Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Kepi есептермен таныстыру. 5 страница




• Егер жартысы 8-ге тең болса, сан нешеге тең?

• Санның төрттен бір бөлігі 6-ға тең. Бұл қандай сан?

• Барлық алманың сегізден бір бөлігі 3 алманы құрайды. Барлық алма неше?

• Кесіндінің төрттен бір бөлігі 4 дм. Кесіндінің барлық ұзындығы неше?

• Егер алтыдан бір бөлігі 4 бет болса, альбомда неше бет бар?

• Жартысы 6-ға тең болатын санды тап?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1 тапсырмаға берілген иллюстрация негізінде жаңа сабақ түсіндіріледі. Неше текше болды? Неше есе арттырдық? Неше текше болады? Көбейтудің көмегімен қалай жазуға болады? Бірінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр: сандардың қандай ұқсастығы бар? Қандай айырмашылығы бар? 10-ға көбейту кезінде сан қалай өзгереді? 10-ға бөлу кезінде сан қалай өзгереді?

100-ге көбейту және бөлу тәсілі осыған ұқсас жүргізіледі (№2 тапсырма).

4. Жаңа сабақты бекіту.

№4 (1-баған) тапсырма оқушылардың түсіндіруімен тақтада орындалады, ал 2-4-бағанды өздігінен орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№6 тапсырманы түрлі тәсілдермен орындауға болады.

Өздік жұмыс үшін №7 тапсырма берілген. Үш бағанды 3 қатарға нұсқа бойынша орындатуға болады. №8 тапсырманы оқушылар өздері орындайды.

6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: №5. Шығармашылың деңгей: 10 санына көбейту туралы ертегі құрастыру.

 

 

Сабақтың тақырыбы: 10 • 9, 90: 9,100 • 7, 700: 7 түріндегі есептеу тәсілдері (68-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: 10 • 9, 90: 9, 100 • 7, 700: 7 түріндегі көбейту және бөлу жағдайлары; санның үлесін, үлес бойынша санды табу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Үндемес», «Математикалық волейбол», «Қай қатар жылдам?» жаттығу ойындарын ұйымдастыруға болады.

Оған мына тапсырмалар енгізіледі: 10 • 8, 600: 6, 32: 8, 500: 100, 4 • 10, 40 + 480, 54: 6, 100 • 7, 650: 10, 800: 8, 420: 1, 81: 9.

Ауызша жаттығуға №1, №4 тапсырмалар берілген.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дайындық жаттығулардан кейін оқушылар оқулық бойынша өз беттерінше осындай өрнектердің есептеу алгоритмін анықтай алады. Алғашқы бекіту жұмыстары үшін №2 (ә) (1-ші және 2-бағандар) тапсырмалар тақтада түсіндіріле отырып жасалады, ал қалған мысалдарды оқушылар өздігінен орындайды.

№3 тапсырма кестеден тыс көбейту туралы алған білімдерін бекітуге бағытталған. Балалар мұғалімнің басшылығымен есеп шартын талқылайды және қысқаша жазылуын құрады және өз беттерінше шығарады.

Бекіту.

Мұғалімнің жетекшілігімен орындау үшін №5 тапсырма берілген.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №6 (3-баған) және №7 тапсырмалар орындалады да, соңынан тексеріледі. №8 логикалық есепті кестенің көмегімен шешуге болады.

5. Сабақты қорытындылау.

Үйге №6 (1, 2-баған) тапсырма ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы: Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу (69-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту амалдарымен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Осы сабақта қаралуға тиісті барлық мысалдардағы амалдар ондықтармен, жүздіктермен орындалады, демек, кестелік есептеуге сәйкес, сондықтан көбейту және бөлу кестесін қайталаудан бастауға болады. Содан кейін санда неше ондық, неше бірлік, керісінше, бір жүздікте немесе бірнеше жүздікте неше бірлік бар екенін анықтауға арналған пысықтауға берілген жаттығуларды орындайды.

Кестелік көбейту және бөлуді пысықтау мақсатында «Компьютер», «Қай қатар мықты?», «Математикалық волейбол» ойындарын жүргізуге болады және №1 және №3 тапсырмалар ауызша есептеуге арналған.

«Қандай ұшақта ұшқаныңды анықта» деген жаңа ойынды ұйымдастыруға болады.

Ойынның мақсаты: кестелік көбейту және бөлу дағдыларын бекіту.

Ойынға жауаптар жазылған ұшақтардың суреті қажет болады:

61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36, 35, 49, 28, 6, 42.

Мұғалім карточкада жазылған мысалдарды шығаруды ұсынады және оқушы ұшақтардың қайсысымен ұшу керектігін анықтайды.

7 • 10 - 9, 6 • 3 + 7, 90: 9 • 7, 54: 6 + 9, 900: 100 • 7, 24: 4 • 10, 81: 9 • 100, 35: 7 • 10, 63: 7 • 4, 28: 4 • 5, 42: 6 • 7, 700: 100 • 4, 540: 10: 9, 380: 10 + 4.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Дайындық жаттығулардан кейін оқушылар оқулық бойынша (№3 тапсырма) өз беттерінше осындай өрнектердің есептеу алгоритмін анықтай алады. Алғашқы бекіту үшін № 4 (1-ші және 2-бағандар) тапсырмалар тақтада түсіндіріле отырып орындалады, ал қалған мысалдарды өз беттерінше орындайды.

4. Бекіту.

Мұғалімнің басшылығымен шешуге №5 тапсырмадағы (а) есепті беруге болады. №6 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, соңынан тексеріледі.

Содан кейін мұғалім №7 тапсырмаға берілген суреттер бойынша өрнектер құруды және өрнектердің мәнін табуды тапсырады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№8 логикалың есепті шығару үшін кесте құру керек.

Жәшіктің түсі        
Ақ - - - +
Қызыл - + - -
Қара - - + -
Жасыл + - - -

Пайымдау мынадай үлгіде жүргізіледі: «Жазулардың дұрыс емес екендігін ескеріп, 1-жәшікте ақ шар емес, 2-жәшікте жасыл да, ақ та емес, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да емес, 4-жәшікте көк те, жасыл да, қызыл да емес, демек, 4-жәшікте - ақ шар. Бұдан бір де бір шар ақ бола алмайтынын біле отырып, 3-жәшікте қызыл да, жасыл да, ақ та емес деген қорытынды жасаймыз, 3-жәшікте - көк шар. 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, демек, 2-жәшікте жасыл да, ақ та, көк те емес, яғни, 2-жәшікте - қызыл шар, ал 1-жәшікте - жасыл шар.

6.Өздік жұмыс үшін оқушыларға №4 (3, 4-баған) тапсырма беріледі, соңынан тексеріледі.

7. Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақтағы негізгі мәселе не болды?

- Сабақта не қызықты болды?

- Үйге берілетін тапсырма қандай болуы тиіс?

Үйге не беру керектігін оқушылардың өздері анықтағаны маңызды

(№5 (ә, б) тапсырма).

Сабақтың тақырыбы: 1000 көлемінде көбейту және бөлу(70-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: 40 • 7,280: 7 түріндегі кестеден тыс көбейту және бөлу тәсілдерін меңгерту; екі-үш амалды өрнектерді шешу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.

Кестелік көбейту және бөлу жағдайы, 100 көлеміндегі қосу, азайтуға, 10 және 100 сандарына көбейтуге (№1), фигуралардың ауданын анықтауға (№6) арналган ауызша жаттығулар енгізілген дидактикалың ойындар ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту және бөлуді орындауға дағдыландыру үшін келесідей «Дұрыс жауаптарды қос» деген тапсырма беріледі:

3-4   3-4 54-27
5-8   5-8 60-4
16:2   16:2 15:5
30: 10   24:8 6-2
    9-3 2-4
7-8   7-8 10-4

3. Жаңа сабақты енгізу.

№2 жаттығудың алғашқы екі бағанының шығарылуын оқушылар өз беттерінше түсіндіреді, содан кейін 3, 4-бағанды түсіндіре отырып шығарады.

Есептеудің жаңа тәсілдері №3 және №4 тапсырманың есептерін шығару кезінде қайталанады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын бірнеше есеп ауызша шығарылады:

• Үш жүйекке 60 қызғалдақтан отырғызылды. Барлығы неше қызғалдақ отырғызылды?

• 6 жүйектен 10 кг-нан құлпынай жиналды. Барлығы неше килограмм құлпынай жиналды?

• 5 автобуста 40 адамнан келе жатыр. Автобустарда барлығы неше адам?

• 4 альбомға 200 теңге төленді. Альбомның біреуі неше теңге тұрады?

• 3 бірдей қалам 180 теңге тұрады. Бір қалам неше теңге тұрады?

4. Бекіту.

№5 (1-баған) тапсырманың шығарылу жолы түсіндіріле отырып тақтада орындалады. 2-ші және 3-бағандарды оқушылар өздігінен орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар (№7 және №8) мұғалімнің басшылығымен орындалады.

6. Сабақты қорытындылау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 888; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.