Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары. 1. Шекті пайдалалық көлемі тәуелді




1. Шекті пайдалалық көлемі тәуелді.

А) Тауарларың саны мен сапасына.

Б) Тауарлардың бағалары мен жұмсалған шығындарға.

В) Жалпы пайдалылықтың көлеміне.

Г) Тауарлардың саны мен қажетіліктің қанағаттану деңгейіне.

Д) Тұтынушының талғамы мен табыстырына.

2. Жалпы пайдалық максималдық болады, егер:

А) Сатып алынған тауарлардың саны өсетін болса.

Б) Тұтынатын тауарлардың сапасы жоғары болса.

В) Тұтынатын тауарлардың шекті пайдалылығы бірдей болса.

Г) Сапасы жоғары тауарларды сатып алған кезде.

Д) Шекті пайдалылық көлемін қосқан кезде.

3. Тек төмен бағада ғана тауардың қосымша бірлігін сатып алуға дайындық:

А) Алмастыру әсері.

Б) Шекті пайдалылықтың кему заңы.

В) Табыс әсері.

Г) Ұсыныс заңы.

Д) Тұтынушының артықшылығы.

4. Талғамсыздық қисығын қолданушылар:

А) Шекті пайдалылықтың координалистік бағыты.

Б) Шекті пайдалылықтың ординалистік бағыты.

В) Классикалық теория.

Г) Институционалдық бағыт

Д) Кейнстік экономикалық бағыт.

 

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1. Госсеннің 1-ші және 2-ші заңдары.

2. Шекті пайдалылық теориясы.

3. Талғамсыздық қисығының картасы.

4. Тұтынушының тепе-теңдігі және артықшылығы.

5. Шекті пайдалылықтың кему заңдылығы.

6. Бюджеттік шектеу қисығы.

7. Алмастырудың шекті нормасы.

1. Жаттығу.

Бидайдың бағасы өте жоғары болып, кейін өте төмен болған жағдайдағы сұраныс пен

ұсыныстың өзгерісін көрсетіңіз. Тепе-теңдік бағаның қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтаңыз.

2. Жаттығу.

1 кг. алманың бағасы (Р) Тұтынушының сұранысы (Q) 1 кг. алманың бағасы (Р) Өндіруышының ұсынусы (Qs)
       

 

1) Берілген баға мен сұраныстың арасындағы байланысты график арқылы көрсетіңіз.

2) Баға мен ұсыныс арасындағы тәуелділікті сандар арқылы бейнелеп, графигін салыңыз.

3) Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын 1 графикте бейнелеңіз және алынған тепе-теңдік бағаны анықтаңыз.

3. Жаттығу.

Суретті пайдалана отырып, А нүктесінен В нүктесіне қозғалыстың себебін анықтаңыз:

А) Тұтынушы табысының өзгерісі.

Б) Салықтың енгізілуі.

В) Тауар бағасының төмендеуі.

Г) Өндіріс технологиясының өзгерісі.

Д) Алмастырушы тауарлардың бағасының төмендеуі.

 
 

 

 


4. Жаттығу.

Мысалға сәйкес кестіні толтырыңыз.

 

  Сұраныс төмендейді Сұраныс өзгеріссіз Сұраныс өседі
  Ұсыныс төмендейді    
Ұсыныс өзгеріссіз        
Ұсыныс өседі        

 

5. жаттығу. Елдің ішкі рыногы келесідей сұраныс және ұсыныс қисықтарымен сипатталады: Qs = P- 50; Qd = - P+ 100; әлемдік баға Р= 50.

Әлемдік және ішкі рынокта жетілген бәсеке жағдайындағы отандық өндірушілер мен тұтынушылардың табыстары мен зияндарын анықтау керек.

1. Есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 10 – P, ұсыныс функциясы Qs = - 5 + 2P.

Тауарға белгіленген баға 3 теңге. Қанағаттандырылған сұраныс көлемін анықтау керек.

2. Есеп. Сұраныстың табыс бойынша икемділігін анықтау керек.

Табыс – 4000 теңге кезінде. Сұраныс көлемі – 20 бірлік.

Табыс – 5000 теңге кезінде сұраныс көлемі – 18 бірлік.

3. Есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 14 - 2P, ұсыныс функциясы Qs = - 4 + 2P.

Тепе-теңдік сату көлемі 2-ге тең болатын салық қойылымын анықтау керек.

4. Есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 7 - P, ұсыныс функциясы Qs = - 5 + 2P.

1) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік сату көлемін анықтау қажет.

2) Тауардың белгіленген бағасы 3 теңге деп алып, сату көлемі мен артық сұраныс көлемін анықтау қажет.

3) Тауарға 1,5 теңге мөлшерінде сатушы төлейтін салық енгізілген.

Тепе-теңдік сату көлемін және сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағасын анықтау керек.

4) Салық енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін сатушы мен сатып алушының артықшылығын анықтаңыз. Бюджетке түсетін салық мөлшерін есептеу керек. Салық енгізілгеннен кейінгі қоғамның шеккен зиянын есептеңіз.

5. Есеп. Кітаптың баға бойынша сұраныс икемділігі (- 0,8), табыс бойынша икемділігі (+1,5). Егер кітаптың бағасы 2 %-ға өссе, кітапқа сұраныс қанша пайызға өзгереді?

6. Есеп. Сұраныстың баға бойынша икемділігі: жұмыртқаның-0,4, сүт-0,5, салат-2,5, бұршақ-3,0. Мемлекет сатуға 20 % салық енгізген. Әрбір тауарды сатудан алынатын түсімнің өзгерісі қандай?

7. Есеп. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып сұраныстың баға бойынша икемділігін анықтаңыз.

 

Баға,тенге Сұраныстың мөлшері. мың тенге Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті
0,0 1,0 2,5 5,0 10,0 12,5 15,0 20,0 22,5    

 

8. Есеп. Х тауарының баға бойынша сұраныс икемділігі 3-ке тең, баға 2%-ға өскен. Түсім қаншаға өзгереді?

9. Есеп. Халықтың жеміс-жидектерге деген сұраныс икемділіктері: баға бойынша-0,6; табыс бойынша-0,8; Келесі жылы жалпы баға деңгейі өзгеріссіз, табыс 4 %-ға, жеміс-жидектердің бағасы 5 %-ға өседі. Жеміс-жидектерге сұраныстың мөлшері қаншаға өзгереді?

10. Есеп. Ақшаның шекті пайдалылығы 5-ке тең. Тұтынушы тепе-теңдігі жағдайында А игілігінің бағасын және В игілігінің шекті пайдалылығын анықтаңыз, мұндағы пайдалылық функциясы: U (a, b) = a + b.

 

Мәселелік жағдайлар.

1. Фирма үшін жаңа технологияны енгізудің бағасы жоғары, бірақ ол өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді, яғни ұсыныс өседі. Фирмалар рыноктың тауарлармен толығуынан неге қауіптенбейді? Бұл жағдайдағы фирманың әрекеттері қандай? Жаңа технологиялардың тиімділігі қалай анықталады?

2. Пайдалылықты максималдау ережесі бойынша, сатып алынатын тауарлардың шекті пайдалылықтары бірдей болуы тиіс. Бұл ережені университет асханасында студенттердің қолдануына бола ма? Әлде бұл азық-түлік тауарларын сатып алу үшін ғана қолдануға болатын ереже ме? Бұл ережені компьютерлер, жоғары технологиялы тауарларды сатып алу кезінде пайдалануға бола ма?

3. Тауарлар бағаларының өзгеруі бюджеттік шектеу қисығын қалай қозғалтады? График түрінде салып, жағдайдың себептерін анықтаңыз.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1149; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.