреттегі бөлшектерді бояңдар.

Балалар төменгі суретті тиісті түспен өз бетінше бояйды.

 

№2 тапсырма балаларға таныс. Оны түсінік бере отырып орындауға болады.

№3 тапсырманы орындау кезінлде фигура неше бөлікке бөлінген, бұл бөліктердің әрқайсысы қалай аталатынын айтады.

- Шеңбердің қай бөлігі қиып алынды? (Ширек).

- Қиылған бөліктердегі өрнекті мұқият қараңдар және тиісті ширекті атаңдар.

 

 

33 - сабақ.

Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу

Мақсаты: фиураларды тең бөліктерге блмен таныстыру, «жарты», «ширек» түсініктерін бекіту жалғасады.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Бұл сабақта алдыңғы сабаққа ұқсас практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Бл үшін балаларға қағаздан жасалған шаршылар үлестіріледі. Тәрбиешішің көмегімен балалар шаршыны екіге, төртке бүктейді.

№2 тапсырманы орындауды 5,6 және 7 (5 – бұл 3 және неше, 7 – бұл 2 және қанша т.б.) сандарының құрамын пысықтауға арналған ауызша жаттығулармен ұштастыра орындалады.

- Гүлзарды қараңдар. Олардың әрқайсысында 7 гүл бар. Гүлназға көмекесіп, жетпейтін гүлдерді жапсырайық. Жұмысты түсіндіре отырып немесе өздігінен орындайды.

№3 тапсырма суреттегі көріністі қарастырудан басталады.

- Суретте барлығы неше балапан бар? (6)

- Суретте не болып жатыр? (2 балапан кетіп бара жатыр).

- Есептің шартын құрастырайық. «Аулада... серуендеп жүрді. Екі балапан.... Неше... қалды?» деген сөздермен бастайық.

- Септің сұрағына жауап беру үшін не істеу қажет? Балапан көбейді ме, азайды ма? (Азайды).

- Неше балапан қалғанын қалай білуге болады? (6-дан 2-ні азайтамыз).

- Есептің шешуі мен жауабын жазамыз.

 

34-сабақ.

Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар.

Сабақтың мақсаты: балаларда әртүрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптасыру; олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілдерімен таныстыру.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Алдымен балалардың заттың салмағы, көлемі туралы тұрмыстық түсініктерін анықтап алу керек.

- Сендердің алдарыңда 3қапшық жатыр.

- Олар қай жағынан ұқсас? (түсі, өлшемі).

- Оларды қолдарыңа алыңдар. Енді олардың қай жағынан ұқсамайтынын біле алдыңдар ма?

- Қапшықтардың қайсысы ауыр?

- Қане, ауыр қапшықтың ішіне қарап көрейікші. Оның ішінде не бар? (Басқа қапшықтарды осылай қарап шығады).

Әліппе-дәптермен жұмыс.

№1 тапсырма.

- Суретке қараңдар. Суреттен қандай ауыр, жеңіл затарды көріп тұрсыңдар?

«Не жеңіл болады?» ойыны (қар ұлпасы, жапырақтар, жүгіру, т.б.)

«Не ауыр болады?» ойыны (жүк, тыныс алу, аяңдау, т.б.)

- Жақсылап қарап, топтағы заттарды атаңдар: не ауыр, не жеңіл? Айналаны қоршаған ортадан қандай ауыр немесае жеңіл заттарды білесің?

№3 тапсырианы балалар өз беттерінше орындап, артынан тексеріледі.

№4 тапсырманы орындау кезінде педагог балалардың назарын торкөздің санына сәйкес бөлшектерді бояу керектігіне аударады.

 

 

35-сабақ.

Ауыр – жеңіл; сұйық, сусымалы заттар.

 

Мақсаты: балаларда түрлі заттар мен материалдардың өз салмағы мен көлемі (сыйымдылығы) болатыны туралы түсінік қалыптастыру; сұйық және сусымалы заттар көлемін анықтау тәсілдерімен таныстыру.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

Балаларға қай ыдыста су көп, қайсысында аз, қай банкіде жарма көп, т.б. екенін анықтауды тапсырған дұрыс. Ыдыстардың аласа және кең, биік және тар, өлшемі жағынан әртүрлісі таңдалады. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін балалар бір белгімен ғана шектелмей, барлық 3 өлшемнің мөлшерін ескеруі тиіс.

№1 тапсырманы көрнекі құралдың көмегімен орындатуға болады. Балалардың өлшеу жұмысына қатысу мүмкіндігі брілуі тиіс.

 

№2 тапсырма. Алдыңғы сабаққа ұқсас өздігінен орындалады.

№3 тапсырм өздігінен орындауға көбірек көңіл бле отырып жүргізіледі.

- Сурет бойынша есеп құрастырамыз.

- Есептің шартын атап, сұрақ қойыңдар.

- Есеп шығарып, сұрақа жауап береміз.

- Есепің шешуі мен сұрағын жазыңдар.

 

 

36-сабақ.

Уақыт арасындағы қатынас.

 

Мақсаты: балалардың тәулік бөліктері, апта күндерінің реті, жыл айлары туралы білімдерін бекіту; тура, кері санауға жатықтыру.

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

№1 тапсырма.

- Әр адам күн тәртібін сақтайды. Суретке мұқият қарап, өз күн тәртібің ткралы айтып бер. Таңертең, кешке, түнде не істейтініңді әңгімеле. Сағат қаншада тұратыныңды, түскі ас ішетініңді ойнайтыныңды және ұйқыға жататыныңды айт.

№2 тапсырма. Тақтаға күнтізбе ілінген.

- Тақтаға қара. Онда түрлі түсті күнтізбе ілінген. Бүгін – бейсенбі.

- Кеше аптаның қай күні болды? – ертең аптаның қай күні? – Дүйсенбі мен сәрсенбінің ортасында аптаның қай күні? – Сәрсенбіден кейін аптаның қай күні?

№3 тапсырманы орындар алдында балалар өз күн тәртібі туралы әңгімелейді және тиісті суреттерді жапсырады.

№4 тапсырманы балалар шеңбер берілген торкөздерді бояй отырып, өз бетнше орындайды.

 

37-сабақ.

 

Уақыт араындағы қатынас.

Мақсаты: балалардың тәулік мезгілдері, апта күндерінің, жыл айларының реті туралы білімін бектіту.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.

- Аптада неше күн бар? Ретімен атап шық. (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

- Енді алуын пайдаланбастан аптаның 5 күнін ата.(Кеше, бүгін, ертең, бүрсүгіні, алңғы күні).

 

Жұмбақтарды шеш:

Терезеден қарасаң, қара мысық көресің.(түн). Ағайынды жеті жігіт бар: жылы бір, есімдері әр түрлі.(апта күндері). Кеше болды, бүгін бар, ертең болады (уақыт).

 

№1 тапсырма түсіндіре отырып орындалады.

«Алдымен – содан кейін» ойыны.

- Сен алдымен ыдыс жуып, содан кейін түскі ас ішесің бе? (Жоқ, мен алдымен түскі ас ішемін, содан кейін ыдыс жуамын).

- Сен алдымен киініп, содан кейін тіс тазалайсың ба? (Жоқ, мен алдымен тіс жуамын, содан кейін киінемін).

- Түнде балабақшаға барып, содан кейін күні бойы ұйықтайсың ба?

- Сен алдымен сабынды жуып тастап содан кейін сабынданасың ба?

- Сен алдымен бас киім киіп, содан кейін шаш тарайсың ба?

- Сен бұрын үлкен болып, қазір кшкентайсың ба?

- Сен алдымен бәтеңке киіп, содан кеін шалбар киесің бе?

 

№2 тапсырмаға берілген суретке қараңдар. Алдымен не болды? Содан кейін ше?

Ретімен біріктір.

 

№3 және №4 тапсырма алдыңғы сабақтарға ұқсас орындалады.

 

 

38-сабақ.

1-ден 20-ға дейін санау

Мақсаты: 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету (тура және кері тәртіппен).

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімдіі бекіту.

Тәрбиеші балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруе арналған тапсырмалар береді:

1. 0-ден 10-ға дейін тура санау.

2. 10-нан 0-ге дейін кері санау.

3. 1-ден 10-ға дейін реттік санау.

4. 10-нан 0-ге дейін кері санау.(реттік)

5. Келесі санды атау...

6. Алдыңғы санды атау...

7. Сандардың көршілерін атау.

 

№1 тапсырма материалдары неігізінде жүргізіледі. Алдымен балалар санайды, содан кейін сандар қатарына қалып қойған сандарды жапсырады.

№2 тапсырманы орындамас бұрын балаларға «Санаңдар» ойынын ұсынуға болады. Тақтаға екшелер қойылады да, балалар тақтаға шығып, санайды.

Жұмыс дәптермен жұмыс.

№3 тапсырма. Суреке мұқият көз жібер. Бір жіпте неше жалау бар? Екіншісінде нешеу? Нешеуі артық? Жалау саны артық жіпті боя.

 

№4 тапсырманы логикалық есептер орындаумен ұштастыруға болады.

№5 тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындарында орындайды.

 

39-40 сабақтар.

1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.

Мақсаты: Екінші ондық сандарының оқылуымен аныстыру, 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту.

Тәрбиеші балаларға 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын меңгеруге арналған тапсырмалар береді:

1. 0-ден 20-ға дейін тура санау.

2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.

3. 1-ден 20-ға дейн бір саннан аттай отырып тура санау.

4. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау.

5. Келесі санды атау...

6. Алдыңғы санды атау...

7. Сандардың көршілерін атау...

Екінші ондық сандарының ретін пысықтауға әр сабақтағы нөмірі 1-ші тапсырмалар ранлған (сандарды толықтырып жазу, жапсыру).

           
 
   
 
   
 

 

 


 

 

№3 тапсырма (39-40 сабақтар) – геометриялық ұғымды бекітуге арналады. Оларды орынджар алдында геометриялық фигуралар мен көлемді денелердің атауын қайталаған жөн. Балаларға «Фигураны тап» ойыны ұсынылады.

Тапсырманы күрделендіруге болады: Мен үштен артық бұрышы бар фигура жасырдым. Оның түсі қандай болуы мүмкін? Бұл қандай фигура болы мүмкін?

Қорытынды: Мадақтау, марапаттау.

41-42 cабақтар.

Екінші ондық сандарының әрқайсысының құрылуы.

Мақсаты: екінші ондық сандарының құрылуымен таныстыру, көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.

Ауызша жұмыс. Тірек білімді жетілдіру

Ауызша жұмысқа реттік санауға (тура және кері) арналған жаттығуларды енгізу қажет.

Жаңа материалмен таныстыруды практикалық жұмыстан бастау керек. Әр балаға абак (шот) (10 шеңбері бар жолақ) пен жеке жеке түсті 10 шеңбер дайындалады.

- Абакта (жолақта) неше шеңбер бар? (10)

- Жоғарғы жағынан тағы бір шеңбер қойыңдар. Барлығы неше шеңбер болды? (11, 12 және т.б.).

 

 

 

       
   


 

 

Сергіту сәті:

Жалқау болма мүлде,

Шынығайық күнде!

Бір-екі-үш!...

Жи-нап күш,

Жаттыға береміз,

Шынықсын денеміз.

 

Содан кейін №1 тапсырма түсіндіре отырып орындалады

(41-сабақ).

41-сабақтың №2 тапсырмасы мен №1 тапсырмасын балалар орындарында түсіндіре отырып орындайды. Уақыт үнемдеу мақсатында топпен орындатуға болады.

Мысалы, балаларға үстел, орынық, шкаф суреттері көрсетіледі.

- Бұл бұйымдар бір сөзбен қалай аталады? (жиһаз).

Қорытынды.

43-сабақ.

Теңге. 1, 2, 5, 10, 20 теңгелік монеталар

Мақсаты: Ұлттық валюта – теңге туралы жалпы мағлұмат беру.

Балаларды түрлі монеталармен таныстыру.

 

Ауызша жұмыс. Тірек білімді жетілдіру

Жаңа материалды талқылаудан бұрын ақша неге пайдаланылатыны

туралы әңгіме жүргізіледі.

- Сендер ата-аналарыңмен дүкенге, базарға барып көрдіңдер ме? сауда жасауға ма?

- Тауар сатып алу үшін не қажет? (ақша).

- Ақша қандай болады (қағаз және металл – монеталар).

- Қандай монеталар бейнеленген?

«Дүкен» ойыны.

Біз сендермен дүкенге келдік. Әрқайсысыңда сауда жасауға мүмкіндік бар (бұл ертегі дүкен).

Суреттерге қараңдар (№1 тапсырма).

- Әр әмиянда неше монета бар?

- Әр әмиянда неше теңге бар?

- Қай әмияндарда ақша теңдей?

- Қай әмиянда ақша көп?

Тақтаға бағасы көрсетілген тауарлар қойылады, балалар оларды «сатып алады».

 

№2 тапсырма 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын бекітуге арналған ауызша жұмыспен ұштастырылады:

1. 0-ден 20-ға дейін тура санау.

2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.

3. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.

4. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау.

5. Келесі санды атау...

6. Алдыңғы санды атау...

7. Сандардың көршілерін атау...

 

№3 тапсырма. Тиісті кілтті тап. Тәрбиеші балаларды кілттің негізі ретінде қандай геометриялық фигуралар алынғанын талдауға жұмылдырады. Бұл кілттер кестеде қалай орналасқан? (баған және жол) дайындық жұмысынан кейін балалар тиісті кілтті тауып, жапсырады.

 

Қорытынды:

44-48 сабақтар.

Өтілген материалдарды қайталау

Мақсаты: өткен материалды қайталау және жүйелендіру 44-48 сабақтардың құрылымын тәрбиеші өзі таңдай алады. Біз ықтимал нұсқалардың бірі ретінде келесі нұсқаны ұсынамыз.

І. Ауызша санау.

1. 20көлеміндегі сандардың ретін бекіту, тура және кері санау, бір, екі сан аттай отырып санау, сандардың көршілерін атау. 4-5 мин.

 

2. 2-ден 10-ға дейінгі сандар құрамы туралы білімді бекіту, 10 көлеміндегі қосу және азайту. 3-5 мин.

ІІ. Әліппе дәптермен жұмыс.

Бұрын өткен материалды (есептер, геометрия элементтері, шама, бөлшекке бөлу және т.б.) пысықтау және жүйелендіру

Саусақ қимылын дамыту бойынша жұмыс жүргізу.

ІІІ. Затқа (логикалық есептер, өмірмен байланысты тапсырмалар, математикалық мазмұндағы ойындар) қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 3079; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.241 сек.