Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 1 страница




Үйге №5 тапсырма (2, 3-баған) беріледі. Шығармашылық деңгей: математикалық диктантқа арналған есептер құрастыру.

 

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалдарды пысықтау (71-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу тәсілдерін бекіту; фигураның периметрі мен ауданын анықтау дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Көру қабілеттерін дамыту үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

-15 секунд сандар қатарын мұқият қараңдар, берілген тәртіп бойынша есте сақтауға тырысыңдар, содан кейін сұрақтар қойылады:

5 2 3 10 15 4 6

• Берілген қай сандардың қосындысынан 5 саны шығады?

• Неше жұп сан бар?

• Қай сандар көп - бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?

• Соңғы санның алдындағы сан 5 санының сол жағындағы көршісі ме?

• Бірінші және екінші сандардың көбейтіндісі қанша?

• Неше сан өзіне-өзі бөлінеді?

• Бесінші тұрған саннан төртінші санды азайт. Ауызша есептеуге №1 тапсырма беріледі.

3. Кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайларын бекіту үшін мұғалімнің жетекшілігімен №2 тапсырма орындалады.

Алдыңғы сабақтарда өткен есептеу тәсілдері №5 тапсырманы орындау барысында пысықталады немесе ауызша жұмысқа бірнеше жай есептер енгізу қажет:

• Дүкенде қаламды 60 теңгеден сатты. Осындай 6 қаламға неше теңге төленеді?

• Бір пакет сүттің бағасы - 80 теңге. 6 пакет сүт қанша тұрады?

• 3 л айранға 270 теңге төленді. 1 л айранның бағасы қанша?

• Анасы 30 теңгеден 4 ақ ірімшік сатып алды. Анасы неше теңге төледі?

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындауға болады. №6 (а, б) тапсырма ауданы мен ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың және сынық сызыңтың периметрін анықтай алу дағдыларын дамытуға арналған.

№8 логикалың тапсырманы таңдап алу жолымен орындауға болады. Таңдап алу нәтижесінде оқушылар Санжардың 50 теңгесі болғанын анықтайды.

5. Өздік жұмыс ретінде №3, №7 тапсырмалар ұсынылады.

6. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтағы негізгі мәселе не болды? Қандай тапсырмалар орындауға қиын тиді? Неге? Алдағы уақытта қиындықтан шығу үшін не істеу керек? Оқулықтан қиындық келтірген тапсырманы меңгерту үшін көмектесетін тапсырманы таңда.

 

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару(72-73-сабақтар)

Сабақтың мақсаты: түрлі есептер шығаруды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Үндемес», «Математикалық волейбол», «Қай қатар жылдам?» жаттығу- ойындары ұйымдастырылады. Оған мына тапсырмалар енгізіледі:

40 • 8, 240: 6, 320: 8, 500: 100, 4 • 10, 40 + 480, 540: 6, 40 • 7, 650: 10, 400: 8, 420: 6, 720: 90.

Ауызша есептеуге №1 (72, 73-сабақтар), №7 (72-сабақ), №8 логикалық тапсырма (72- сабақ, 73-сабақ) беріледі.

Сабақтардың бірінде математикалық диктант жүргізген дұрыс:

• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.

• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, қарындасы одан 2 жас кіші. Қарындасы нешеде?

• Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас кіші?

• Ағасы 18 жаста, қарындасы 12 жаста. Ағасы неше жас үлкен?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу пайдаланылды. Неше килограмм бояу қалды?

• 30 саны шығу үшін 5-ті қаншаға көбейтеміз?

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4, 72-сабақ (1-ші және 2-бағандар) оқушыларға өздік жұмыс ретінде беріліп, соңынан тексеріледі. Өрнектерді салыстыруды түсіндіре отырып немесе өз беттерінше орындайды.

№2 (72, 73-сабақтар) тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен есеп шартын талдағаннан соң өз беттерінше орындайды. «Есеп не туралы? Не белгілі? Нені білу керек? Есептің сұрағына жауап беруге бола ма? Сұраққа жауап беру үшін нені білу керек? №3 (72-сабақ) тапсырманы орындамас бұрын оқушылар есепті алдымен мұғалімнің басшылығымен орындайды, содан кейін есептерді салыстырады. № 5 (73-сабақ) тапсырма тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

4. Өздік жұмыс үшін №6, (72-сабақ) өрнектер құру және №5 (72-сабақ) теңдеу шешу, өзара байланысты мысалдар төрттігін құру №3, (73-сабақ) және сандар квадратын ауыстыруға берілген өрнектерді (№4 тапсырмалар (73-сабақ) шығару беріледі.

5. Сабақты қорытындылау.

6.Үй жұмысы: №4 (3, 4-баған, 72-сабақ), №6 (73-сабақ) тапсырмалар. Шығармашылық деңгей: көбейткіші белгісіз болатын 2 теңдеу құрастыру, №7 тапсырма (73-сабақ).

Сабақтың тақырыбы: Өткен сабақты пысықтау (74-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу, есеп шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Түрлі шамалардың өлшем бірліктері туралы білімдерін бекіту мақсатында сабаққа перфокарталармен жұмысты енгізген жөн.

1) Бір жылда 365 немесе 366...

2) 500 жыл = 5...

3) 3... > 201 жыл.

4) Жаз 3 айға созылады немесе... төрттен бір бөлігі.

Есептеу дағдыларын дамыту үшін №1, №2 (б) жаттығулар орындалады, ал содан кейін «Компьютер» ойыны өткізіледі, (мысалдар тізбегі).

6 9 - 24: 10 • 8 + 67

64: 8 • 6 + 30 - 26 - 42

7 • 7 - 43 • 5: 5 + 68 - 25

3. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы балалар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. №2 (а) тапсырма өздік жұмысқа арналған. №2 (ә) тапсырманы балалар мұғаліммен бірге орындайды. №5 тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушыларға екі бағанды салыстырып, қандай айырмашылық барын сұрайды. м және см, дм және м, см және м арақатынасын қайталаған жөн. Содан кейін балалар түсіндіре отырып, осы тапсырманы орындайды.

4. Өздік жұмыс ретінде №6 және №7 тапсырмалар ұсынылады.

Содан кейін оқушыларға ауызша орындау үшін бірқатар тапсырмалар беріледі:

• Ұзындығы 24 см болатын сымның бөлігінен қабырғасы 6 см

шаршы жасауға бола ма?

• Шаршының ауданы 64 дм2. Осы шаршының қабырғасы нешеге тең?

• Шаршының периметрі 36 см. Оның қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?

• Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 м-ге тең, ал ені 5 см-ге тең.

Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?

• Хоккей алаңының ұзындығы 20 м және ені 5 м. Алаң қоршалған. Оның ұзындығы қанша?

• Қабырғасы 4 см болатын шаршыны тең 2 үшбұрышқа бөл.

Әр үшбұрыштың ауданы нешеге тең?

Логикалың ойлауды дамытуға арналған №8 тапсырма ауызша орындалады.

5. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №3.

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білімді тексеру(75-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу тақырыбын меңгеру деңгейлерін тексеру; түрлі есептер, теңдеулер шығара алу дағдыларын арттыру; тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын анықтай білу.

Білім, білік, дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау үшін оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді (бақылау және тексеру жұмыстары дәптерін қараңыз). Өздік жұмыс нәтижелерін таңдау мұғалімнің оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

6. Өздік жұмыс ретінде №6 және №7 тапсырмалар ұсынылады.

Содан кейін оқушыларға ауызша орындау үшін бірқатар тапсырмалар беріледі:

• Ұзындығы 24 см болатын сымның бөлігінен қабырғасы 6 см

шаршы жасауға бола ма?

• Шаршының ауданы 64 дм2. Осы шаршының қабырғасы нешеге тең?

• Шаршының периметрі 36 см. Оның қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?

• Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 м-ге тең, ал ені 5 см-ге тең.

Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?

• Хоккей алаңының ұзындығы 20 м және ені 5 м. Алаң қоршалған. Оның ұзындығы қанша?

• Қабырғасы 4 см болатын шаршыны тең 2 үшбұрышқа бөл.

Әр үшбұрыштың ауданы нешеге тең?

Логикалың ойлауды дамытуға арналған №8 тапсырма ауызша орындалады.

7. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №3.

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау(76-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту; баға, сан, құнды табуға берілген құрама есептерді шығара алу; өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін қайталау.

Ауызша жаттығуларға масса мен уақыт бірлігін қайталауға арналған есептерді, кестелік және кестеден тыс көбейтуді қайталау және өтілген бірнеше қарапайым есептерді шығаруды енгізу керек. Жаттығулардың басым бөлігін оқушылар өздігінен орындайды. Кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайлары туралы білімдерін пысықтауға, үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға басты назар аударылады.

Сабақтардың бірінде математикалық диктант жүргізген дұрыс:

• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.

• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, қарындасы одан 2 жас кіші. Қарындасы нешеде?

• Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас кіші?

• Ағасы 18 жаста, қарындасы 12 жаста. Ағасы неше жас үлкен?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу пайдаланылды. Неше килограмм бояу қалды?

• 30 саны шығу үшін 5-ті қаншаға көбейтеміз?

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы(77-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлуді орындау, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту, төртінші пропорционалды табуға берілген есептерді шығару дағдыларын бақылау және тексеру.

1-нұсқа 2-нұсқа

1. а) Өрнектерді баған түрінде есепте: 649 - 205 96 + 778 700 - 546 460 + 88 ә) Есепте: 450: 9 6-80 50-6 810: 9 1. а) Өрнектерді баған түрінде есепте: 560 - 206 786 + 94 504 - 46 47 + 888 ә) Есепте: 6 - 40 90 - 6 400: 80 270: 9
2. Есепті шығар. Дүкенде нан салынған 6 жәшік болды. Әр жәшікте 70 наннан бар. 40 сатып алушыға 3 наннан сатылды. Қанша нан қалды? 2. Есепті шығар. Дүкенге әрқайсысында 30 кг-нан 8 қорап кәмпит және әрқайсысында 20 кг-нан 9 қорап печенье әкелінді. Қайсысы көп - көмпит пе, әлде печенье ме? Қанша килограмға артық әкелінді?
1. Салыстыр: 8 дм 7 см □ 8 м 7 дм 3 сағ 20 мин □ 320 мин 5 ц 80 кг □ 5 ц 8 кг 2 тәул. □ 3 сағ 46 мин. 2. Салыстыр: 7 дм 7 см □ 77 дм 480 мин □ 6 сағ 320 г □ 3 ц 4 мин 10 с □ 420 с
4. Қабырғалары 3 см және 4 см болатын тіктөртбұрыш сал. Оның ауданы мен периметрін тап. 3. Қабырғалары 4 см жөне 6 см болатын тіктөртбұрыш сал. Оның ауданы мен периметрін тап.
5.* 2 түрлі тіктөртбұрыш сал. Олардың ауданы бірдей және 12 см2-ге тең. Салынған тіктөртбұрыштардың периметрін есепте және салыстыр. 5.* 2 түрлі тіктөртбұрыш сал. Олардың ауданы бірдей және 16 см2-ге тең. Салынған тіктөртбұрыштардың периметрін есепте және салыстыр.

 

 

Сабақтың тақырыбы:Пысықтау.78, 79, 80-сабақтар.

Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту жөне бөлу, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту, төртінші пропорционалды табуға арналған есептерді шығару бойынша алған білімдерін пысықтау.

Сабақ бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып құрылады.

• Егер жартысы 8-ге тең болса, сан нешеге тең?

• Санның төрттен бір бөлігі 6-ға тең. Бұл қандай сан?

• Барлық алманың сегізден бір бөлігі 3 алманы құрайды. Барлық алма неше?

• Кесіндінің төрттен бір бөлігі 4 дм. Кесіндінің барлық ұзындығы неше?

• Егер алтыдан бір бөлігі 4 бет болса, альбомда неше бет бар?

• Жартысы 6-ға тең болатын санды тап?

Ойынның мақсаты: көбейту кестесі туралы білімді бекіту.

Бұл ойынды өткізу үшін арнайы трафарет, көлемі 20x15 болатын 9 қатты қағаз керек. Жоғарғы жағына 1,2,3,...9 сандары жазылады. Дәл осылай етіп сол жаққа тігінен де жазамыз, яғни трафарет Пифагор кестесіне ұқсайды, бірақ тігінен және көлденеңінен сызықтардың қиылысқан жерлеріне тесіктер жасалады. Сонда 81 тесігі бар тор шығады. Ойын жұппен ойнала- ды. Мұғалім әр партаға бір трафареттен таратады. Трафареттің теріс жағына қағаз қыстырылады. Мұғалімнің бұйрығымен бір оқушы қарындашпен кез келген тесікке нүкте қояды, ал екінші оқушы жауабын жазады. Егер оқушы жауабын білмесе, ол жерді қызыл қарындашпен дөңгелектейді.

• Мұғалімге өздік жұмысты ұйымдастыру қиындық тудыратын тақырыптарды анықтауға және олқылықтармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

• Сабақта қиналатын әр оқушы назарда болып, жеке көмек ала алатындай құрылуы тиіс.

 

3 ТОҚСАН (50 САҒАТ) АУЫЗША (кестеден тыс) КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ (жалғасы)

Сабақтың тақырыбы: Көлемді фигуралар (денелер) туралы түсінік.

Шар, конус, текше, тіктөртбұрышты параллелепипед, призма, пирамида. (81-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: көлемді денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемді денелерді ажыратып, атай білуге үйрету; күрделі теңдеулерді шығара білуге дағдыландыру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үшін геометриялық фигуралар туралы білімдерін еске түсіру керек.

Тақтаға роботтың аппликациясы ілінеді. Оқушылар геометриялық фигуралар жиынтығын алады (жинақта артық фигуралар болуы мүмкін). Белгі берілгеннен кейін оқушылар роботты құрастыра бастайды. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңеді.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім үшбұрыш пен пирамиданы, шаршы мен текшені, тіктөртбұрыш пен тіктөртбұрышты параллелепипедті, шеңбер мен шарды салыстыруды ұсынады. Содан кейін мұғалім қандай фигуралардың жалпақ, қандай фигуралардың көлемді екенін сұрайды. Салыстырғаннан кейін оқушыларды көлемді денелердің атауларымен таныстырады (№2 тапсырма).

4.Алғашқы бекіту үшін №2 (ә) тапсырма мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады. Мүмкіндігінше роботты көлемді денелерден құрастырған жөн. Содан кейін мұғалім жазықтықтағы роботпен көлемді денелерден құрастырылған роботты салыстыруды ұсынады. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Кестеден тыс көбейту мен бөлуді бекітуді мұғалім №1 мен №6 тапсырмалардың материалдары негізінде ұйымдастырады. Оқушылар №6 тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып шығарады.

№5 (а, ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. №4 тапсырмаға берілген сурет бойынша балалар есеп құрастырады және ауызша шығарады.

№7 тапсырма «Вагондар» деп аталады. Олардың орындалуының бір үлгісі мұғалімнің басшылығымен орындалады. _ 864 _ 963 _ 954 468 369 459 396 594 495

Мұғалімнің басшылығымен №5 (б), №8 тапсырмалар орындалады (жол 10 км-ге артады).

6. Өздік жұмыс үшін №3 (2, 3-бағандар) және №6 теңдеулер нұсқалар бойынша орындауға беріледі.

7. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №3 (1-баған). Шығармашылық деңгей: көлемді денелер атауларымен сөзжұмбақ құрастыру (шар, пирамида, текше).

 

Сабақтың тақырыбы:Қосындыны санға көбейту(82-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: қосындыны санға көбейту төсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; тіктөртбұрыштың периметрін есептеудің жаңа тәсілдерімен таныстыру; тиімді төсілмен есептеуге үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін мұғалім «Математикалық волейбол», «Қай қатар мықты?», «Үндемес», «Математикалық эстафета» дидактикалық ойындарын ұйымдастырады: Оқушылар ауызша есептеп, жауабын карточкалардың көмегімен көрсетеді. Ауызша есептеуге тапсырма берілген.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде ауызша есептеугемынадай тапсырмалар өткізуге болады: «25 пен 5-тің қосындысын 2 есе арттыр. 40пен 8 сандарының ңосындысын 4-ке азайт».

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім тақтаға жазылған мысалды оқып, шешуін табуды тапсырады: (5 + 2) • 2. (5 пен 2-нің қосындысын 2-ге көбейту). Балалар мысалды орындайды: (5 + 2) • 2 = 7 • 2 = 14. Содан кейін мұғалім сандардың қосындысын санға басқа амалмен де көбейтуге болатынын айтады. «Косындыны санға көбейтудің түрлі амалдарын білу кейбір мысалдарды тиімді (жеңіл) тәсілмен шешуге көмектеседі».

Мұнан кейін көрнекі құралдың көмегімен (оқулықтағы суреттегідей) мысалдарды иллюстрациялау қажет. Мұғалім 5 қызыл және 2 көк дөңгелекті орналастырады. Бүкіл өрнектің мәнін білу үшін екінші жолға да осынша дөңгелек қойылады. Балалар барлық дөңгелектерді есептеудің екінші тәсілін өздігінен табатындай етіп түсіндіру құрастырылады (алдымен қанша қызыл дөңгелек бар екенін білу үшін 5-ті 2-ге көбейту керек. Содан кейін неше көк дөйгелек бары анықталады, бұл үшін 2-ні 2-ге көбейту керек. Соңынан қосу арқылы барлық дөңгелек саны шығады). Мұнан соң тақтаға мынаны жазу керек: 5 • 2 + 2 • 2 = 14.

Кейіннен балалар иллюстраңияны және оқулыңтағы жазыл- ғандарды ңарастырып, тиісті ңорытынды жасайды (№1 тап- сырма).

Түсіндіре отырып пысыңтау үшін №2 тапсырманың жоғар- ғы жолындағы мысалдар шешіледі.

№3 (а) тапсырма неғізінде мүғалім тіктөртбүрыштың пери- метрін есептеудің жаңа тәсілімен таныстырады. Периметрді есептеудің жаңа тәсілінің тиімділігін көрсету керек: алдымен ұзындығы мен енінің қосындысын табамыз, содан кейін 2-ге көбейтеміз. Бұл тәсілде амалдар саны аз, демек периметрді тез есептеуге көмектеседі. Яғни, бұл - тиімді тәсіл. Пысықтау мақсатымен қалған тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен орындалады.

4. Бекіту.

№7 (а) тапсырманың шартын оқушылар өздері оқиды, содан соң мұғалімнің басшылығымен осы есепті шешудің түрлі тәсілдерін қарастырады. Соңынан амалдар бойынша есептің шешуі түсіндіріле отырып жазылады:

1) 20 • 2 = 40 (д.) - жолды

2) 20 • 3 = 60 (д.) - торкөз

3) 40 + 60 = 100 (д.) - барлығы

Осыдан кейін мұғалім есепті басқаша тәсілмен шешуді ұсынады. Алдымен барлығы неше бума дәптер барын анықтаймыз: 2 + 3 = 5 (б). Екінші, барлығы неше дәптер барын аныңтаймыз. 20 • 5 = 100 (д.) Шешуі таңтаға жазылады. Есептің екі тәсілі жан-жақты түсіндірілгеннен кейін оларды салыстырып, бұл жағдайда қай тәсілдің тиімді екені анықталады.

7 (ә) тапсырманы балалар екі тәсілмен мұғалімнің басшылығымен орындайды. Оқушылар қай тәсілдің тиімдірек екенін түсінгені маңызды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырманы орындамас бұрын ауызша сауалнама (немесе перфокартамен жұмыс) жүргізіп алуға болады:

• 1 кг = 1000...;

• 1 кг > 500...;

• 4 кг-ның төрттен бір бөлігі 1000... тең;

• 2... < 1 кг;

• Қапқа 50... картоп сыяды;

• Дүкенге 100... сәбіз әкелінді;

• Жүк көлігінің салмағы - 10....

Содан кейін оқушылар №5 тапсырманы өздігінен орындайды.

Балалар мұғалімнің басшылығымен №8 тапсырмадағы үшбұрыштардың бірінің ауданын анықтайды, қалған үшбұрыштардың ауданын өздігінен табады.

6. Сабақты қорытындылау.

7. Үй тапсырмасы: №4.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. Пысықтау83—84-сабақтар.

Сабақтың мақсаты: тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру; тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Біз бүгінгі сабақта геометриялық саяхатқа аттанамыз. Осы саяхатшылар тобына мүше болу үшін бірнеше сыннан өтулерің тиіс.

Бірінші сынақ - сөзжұмбақты шешу.

1. «Геометрия» сөзі нені білдіреді? (Жер өлшеу.)

2. Екі жағынан нүктелермен шектелген тік сызықтың бір бөлігі. (Кесінді.)

3. Нүктелері ортаңғы нүктеден бірдей қашықтықта орналасатын бітеу сызық қалай аталады? (Шеңбер.)

4. Түзу сызық жүргізуге арналған құрал. (Сызғыш.)

5. Қозғалып келе жатқан нүктенің ізі. (Сызық.)

6. Жазу құралының қағазбен түйіскен ізі қалай аталады? (Нүкте).

7. Екі сызықпен шектелген жазықтықтың бір бөлігі. (Бұрыш.)

8. Белгілі нүктеден бастау алатын түзу сызықтың бөлігі. (Сәуле.)

9. Жазықтықтағы бейнесі дөңгелек болатын көлемді фигура. (Шар.)

Екінші сынақ - перфокарталар бойынша жұмыс:

1. Берілгендердің қайсысы дұрыс?

1) Тіктөртбұрыштың ауданы - барлық қабырғаларының қосындысы.

2) Тіктөртбқрыштың периметрі - ауданның өзіне сыйдыратын бірліктер саны.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1292; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.121 сек.