Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ 3 страница




Мұнда, К – банктің меншікті капиталы;

Ар – тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы.

Пс– арнайы резервтер қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы.

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері:

Мұнда, Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті);

К – банктің меншікті капиталы;

Пс– арнайы резервтер қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы.

4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті екі коэффициентпен анықталады:

- бакнтің ағымдағы өтімділік коэффициенті;

- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті;

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәні Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.

Мұндағы, Аор - өтімді активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – талап етілетін мінедеттемелердің орташа айлық шамасы;

– ағымдағы өтімділік коэффициеті

Мұндағы, Аор - өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;

Мор - үш ай мерзімге дейінгі тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

– қысқа мерзімді өтімділік коэффициеті

5. Ашық валюталық позиция лимиті Ұлттық банк Басқармасы және басқы рейтингтік агентіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция лимитін белгілейді.

6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясынының жоғары мөлшерінің коэффициенті

Мұндағы, Н – негізіг қорларға және басқада қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы;

К – банктің мешікті капиталы;

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз?

2.Пруденциялық реттеу дегеніміз не?

3. Қандай пруденциялық нормативтерді білесіз?

4. Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері?

5.Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті?

6.Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері?

7.Өтімділік коэффициенті?

8.Ашық валюталық позиция лимиті?

9.Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмысалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті?

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.15-34.

 

Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.

7-тақырып. Банкттік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктік ресурстар және олардың қалыптасуының қайна көздері, банктік меншік капиталы, олардың қызметтері банктік резевтер, жарғылық капитал, депозиттіқ операциялар және олардың түрлері, дипозиттік мультипликатор мен танысу.

 

Коммерциялык. банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос акшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін канағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық, банктік пассивтік операциялык. негізінде оның ңызметінің жүзеге асырылуы үшін ңажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термин «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық опе-рацияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, үйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік к,арыз к,оры деген экономикалың түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттік ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық. және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюд­жет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтық ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурста­ры нарығы қалыптасып, мемлекеттік қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық, құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялың банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдың қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстарыбұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық, активтік операциялар бойынша банк өтімділігін к,амтамасыз ету жэне пайда табу мак,сатында орналастыруға бағыгпталатын банктің меншікті және тартылған к,аражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыңалар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдык, және тартылған к,аражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі

тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе. ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк ресурсы дегеніміз не?

2. Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?

3.Банктің меншікті капиталын қандай баптар құрайды?

4.Меншікті қаражат жеткілігін қалай анықтайды?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.66-80.

 

 

8-тақырып. Банктің меншікті капиталы басқару.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі

Банк ресурстарының құрылымына мыңалар жатады:

1.Банктің меншікті капиталы.

2.Банктің заемдык, және тартылған к,аражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе. ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын қалайды.

Банктің меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

-банктердің дивидендтерді өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда пайыз мөлшерінің өзгеріне, қарыз алушының несиелік қаілетінің нашарлауына байланысты, оладың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

-банк көбіне тұрақсызқысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысыты қайтарылып алынуы мүмкін.

Банктің меншікті қаражаты –банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы банктің пайдасының жиынтығын білдіреді.

Банктің меншікті акционерлік капиталы шығарылған акциялардың номиналдық құнына тең. Бөлінбеген пайда кірістерден шығыстардың артық болуын сипаттайтын банктің баланстық бабы. Резервтік капитал ационерлік капиталдарды эмиссиялаудан түскен құрылтайшылық пайда және ағымдық пайдадан жыл сайынғы бөлулер есебінен қалыптасады.

Банк капталының құрылымында базистік капиталдан басқа қосымша элементтер де болуы керек. Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсаттарға бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар. Капиталдың жалпы құрылымы келесідей:

  1. Базистік капитал;

-Акционерлік капитал

-Ашық резервтер (акционерлік пайдадан құрылған резервтер)

  1. Қосымша капитал;

-Жабық (жарияланбаған) резервтер

-Активтерді қайта бағалау кезінде пайда болған резервтер.

-Күмәнді қарыздарға жалпы резервтер.

-Жабық кірістер.

-Бағалы қағаздар

Банк капталының сенімділігін арттыру мақсатында оның құрылымына

келесідей талаптар қойылды.

-базистік капитал мөлшері банк капиталының жалпы көлемінің 50%-нан төмен болмауы керек. Пайдадан салықтар төленгеннен кейін ғана базистік болып анықталуы керек.

-қосымша міндеттемелердің сомасы базистік капиталдың жалпы сомасының 50%-нан аспауы керек.

-егер несиелік жоғалтулар кезінде жалпы резервтік қорлар төмендетілген бағамен активтерді қосса, онда олардың көлемі тәуекелге бейім активтердің мөлшерінен 1,25%-тік, кейбір жағдайда 2%-тік пункт аспауы керек.

-егер активтер ревальвациясынан резервтер сатылмаған бағалы қағаздардан жабық кірістер нысанын қабылдаса, онда олар 55%-дық жеңілдікке жатады.

Біздің елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерді ескере отырып

банк қызметін реттеу бойынша нормативтік актілерді өңдеу процесінде жоғарыдағы талаптарды ескеру қажет. Банктік қызметті реттеу үшін капиталдың маңызды элементтерін олардың шығындардың орнын толтыруға дайындық дәрежесіне қарай анықтап отыру қажет. Бұл әртүрлі банктік мекемелердің капиталының жеткіліктілігін есептеуде біртұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына келесілер жатады:

-банк пайдасы;

-акциялар шығару;

-құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

-облигациялар шығару.

Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті қаражаттарын мындай көздер құрайды:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капитал;

- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған көздер;

- бөлінбеген банк пайдасы.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын толтыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк ресурсы дегеніміз не?

2. Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?

3.Банктің меншікті капиталын қандай баптар құрайды?

4.Меншікті қаражат жеткілігін қалай анықтайды?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.66-80.

 

 

9-тақырып. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару.

1. Дәрісті ұсыну.

2. «Депозитттер», «депозиттік операциялар», «депозиттік портфель» туралы түсінік, депозиттік портфельді қалыптастырудың және басқарудың проблемалары.

 

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

1. Депозиттік қаражаттар;

2. Депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуіне дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттарды білдіреді. Оларға мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Мерзімді депозиттер – бұл банктердегі белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос қаражаттары болып табылады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

- меншікті-мерзімді депозиттер;

- алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.

Мерзімді салымдар бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды, бірақ басқа шоттарға аударуға болады.

Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар төмендегідей бөлінеді:

- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;

- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;

- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен құндылықтар.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының ерекшеліктері келесідей:

- ақшалай қаражаттар сақтауға тұрақты мерзімі болмайды;

- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тартылған қаражаттарға не жатады?

2.Депозит дегеніміз не?

3.Депозиттің қандай түрлері болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.81-90.

 

 

10-тақырып. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндттемелерін қамсыздандырудағы рөлі.

 

Салымшылар – жеке тұлғалар – Қазақстанның резиденттері ұсынатын құжаттар: қол үлгісі қойылатын құжат; есепке қойылатын фактіні растайтын салық қызметі органының берген құжат көшірмесін ұсынады. Салымшылар – заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері еместер және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес банктер салымшыларының (депозиторлардың) мүдделерін қорғау мақсатында салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік етуді (сақтандыруды) жүзеге арысратын ұйым құрылады. Уәкілетті орган салымдарды (депозиттерд) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жөніндегі ұйымдардың қызметінің құқықтық мәртебесін, құру тәртібін, реттеу мен тоқтатуды белгілейді. Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) тәртібін, сондай-ақ банктермен салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жөніндегі ұйымның өзара қарым-қатынасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді. Банктер салымдарды (депозиттерді) міндетіт ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесіне уәкілетті орган бекіткен мөлшерде және тәртіпте жүзеге асыру жолымен қатысады. Бұрын ондай уәкілетті орган Ұлттық Банк болды, ал қазіргі кезде жаңадан құрылған қадағалау функциясын жүзеге асыратын қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік атқарады. Несие нарығын дамыту үдерісі көбінесе депозиттерді тартуға күш салуға байланысты. Деректерге қарағанда, шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара басталуымен доллардың құнсыздану үдерісі басталды. 2002 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2006 жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1 %-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізумен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді. Талдаушылардың көпшелігі доллар бағамының төмендеуі қысқа мерзімді деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты. Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3 %-ға дейін көтерілуі, 2000-2002 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің өсуінен болады. 2005 жылы заңды тұлғалар депозиттері өсуі – 43 %, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі – 37,8 % болды және тиісінше, заңды тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы – 2,2%-ға артты. 2006 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі 9%-ға тең болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың үлес салмағы айтарлықтай артты. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері 22,7% болды, сондықтан да жеке тұлғалар депозитерінің өсу деңгейі соншама жоғары емес. Халық салымдарның құрамында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде [3, 7 б]

Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес және ҚР Азаматтық Кодексімен реттеледі. [8, 202 б]

Бұл орайда Қазақстан заң шығарушысы депозиттерді тарту бойынша шектеу қояды, өйткені, банк заңнамасы бойынша депозиттерді тарту банк операцияларына жатады, оны депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясын алған банктер немесе ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1524; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.