Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




Есеп.

Есеп.

Есеп.

Есеп.

Есеп.

Есеп.

Жетілген бәсеке жағдайында әрбір фирманың қызметі TC=Q ³- 4Q²+8Q. Сұраныс функциясы Qd =2000-100P. Тепе-теңдік баға мен өндіріс көлемін,саладағы фирмалардың санын анықтау керек.

М қаласында жиһаз өндірісін монопольды компания бақылайды. Жалпы шығындар TC= 10Q, ал сұраныстың баға бойынша икемділігі (-5) тең. Компания белгілейтін бағаның мөлшері қандай?

Салада 2 фирма әрекет етеді. Олардың шекті шығындары бірдей және 0-ге тең. Саладағы өнімнің сұранысы P=100-Q тең.

Салада еркін бәсеке болған жағдайдағы баға мен өндіріс көлемін анықтау керек.

Монополияның жалпы шығындарының функциясы ТС= 200+30Q, өнімге сұраныс функциясы P= 60-0,2Q.

Фирма максималды пайда алатын бағаны анықтаңыз.

Монополия жағдайында фирманың тауарының сұраныс функциясы P=144-3Q, орташа шығындар функциясы AC= 25/Q+Q.

Фирманың пайдасы максималды болатын өндіріс көлемін анықтаңыз.

Монополистің сұраныс және шығындар функциясы кестеде берілген.Монополист пайданы максималдайтын өнім көлемі мен бағаны анықтаңыз.

 

Өнім көлемі Баға Жалпы шығындар
     

 

7. есеп. Салада жалпы өндірістің 2,3,5,10 және 20 %-н өндіретін 5 фирма қызмет етеді. Қалған өндіріс көлемі әрқайсысы 1 %-дан көп емес өнім шығаратын шағын фирмаларға тиесілі.

Қажетті есептеулер негізінде саланың монополиялану деңгейін анықтау керек.

 

Мәселелік жағдайлар.

1. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.

а) сағат шеберханасы. б) автомобиль фирмасы. в) қалалық көлік.г) телефон желісі. д) автосервис. е) мұнай фирмасы. ж) темекі өндіруші. з) ферма. и) азық-түлік дүкені. к) алюминий өндіруші фирма.

2. Салада шаңсорғыш өндіретін екі фирма жұмыс істейді. Олар өнім бағасын бәсекелесіне қарап баға қояды.

Б фирмасының бағасы

мен пайдасы.

жоғары төмен

1) 15 15 2) 5 10
3) 10 5 4) 20 20

А фирмасының бағасы жоғары

мен пайдасы.

төмен

1. Екі фирманың әрекеті оптималды болатын жағдайды анықтаңыз.

2. Егер, А фирмасы жоғары, Б фирмасы төмен баға қойса, онда олардың алатын пайдалары қандай?

3. Егер, А фирмасы төмен, Б фирмасы жоғары баға қойса, онда олардың алатын пайдалары қандай?

 

3. Дискуссия тақырыбы: «Қоғамға монополия қажет пе?». Қазіргі экономикалық теорияда монополияның қоғамға тигізетін зияны туралы біржақты пікірлер жоқ. Жетілген бәсеке қоғамдық қажеттіліктердің толық қанағаттануы үшін қолайлы жағдайлар құрса, монополияның ірі қаржылық, инновациялық жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары, қоғам үшін бұл да маңызды.

Бұқаралық баспасөз бен басқа да көздерден материалдарды пайдаланып мәселені аудиторияда талқылаңыз.

1. Аукцион- рынокта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады..

2. Бәсеке - шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық бақталастық.

3. Бағалық алалау - бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сату.

4. Биржа- сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок.

5. Жетілген бәсеке - өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес.

6. Жәрмеңке - белгілі бір орында ұйымдастырылған көшілікке арналған рынок.

7. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.

8. Монопсония - белгілі бір тауарлардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымның типі.

9. Монополистік бәсеке- дифференциалданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекеті.

10. Олигополия - өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті.

11. Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы.

12. Рынок - өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі

13. Таза монополия - тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда.

 

Әдебиеттер.

1. А.С. Булатова Экономика М: 1997.

2. Е.Ф.Борисов Экономическая теория М: 1998.

3. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М: 1991.

4. Экономическая теория под общей редакцией А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича СПб:2001.

5. Общая экономическа теория (политэкономия) под общей редакцией В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. М:1997.

6. Хайек Ф. Конкуренция как процедура открытия // МЭиМО, 1989.

7. Эрроу К. Информация и экономическое поведение // Вопросы экономики, № 5, 1995.

8. Практическое пособие к семинарским занятиям по экономической теории. Под ред. В.Д.Камаева. М: 1998.

9. Экономическая теория. Задачи6 логические схемы6 методические материалы. Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. тарасевича. СПб-1999.

 

 

7- ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

§1. СҰРАНЫС, ҰСЫНЫС ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

 

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

Сұраныс рыноктың элементі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс- төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.

Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталған.

7.1.1. сурет. Сұраныс қисығы.

Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:

D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан, сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:

Qd = a – b * Р

Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.

а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.

Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады.

Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеуі жоғары бағытталған.

 

7.1.2.сурет. Ұсыныс қисығы.

 

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:

Qs = a + b * Р

Ұсыныс функциясының теңдеуі рыноктық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs) арасында тікелей байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде ұсыныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде ұсыныс көлемі өзгереді.

Тауардың бағасы өскен сайын, сол саланың тартымдылығы артады, сол салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға мүмкіншілік береді.

Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс қисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.

Сондықтан сұраныс көлемі мен сұраныстың өзін және ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзін ажырата білу қажет.

Бағаның өсуі сұраныстың көлемін ғана төмендетеді, ал сұраныстың өзі қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгеріссіз қалады. Сондықтан сұраныс қисығының қозғалысына бағадан басқа факторлар әсер етеді. Мысалы: жаздың ыстық күндерінде салқын сусындар мен балмұздаққа сұраныс тұтынушылардың санының артуымен байланысты өседі. Бұл жағдайда D1 қисығы D2 қисығына қозғалады. (7.1.3.сурет).

 

7.1.3.сурет. Сұраныс қисығының қозғалысы.

 

Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар: 1) тұтынушылардың саны. 2) табыс деңгейі. 3) басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. 4) тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар: 1) өндіріс шығындары. 2) салық мөлшері. 3) технология. 4) субсидия.

 

7.1.4.сурет. Ұсыныс қисығының қозғаласы.

 

Мысалы: салықтың төмендеуі өндіруші үшін тиімді болып, өндіріс көлемін арттырады, яғни ұсыныс қисығы S1-ден S2-ге оңға жылжып, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2 өседі (7.1.4. сурет).

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Кәсіпкер үшін сұраныс пен ұсыныс заңын білудің қажеттігі қаншалықты маңызды?

2. Сұраныс пен ұсыныстың бәсеке мен монополиямен байланысы қандай?

3. Сұраныс пен ұсыныстың қандай қызметтері бар?

4. Рынокқа ұсынылатын тауарлардың көлеміне әсер ететін факторлардың сапасы маңызды ма?

5. Сапалы тауарларға сұраныс қисығының оңға, жоғары қозғалысы қандай фкторлардың әсерінен пайда болады?

6. Сұраныс пен ұсынысқа барлық факторлар бір уақытта әсер етуі мүмкін бе? Олардың әсерін қалай түсіндіресіз.

7. Сұраныс көлемі мен сұраныстың өзгерісін, ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзгерісін қалай ажыратуға болады?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1703; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.