Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эпизоотия мен эпифитотия 1 страница




Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.

 

7.28. Табиғи өрт

Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

 

Кесте. Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.

Орман өртінің классы Отпен қамтылған ауданы,Га
Тұтанып жайлап жана бастауы Кіші өрт Үлкен емес өрт Орташа өрт Ірі өрт Катастрофалық өрт 0,1-0,2 0,2-2,0 2,1-2,0 21-200 201-2000 2000 жоғары

 

 

7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.

От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

 

7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.

Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері.

Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

8.1. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы. (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)

Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты барлық іс-шаралардың басты мақсатты-ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде халық пен шаруашылық нысандары қорғаудың негізгі ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған және оған мыналар қосылады:

§ болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар;

§ азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен қауіп-қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халықты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту;

§ міндетті түрде ТЖ жою бойынша құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек пен әлеуметтік қорғау көрсету.

 

Заңда аса маңызды орындардың бірі ТЖ-ның алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуына беріледі.

Заңда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың пайда болуына төтеп беретін қорғаныс шараларын жүргізуге назар аударылады.

Ерекше маңыздылықты, зардап шеккендерге өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы және мақсатты бағытталуы алады.

Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен, ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші кезектегі шараларды міндетті түрде орындау қарастырылған.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық-құтқару қызметінің құралдары мен күштерін тарту, жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда апат медицина орталығының шұғыл медицина көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық және жергілікті атқарушы органдарының медициналық күштері мен құралдары қосылады.

ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар, ұйымдар міндетті түрде халық пен шаруашылық нысандардың тіршілігін жедел қалпына келтіру шараларын жүргізуі тиіс.

Бұл мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды тұлғалардың, орталық және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады.

Заңның 10-13 баптарында ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.

Заң негізгі орындаушылардың-ҚР азаматтарының нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.

 

8.2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайға жататындар:

§ өндірістік авариялар;

§ көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);

§ өрттер (жарылыстар);

§ төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;

§ төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;

§ төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);

§ кенеттен ғимараттың құлауы;

§ электр –энергия жүйесіндегі авария;

§ тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық тораптардағы авариялар;

§ тазалау құрылғыларындағы авариялар;

§ гидродинамикалық авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).

Екінші негізгі белгісі-таралу ауқымы мен келтірген материалдық шығынының көлеміне қарай төтенше жағдай мынадай ТЖ бөлінеді.

нысандық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса;

жергілікті төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана тараса;

аумақтық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы бір облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ ҚР 2 облысында пайда болса;

барынша ауқымды төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса.

 

8.3. Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету

Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған).

Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.

Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты басқа саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта атропино тектес алколоидтар, мускарин мен аманитин кездеседі. Улану негізінен мускариннің әсерінен болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ адам өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай да кездесіп қалады.

8.4. Саңырауқұлақпен улануды емдеу

Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты мүмкіндігінше тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 1500мл дейін). Құсық пен іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді.

Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз антропин ерітіндісін енгізеді.

Саңырауқұлақпен қатты уланған сырқаттарға алғашқы емдеу күнінен бастап стероидті гормоналды препараттар енгізіледі (80мл преднизолон немесе 150мл гидрокартизон).

 

 

Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру

Бұл үшін жеуге жарамды, улы және жеуге болмайтын саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін, жеуге жарамды және шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ұқсату әдістерін, жеуге жарамды саңырауқұлақтарды әзірлеу мен ұқсатудың санитарлық тәртіптерін сақтау қажет.

8.5. Жыланның шағуы

Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.

Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады.Жылан уы әсерінің барлық белгілері:орташа он екі сағаттан кейін,кейде тәуліктен кейін анық белгіленеді.

Алғашқы медициналық көмек

Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды.

Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап,сыртын қатты таңып тастау қажет. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт).

Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су жақсартады.

Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы сарысулар егіледі.

Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.

8.6. Қарақұрттың шағуы

Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды қарақұрттың шағуы көктем мен жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйкесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайлайды.

Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды. Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ-қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада (39 градусқа дейін) қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.

Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.

Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

8.7. Кененің шағуы

Кененің кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың басында пайда болады. Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс. Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.

Алғашқы көмек. Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.

Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.

Кенені алғаннан кейін шаққан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.

Зардап шегушінің хал-күйі бастың маңдай-самай тұсының ауруынан, әлсіздіктен, ыстықтан, бұдан кейін құсудан, құрысудан, көз бен естудің нашарлауынан төмендеген жағдайда, оны кешіктірмей емдеу мекемесіне апару қажет. Ыстық сумен жуындыруға болмайды. Зардап 3-14 күннен кейін байқалғанда оны шұғыл емдеу орнына апару қажет. Ыстық ванна қабылдауға болмайды.

 

IX-тарау. Радиоактивті ластанудың көздері

Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың химиялық заттармен ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы кейбір аймақтардың техногендік қалдықтары табиғи норманы бірнеше есе асы түседі.

Жуырға дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері радионуклиттік ластануға көп көңіл бөлінуде.

Чернобыль апаты Ресей Федерациясының көптеген аймақтарының экологиялық жағдайына әсер етті. 1992 жлдың науырыз айында цезиймен 11 облыс ластанған. Жалпы цезиймен ластанған жерлердің ауданы 5210 км кв.

Радионуклидтер өсімдіктер мен жануарлар арқылы адам ағзасында жиналып денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да экологиялық таза өнім шығару керек.

Ауыл шаруашылығының ең басты проблемасы радионуклиттермен ластанған жерлерде экологиялық таза өсімдіктер мен жануарлар өсіру. Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың басты себебі, ластанған аймақтарда бала өлімдерінің көбеюі менәр түрді аурулардың пайда болуы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1025; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.