Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йге тапсырма беру. 5 страница




• Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең.

• Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82.

Ауызша есептеуге геометриялың конструктормен №8 тапсырма беріледі.

3. Жаңа сабақ.

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің жаңа түрін түсіндіру №2 тапсырма негізінде жүргізіледі. Мұғалім бірінші және екінші бағанның мысалдарын салыстырып, есептеуді орындауды тапсырады.

№3 (1-баған) тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып орындау арқылы білімдері тиянақталады, 2-ші және 3-бағандарды өздері орындайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а, ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Бұл есептер қалдыңпен бөлуді орындау дағдыларын дамытуга бағытталган №4 (б) тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

Содан кейін түсіндіре отырып қалдықпен бөлу орындалады (№5 тапсырма).

№7 тапсырманы орындай отырып, оқушылар есептеудің тиімді тәсілдерімен танысады.

5. Өздік жұмыс үшін №6 тапсырманы беруге болады. Оқушылар тапсырманы орындап, бірін-бірі тексереді.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6 (3-баған). Шығармашылық деңгей: өтілген материалға ұқсас 4 мысал құрастыру.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді тексеру (119—121-сабақтар.

Ауызша кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Тапсырмалардың барлығы оқушыларға таныс, сондықтан сабақта көбінесе өздерінің орындауына ден қойган жөн.

Бекіту сабақтарының бірінде бақылау жұмысы жүргізіледі

Бақылау жұмысы

1. а) Есепте: 1. а) Есепте:
32-3 18-3 5•12 21-4 18-3 5•12
560: 40 42: 3 420: 3 640: 4 42: 3 420: 3
ө) Тиімді тәсілмен есепте. ә) Тиімді тәсілмен есепте.
(40 + 36): 4 (27 + 36): 9
(250 + 50): 6 (110 + 40): 3
(75 + 25): 5 (28 + 42): 7
2. Есепті шығар. Мұғалім еңбек сабағына арнап түрлі- түсті қатырмақағаз жинағынан 15 беттен 3 рет алды. Осыдан кейін жинақта тағы 25 бет қалды. Жинақта барлығы неше бет картон болды? 2. Есепті шығар. Мектепке 122 парта әкелінді. 5 сынып бөлмесінің әрқайсысына 14 партадан қойды. Сонда қойылмаған неше парта қалды?
3. Теңдеуді шеш. у + 260 = 650 + 350 6 • * = 30 + 330 3. Теңдеуді шеш. 600 - х = 3 • 90 810: у = 30 + 30 + 30
4. Ұзындығы 6 дм, ені 3 дм, ал биіктігі 4 дм болатын аквариумның көлемін есептеп шығар. 4. Ұзындығы 5 м, ені 3 м, ал биіктігі 3 м бөлменің көлемін есептеп шығар.
5*. Есепті әр түрлі тәсілдермен шығар (шешуін өрнек түрінде жаз). Хайуанаттар сататын дүкенде 12 ақ және 36 қоңыр тышқан бар. Оларды торға 6 тышқаннан отырғызды. Бұл үшін неше тор қажет болды? 5*. Есепті әр түрлі тәсілдермен шығар (шешуін өрнек түрінде жаз). Гүл сататын дүкенге 25 қызыл және 30 ақ раушангүл әкелінді. Оларды 5-тен топтастырып, гүлшоғы жасал- ды. Неше гүлшоғы шықты?

 

 

КӨБЕЙТУ МЕН БӨЛУДІҢ ЖАЗБАША ТӘСІЛДЕРІ

(НЕГІЗГІ АЛГОРИТМ)

Сабақтың тақырыбы: 43 • 2,143 • 2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі(122-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы және үш таңбалы сандарды жазбаша көбейту алгоритмімен таныстыру; тіктөртбұрыштың берілген ауданы және ұзындығы бойынша енін таба білуге үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа сабақты меңгеру үшін көбейту және бөлу кестесі жақсы меңгерілген болуы тиіс. Есептеу дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмалармен «Математикалық домино», «Тир» ойындарын немесе кестелік көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіруге, үш таңбалы сандар құрамын жақсы меңгеруге арналган өзге де ойындарды ұйымдастыруға болады. Сандар құрамын қайталау үшін №1 тапсырма беріледі.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық үшін қосындыны санға көбейтуді қайталаған пайдалы: (8 + 2) • 2, содан кейін кестеден тыс 100 көлеміндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін еске түсірген дұрыс (мысалы, 25 • 3). Содан соң осы тәсілді қолдана отырып, үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалай көбейтуге болатыны көрсетіледі мысалы: (214 • 2) (жолға жазылады). Соңғы мысалдың шығарылуын талдағаннан кейін бұлай көбейтудің қолайсыз екеніне және көп жазуға тура келетініне балалардың назары аударылады. Мұғалім екі және үш таңбалы сандарды баған түрінде көбейту қолайлы екенін айтады. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға баған түрінде көбейтудің алгоритмімен таныстырылады (2-жаттығу).

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып №3 тапсырманы орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

6. Өздік жұмыс үшін нұсқалар бойынша теңдеулер шешуді тапсыруға болады (№6 тапсырма): 1-нұсқа - 1-баған, 2-нұсқа - 2-баған және №8 логикалың тапсырма. Логикалың есепті шығару кезінде оқушылар балықтарды бір-біріне алып салуға болмайтын болса, онда балықтарды теңдей бөліп беру үшін тең болатын 2 қосыңдыны табу керек.

7. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №6, шығармашылық деңгей: жазбаша көбейтуге 4 мысал құрастыру және оны шығару.

Сабақтың тақырыбы: 86: 2, 286: 2 түріндегі бөлудің жазбаша тәсілі

( 123 -сабақ.)

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмімен таныстыру; күрделі теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру; есептің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларып жетілдіру.

Ауызша тапсырмаларға кестелік көбейту және бөлу, қосу және азайтуға арналған тапсырмалар беру. Мұны «Үндемес», «Баспалдақ» және т.б. дидактикалық ойындар түрінде ұйымдастыруға болады. Шамаларды түрлендіруді қайталау үшін №7 тапсырма ауызша немесе жазбаша орындалады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа материалды меңгеруге дайындау үшін екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу жағдайларын қайталап алған дұрыс (64: 2). Содан кейін үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу де осылай орындалатынын көрсету (482: 2 = 400: 2 + 80: 2 + 2:: 2 = 241). Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы сандарды баған түрінде бөлудің ыңғайлы екенін айтады (№1 тапсырма). Бөлуді баған түрінде тор көздерге қалай жазу керек екенін түсіндіру. Жазбаша бөлуде басқа бөлу таңбасы қолданылатынына назарларын аудару. Бөлу орындалғаннан кейін шығарылған мысалға қайта оралып, орындалу тәртібі түсіндіріледі.

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін балалар толық түсіндіре отырып №2 тапсырманы орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Мұғалімнің басшылығымен балалар №4 (а) тапсырманы шығарады, содан кейін есептің берілуі сандық деректермен толықтырылып, (ә) шешуін өздері орындайды. №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындауларына болады. Егер оқушылар қиналатындай болса, пайымдауды бастауға көмектеседі: «Ағайынды бала үшеу, егер олар 4 самсадан ала- тын болса, бұл 12 самса болады және 1 самса қалады. Демек, ыдыста 13 самса болған. Егер олар 5-тен алған болса, онда 15 самса болады, екеуі жетпей қалатын еді».

6.Өздік жұмыс ретінде баған түрінде көбейтуге тапсырмалар беруге болады:

23 • 3, 24 • 2, 21 • 4,13 • 3,12 • 3, 22 • 4 және №6 тапсырма орындалады.

7. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: №3 (б).

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау(124-127-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту; күрделі теңдеулер шешуге үйрету; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтар мұғалімнің қалауынша ұйымдастырылады. Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдерін бекітуге басты көңіл бөлінеді. Оқулықта берілген барлық тапсырмаларды балалардың сыныпта соңынан тексере отырып өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін пайдалануға болады.

•Санат үй жұмысын 3 сағат 24 минут дайындады. Ол үй жұмысын неше минут дайындады?

•Дулат әжесіне 17 маусымда қонаққа барды. Онда 4 апта болды. Дулат қонақтан қашан келді?

•Данияр лагерьде 2 апта және 5 күн болды. Данияр лагерьде неше күн болды?

•Апайым бізге қонаққа 1 тәулік және 15 сағат жүріп келді. Ол жолға неше сағат жұмсады?

• Есепте және тексер.

А деңгей

1-нұсқа 2-нұсқа
20-5 30-9
200:2 500: 5
458 - 278 890 - 456
562 + 346 123 + 635

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді тексеру(128-сабақ.)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызша көбейту

Және бөлуді орындау дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру; қалдықпен бөлуді орындау; жазбаша қосу және азайту; құрама есептер шығару; құрылымы күрделі теңдеулер шешу; фигураның ауданын есептеу.

1. Есепте: 900: 2 290 • 2 460: 2 15 • 30 320: 2 350: 7 202-3 + 102-2 101-5-21-5 Баған түрінде жазып, есепте 956 - 509 1 29 + 377 123 + 41 + 369 140 - 69 900 - 78 19 + 659 + 31 1. Есепте: 900: 20 29 - 20 680: 2 150 -3 120 -3 420: 6 302 • 3 - 102 -4 202-3 + 111-2 Баған түрінде жазып, есепте 901-99 521 + 209 402 + 121 + 68 480-109 800-48 119 + 87 + 421
2. Есепті шығар. Динада 200 теңге бар. 15 теңгеден 6 ашықхат сатып алса, неше теңге қайтарады? 2. Есепті шығар. Тігіншінің шеберханасында 200 түйме бар. 9 костюмнің әрқайсысына 12 түймеден қадаса, неше түйме қалады?
4. Теңдеуді шеш. 480 + х = 120 + 680 500 - х = 32 • 2 3. Теңдеуді шеш. 390 + х = 900 + 164 356 - х = 26 • 4
4. Қалдықпен бөлуді орында (тексе- румен). 35: 8 89: 9 28: 6 4. Қалдықпен бөлуді орында (тексе- румен). 23: 4 21: 5 30: 8
5*. Шаршының периметрі 12 см. Шаршыны сал. Ауданын есепте. 5*. Шаршының периметрі 16 см. Шаршыны сал. Ауданын есепте.

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Қайталау(129—131-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: ауызша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын жетілдіру; қалдықпен бөлуді орындау; жазбаша қосу және азайту; құрама есептер шығару; құрылымы күрделі теңдеулер шешу; фигураның ауданын есептеу.

Сабақтарды мұғалім бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып құрады. Қатемен жұмыс жүргізілгеннеп кейін балаларға жіберген қателеріне қарай оқулықтан тапсырмалар орындау ұсынылады.

4 ТОҚСАН. (40 САҒАТ) КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУДІҢ ЖАЗБАША ТӘСІЛДЕРІ

Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен жазбаша бөлу(132—133-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың қалдықпен жазбаша бөлуді орындау дағдыларын қалыптастыру; көлем, ауданды есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларды қалыптастпыру.

Жаңа материалды ұғыну үшін «Математикалық жарыс», «Компьютер», «Математикалық футбол» ойындары түрінде болу және көбейтудің кестелік жағдайларын қайталаған жөн. Содан соң оқушылар №1 тапсырманы (132-сабақ) ауызша орындайды және 8-есептің кодын табады(132-сабақ).

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бөлудің жаңа тәсілін түсіндіруден бұрын қалдықпен бөлу кезінде: қалдық бөлінгіштен әрдайым кіші деген негізгі ережесін еске түсірген жөн. Мұғалім үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің кез келген мысалын жаза отырып, бөлудің жаңа тәсілімен таныстырады.

Мұғалім оқулықта көрсетілгендей алгоритмге сәйкес түсіндіріп өтеді (132-сабақ, №2 тапсырма; №1 тапсырма, 133-сабақ) Бөлуді жоғарғы разряд бірлігімен бастайтыны міндетті түрде оқушыларға ескертіледі. Содан кейін 132-сабақ, №3 тапсырма (1, 2-баған); 133-сабақ, №2 (1, 2-баған) есептері тақта алдында толықтай түсіндіріліп орындалады.

Қайталау жұмыстары.

4. Өздік жұмыс: №7 теңдеуді шешу (133-сабақ) және шамалармен есептеп шығару №8 тапсырмасы (133-сабақ) беріледі.

5. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №3 (3-баған) №5 (б, в) - 132-сабақ, №2 (3-баған), №4 - 133-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша көбейту және бөлу 23 • 4, 23 • 5, 92: 4,115: 5.

Пысықтау(134—135-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша бөлу және көбейту дағдыларын жетілдіру; периметрі және ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың ауданын табуды қайталау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды ұғыну үшін «Қай қатар мықты?» немесе мұғалімнің қалауы бойынша кез келген ойындар түріндегі кестелік көбейту және бөлуді қайталаған жөн.

Математикалық диктант түріндегі бірнеше қарапайым есептерді шығару тапсырылады:

1. 30 кәмпит бөлініп 6 қорапқа тең бөлініп салынды. Бір қорапта қанша кәмпит?

2. Анасы 12 шоколад кәмпитін сатып алды, балы бар кәмпит 3 есе артық. Анасы қанша бал кәмпит сатып алды?

3. Бидонда 16 л сүт бар, ал құмырада 4 л. Құмырадағы сүт бидондағы сүттен қанша есе кем?

4. Асқабақтың салмағы 4 кг, орамжапырақтың салмағы 2 есе кем. Орамжапырақтың салмағы қанша?

5. 4 тортқа 16 жұмыртқа жұмсалды. Сонда 1 тортқа қанша жұмыртқа қажет?

6. 28 кәмпитті 7 бала теңдей бөліп алды. Әрбір балаға қанша кәмпиттен келіп тұр?

Ауызша жұмысқа №8 тапсырманы енгізу керек.

1. Жаңа сабақ түсіндіру.

Мұғалім 32 • 4 мысалын баған түрінде жазуды ұсынады және кез келген оқушыға шығарып көруді тапсырады. «Ойланыңдар, көбейтуді неден бастаймыз? Алынған нәтижені қайда жазамыз? «Бірліктердің астына. Бірліктерді көбейтіп болғаннан кейін, нені көбейтеміз? Неше болды? 2 ондық болды. 12 санын қайда жазамыз? 10 ондық - бұл? жүздік. Жүздікті қайда жазамыз?».

Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы алдын ала жүргізілген талдау жұмысынан кейін оқушылар өздері орындайды. №5 (а) тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады. Аудан, периметр деген не, тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілдері, тіктөртбұрыштың периметрін табу, берілген ауданы, қабырғасы бойьшша екінші қабырғасын табу туралы білімдерін қайталау.

№6 тапсырманы балалар ауызша орындайды. Оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді және өздерінің сұрақтарын ойластырады.

1. Өздік жұмыс.

1-нұсқа 2-нұсқа

433 -2 223 -4

124 -2 218-3

183 -3 123 -3

82-6 74-4

2. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы: №5 (ә), №7. Шығармашылық деңгей: жазбаша көбейтуге 4 мысал құрастыру.

135-сабақ қайталау сабағы болып табылады және мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылады. Сабақта разрядтан өту арқылы жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын нығайтуға басты көңіл бөлінеді. Бұл үшін мұғалім алгоритмді тағы бір рет түсіндіреді, содан кейін оқушылар тақтаға шығып, жан-жақты түсіндіре отырып есептер шығарады.

Сабақтың тақырыбы: 120 • 3, 360: 3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу. Пысықтау(136—137-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: жазбаша көбейту мен бөлуді орындау дағдыларын қалыптастыру; 2-3 амалмен өрнек түрінде шығарылатын есептер құрастыру және шешу дағдыларын бекіту.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру бұрынғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа мысалдарды есептеуді түсіндіру кезінде мұғалім оқулықтағы жазуды қарастыруды ұсынады (№1 тапсырма). Түсіндіру барысында көбейтіндіде бірлік, ондық, жүздік қайда жазылатынына назар аудару керек. Бөлу алгоритмімен таныстыру кезінде балаларға бөлудің толық түрдегі жазылуын ұсыну керек (№2).

Алғашқы бекіту үшін №3 тапсырманың 1-ші және 2-бағандары толық түсіндіре отырып орындалады.

Өтпкен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды.

Содан кейін оқулықта берілген қысқаша жазылғандары бойынша

есептер шығарады (№5 тапсырма). №8 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

Өздік жұмыс.

№7 және №6 тапсырмаларды балаларға бірін-бірі тексере отырып, өз беттерінше орындатуға болады.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №3 (3-баған), №7. 137-сабақ алдыңғы сабақтарға ұқсас ұйымдастырылады. Оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы білімдерін бекіту қажет.

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарды үш таңбалы

сандарға жазбаша көбейту және бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.

103 • 3, 309: 3. Бекіту(138-139-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: разрядтан өтпей және разрядтан біррет өту арқылы жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі. Ауызша есептеуге №1 тапсырма арналған.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру алдыңғы сабақтардағыдай жүргізіледі. Бұл жұмысты №2 тапсырманың материалы негізінде жүргізуге болады.

Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №3 тапсырманың 1-ші және

2-бағандарын толық түсіндіре отырып орындайды. Қалған мысалдарды балалар өз беттерінше орындап, соңынан тексереді. Мұнан соң №7 тапсырма балалардың дайындық деңгейіне қарай өздігінен немесе түсіндіре отырып орындалады.

Өткен тақырыппен жұмыс.

Кері есептер құру және шығаруды (№5 тапсырма) оқушылар өздігінен орындайды. Өздігінен есептеуге №4 тапсырманы енгізуге болады.

Балалар №6 тапсырмада есеп құрастырып, шығарады және №8 логикалық тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындайды.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №3 (3, 4-баған). 139-сабақ алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.

Сабақтың тақырыбы: 103 • 6, 618: 6 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу. Пысықтау(140—141-сабақтар.)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жазбаша көбейту және бөлудің жаңа түрлерін орындау дағдыларын қалыптастыру; құрама есептер шығару алгоритмін бекіту және құрылымы күрделі теңдеулер туралы білімдерін бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың білімін жетілдіру.

Жаңа сабақты меңгерудің негізі көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын білу, сондай-ақ үш таңбалы сандар құрамын білу болғандықтан барлық тапсырмалар, ойындар осы тақырыптармен байланысты болуы тиіс. Осыдан кейін «Компьютер» ойынын жүргізуге болады.

Ауызша есептеуге №1, №8 (140-сабақ) және №1, №6, №8 (141- сабақ) тапсырмалар арналған.

Жаңа сабақты түсіндіру №2 (140-сабақ) тапсырма негізінде құрылады. Алғашқы бекіту үшін оқушылар №3 (140- сабақ) тапсырманы толық түсіндіре отырып орындайды.

Өткен тақырыппен жұмыс.

Мұғалімнің басшылығымен өрнектер құрастырылады және шығарылады (№2, 141-сабақ).

Оқушылар кері есептер құру және шығаруды өздігінен орындап, соңынан тексереді (№5, 140-сабақ). Келесі сабақта балалар қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырады (№3, 141-сабақ). №6 (а) (140-сабақ) тапсырманы ауызша орындауға болады, ал №7 (б) (141-сабақ) тапсырманы оқушылар түсіндіре отырып жазбаша орындайды.

Өздік жұмыс. Оқушылар 140-сабақ №4 (1-3-бағандар) тапсырманы орындайды және теңдеулер шешеді (№7 тапсырма, 140-сабақ).

Бекіту сабағының өздік жұмысына №4, №5 (1-ші, 2-бағандар) (141-сабақ) тапсырмалар енгізіледі.

5. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №4 (2-4- бағандар, 140-сабақ).

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері. Пысықтау. Есептер шығару 185 • 4, 740: 4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу (әртүрлі жағдайлар).

Бекіту (142-143, 146—148-сабақтар)

Сабақтың мақсаты: разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдеріә шығару дағдыларын бекіту.

Сабақтар алдыңғы сабақтарға ұқсас ұйымдастырылады. Алғашқы бекіту кезінде оқушыларға есептің шығарылуын жан-жақты тұсіндірген жөн. Егер мұғалімнің оқушылардың көпшілігінің жазбаша есептеу алгоритмін меңгергеніне көзі жетсе, тапсырмаларды көбісін ауызша орындатып, артынан тексеру жүргізуі тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 2931; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.089 сек.