Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Kepi есептермен таныстыру. 1 страница




Сабак.

Сабактар.

Сабақтың тақырыбы: Бөлу амалының ашатын тапсырмалар. Пысықтау

Сабақтың мақсаты: балаларды бөлу амалының мән-мағынасына ашатын тапсырмалармен таныстыру; тапсырманың бұл түрін жаза білуге үйрету; көбейту мен бөлуге арналған өрнектерді оқып, жаза білу дағдыларын нығайту.

1.Тірек білімдерін белсендіру

Бөлуге арналған тапсырмалар амалдың мәнін енгізу жөніндегі алғашқы сабақта да орындалады. Бұл сабақта тапсырмалар мәтін түрінде немесе суреттер мен жазылғандар бойынша есеп құру түрінде ұсынылады.

Сабақтың басында көбейту мен бөлу амалдарының мән- мағынасын ашу қайталанады. Бұл үшін мынадай тапсырмалар орындауға болады:

• Альбомда 10 фотосурет бар. Осындай үш альбомда неше фотосурет бар?

• Бірдей 5 гүл шоғының әрқайсысында 3-тен гүл бар. Барлығы неше гүл бар?

• 15 түймені 3 кейлекке тең бөліп қадау керек. Әр көйлекке неше түймеден келеді?

Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нәти­желерінің атауларын қайталату. Атаулар жазылған плакаттарды тақтаның қасына бipінші тоқсанның соңына дейін іліп қоюға болады.

Тапсырма. Мына өрнектерді түрліше оқыңдар: 5 • 3; 3 • 5; 6 • 3; 10: 2; 12: 3.

11-сабақтың №1 тапсырмасын орындағанда, балалар ауызша бөлуде қиналса, сурет арқылы амалдар орындауды ұсыныңыз.

Ауызша жаттығулар:

• бip санды, eкi санды аттай отырып, 2-ден 20-ға дейін тура және кepi тәртіппен санау. «Жылдамдат, бipaк қателеспе!» ойынын өткізіп, жарыстыруға болады.

• «Үндемес» ойыны: а) Қорапта 6 қарындаш бар. Еш әр қорапта неше қарындаш бар? Үш қорапта ше? е) Көжектердің әрбipi аптасына 5 кг ceбiз жесе, eкi көжекке неше килограмм ceбіз қажет? үш көжекке ше? б) 18 алманы теңдей етіп eкi сөмкеге салды. Бip сөмкеде неше алмадан бар?

• Сан сәулесімен қоян ceкipin жүр. Ол 2 өлшемнен бес рет ceкірді. Ол қай санға тоқтады (көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіе енгізуге дайындық)?

• Әлияда 5 қораптың әрқайсысында 3-тен, Айнурда 3 қораптың әрқайсысында 5-тен кәмпит бар.Кімнің кәмпиті көп?

2. Жаңа материалмен таныстыру.

№2 жаттығу. Әpбip сурет бойынша екі тапсырма кұрастырылады (тең бөлшке бөлу және мәні бойыша бөлу)

3. Өткен материалмен жұмыс.

№5 тапсырманы орындау кезінде есептің шартын екі амалмен жүргізуге болатынын есте ұстаган жөн, оқушылар тапсырманың шарттары мен таңдауды ұжым болып жүргізіп, шешімін өз беттерінше шешуі тиіс.

№8-логикалық тапсырманы (12-сабақ) шешу барысында кесте құрастырып, талдау барысын белгілеуге болады

  Бекжан Талғат Әлия
Алма - - +
Алма - + -
Алмұрт + - -

4. Сабақты қорытындылау.

 

 

Сабақтың мақсаты: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Сабақтың мақсаты: көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті мен таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарының мені ашатын тапсырмаларды шешу дағдысын бекіту

1. Тірек білімдерін белсендіру.

Алдыңғы сабақтарда балалар көбейту кезінде, меселен 2-тi 5-ке немесе 5-тi 2-ге көбейткенде бірдей сан шығатынына назар аударды.

Ең алдымен, көбейту кезіде сандардың атауын және әр компоненттің мәнін қайталау қажет. Бірінші көбейтінді – кебейтетін сан, eкiншi көбейтінді - көбейтілетін сан. Нәтиже - өрнектің мәні. Балаларға жазылғандарды түрліше оқу тапсырылады.

Мысалы, 5х3:

- 5-тi 3-ке көбейту, 5-тi 3 рет алу.

бipiншi көбейткіш 5, eкiншіi көбейткіш 3.

5 және 3 сандарының көбейтіндісі.

2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін енгізу.

Мынадай тапсырма беріледі:

Гулзарда неше гүл барын сана (тігінен немесе көлденеңнен санауға болады) және балалардың қандай тәсілмен санағанына көңліл бөл.

О о о о о о
О о о о о о
О о о о о о

Мұғалім өрнектер жазады. 6 х 3 = 6 + 6 + 6 = 18

3х6 = 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 18

3. Бекіту.

№2 тапспма алдымен көбейтуді бөлумен алмастыру негізінде орындалады, содан кейін мұғалім жоғарыда берілген өрнекті пайдалануды ұсынады.

 

15-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлудің өзара байланысы

Сабақтың мақсаты: практикалық амалдар орындау негізінде көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысымен таныстыру.

1. Tipeк білімдерін белсендіру.

Көбейту және бөлудегі кepi амал түciнiгiн еске түсіріңдер. ­Өзара байланысты мысалдар төpттiгi шешіледі немесе олар үлгі бойынша кұрастырылады. Сонымен қатар компоненттер байланысы қаралады: егер қосындыдан бip қосылғышты алып тастаса,... шығады, т.б. Косу және азайту бойынша бірнеше теңдеу шeшiп, оларды шешу амалдарын қарастырыңдар.

Содан кейін өрнектер құрастыруды немесе сурет бойынша өрнек құруды тапсыру керек:

О о о о о о
О о о о о о
О о о о о о

Жазғандарын түсіндіре отырып, балалар төрт өрнек кұрастырады.

2. Жаңа тақырыппен таныстыру.

Окулық бойынша жұмыс жоғарыда көрсетілгендей басталады. Балалар сызықтарға көз жүгіртіп, сандардың байланысын түсіндіреді.Содан кейін қорытынды жасайды: көбейту мен белу - кepi амалдар, егер нәтижені көбейткіштерді бipінe бөлсе, eкiншi бip көбейткіш шығады, егер бөліндіге бөлсе, бөлінгіш шығады.

Өзара байланысты өрнектер төрттігін жазу керек.

3. Жаңа материалды бекіту.

№2 тапсырманы орындау барысында мұғалім тyciнiк беру үлгісін береді немесе балалар өздері амалдар компоненттерінің байланысын көрсетеді келесі бағандарды өздері құрастырады. Оларды тексеріп, ауызша айтады.

4. Өздік жұмыс ретінде № 6 теңдеу шешімі орындалады.

№7 тапсырма логикалық ойлау кабілетін дамытуға арналады. Егер 5 литрлік банкадағы судың үш литр су кұйып алса, 2 литр су қалады. Сабақты қорытындылау

алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Үй жұмысы ретінде өрнектің мәнін табуды тапсыруға болады (№5 тапсырма).

 

16—17-сабақтар.

Сабақтың тақырыбы: Көбейтідіні және бөліндіні табуға арналған жай есептерді шығару

Сабақтыц мақсаты: кepi есептерді шешу үлгісінде көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы және мәнін ашу.

1. Тірек білімдерін белсендіру.

- Eкi, үш, төрт сандарымен тура және кepi бағытта сандар.

Санау шеңберін мұғалім белгілейді

Тақтада қосынды мен белгісіз косылғышты (немесе қалдықты (айырманы) және белгісіз азайтқышты) табуга арнапан кepi есептер шешуге болады.

Оқулыктағы №1 тапсырмаға ұқсас жаттығулар орындаңдар.

- Кебейту мен бөлу амалдарының байланысын кайталаңдар мысалдар төрттігін құрастырыңдар және осы байланыстар туралы дауыстап айтыңдар.

Оцульщтагы №2 тапсырмаға арнап сурет салыңдар. Әр eceптeгi жағдайды талдаңдар және суреттің жанына тиісті өрнекті жазыңдар.

а) тапсырма бойынша сурет сала отырып, балалар 8 болғанша оң жак; пен сол жаққа кезектестіріп бip кітаптан қояды.

Балалар байланысты байқай отырып, бұл үшеуі бip-бipiнe кepi есептер деген қорытынды жасайды.

3. Жаңа материалды бекіту.

№3 тапсырма жаңа материалды бастапқы бекітуге арналған. Тапсырманы геометриялық фигуралармен практикалық жұмысты жалғастыра отырып орындауга болады, мәтідік есеп­тер ойдан құрастырылады.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№ 5 тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды, мұнда кepi есеп қурастыру үші тipeк жазулар беріледі

Балалар №7 тапсырманы түсіндіре отырып немесе өз беттеpiнiшe орындайды (дайындық денгейлеріне қарай). Бағандағы бipiншi мысалды шeшiп, бipiнiшi және одан кейінгі мысалдардың мәліметтерін салыстыра отырып, бағандағы eкiншi және үшінші мысалды шeшiмін тез жазуға болады.

№8 логикалық тапсырманы шешу үнпн мұғалім мынаған ұқcac өрнектер жазады.

□ + 2 + 10 = 20

17-сабақ «Көбейту мен бөлуге арналган кepi есептер» және «Көбейту және бөлу - кepi амалдар» тақырыптарын бекітуге арналған. Сабақ материалы ауызша есептеу және есептерді шешу дағдыларын бекітуге арналған тапсырмаларды камтиды №7 - уакыт аралығын есептеу және

№3 - жанама есептер.

Сабақты қорытындылау

Алдыңғы сабақтағыдай жүргізіледі.

 

18-19-сабақтар

Сабақтың тақырыбы: 1-ді санга көбейту жәнебөлу

Сабақтың мақсаты: оқушыларды 1 санын кебейту және бөлу ережесімен таныстыру және оны есептеу барысыда қолдануға үйрету; қысқаша жазу және сызбалар бойынша құрастыруды және шешуін үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Tipeк білім, білік, дағдыларын белсендіру

Балалардың зейінін және логикалык ойлау қабілеттерні дамыту үшін сұрақтар қойылады:

3. Жаңа материалды түciндipy.

Жаңа материалды түсіндіруге тақтада кебейтудің нақты мәнін қарастырудан бастау қажет. Мұғалім мысалдарды косылғыштармен ауыстырып жазуды ұсынады:

1х3= 1х9= 4х1= 2х1 =

«1 саны қосылғыш түрінде неше рет алынады? (екіншi көбейткіште неше бірлік болса сонша рет). Яғни, көбейткіндінің қандай сан болады? Бөлуді түciндіpy көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы туралы білімдеріне сүйене отырып жүргізіледі. Осыдан соң оқушылар 1 санымен бөлу және көбейту жағдайын қарастырады және қорытынды жасайды (№1 тапсырма). «1 санымен көбейту және бөлуге көбейту кестесән құрастыру керек пе?» деген сұраққа жауап береді. Егер болмаса, неге?

4. Бекіту.

Бастапқы бекіту үшін №2, №3 тапсырмаларды түсіндіре отырып орындау ұсынылады.

5. Өткен тақырып бойынша жұмыс.

№5 (а) тапсырманың есебіне толық талдау жасап, шешу жоспарын құрғаннан кейін ауызша орындайды. №5 (е) тапсырмасы тақтада орындалады.

6. Өздік жұмыс peтiндe №4 тапсырма беріледі

7. Сабақты қорытындылау.

№6 және №7 тапсырмалар (2, 3-шi шаршылар) үйге беріледі «Сиқырлы шаршы» құрастыру тапсырылады.


19-сабақ мұғалімің қалауына карай жүргізіледі. Ауызша есепке №l-шi және №2 тапсырмалар арналған.

 

Сабақты қорытындылау кезінде төмендегідей сұрақтар қойылады:

- Сабактағы нeгiзгi нәрсе не?

- Сабақта не қызықты болды?

- Қандай жаттығулар орындау кезінде қиындык туғызады?

- Не женілл болды?

Уйге тапсырманы деңгейлеп беруге болады:

1- деңгей (міндетті) №7;

2-деңгей (шығармашылық) «Көбейту және бөлулер еліеде еш нәpceнi өзгерте алмаған бip саны туралы ертегі құрастыру.

21-сабак; алдыңғы сабақтарға ұқсас құрылады.

№8 логикалық тапсырманы оқушылар кестенің көмегімен шеше алады.

  Нұргүл Айнұр Әсем
Сары көйлек - - +
Көк көйлек - + -
Кызғылт көйлек + - -

Балаларға талқылауды қосарлы анықтамадан бастау қажеттігін түciндipy керек:

 

 

22-23-сабақтар.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білімді тексеру

Сабақтың мақсаты: көбейту мен бөлудің олардың өзара байланысының мәнін ашатын өрнектердің және төрт арифметикалық амалдан тұратын өрнектердің мәнін таба білу дағдыларын жетілдіру.

Бұл сабақтарда мұғалім есептерді шығару, қысқаша жазу жолдарын қорытындылайды, 1 және 0 сандарымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін бекітеді, осы арқылы балаларды бақылау жумысына даярлайды. Балаларды атқарған ic-әpeкeтін өз бетінше саралауға, білімдегі олқылылықтары мен қателеріне талдау жасауға баулу қажет. Ауызша жаттығулар:

4 ондық; 8 ондық 4 бірлік; 10 ондық; 6 ондық 1 бірлік;

8 жүздік 3 ондық 4 бірлік. Осы сандарды жазыңдар.

3 дм; 5см; 5м; 3см; 5дм; сантиметрмен көрсетіңдер.

499, 69,19, 99, 100, 159 сандарынан кейін қай сан келеді?

45, 99, 29, 30, 990, 900 сандарының алдында қандай сан бар?

22-23-сабақтардағы тапсырмалар балаларға бұрыннан таныс болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысын барынша арттыру кажет. Мұнда олар тапсырмаларды түсіндіре отырып орындауына кеңіл бөлген жөн. Шешу жолын түсіндіре алу, өз шешімін негіздеу дағдыларын жетілдіру керек. Сабақтардың бірінде бақылау жұмысы жүргізіледі.

Бақылау жұмысы

1. Баған түрінде орында 716 - 349 615 + 385 802 + 198 1000 - 443 1. Баған түрінде орында. 215 + 648 1000 - 713 345 + 655 1000 - 645
2. Салыстыр. 721 см * 7 м 1 дм 92-27*94-27 8х2х8*8 + 8 + 8 3 м 9см * 3 м 9дм 48 + 46 * 49 + 46 2х5*5х2 2. Салыстыр. 704 см * 7 м 1 дм 48 + 8 * 48 + 9 7х3*7 + 7 + 7 7м3см*7м3 дм 42-6*42-5 2х4*2х6
3. Eceптi шығар. Айбек алғашқы күні кітаптың 36 бетін оқып шыкты, ал келесі күні 9 бет кем оқыды. Ол eкi күнде барлығы неше бет оқыды? 3. Eceптi шығар. Дүкенге 45 қорап алма сусынын әкелді, ал шабдалы сусыны 8-ге кем. Дүкенге барлығы неше қорап алма және шабдалы сусыны әкелінді?
4.Теңдеуді шеш. 800 - х =198 + 142 а + 154 = 807 - 142 4.Теңдеуді шеш. 700 - х = 254 + 142 а + 235 = 870 - 124


 

24-25-сабақтар.

Сабақтың тақырыбы: 2-ге көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

2-ге көбейту және бөлу кестесін пысықта

Сабақтың мақсаты: практикалык амалдарды қолдана оты­рып 2 санын көбейту және бөлу кестеин құрастыру; есептерді шешу барысында кестені пайдалана білу дағдыларын дамыту.

1. Tipeк білімдерін белсендіру.

Екі –екіден 20-ға дейін тура және кepi бағытта санаңдар.

Көбейту амалын қолдана отырып көбейтіндінің мәнін табыңдар.

4х2 7х2 9х2 5х2

2. Жаңа тақырыппен таныстыру.

Окулықтағы №1 тапсырма орындалады. Балаларға үнем i бірдей қосылғыштарды қоса отырып, көбейтуді орындау ыңғайлы eмecтiгi түсіндіріледі.

Жаңа тақырыпты бекіту.

Кестелерді есте сақтау маңыздылығына тағы бip рет тоқтала кеткен жөн. Балаларға кестелерді есте сақтау міндеті жүктеледі

№2 (24-сабақ) жай есептердің шeшyiн балалар 2 санын көбейту және бөлу кестесіне сүйене отырып орындайды. 2 са­нын көбейту және бөлу кестесін беккіту үшін №5 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.

№4 (24-сабак) тапсырманы орындау үшін балалар пери­метр және көпбұрыштардың периметрін табу тәсілдерін еске түcipeдi

Берілген сандарды нәтижемен ауыстыра отырып балалар кepi есептерді тез құрастыра алады.

№7 тапсырма мен оған қосымша берілген сурет балаларға 5 жұмыртқаны бip уакытта пicipyгe болады деген тұжырым жасауға


көмектеседі, сонда 2 • 5 = 10 көбейтуін орындау кажет емес. Балалар өздері тұжырым жасайды.

4.Ұй жұмысы: мысалдарды баған түрінде орындау (№6 тап­сырма) және 2 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау.

25-сабақ 2 санын көбейту және бөлу кестесін пысықтауға арналады. Балалар көбейту мен бөлу кестесі туралы өз білімдерін пайдалануы үшін барынша көп түрлі тапсырмалар орындауға тырысуы керек. Бұл сабакта жұп және тақ сан түсінігі енгізіледі. 20-ға дейін жұп және тақ сандармен тура және кepi тәртіппен тез санауға үйрету.

2 санын көбейту және бөлу кестесін есте сактау үшін математикалық диктант өткізіледі және балалар бip-бірін тексереді.

26-сабақ

Сабақтың тақырыды: Белгісіз көбейткіш, бөлінгіш, бөлгіші бар теңдеулер

Сабақтың мақсаты: оқушыларды теңдеулердің жаңа түрлерімен және оларды шешу жолдарымен таныстыру; 2 санымен көбейту және бөлу кестесін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Tipeк білімдерін белсендіру.

Ауызша есептеуге кестелік көбейту және 2 санымен көбейту және бөлу кестесін пысықтауға арналған ойын жаттығуларын енгізу, сондай-ақ 0 және 1 сандарымен кестелік көбейту және бөлу жағдайларын қайталау қажет. «Баспалдақ», «Қай қатар жылдам?», «Математикалық эстафета», «Компьютер» ойын- дарын пайдалануға болады. Амалдар тұрған ретімен орын­далады.

2х4 + 2х2х1 + 8:2х0 +18:2 +100

0х14 + 12:2-3х1 + 6х 2 + 12-8 + 54

12х1-6х2 + 3х 2 + 10:2х9 + 100 х0

Балаларға таныс карапайым теңдеулерді шешу. Мұнда белгісіз компоненттерді табу ережесі еске түсіріледі

100 - х = 52 а + 15 = 175 240 + а = 880

201 - х = 91 х + 120 = 450 500 - а = 499

№8 логикалық тапсырманы да ауызша жаттығулар қатарына қосуға болады.

Жаңа тақырыпты түciндipy

Балалар көбейту мен бөлу амалдарының белгісіз компоненттерін табуға арналған теңдеулерді бipiшіi рет кездестіріп отыр. Белгісіз компоненттерді табу ережсімен танысу үшін балалар мұғалімнің басшылығымен №1 тапсырманы немесе мұғалім кұрастырған балама тапсырманы орындайды.

Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа такырыпты бекіту үшiн №2 тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындайды.

Өткен тақырыпты қайталау.

Балалар №7 тапсырманы (сурет бойынша есеп құрастыру және оларды шығару) өз беттерінше орындап, соңынан түсіндіріп береді.

27-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: 4 арифметикалық амалдан тұратын және жақшалы өрнектерден амалдар тәpтiбi

Сабақ тың мақсаты: 4 арифметикалық амалдан тұратын

және жақшалы өрнектердеп амалдар тәpтiбiережесімен таныстыру.

1Ті рек білімдерін белсендіру.

Ауызша жаттығуға 2 санымен кестелік көбейту және бөлуді пысықтуға арналған тапсырма мен №1 тапсырма енгізіледі. Балаларға жай есептерді ауызша орындау ұсынылады:

Косу, азайту және жақшаларды қамтитын өрнектердегі амалдар тәртібін қайталаңдар.

Балаларға төрт арифметикалық амал бұрыннан таныс. «Дүкен» ойынын ұйымдастырып, тауарлардың бағасын не­месе қалдық ақшаны есептету. Тақтаға мынадай өрнектер жазылады:

8 • 3 + 25 = 100 - 5 • 2 = 50 - 5 • 2 - 12 =

Мұндай өрнектерде есептеуді қандай ретпен орындау керектігіжөнінде сұрак туындайды?

2. Жаңа тақырыпты таныстыру.

Тақтаға оқулықтағы суретке ұксас құрал іліп қоюға болады.

Мұғалім қатаң сақталуы тиіс амалдар тәpтібi бар екенін айтады. Бұл ережелерді оқулықтан қарауға болады. Балалар иллюстрацияны тағы бip рет карап шығады да, ұксас өрнектерді тақтада орындайды. Шешу барысында амалды көрсетеді (оқулыктағыдай) №2 тапсырма.

3. Жаңа тақырыпты бекiтy.

Бастапқы бекіту үшін №3 тапсырма берілген. Оны орындау кезінде шешу барысын түсіндіру үшін оқушыларды көбірек тартуға болады.

№5 (а және в) тапсырма да жаңа тақырыппен байланысты. Оларды орындау үшін балалар амалдарды орындау тәртібінің ережелерне сүйенеді, бұл тақырыпты бекітуге кемектеседі.

Өткен тақырыппен жұмыс.

№6 тапсырмамен (l-шi және 2-бағандар) жұмысты ұжыммен

немесе жеке ұйымдастыруға болады. Бipнiшi өрнекте есептеп, осы бағандағы өрнектерді шығарылған өрнекпен салыстыра отырып, есептемей-ақ олардың мәнін табуға болатынын оқушылардың назарын аудару қажет.

4. Сабақты қорытындылау кезінде өрнектердегі амалдар тәртібін, теңдеулерді шешу ережелерін тағы қайталау қажет. Үй жұмысы ретінде №6 (3 баған) және №3 (3 баған) тапсырмалар беріледі.

Шығармашылық деңгей: 4 аримфетикалық амал және жақшалардан тұратын өрнектер кұрастыру.

 

28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлумен байланысты құрама есептер шығару

Сабақтың мақсаты: балаларды төрт арифметикалық амалмен байланысты есептің жаңа түрлерін шығарумен таныстыру, кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жалғастыру.

1. Tipeк білімдерін белсендіру.

Ауызша тапсырмалар 2-ге көбейту және бөлудің кестелік жағдайларын қайталауға арналған тапсырмаларды қамтиды. «Үндемес», «Баспалдақ», «Домино» және басқа ойындар ойнатылады. Ойын барысында балалар үйренген кестелік жағдайларды кайталайды. Ауызша жаттығу үшін №7 тапсыр­ма берілген.

Сонымен қатар көбейту, бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің атаулары және мәні жүйелі түрде бекітілуі тиіс.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балаларды көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын кұрама есептермен таныстырмас бұрын желісі бірдей есептер тізбегін шешу ұсынылады.

Мұнымен қатар тақтада есептерді бейнелейтін практикалық

амалдар орындауға болады.

Өткен тақырыпты бекіту.

Тапсырманы балалар түсіндіре отырып, мұғалімнің басшылығымен орындайды

Өткен тақырып бойынша жұмыс.

Тапсырма геометриялық материалды қайталауға арналған. Оны орындаудан бұрын бұрыштың түрлері, фигуралар, фигуралардың периметрі туралы білімдерін қайталау қажет.

Одан кейін №8 логикалық тапсырма орындалады.

 

Сабақты қорытындылау.

Алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.

Үй жұмысы ретінде №5 тапсырма ұсынылады, ал шығармашылық деңгей үшін құрама есептің жаңа түрін құрастыру керек.

 


29-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты: кестелік есептеу, түрлі есептер, өрнектер мен теңдеулер шығару дағдыларын қалыптатыру жұмысы жалғастырылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1624; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.101 сек.