Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары. 1. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:




1. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:

А) Шекті және орташа табыс қисықтарына.

Б) Жалпы табыс қисығына.

В) Жалпы шығындар қисығына.

Г) Шекті шығындар қисығына.

Д) Айнымалы шығындар қисығына.

2. Тепе-теңдік кезінде ресурстарды тиімді бөледі.

А) Монополия.

Б) Олигополия.

В) Жетілген бәсеке.

Г) Монополистік бәсеке.

Д) Монопсония.

3. Монополистік бәсекенің белгісі:

А) Біртекті өнім шығаруы.

Б) Өз қызметтерін дифференциалдауы.

В) Бағалық бәсеке әдістерін жиі қолдануы.

Г) Өндірістік ресурстардың 90% иеленуі.

Д) Сирек кездесетін ресурстарға жеке меншік.

4. Жетілген бәсеке рыногында кездеспейтін қандай жағдай?

А) Өнімдердің біртектілігі.

В) Ресурстардың мобильділігі.

С) Жарнама.

С) Сатып алушылардың көптігі.

Д) Ақпарат алудың еркіндігі.

 

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1) Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.

2) Дж. Гэлбрейт еңбектеріндегі монополияның талдануы.

3) А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасы.

4) Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.

5) Олигополияның модельдері.

6) Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат.

7) Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары.

 

§ 4. РЫНОКТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз - рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы.

Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.

Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.

Жәрмеңке- белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен симпозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аукцион - рынокта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсат болып табылады.

Мәжбүрлі аукцион- қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.

Биржа- сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Рыноктық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

2. ҚР институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру бағыттарына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

3. Рынок инфрақұрылымы нені білдіреді және оның қандай факторлары бар?

4. Рынок конъюнктурасы дегеніміз не, оған қандай факторлар әсер етеді?

5. Тауар және қор биржаларының құрылымы, негізгі қызметтері қандай?

6. Жәрмеңкенің рөлі, мақсаттары, қызметтері, шешетін мәселелері қандай?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 910; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.