Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі. 1 страница. Лекция 2 Технология және технологиялық процестер




Нег: [№1§1,5-11, №3§1,5-13,№4§3,135], Қос: 7[№2 3-8]

 

Лекция 2 Технология және технологиялық процестер

Мақсаты: Технология және технологиялық процестер жайлы түсінік қалыптастыру

Технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.

 

 

Лекция 3 Өндірістік қалдықтар.

Мақсаты: өндірістік және улы қалдықтардың қоршаған ортаға әсері және оны жою жолдарымен танысу

Лекцияның қысқаша мазмұны:

Қалдықтар- адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтар мен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортаға тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты. Оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған. Сондықтан бұларды сақтауға,жоюға,тасуға, көмуге,зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған байланысты қалдықтар үш топқа- өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып бөлінеді. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.

Тұрмыстық қалдықтар- тұрмыстық жағдайда пайда болатын әр текті қатты қалдықтар мен қоқыстар жиынтығы. Олар қағазды, шыныны, металды, азықтық қоқысты және т.б енгізуі мүмкін. Ірі қалаларда тұрғынға шаққанда жылына 300-350 кг. Тк пайда болады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш жоғары; Америка-744, Австралия-681, Канада-653, Нидерланд-599 кг\жыл. Т.қ-дың алып кету және жою табиғатты қорғаумен, қала ортасының тазалығын және халықтың денсаулығын сақтау мен байланысты шар-ның маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады. Ластаушы компонеттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды (көмір,жертезек,ағаш,қамыс, т.б) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.

Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксиді мен ластанады.

Отынның химялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділердің сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Қоршаған ортаға қош пен күлдің тигізетін әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу салдарынан пайда болған қосылыстар.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктілігіне байланысты болады. Мысалы; ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі сусалқындатқыштар станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарлатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жаңбыр жаууына, ал қысты күні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.

Энергетика салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС-ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы турбина конденсаторлары. Конденсаторларды салқындатуға ЖЭС-да 1 кВт\сағат энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС-на 220 кг су қажет. Судың біразы басқа да әртүрлі агрегаттарды салқындатуға қолданылады,осыған байланысты жылу электростанциялары қоршаған ортаны жылумен ластандыратын көзге жатады.

Электростанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металдардың тұздарымен, күкірт сутекпен, т.б заттар мен ластанып отырады.

Атом электростанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса, атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы оттек пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпейді, оның басқа химиялық құрамына да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі фактор болып радиация көрсеткіші саналады. Радиацияны қоршаған ортаға шығару үшін ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау жүйесімен қамтамасызданады. Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте орын алады, себебі қоршаған ортаға бақылауға көнбейтін радация таралады.

Кәсiпорындардың және тұтынудың қалдықтар

Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Өндіріс қалдықтардың 2009 жылы қайта өндеуі өткізілген жоқ. Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар 2009 ж. І ж/ж –76,229 * мың тонна құрайды, ал 2008 ж. І ж/ж –76,545 мың тонна, тұрғындардың кетуіне байланысты 0,316 мың тоннағаазайды. ҚТҚ негізгі массасы компоненттерге бөлмей ашылып тұрған үйінділерге шығарылады, олардың көбі ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. Сонымен, ҚТҚ баланысты басты мәселе оларды елдімекендерден шығарып жою (қайта өндеу, кәдеге жарату) немесе қауіпсаздандыру керек. «2005-2007 ж.ж. арналған СҚО бойынша қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасына сәйкес облыс орталығында қалдықтарды басқару бағдарламасы әзiрленді. Бағдарламада ҚТҚ реттеп жинауды көздейді. Қазіргі уақытта қоқысты бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс өткізіліп жатыр. Оны үш түрге бөледі: әртүрлі ыдыстар, астың қалдықтары мен қалған қоқыстар. 2005 жылдың аяғынан бастап Петропавл қ. өтелген сынабы бар шамдарды жинап демеркуризацияға Лисаковск қ. апаратын пункт бар. Есепті кезенде кәсіпорындар мен ұйымдардан 4601 шам және 126 градусник қабылданды, демеркуризацияға (2008 ж. қалдықтарын есептегенде) 6513 шам, 2 градусник апарылды. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша кәдегежаратылған медициналық қалдықтардың көлемі 85146,62* килограмм құрады, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 55392,64* кг, облыс аудандары бойынша – 29753,98* кг. Биоорганикалық және медициналық қалдықтарды жинап кәдеге жарататын ұйымдар: «Экомедзертхана» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан; «3-і қалалық аурухана» КМК, Петропавл қ. 2008 ж. жергілікті бюджеттен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін «NEWSTER – 10» қондырғы сатып алынды; «Урал-К-Тред» ЖШС, Петропавл қ., бекітілген келісім шарттарға сәйкес облыс және қаланың медициналық ұйымдардан қалдықтарды жинап кәдеге жаратуға «Металлқұрылыс базасы» ЖШС, Ақмола облысы көкшетау қаласында орналасқан, апарады. 01.07.09ж. жағдай бойынша қауіпті қалдықтар дың 5981 паспортытіркелді. Паспорттарды 594 кәсіпорынұсынды, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 150 кәсіпорын.

Қоршаған ортаны ластау учаскелерінің 548 паспортытіркелді, 18 – Петропавл қ. бойынша.

Қалдықтар туралы ақпарат 2009 ж. І ж/ж 2008 ж. І ж/ж
ЖЭО қалдықтары (есептiк кезенде), мың тонна 469,633* 449,898
ЖЭО қалдықтары (бүкiл қызмет уақытында), мың тонна 38800,83 37933,689
Екiншi рет шiкi зат ретiнде қолданылды, мың тонна - -

 

Есепті кезеңде тұрмыстық және тұтыну қалдықтарды басқару мәселесі бойынша 41 бұзушылық анықталды, 41 жазбаша өкім берілді, айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. 43 айыппұл 1163,727 мың теңгеге салынды, 23 айыппұл 588,874 мың теңгеге өтелді, 3 талап 61835,195 мың теңгеге қойылды.

Біздің міндетіміз- экологиялық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Бұл үшін:

Аймақтық деңгейде мемлекеттік басқарманың табиғатты қорғау жұмысын жүзеге асыру ауқымында:

1. Өндіріс қалдықтарымен оны тұтынуды басқару жүйесін енгізу, бұрыннан келе жатқан ластануды жоюды жалғастыру;

2. Келешекте аймағымыздың экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау облысында ғылыми жұмыстар жүргізу; Табиғи ресурстарды қолданудың рациональдық сызбасын әзірлеу.

3. Экологиялық мәліметтердің сараптамасы мен жинақтау үрдістерін автоматтандырудың аймақтық мониторингтік жүйесін жүзеге асыру. Қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі мониторингінің автоматтық бекеттері мен бақылаудың телеметриялық жүйесін дамыту.

4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың қаржыландырылуы ұлғайса, экологиялық мәселелердің шешілуіне қаражат бөлінсе.

Аймақтың экономикасының экологиялануы бойынша:

1. Өндіріс облысындағы энергиялық - ресурстық тиімділікті арттыру, қуаттың альтернативті көздерінің дамуына ерекше көңіл бөлу;

2. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы кәсіпорындардың экологиялық қарқындылығына шаралар әзірлеу, өндірістің экологиялық сенімділігінің деңгейін арттыру, экологиялық аудит процедураларын енгізу;

3. Экологиялық нейтральды өндіріс пен жергілікті экологиялық бағдарланған және қорғау айналасындағы технологияларды дамыту, шағын және орта бизнес жұмысына экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. Экологиялық туризмнің дамуына белсенді түрде қолдау жасау.

 

Лекция 4 Ресурс үнемдейтін технологияларды құрудың негіздері

Мақсаты: Инновациялық технологияларының Қазақстандағы дамуы туралы сипаттама беру

жоспары:

1.Ағымдағы жағдайды талдау

2.Инновациялық өнім әзірлемесінің негіздемесі

3.Жаңа технологияларға ұсынысты қалыптастыру

 

4.Ақаба суларының ластану дәрежесі

 

 

Әлемдік экономиканың жаһандануы аясында Қазақстан бірқатар проблемаларға кезікті, олар: экономиканың шикізаттық бағыттығы, әлемдік экономикамен елеусіз ықпалдасу, өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасында шынайы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржыландырудың болмауы және т.б.

 

1.Ағымдағы жағдайды талдау

1. Саланың (сектордың) ағымдағы жағдайына баға беру, сондай-ақ бұл саланың (сектордың) елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Қазақстанда реформалар жеткілікті түрде ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, елде инновациялық экономиканы қалыптастыру бағытында елеулі үдерістер байқалмай отыр. Мысалы 2009 жылы экономикада білімді пайдалану деңгейі индексіне (КЕІ) қарағанда (3.1.1-сурет) Қазақстан Чили, Малайзия және Түркия сияқты елдердің халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейімен салыстырғанда артта қалып келе жатыр. Басқа сөзбен айтқанда, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі төмен.

 

 

3.1.1-сурет - экономикада білімнің қолданылуы

 

КЕІ индексі бойынша (экономикадағы білімнің қолданылу деңгейі) елді тек халықтың табысы айтарлықтай төмен Ямайка және Моңғолия сияқты елдермен салыстыруға болады. Бұған қоса, Innovation System (3.1.2-сурет) индексі бойынша Қазақстанды жан басына шаққанда ЖІӨ көлемі 18 есе аз болып Африканың Ангола, Зимбабве сияқты елдерімен салыстыруға болады.

 

 

3.1.2-сурет - Инновациялық жүйе

 

Жалпы алғанда, Қазақстанда қалыптасқан жағдайды бағалау ұлттық инновацияларды қолдау жүйесі мен енгізу әлсіз деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді, себебі елде отандық және шетелдік білімді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесі жоқ.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі.

2009 жыл ішінде технологиялық инновацияларға арналған күрделі және ағымдағы шығын 61050,9 млн. теңгені құрады. (2008 жылы - 113460,1 млн. теңге). Бұл ретте, технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатуға кеткен шығын 78,2% болса, жаңа өнімдерді, өндірістік үдерістерді зерттеу мен әзірлеуге 12%, жаңа технологияларды сатып алуға 2,1% жіберілген. Инновациялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындардың 80 %-ы үдерістік инновациялар болып табылады, яғни жаңа өнімдерді зерттеу мен әзірлеуге сұраныс жоқ.

2009 жылдың қорытындысы бойынша республиканың 10096 кәсіпорындарында инновациялық қызметінің статистикалық бақылауы жүргізілді, олардың ішінде тек 399 шаруашылық субъектілерінде технологиялық инновациялары бар (жаңа өнімді немесе өндірістік дәрісті әзірлеу және енгізу). Салыстыру үшін 2008 жылы бұл көрсеткіш 447 кәсіпорындарды құрады. Осылайша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі төмендеп отырғаны байқалуда.

Ғылыми-зерттеу институттары.

Ғылыми ұйымдар қызметіне жасалған талдау инновациялық өнімдерді жасау бойынша көптеген жобалар өңірлік немесе ғылыми-техникалық тапсырыс емес, әзірлеушілер бастама білдірген жобалар екенін көрсетті, яғни әзірлеушілердің өздері қандай да бір тауарды әзірлейді де, кейіннен оның пайдалануын айқындауға және бұл өнертабыстардың сатып алушыларын табуы керек.

Сонымен, мемлекеттік тапсырыс өз кезегінде бизнестің қажеттіліктерімен тікелей байланысты емес және мемлекеттік органдар дербес айқындайды. Бұл ғылым мен кәсіпорындар арасындағы байланыстың жоқ екенін көрсетеді.

Инноваторлар мен инновацияларды тұтынушылар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі коммерцияландыру офистерінің желісін құру және дамыту үшін қалыптастырылған базаның болмауы институционалдық кемшіліктердің бірі болып табылады.

 

2.Инновациялық өнім әзірлемесінің негіздемесі

 

 

3.1.3-сурет - Инновациялық өнімнің әзірлемесіне негіздеме, әзірлемелер саны

 

Осылайша, қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару мен қаржыландыру бизнес алдында тұрған технологиялық сипаттағы нақты індеттерді шешуге емес, елеулі шамада ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағытталған. Бұл модель халықаралық нарықтарда бәсекелесе алатын серпінді салалар мен өндірістерді құруға ыңғайлы емес екені анық.

Университеттер.

Табысты шетелдік тәжірибені талдау бұл үдеріске жоғары оқу орындарын тарту инновациялар генерациясы тиімді жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып табылатын көрсетті.

2009 жылы Қазақстанның кәсіпорындары мен университеттерінің бірлескен 15 жобасы іске асырылды, ол ынтымақтастық деңгейінің өте төмен екенін көрсетіп отыр. Бір жағынан бұл кәсіпорынның инновацияларды жаппай енгізуге уәждерінің жоқтығымен, екінші жағынан біздің жоғары оқу орындарымыз ұсынатын зерттеу қызметтерінің сапасы деңгейінің жеткілікті түрде емес екендігімен түсіндіріледі. Бұл проблема өз кезегінде, ЖОО-ның өз ғылыми құзыретін дамытуға уәждерінің жоқтығымен туындаған, өйткені, олар негізгі табысты Батыс университеттеріне қарағанда білім қызметтерін көрсетуден алады.

Бұл диспропорция зерттеу персоналы сапасының нашарлауына, жастардың ғылыми қызметке қызығушылығының азаюына және т.б. алып келеді.

Венчурлік қорлар.

Венчурлік қорларды мемлекеттік қолдауға қарамастан, нәтижелер венчурлік қорлардың өздерінің және олар іске асыратын жобалар санының аз екендігін көрсетіп отыр. Мұның негізгі себебі қызықты инновациялық жобалардың тапшылығы, инноваторлардың венчурлік қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алмауы, қаржыландырудың шектеулі көлемдері болып табылады. Бұл әлсіз венчурлік инфрақұрылымды қалыптастыруға алып келді, ол негізінен Алматы қаласында шоғырланған.

Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, венчурлік қорлар өздері орналасқан орынның тікелей маңында ғана операциялар жасайды, өңірлерде олардың қызметі мүлде жоқ. Бұдан өзге, венчурлік капиталистерді - «бизнес-періштелерді» дамыту үшін жағдай жоқ. Елде олардың шамалас саны туралы деректер жоқ, олардың қызметі ресми түрде кәсіпкерлік болып танылмайды. Бұл ретте, инновациялық қызметке қатысты бір де бір заң венчурлік қаржыландыруды тиісті түрде көрсетпейді және осының салдарынан оларды заңнамалық деңгейде қолдау болмай отыр.

Зияткерлік меншік.

Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесі әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық реформаларды жылжытуға, нарықтық қатынастарды кеңейтуге және елдің зияткерлік әлеуетінің өсуіне жәрдемдесетін маңызды стратегиялық ресурс болып табылады.

Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында патенттік жүйе Қазақстанда зияткерлік меншік құқығымен қорғалған тауарлар мен қызметтерді шығару үшін қолайлы инновациялық ахуал қалыптастырудың және Қазақстан Республикасын жаһандану жағдайында халықаралық экономикалық қатынастардың тең және бәсекелестікке қабілетті әріптесі ретінде бекітудің қажетті және жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Өнеркәсіптік меншіктің айрықша құқығының жедел құжаты ретіндегі инновациялық патент жергілікті жаңашылдыққа және өнеркәсіптік қолданушылыққа сараптама нәтижелері бойынша берілетін, нарыққа инновацияларды жедел шығару құралдарының бірі болып табылады.

Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе 2003 жылы институционалдық және физикалық инфрақұрылым түрінде қалыптаса бастаған болатын: жобалау қаржыландыру «Ұлттық инновациялық қор» АҚ (бұдан әрі -«ҰИҚ» АҚ) тұлғасында, инжиниринг және технологиялар трансферті «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ (бұдан әрі - «ИТТО» АҚ) тұлғасында, венчурлік қаржыландыру «ҰИҚ» АҚ-ның қатысуымен бірқатар венчурлік қорлар тұлғасында және физикалық инфрақұрылым Алматы, Қарағанды, Орал қалалардағы 4 технопарк, сондай-ақ, Алатау АТП түрінде болды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 691; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.