Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ 5 страница




Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылыық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

Несиенің келесі бір түрі бұл – ауылшаруашылық несиесі. Енді қазіргі жағдайда ауылшаруашылығын дамытудың бір жолы – ол коммерциялық банк арқылы ауылшаруашылығына несиелендіруді ұйымдастыру. Қазіргі таңда ауылшаруашылығының саласына қарай несиені ұсынуда, бұл салада келесідей жетіспеушілік туындайды:

· Капитал көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылшаруашылық кәсіпорындарды өнім өндіруді өздігінен ұйымдастыра алмайды;

· Нарықтық экономикада өнім сапасын жоғарлату;

· Жыл мезгіліне егіншілік, мал шаруашылығының табиғи климиттық факторларға тәуелді болуы;

Сондықтан ауылшаруашылығының осындай бағытына қарай банктер ипотекалық несие мен лизинг несиесін ұсынады.

Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

Мерзімдері бойынша:

1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

2. орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);

3. ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);

несиелеу объектілері бойынша:

1. негізгі қорларға берілетін несие;

2. айналым қорларына берілетін несие;

несиелеу әдістері бойынша:

1. қалдық бойынша несиелеу;

2. айналым бойынша несиелеу;

Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:

1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық;

2. экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауды операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез-келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвистициялау);

3. несие субъектілері бойынша: қысқа, орта, ұзақ мерзімді;

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

· аукциондық – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;

· ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;

· бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие;

Қазіргі несиелеу жүйесі қарьіз алушының несиелік қабілетін аньқтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялың банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қ,арыз алушынын, өзінің к,арыздык, міндеттемелері бойынша толык, жэне уақтылы есеп айырысу к,абілеті.

Қ арыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем кабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспекти-вадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып,ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мелшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыт-тағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты ңарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін керсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).

Қарыз алушынын мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қ арыз алушының заңды тұлга ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік та-рихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның не­месе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің бол­уын білдіреді.

Қарьіз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерий болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:

1) оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылың қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициент
негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік елісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уаңтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сактандырушының тұрақты болуы, қарыз алушынын ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

СОҢҒЫ критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

іскерлік тәуекелді бағалау;

менеджментті бағалау;

к,арыз алушының қаржылық, тұрақтылығын бағалау;

қаржылық коэффициенттерді бағалау;

ақша тасқынын талдау;

қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;

орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын к,адағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдік қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.

Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.

Жинақталған ақша сомасы ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал – несие.

Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

-несиеге деген өтінішті қарау;

-несиелік қабілетін талдау;

-несиелік келісім-шарт жасасу;

-несие беру;

-несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

6.Несиелеу принциптеріе ата?

7. Несиелеу әдістеріне нежатады?

8.Несиелік тәуекелді басқару әдістері?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

 

14-тақырып. Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Клиенттерге несие беруді тиімді ұйымдастыру – сапасы жоғары несиелік портфельді қалыптастырудың және банк етімділігін қажетті деңгейде демеп отырудың бірден-бір алғы шарты.

Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:

1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

2) несиені қайтару;

3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерт-теулер орталығы дайындап, ҚР, Ұлттық банк Директоратының 27 қырқұйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нқсқауың, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдың бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф — мерзімді — тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (үйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з — мерзімді — тоқсандық— жылдық формалары).

Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, ала-шаң қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пас­сив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.

Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары;
күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған каражаттар қалдықтары);

2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; бере қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.

Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда көзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысун бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.

3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылытар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициент қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

Бірақта алашақ қарыздық сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттық нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:

• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);

• өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);

• өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

• материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (етімді қаражаттардың айналысы);

• жұмыстың маусымдылығы.

Өтімді қаражаттардың мөлшерінің темендеуіне ықпал етушілерге мыңалар жатады:

• ағымдағы қызмет зияндары;

• өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;

• өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;

• күрделі қаржы жұмсалымдарға мобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

 

Несиелендірүді ұйымдастыру

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық. заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

/ топқа — жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

• несиенің мақсаттылығы;

• несиенің дифференциалдығы.

II топқа — несиенің, мәнін бейнелеитін принциптер:

• несиенің мерзімділігі;

• несиенің қайтарымдылығы;

• несиенің төлемділігі;

• несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылык органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіште негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сон дай -ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі варианты мен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принцип туындайды.

Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық катего­рия ретінде баска да тауарлы-акшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатта-лады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтық нарықтық, қатынастарға өтуіне байланыс­ты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қара-жаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.

Несиенің төлемділігі — бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылыкң несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

• орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;

• банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;

• өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін ор­таша сыйақы мөлшері;

• банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);

• несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);

• несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;

• еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуга тиіс, себебі, инфляция жағ-
дайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).

Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:

1 =

І X Р X П




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1136; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.