Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ол гранаттары 1 страница




Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:

— РГД-5 қол гранаты;

— РГН және РГО-қол гранаты;

— Ф-1 қол гранаты бар.

Гранаттар жарықшактарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 мен РГО— қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Қол гранаттарының арналуы және

ұрыстық қасиеті

РГД-5 жарықшақты қол гранаты — арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы — 40— 50 м.

Жабдықталған гранаттың массасы — 310 г.

Тұтандырғыш бәсендеткішінің жану уақыты — 3,2—4,2 с.

Гранаттың құрылысы

РГД-5жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғарғы және төменгі) тұрады.

Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет көмегі арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.

Түтікті ластанудан сақтау үшін оған пластикалық тығын бұрап кіргізіледі. Гранат лақтыруға дайындауға тығын орнына түтікке тұтандырғыш бұрап кіргізіледі.

Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы (жаңғыртырылған қол гранатының үйлестірілген тұтандырғышы) (ЖКГҮТ) жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстык, серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек (рычаг) пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.

Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенін: жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.

Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.

Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.

Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы сокқыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.

Ағытқыш иінтірек соққышты қайырылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.

Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль - детонатордан тұрады.

Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде — баяулатқыш орнатылған арна, сыртында— капсюль-детанатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар. Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.

Баяулаткыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.

Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.

Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тыйым салынады.

Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен

механизмдерінің жұмысы

Гранаттылақтыру алдында оны — сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрып салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.

Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.

Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұстап тұрылады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстың серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.

Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.

РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының

құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы

Гранаттардың ұрыстық қасиеті мен арналуы

РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттары жергілікті жердің түрлі жағдайы мен жылдың кез келген мезгілінде +50°С-тан -50°С-ка дейінгі ауа температурасында шабуылда, қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.

 

Гранаттардың құрылысы

РГН және РГОқол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.

РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.

РГН қол гранатының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі жарты шардан тұрады.

РГОқол гранатының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады. Барлық төрт жарты шарлар құрыш болаттан жасалынған.

Шабуылдағы гранаттың төменгі жарты шарына қарағанда қорғаныстағы гранаттың төменгі жарты шарында гранаттарды тез айыруға арналған сыртқы жағында кертігі болады.

Корпустардың үстіңгі жағында манжет көмегімен оған тұтандырғышты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қамтамасыз ету үшін кертігі бар стақан пісіріліп бекітілген.

Тасымалдау және сақтау кезінде стақанға майланған тығын бұралып кіргізіледі. Корпустардың төменгі жарты шарларының жарылғыш қоспасындағы тереңдік түбіне детонаторлық құты қойылған, ол детонацияны тұтандырғыштан жарылғыш қоспаға беруге арналған.

Құты орнынан жылжып кетпеуі үшін төсеніш қойылады. Тұтандырғыш жарылғыш гранат бөгеуге сығылған кезінде қоспаны жару үшін арналған.

Соққыш әрекетте тоқтап қалған жағдайда тұтандырғыш 3,2—4,2 с-тан кейін арақашықтық құрылғыдан іске қосылады.

 

Тұтандырғыш құрылысы

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:

— сақтандырғыш-түйрегіш механизмінен;

— нысана бергішінен;

— қашықтық құрылғысынан;

— қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

— детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль-тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеуі кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш-түйрегіш: шанышқыдан, механизм-соққыштан, сақиналы шплинттен, серіппеден, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Бөгеттерге гранаттардың соғылуы кезінде тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші нысана бергіші: оңсауыттан, шанышқыдан, серіппе мен тығыннан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 3,2—4,2 секундтан соң детонатордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші қашықтық құрылғысы: құрамды тығыннан және капсюль детонатордан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 1—1,8 секундтан соң тұтандырғыш шаппасын қайыру мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қашықтықтан шүріппені қайыру механизмі: құрамды тығыннан, бұрандалардан, қозғаушыдан, капсюльден және серіппеден тұрады.

Детонатор торабы стаканға бекітілген тығын мен капсюль-детонатордан тұрады. Аталған барлық тораптар мен механизмдер корпуста жинақталған.

 

Тұтандырғыш әрекеті

Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталынып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орнын ауыстырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған. Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.

Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі (ұштары қосылады) және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда (гранат корпусына қосылған) қолмен ұсталынып тұрады.

Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.

Құрамдары жанып болған соң (1—1,8 с-тан кейін) тоқтатқыш жылжып, серіппе әсерінен қайырылатын қозғалтқышты босатады.

Бөгеумен кездесу кезінде пайда болатын артық салмақтан жүк жылжиды да, оқсауытты қозғайды, соның нәтижесінде, шанышқы капсюльді түйрейді. От сәулесі капсюльден капсюль-тұтандырғыштық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бөгеумен кездесу кезінде, нысана бергіші жұмыс істемей қалған жағдайда капсюль-тұтандырғыш құрамдар жанып болған соң (3,2—4,2 с-тан кейін) іске қосылып кеткен капсюль-тұтандырғыш импульсі арқылы іске асырылады.

 

 

Ф-1 жарықшақты қол гранатының құрылысы,

ұрыстық қасиеті және арналуы

Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы

Ф-1 жарықшақты қол гранаты — арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден (өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы — 200 м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы — 35—45 м. Жарақталған гранат массасы — 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты — 3,2—4,2 с.

 

Гранаттың құрылысы

 

Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатының арналу мақсаты мен құрылысы РГД-5 гранаты сияқты.

 

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке — гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.

Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған семкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.

Гранаттар мен тұтандырғыштарды гранатқа арналған сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында қарап алу керек. Қараған кезде гранаттың корпусында терең майысулар және қатты тоттанған тұстар болмауы тиіс.

Тұтандырғыш түтігі және тұтандырғыш таза, майыспаған, тот баспаған болуы керек; сақтандырғыш мұрындықтың ұштары ажыратылған қалпында, иілмелерінде жарықшақ болмауы тиіс. Жарықшағы бар және жасыл қақ тұрған тұтандырғыштарды пайдалануға болмайды. Алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек. Ылғалданған және ластанған гранаттар мен тұтандырғыштарды командирдің бақылауымен сүртіп кептіреді. Оларды оттың маңында кептіруге болмайды.

Гранаттар мен тұтандырғыштар мезгіл-мезгіл қаралады. Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға (тұтандырғышын салуға) рұқсат етіледі. Ұрыстық гранаттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге салмай (сақтандырғыш мұрындықтың шығыр-шығына ілінген қалыпта) алып жүруге, сондай-ақ жарылмаған гранаттарды алып жүруге тыйым салынады.

Гранат құрылысын, оларды лақтыру ережелері мен тәсілін оқу үшін оқу-еліктегіш гранаттар мен плакаттар пайдаланылады. Ұрыстық гранаттарды лақтыруға оқу және оқу-еліктегіш гранаттарды лақтыру бойынша жаттығуларды табысты орындаған жауынгерлер жіберіледі. Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

1) үйренуші болат дулыға киюі керек;

2) гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек; ақаулықтар табылған жағдайда — командирге баяндау керек;

3) қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтіп кетпейтін бой тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;

4) бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 с өткеннен кейін лақтыру керек;

5) егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады;

6) жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соңжарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялык қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде мазмұндалған ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару керек; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

7) кол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 м жерді қоршау керек;

8) гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бойтасаға апару керек (300 м жерге);

9) гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды — ақ жалаулармен, атыс шебін — қызыл жалаулармен белгілеу керек;

10) гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.

 

 

§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы

Химиялық қару — ұрыстық қолданылуы құралдарымен бірліктегі улағыш заттар (УЗ). УЗ — өздерінің физика-химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде, адамдарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып-жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.

Оларды жеткізу құралдары — снарядтар, бомбалар, ракеталар.

1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды. Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді. Мысалы, қызғылт-сары газ кұрамында диокаин бар, бұл — газ өсімдіктерді жою үшін, яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылады. Бірақ кейін оның адам ағзасында үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды. Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ-тың 200 мың солдатының 14%-ның балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе, ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш, тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалды.

Қатерлі ісік, психоз, қан ауыруымен ауыратын адамдар саны едөуір көбейді. Бүрын АҚШ химиялык каруға тактикальщ қару ретінде караса, ал қазір стратегияльщ кару ретінде қарайды. Химиялық қару барлық тіршілік иелеріне әсер етеді, ал материалдык күндылықтар сау қалады, оның кемегімен адамдарды қырып-жоюға немесе уакытша қатардан шығаруға болады.

Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады. Мысалы, улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім-қатерін туғызатындар: зарин, заман, В-газдар, иприт; қатардан уақытша шығаратын: ипка-постанттар (дене жағдайына әсер етеді), кереңдік, соқырлық, анафилактикалық шок; тітіркендіргіштік әрекеттік: аданет, хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1) уақытша қатардан шығару;

2) жою;

3) адамдарды тірі роботка айналдыру;

4) өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

 

Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу

УЗ топтары

1. Жүйке жансыздандыратын;

2. Тері-іріңдік немесе резорбтивтік әрекетті;

3. Тұншықтырғыш әрекетті;

4. Жалпы улағыш әрекетті;

5. Уақытша қатардан шығару: психологиялық және инка-постанттар (кереңдік, соқырлық, шок);

6. Тітіркендіргіш әрекетті.

Химиялық ошақ дегеніміз — улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық-түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тұрғын халқы бар аумақ, оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.

Химиялық ошақ: 1) тұрғындардың бір мезгілде және жаппай зақымдануымен; 2) жоғары уыттылығымен; 3) химиялық ошақтың тұрақтылығымен; 4) жедел көмек көрсету және ошақтан жедел орын ауыстыру кажеттілігімен; 5) қорғаныш құралдарымен, жүмыс істеу кажеттілігімен сипатталады.

БДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша, химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90%-ға дейін болады. Бұл УЗ қолдану тәсілі мен түріне, халықтың орналасу тығыздығы, химиялық оқ-дәрі тығыздығы, ауа райы, географиялық жағдайлар, халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне және оны қолдану білігі, шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты. Химиялық зақым ошағы үлкен, кіші және т.б. болуы мүмкін.

Химиялық ошақ құрылымы:

1. Тамшы-сұйық фаза аймағы.

2. Бу түріндегі фаза аймағы.

Бірінші аймақ УЗ-мен тікелей жанасу нәтижесінде түзіледі.

Екінші аймақ ауада УЗ буынның жылжуы нәтижесінде түзіледі, бұл жерде олардың концентрациясы бірінші зонаға қарағанда 3,5 есе және одан да аз.

УЗ таза түрде, бейтарап заттармен қосылып және радиоактивті қалдық заттарымен бірге колданылуы мүмкін. УЗ-дың агрегаттық күйі — сұйық, аэрозольді, бу түрінде, газ түрінде, сондай-ақ құрғақ қалдық түрінде болуы мүмкін.

УЗ адам ағзасына: 1) тыныс алу органдары арқылы аэрозоль, бу, газ түрінде; 2) тері мен шырышты қабық арқылы — тамшылы-сұйық күйде, бу, газ; 3) көздің шырышты қабығы арқылы — тамшылы-сұйық күйде; 4) асқазан-ішек жолдары арқылы — тамшылы-сұйық күйде; 5) жара беті арқылы — аэрозоль, тамшылы - сүйық күйде (жара формасы).

 

Күшті әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) түзілген ошақтар сипаттамасы

 

Бірқатар шаруашылық объектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану, сақтау және тасу жүзеге асырылады. Бұл — химиялық мұнай өңдеу мекемелері және соларға еншілес басқа да салалар, сондай-ақ тоңазытқыш қондырғылары (хлодоагент аммиак), су құбырлары және тазарту құрылыстары бар, хлор және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.

Қарсыластың осындай объектілерге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде және табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсерететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдануы мүмкін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 2075; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.