Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ол гранаттары 2 страница




КӘУЗ — бұл күшті әсер ететін улы заттар, яғни белгілі бір мөлшерде адамдарға жануарлар мен өсімдік әлеміне закымдағыштың әсер ете алатын химиялық құрамалары. 6 млн-нан астам әр түрлі химиялық құрамалар белгілі, оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр. Бұл мұнай өндірісіндегі, зауыт пен фабрикалардағы тазартқыш қондырғылар, үй тазарту құрылыстарында, улы химикат қорлары базаларында апаттар, өрттер кезінде түзілетін өнімдер.

КӘУЗ уыттығы жағынан төмендегіше жіктеледі:

1-класты — өте кауіпті;

2-класты — жоғары кауіпті;

3-класты — орташа қауіпті;

4-класты — аз кауіпті.

Олар интоксикация белгілері және әсер ету механизмі бойьшша бөлінеді. КӘУЗ-ға тітіркендіргіш, асқындырғыш-некротирлік, тұншықтырғыш, жүйкені жансыздандыратын, құрыстыратын, гемолитикалық, зақымданған ферменттік жүйелер деп бөледі.

 

КӘУЗ ошақтарын медико-тактикалық жіктеу

 

Жіктелу негізіне КӘУЗ тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуы жатады:

1) тез әсер ететін тұрақсыз;

2) жай әсер ететін тұрақсыз;

3) тез өсер ететін тұракты;

4) жай әсер ететін тұрақты;

5) жартылай тұрақты;

КӘУЗ-дың ұзақ уақыттық ошағы биосфераны: топырақты, өсімдікті, суды, планктонды және т.б. тұтас апта мен айлап зақымдауға қабілетті.

 

Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

1.Жұмысшылар, қызметкерлер және құрылымның жекеқұрамы мен халықты КӘУЗ-дің зақымдау қаупі туралы құлақтандыру тәртібі.

2. Апат салдарын жою немесе орнықтыру жөнінде дереу апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

3. Барлаудан кейін ошақ шекарасын белгілеу, жауапты жерлер мен бағдарларда қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі қозғалысын қою арқылы қоршау.

4.Зақымданған бұлт бағытына үздіксіз мотобақылау жүргізу және ол туралы ақпарат.

5. Зақымданған жерде АМЖЖ үйымдастыру.

 

Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар

1. Химиялық қаруға қарсы қорғаныш іс-шараларын жүргізу.

2. Мейлінше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету.

3. Ошақ сыртына кешіру.

4. Тұрақты КӘУЗ-бен зақымданғандарды санитарлық өңдеу.

5. Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату және арнайы медициналық көмек ұйымдастыру.

Алғашқы жәрдемді жеке құрам осы объектінің құтқару құрылымымен өзара бірлесе қимылдай отырып көрсетеді.

КӘУЗ ошағын медициналық барлауды жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады. Кешіру көліктің барлық түрлерімен жасалады. Көліктен желге тік бағытта немесе қарама-қарсы шығу керек. Заттарға қол тигізуге, отыруға, жүгіруге, тамақ ішуге, темекі шегуге, қорғаныш құралдарын шешуге болмайды.

Химиялық зақым аймағында қорғаныштың екі негізгі ережесі бар:

1) газтұмылдырық киіп, жұмысты тоқтатып, барлық паналарға тығылуы керек;

2) өндірістік процесті бұзбай, газтұмылдырық кию керек.

Бұл режімдерді объектінің бастықтары белгілейді.

 

§ 3. Атысты жүргізу

 

Автоматтан (пулеметтен) ату пәрмен бойынша немесе қойылған тапсырма мен жағдайға байланысты немесе өздігінен жүргізіледі.

Оқ атуға арналған пәрменде: кімге ату керек, нысана, көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетіледі. Мысалы: "Мынадай автоматшыға немесе (пулеметшіге), төрт бақылаушы бойьшен, нысана түбіне — ат!", "Бөлімше, бес лекпен, бөліне — ат!"

400 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде көздеуіш пен көздеу нүктесі көрсетілмеуі мүмкін. Мысалы: "Автоматшы (пулеметші), шабуылдаушы жаяу әскерді — ат!". Бұл пәрменде автоматшы (пулеметші) 4 немесе "П" көздеуішімен атады, ал көздеу нүктесін өздігінен таңдайды.

Атысты жүргізу (ату) мыналарды қамтиды: көздеуіш пен ауыстырғышты қою, көздеу, шүріппені босату және атыс кезінде автоматты ұстап тұру.

Көздеуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң колдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып, қамытшаны көздеуіш тақтасының бойындағы санға оның алдынғы қырын қажет бөлікпен үйлескенше жылжытады. Пулеметте кездеуішті қою көздеуіш тақтасының ішкі жағындағы шкала бойынша жүргізіледі.

Ауыстырғышты талап етілетін атыс түріне қою үшін оң қолдың бас бармағымен ауыстырғыштың шығыңқысын басып, ауыстырғышты автоматты атыс жүргізу үшін, бірінші шертпеге дейін — автоматты түрде атыс жүргізу үшін, екінші шертпеге дейін — жекелей атыс жүргізу үшін төмен бұрады.

Автоматты (пулеметті) орнықтыру үшін оны сол қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап және нысананы көзден таса қылмастан, құндақты иыққа оның бүкіл желкелігімен тығыз қабысқанын сезінетіндей етіп иыққа тірейді. Оң қолдың сұқ саусағы (бірінші буыны) ағытқыш ілмекке салынады. Бұл ретте екі шынтақ, шамамен, иықтар енінде жерге тіреледі, бас сәл алға еңкейтіліп, мойын сірестірілмей, оң жақ шеке құндаққа тигізіледі.

Автоматты оқжатардан не құндақтан сол қолмен, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.

Пулеметті ұстау: жатып ату, оқпанадан тұрып немесе тізерлеп ату кезінде — сол қолмен дүм мойнынан не дүм астынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан; тізерлеп және оқпанадан тыс тұрып ату кезінде — сол қолмен құндақтан немесе оқжатардан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстайды. Дүм мойыннан пулеметті ұстау кезінде қол саусақтары бір-біріне тығыз қабысып тұруы керек.

Автоматты орнықтыру кезінде шынтақтар:

— жерге мейлінше ыңғайлы жағдайда қойылады (жатып ату кезінде иықпен тұстас және оқпанадан тұрып не тізерлеп тұрып ату кезінде, шамамен, иықпен тұтас);

— сол қолдың шынтағы сол аяқтың тізе маңындағы бұлшық етке қойылады, ал оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі;

— сол қол шынтағы бүйірге гранат салынатын сөмкенің қасындағы бүйірге қысылады, егер автомат (пулемет) оқжатардан ұсталса, оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі.

Егер автоматты орнықтыру кезінде ату үшін автоматты (пулеметті) мықты ұстап тұруға арналған бау қолданылса, онда бау автоматты құндаққа қысатындай сол қол білезігіне орналастыру керек.

Егер дүмдегі бау атыс кезінде автоматты (пулеметті) мықтап ұстап тұру үшін қолданылатын болса, онда бауды сол қол саусақтарының астына ол оны құндақтарына қатты қысатындай етіп орнату керек.

Көздеу бір көзбен жүзеге асырылады. Көзделетін кезді таңдау туралы мәселе жетекші көз деп аталатынды анықтау жолымен жүргізіледі. Бұл үшін бір бет қағазды диаметрі 2,5—3 см етіп дөңгелектеп тесіп, қағазды созған қолда ұстап тұрып, басты қозғалтпай, екі көзбен жарықта орнатылған нысанаға қарау керек. Содан кейін кезекпен оң және сол көзді жұмып, нысананы қадағалау керек. Егер сол көзді жұмғанда нысана көрінген болса, ал оң көзді жұмғанда, ол қағаздың тасасында қалса, онда атқыштың жетекші кезі оң көз болғаны.

Көздеу үшін сол көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қарауыл ойық ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғары шеттерімен бірдей болуы, яғни тегіс қарауыл алынатындай етіп бұру керек.

Дем шығарған тынысты тоқтатып, шынтақты қозғау, ал егер қажет болса, дене мен аяқты қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басады.

Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры көлбеу жағдайда болуын қадағалау керек.

Шүріппені ағыту үшін автоматты (пулеметті) құндағынан немесе оқжатарынан нық ұстап, ал оң қолмен, демді ішке тартып, шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылғанша, яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Егер кездеу кезінде тегіс қарауыл көздеу нүктесінен едәуір ауытқыса, ағыткыш ілмекке түсетін қысымды күшейтпей де, бәсеңдетпей де, көздеуді дәлдеп және ағытқыш ілмекке қайтадан күш түсіру керек.

Шүріппені ағытқанда, тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне назар аударуға болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті соңына дейін басуға тырысқаннан, ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.

Түйдектете ату кезінде автоматтың құндағын иыққа қысқан күйінде нық ұстап, шынтақтардың жағдайын өзгертпей, көздеуіштің ойығында тегіс қарауылды көздеу нүктесімен дәлденуін саңтау керек. Ауқымды нысананы түйдектей ату кезінде тегіс қарауылды нысананың бірінен екіншісіне баяу ауыстыру керек. Жатып ату кезінде автоматтың оқжатарын жерге тіреуге рұқсат беріледі.

 

 

§ 4. Атысты тоқтату

 

Жағдайға байланысты атысты тоқтату уақытша және толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату үшін "Тоқтат!", ол жалғасу жағдайында: "Атысты тоқтат!" пәрмендері беріледі. Бұл пәрмендер бойынша автоматшы (пулеметші) ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды, қажет болса, оқжатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін:

— автоматтан (пулеметтен) оқжатарды алу;

— жарақталған оқжатарды қосу керек.

Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалмаған болса, оқталған оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосқаннан кейін, автомат сақтандырғыштан босатылады, бекітпе жақтауы шегіне дейін кері шегеріліп жіберіледі де, автомат қайтадан сақтандырғышқа қойылады.

Атысты толық тоқтату үшін: "Тоқтат!" пәрменінен кейін бұған қоса: "Оғын ал!" пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа көздеуішін "П"-ға, ал пулеметте көздеуішті 1-ге және 0-ге қойылып, оғы алынады. Жатып ату кезінде дүм жерге түсіріледі, ал автоматтың ауыз жағы сол жақ иыққа салынып, жауынгер жағдайға сәйкес әрекет жасайды.

Оқпанадан атыс жүргізу кезінде оғы алынған соң, автомат оқпананың топырақ қалқасына бекітпе жақтаудың тұтқасымен төмен қарай қойылуы мүмкін.

Автоматтың (пулеметтің) оғын алу үшін:

— оқжатарды алу;

— автоматты (пулеметті) сақтандыррыштан түсіру;

—бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, кері карай апарып, патронды оқтықтан шығарып, бекітпе жақтауын босату;

— ағытқыш ілмекті басу;

—автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қою, егер ату тұрған жағдайда жүргізілсе, оны "белдікке" алу немесе егер ату жатып жүргізілсе, жерге кою;

—патрондарды оқжатардан шығару және оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосу;

—ақтықтан шығарылған патрондарды жинап алу керек.

Оқжатардан патрондарды алу үшін оқжатардың өңешін жоғары ұстап, тірек шығыңқысын өзіне қаратып, сол қолға алынады, оң қолмен патрон көмегімен патрондарды бір-бірлеп оқжатардан сыртқа қарай шығарады, бұдан кейін оқжатарды автоматқа қайта қосып, жұмсалмаған патрондарды жинап алады.

Тұру үшін екі қолын кеудеге тартып, автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап тұрып, сонымен бірге екі аяқты бірге қосып, қолды дереу түзете, кеудені жерден көтеріп, оң (сол) аяқты алға қарай апарады, тез тұрады да, әрекет жасайды.

Оғын алғаннан кейін, егер қажет болса, автомат: "Қаруды — қарауға!" пәрмені бойынша қаралады.

Бұл пәрмен бойынша:

—жатып ату жағдайдында: оқжатар алынып, оны автоматтың жанына өңешін өзіне қаратып қояды, автоматты (пулеметті) сақтандырғыштан босатып, бекітпе жақтауын артқа тартып, автоматты біршама солға бұрады;

—түрегеп тұрып ату жағдайында: автоматты (пулеметті) сол қолмен астынан құндағынан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатарды ажыратып алады, оны дөңес жағымен сыртқа қаратып, бергішін жоғары беріп, сол қолға ауыстырады, сол қол саусақтарымен оқжатарды автоматтың құндағына қысып, автоматты сақтандырғыштан босатады; бекітпе жақтауын кері тартып автоматты біршама солға бұрады. Командир оқтық пен оқжатарды қарағаннан соң бекітпе жақтауын алға жібереді, шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады және автомат (пулемет) сақтандырғышқа қойылады; одан кейін окжатары қосылып, автомат "белдікке" жағдайына алынады.

 

Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері

 

Автоматшы (пулеметші) ату үшін тіреу немесе таса биіктігіне байланысты жатып ату, тізерлеп және түрегеп тұрып ату жағдайларында орналасады.

Тіреуден ату үшін автоматты құндағымен тіреуге тіреп қойып, оны сол қолмен оқжатарынан немесе құндағынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап тұрады.

Тіреуден пулеметпен ату үшін тіреу пулемет механизмдерінің жұмысына кедергі жасамайтындай оны құндағымен тіреуге тірейді; тіреу сирағы тіреудің алдына еркін тұрады немесе олар қатталған күйде болады. Бірақ пулеметшілер пулеметтің тіреу сирағын тірек ретінде қолдана білулері қажет.

Ағаш, құрылыс бұрышы және т.б. тасалар артынан ату үшін автоматшы таса қарсылас оғынан қорғайтыңдай етіп сүйенеді. Автоматты (пулеметті) тасаланбай ату кезіндегідей ұстап тұрады.

Шағын таса (жатып атуға арналған оқпана, төбешік) артынан ату кезінде таса артында орналасады.

Оқпанадан немесе ордан ату үшін денені оқпана қабырғасына сүйеп, қол шынтақтарын жерге тірейді, ал дүмді иыққа нық қысады; мұнда атысты тіреуден де, қолмен де немесе оқжатарды топыраққа тірей жүргізуге болады.

 

Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.

Орнында тұрғандағы бұрылыстар: "Оң-ға!", "Сол-ға!", "Артқа бұ-рыл!" пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу — сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу — оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

• бірінші тәсіл — дененің тік қалпынсақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;

• екінші тәсіл — қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына — 110—120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 70—80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 165—180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 85—90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптык даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: "Саппен адым бас!" (қозғалыс кезінде: "Саппен — адымда!") пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: "Адым — бас!" пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15—20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа — иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарай қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: "Тік тұр!" пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: "Еркін тұр!" пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасауды көрсету: "Орныңда адым—бас!" (қозғалыста: "Орныңда!") пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен көрсетіледі, бұл ретте аяқты жерден 15—20 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: "Тура!" пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы да бір адым жасау керек және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

Қозғалысты тоқтату үшін пәрмен беріледі. Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов, тоқта!"

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бірге бір мезгілде берілетін орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасау керек және саптық тұрысты қабылдау керек.

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: "Қарышта!", "Қысқа адымда!", "Жиі адымда!", "Жарты адым!", "Қалыпты адым!" деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға басқа жаққа ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: "Қатардағы жауынгер Өлімбеков, оңға (солға) екі адым—бас!" Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: "Екі адым алға (артқа) — бас!" Осы пәрмен бойынша әрбір адымнан кейін алға (артка) екі адым жасау және аяқты қою керек. Оңға, солға және артка орын ауыстыру кезінде қолмен қозғалыс жасалмайды.

Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар "Оң-ға!", "Сол-ға!", "Артқа — бұ-рыл!" пәрмендері бойынша орындалады.

Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек.

Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.

 

Қарумен саптық тұрыс.

"Бауды босат (тарт)!", "Автоматты кеудеге!", "Белдікке!" пәрмендерін орында.

Қарумен саптық тұрыс та қарусыз саптық тұрыс сияқты, бұл ретте қаруды аузын жоғары қаратып, оң колдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жинамалы дүмді автоматты аузын төмен қаратып "белдікке" күйінде ұстау керек.

Қол (роталық) пулеметті аяққа еркін түсірілген оң колмен дүмін оң аяктың өкшесіне жанай тигізіп, жерге ту сыртымен қойып ұстау керек.

Карабинді аяққа қол пулеметі сияқты ұстау керек, бұл ретте еркін түсірілген оң қолмен газ түтігінен ұстау керек.

Автоматты "белдікке" күйінен "кеудеге" күйіне "Автоматты кеудеге!" пәрмені бойынша үш тәсілмен атқарылады:

бірінші тәсіл — белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оның сағағынан және ұңғы кертігінен сол қолмен іліп, өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек;

екінші тәсіл — белдікті оң колмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын баудың астына кигізу керек;

үшінші тәсіл — белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1381; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.