Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ызметкерлерді тарту




Ең жоғарғы басшылықтан жұмысшыға дейінгі бүкіл персонал сапаны басқару бойынша жұмыстардың барлығына қатысуы керек. Персонал мекеменің ең үлкен байлығы ретінде қарастырылады және оның барлық шығармашылық потенциалын максималды пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалады.

Ұйым мақсаттарын іске асыру процесіне қатысатын қызметкерлердің оларға берілген міндеттерді орындау үшін сәйкес біліктілігі болуы керек. Сондай-ақ мекеме басшылығы жеке қызметкерлердің мақсаттары мекеменің мақсаттарына максималды түрде жақын болуын қадағалау керек. Бұл жерде қызметкерлерді материалдық және моральдық жағынан қолдау үлкен рөл атқарады.

Мекеме персоналы командадағы жұмыс әдістерін игеруі керек. Тұрақты жақсару бойынша жұмыстар сәйкесінше ұйымдастырылып, топтастырылып жүргізіледі. Сонымен бірге команда жұмысының жиынтық нәтижесі жеке орындаушылар жұмысының нәтижесінен едәуір жоғары тұратын синергиялық әсерге қол жеткізіледі.

4. Процестік әрекеттер

Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сәйкес ресурстар мен іс-әрекеттерді процесс ретінде қарастыру керек.

Кәсіпорынның процестік моделі көптеген бизнес-процестерден құралады. Олардың қатысушылары құрылымдық бөлімшелер мен кәсіпорынның ұйымдық құрылымының қызметтік тұлғалары болып табылады.

Бизнес-процесс дегеніміз мекеме, тұтынушы, клиент немесе тапсырушы үшін құнды болып табылатын нәтижені бірге жасайтын әрекеттердің бірнеше түрлерінің жиынтығы. Әдетте, тәжірибеде бизнес-процестің:

- өнім өндірісі немесе қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның ағымдық әрекетінің функцияларының орындалуы жүзеге асырылатын негізгі бизнес-процесс;

- ұйымның өндірістік және басқарушы әрекеті қамтамасыз етілетін қызмет көрсетуші бизнес-процесс түрлері қолданылады.

Бизнес-процестер бизнес-функциялардың орындалуы арқылы іске асырылады.

Процестік әрекеттерді қолдану кезінде кәсіпорынды басқару құрылымы:

- әрбір бизнес-процесс шеңберінде басқару;

- бүкіл ұйымдық деңгейдегі бизнес-процестердің тобын басқару деңгейлерінде қарастырылады.

Жеке бизнес-процесс пен бизнес-процестер тобын басқарудың негізі әсерлілік көрсеткіштері болып табылады. Оларға:

- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен шығындар;

- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен уақытты есептеу;

- бизнес-процестің сапа көрсеткіштері кіреді.

Процестік әрекеттерді тереңірек түсіндіру үшін Деминг-Шухарттың «Plan-Do-Check-Act» (PDCA) циклін қолдану қажет, яғни бұл – жоспарлау-жүзеге асыру-тексеру-әрекет. Бұл циклді қолдану ұйым жұмысының әсерлілігін көтеруге бағытталған процестерді үздіксіз жақсарту процесін нақты іске асыруға мүмкіндік береді.

Процестік әрекет негізінде мекеме жоспарлау, өнім немесе қызмет өндірісі және оны жеткізу процестерін анықтауы қажет. Процестерді басқару арқылы тапсырушылардың сұраныстарын қанағаттандырады. Нәтижесінде процесс нәтижелерін басқару процестің өзін басқаруға өтеді. Сондай-ақ ИСО 9001 бірқатар басқа процестерді енгізуді ұсынады (басшылық жағынан талдау жүргізу, түзетуші және ескертуші әрекеттер, сапа жүйесінің ішкі тексеруі, т.б.).

TQM–нің келесі сатысы әрбір бөлінген процесте ресурстарды пайдаланудың оптимизациясы болып табылады. Бұл әрбір ресурс түрінің пайдалануын қатаң бақылау және өнім өндірісі немесе қызмет көрсету шығындарын азайту мүмкіндіктерін іздеу жұмыстары арқылы түсіндіріледі.

5. Басқарудың жүйелік әрекеті

TQM принциптеріне сәйкес мекеме іс-әрекетінің нәтижелілігі мен әсерлілігі өзара байланысқан жүйені құру, қамтамасыз ету және басқару процестерінің көмегімен жоғарылайды. Бұл мекеменің өнім немесе қызметтің тапсырушы сұранысына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін процестері мен өнім немесе қызметті жасау процестерінің бірлесуіне ұмтылу қажеттігін білдіреді.

Басқарудың жүйелік әрекеті кезінде сапа жөніндегі стратегиялық жоспарлар мен интеграцияланған жоспарларды дайындау үшін тапсырушымен қайта байланысты толықтай пайдалану мүмкін болады.

6. Тұрақты жақсару

Бұл аумақта мекеме тек пайда болған мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге басшылықтың мұқият талдауынан кейін қажетті түзетуші және ескертуші әрекеттерді орындауы қажет.

Мақсаттар мен тапсырмалар тапсырушының қанағаттану деңгейін бағалау нәтижелеріне (қайта байланыс арқылы алынған нәтиже) және мекеме әрекеттерінің көрсеткіштеріне негізделеді. Бұл процестегі жақсартуларға басшылықтың қатысуымен, сондай-ақ қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстарды қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

7. Фактілерге негізделген шешімдер қабылдау әрекеттері

Әсерлі шешімдер тек нақты деректерге негізделеді. Мұндай деректердің негізгі көзі сапа жүйесін ішкі тексеру, түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер, тапсырушылардың арыздары мен шағымдары, т.б. нәтижелері болып табылады. Сондай-ақ ақпараттар мекеме қызметкерлерінен түсетін және өндірістілікті көтеріп, шығындарды азайту және т.б. бағытталған ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделеді.

8. Жеткізушілермен қарым-қатынас

Мекеме өзінің жеткізушілерімен тығыз байланыста болғандықтан, олармен ары қарай әрекет жасау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен өзара табысты қатынастар орнатқан дұрыс. Бұл сатыда бірлесіп еңбек етудің барлық сатыларында жеткізушінің орындауы міндетті құжатталған процедуралар орнатылады.

TQM жүйесін табысты енгізу үшін жобалау сатысында өнім сапасын көтеруге және оны дайындау бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін кейбір ғылыми әдістерді игеру қажет. Негізінен бұл әдістер тұтынушының максималды талаптарына және осы тапсырманы шешу әдістері мен құралдарын жасау талаптарына сәйкес өнім немесе қызметті жасау тапсырмасының талдауы қызметін атқарады. Оған өнімді дайындау кезіндегі технологиялық талаптарды жасау, азайту мақсатымен бұйым құнының бағасы, бұйым конструкциясы мен оның жұмыс істеу принциптерін дайындау процестері жатады.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Т.М. Мендебаев, Е. С. Асқаров, А. Ө. Ермекбаева, И. Ж. Жаханова

Стандарттау, метрология және сертификаттау. Оқулық – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж., 281 бет

2. Р.К. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г Қ. Бектұрғанова және т.б. - Метрология: Оқулық. / Авт.: Алматы: ЖШС РГІБК «Дәуір», 2012. - 296 бет.

3. Куликовский К.Л., Купер В.Я. Методы и средства измерений. – Москва: Машиностроение, 2006;

3. Боднер В.А., Алферов А.В. Измерительные приборы / Учеб. для вузов в 2-х Т. – Москва: Изд-во стандартов, 2001;

4. Ерахтина И.И. Методы и средства измерений механических величин: Учебное пособие / КарГТУ. – Караганда, 2009. – 181с.;

5. Ерахтина И.И., Кузембаева Г.М. Методы и средства измерений механических величин: Лабораторный практикум / КарГТУ. – Караганда, 2009. – 86с.

6. Самсаев М.Б., Самсаев И.М., Жүнісбаев Б.Ж., Илямов Х.М., Сафарғалиев А.Е. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және метрология. Сапа менеджменті – Алматы: «Бастау»баспасы, 2008. – 262 б.

7. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы- Алматы; «Юрист», 2005. –36 с.

8. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтатамсыз ету туралы» заңы - Алматы, «Юрист», 2002. –22 с.

9. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңы - Алматы, «Юрист», 2005.–22 с.

 

Оқу басылымы

 

Шеров Карибек Тагаевич

Имашева Кульжан Имашевна

Карсакова Нургуль Жолаевна

САПАНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

 

 

Редакторы Сағадиева Қ.К.

 

Басуға қол қойылды 06.03.2014 г. Тапсырыс ____

Пішімі 60х90/16 Есептік баспа табағы____. Таралымы 300 дана.

ҚарМТУ баспасы. 100027, Қарағанды. Бейбітшілік бульвары 56




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 761; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.