Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 2 страница




- Несиелер көбінесе көп уақыт мерзіміне беріледі: 10-30 жыл;

- Несиелеу тұрғын үй сатып алуға не салуға беріледі;

- Алынған тұрғын үй кепілақы болып есептеледі, несиені төлемеген жағдайда меншік тәркіленіп, несиені қайтару үшін сатылады.

Ипотеканың объектісі болып табылатындар:

- айналымдағы тауар залогы;

- қайта өңдеу процессіндегі тауар залогы;

- жылжымайтын мүлік.

Айналымдағы тауар залогы – бұл қарыз алушының тек қарыздың белгілі бір бөлігін өтеген немесе шығатын (шығып отыратын) тауарларды басқа да бірдей не одан артық сомадағы құндылықтармен ауыстырған жағдайда ғана салынған құндылықтарды өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді.

Қайта өңдеудегі тауар залогы – қарыз алушы өзінің өндірісінде салынған шикізат, материал, жартылай дайын өнімдерді қайта өңдеуге құқығы бар, бірақ бұнымен қоса залогтық құқық өндірілген жартылай дайын өнімге, дайын өнім және тиелген тауарларға таратылады дегенді білдіреді. Алайда залогтың кең тараған түрі жылжымайтын мүлік болып табылады. Бұлар жер учаскелеріне залог, сонымен қоса мекеме, құрылыс және басқа да жермен байланысты мүліктер.

Жер учаскелерінің кепілақы затына және жерді пайдалану құқығы болып кепілақы берушінің жеке меншігіндегі жер учаскелері, сонымен қатар жалпы жерді пайдалану мен жалпы жеке меншіктегі жер үлесі табылады.

Кәсіпорын немесе жалпылама ретінде басқа да мүлік кешенінің ипотекасы оған кіретін мүліктің (жылжитын, жылжымайтын) құрамына кепілақы құқығын береді: талап ету құқы мен басқа да құқықтар. Егер заңмен немесе келісім-шартпен басқасы қарастырылмаса ипотека кезінде сатылып алынғанға да құқы бар.

Банкрот болуына байланысты, іс қозғалған немесе тарату туралы шешім қабылданған кәсіпорын үшін ипотека берілмейді.

Кәсіпорын ипотекасы ақшалай міндеттемелермен қамтамасыз етілуі мүмкін, егер оның сомасы кәсіпорын активтерінің құнының жартысынан кем болмаған жағдайда.

Ғимарат, құрылыс сияқты жылжымайтын мүліктің бөлек объектісінің ипотекасы сол ғимарат орналасқан жер учаскесінің және сол келісім-шартының ипотекасымен бір уақытта қарастырылған.

Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасы оларға құрылыс, күрделі жөндеу жүргізу үшін берілетін қарыздар.

Тұрғын үй мен пәтерлердің ипотекасының объектісі болып табылуы үшін меншік иесі мен оның отбасы басқа жерде тұрып, сол ғимаратта бекітілген нормалар бойынша тиісті тұрғын аудандары болуы шарт.

Жылжымайтын мүлік несиені қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, сонымен бірге бір уақытта қаржыландыру объектісі болып табылады. Ипотекалық несиенің қызмет ету мерзімі 20-35 жыл. Кепілге жылжымайтын мүлікті несиелеу процесі басқаша ипотекалық жүйе деп те аталады. Ипотекалық жүйе өзіне ипотека бойынша шарт жасауды, жылжымайтын мүлікті иемденгендегі жағдайын анықтаудағы тәртіпті және ол бойынша әрбір кезеңге қарыздарды біріктіретін экономикалық және заңдылық жүйесі.

Ипотекалық несиелеу жүйесі екі бағыттан тұрады: шаруашылық субъектілері мен халыққа ипотекалық несиелерді беру.

Бірінші бағытпен көбінесе ипотекалық банктер жұмыс істейді. Екінші бағытпен мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын және ипотекалық банктің базасының негізінде өз атына құнды қағаздар (облигация) шығаратын қаржы компаниялары мен қорлары жұмыс істейді. Ипотекалық жүйе өзіне ипотека бойынша шарт жасауды, жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген және инвестицияға ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкнідік береді.

Ипотекалық нарық – банк және басқа да мекемелермен тұрғын үй мақсатында берілетін және ресурстарды тарту үшін қаржылық активтерді нарықта орналастыру бойынша ипотекалық несие нарығы.

Ипотекалық нарық – қор нарығының ипотекалық сегментімен банктік қызмет көрсету нарығының сегменті негізінде қалыптасады. Ипотекалық несиелеу нарығы бірінші және екінші деңгейлі деп бөлінеді.

Бірінші деңгейлі нарықта несие беруші мен қарыз алушы бір-бірімен сөзсіз келісім-шарт қатынастары негізінде ипотекалық несие беріледі және сатылуы мүмкін.

Екінші деңгейлі ипотекалық нарықтың негізгі субъектілеріне жататындар:

- Ипотекалық несие берумен айналысатын ипотекалық банктер мен басқа да қаржы-несиелік мекемелер;

- Ірі эмиссионды – қаржылық корпорациялар. Олар банктерден бірінші деңгейлі закладнойларды сатып алып, олардың әр түрлі құнды қағаздарының орнына эмиссияны қолданады;

- Нақты ақшаға эмиссионды – қаржылық корпорациялардан құнды қағаздарды сатып алатын банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, азаматтар кейпіндегі инвесторлар;

- Ипотекалық несиені сақтандырумен айналысатын делдалдар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тұтыну несие дегеніміз не?

2. Тұтыну несиенің мақсаты?

3.Ипотекалық несиенің мағынасын қалай түсінесіздер?

4. Ипотекалық несиенің түрлері?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

 

 

18-тақырып. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердің импортерді несиелеуі және импортердың экспортерді несиелеуі.

Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиенің түрлері: акцептік несие, акцептік-рамбурстық несие, экспортердің импортерді несиелеуі және импортердың экспортерді несиелеуі. Сыртқы экономикалық қатынастар саласында банктік несиені қамтамасыз ету формалары: коносмент, варрант, тратта, банк депозиттері, тауарларды сақтау жөніндегі қоймалардың қолхаты. Сыртқы экономикалық қатынастарда пайдаланылатын несиелерді қамсыздандыратын және кепілдендіретін Халықаралық экспорттық-импорттық қаржы агенттері. Импотерді және экспотерді несиелеу. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеу тәртібі. Несие валютасы, валюталық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, ұлттық ақша бірлігімен несие беру, валюталық депозиттермен қамтамасыз етілген несиені беру және өтеу тәртібі. Сыртқы экономикалық қызметтерді несиелеумен байланысты проценттік ставканың қалыптасуы. Соңғы кездерде коммерциялық банктердің экспотерлар мен импотерлерді несиелеу процесінің күрделі халықаралық деңгейде есеп айырысу формаларымен, банкаралық инмтрументтеріне деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен тығыз байланыстылығы.

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валюта — мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы күнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралык, ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары»/15/.

Осы заңда «валюталық операиияларға» мынадай түсінік берілген:

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел ва-
лютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1) шетел валютасы;

2) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

3) тазартылған құйма алтын.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

-ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

-ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

- ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құңдылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александ­рит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капи­тал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1.Ағымдық операщияларға жататындар:

-тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу-
ларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;

-гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын ауда­рымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және баска сомаларды аудару:

- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жа­татындар:

- инвестицияларды жүзеге асыру;

-интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

-мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік ңүңығына төлеуге аударымдар;

- тауарлар, жүмыстар және кызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

-180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

-өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құңығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

-зейнетақы активтерін жинактауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

-жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтанды­ру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Со-нымен қатар, ҚР Ұлттың банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталык, реттеу — нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкция-ларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық операциялар бойынша төлемдерді жүргізу мен қаражаттарды аудару үшін резидент (резидент емес) банкке бірқатар құжаттарды тапсырады.

Валюталық операциялар мемлекеттік және банктік зерттеу және бақылау обьектісі болып табылады. Жартылай ауыстырылатын валюталармен немесе қаржылық операцияларға шектеу қойылған міндеттеме мемлекеттерде өзінің ұлттық валютасына қарағанда банктердің валюталық позициясы. Валюталық тұрақсыздық жағдайында бұл шектеулер азаяды: жедел операцияларға шектеулер қойылады, уақыт немесе сома бойынша лимиттер қойылады.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасыныңі Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталы реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Банктегі валютаның курсы Ұлттық банкпен тағайындалған курсқа негізделеді. Ұлттық банк күнделікті ұлттық валютаның курсын белгілейді. Валюта курсының күнделікті өзгеруі елдегі экономикалық ауытқуларға байланысты: инфляция, саясат жағдайы және т.б. Осы барлық жағдайларды қарастырып Ұлттық банк валюта курсын тіркейді. Техниканың дамуымен Ұлттық банк интернет арқылы барлық коммерциялық банктерге сол күнгі валюта бағамын жібереді. Ал, коммерциялық банктер пайда табу мақсатында валюта бағамын өзіне лайықты өзгертеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несие дегеніміз не?

2. Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несиенің мақсаты?

3. Сыртқы-экономикалық қатынастарға берілетін несиенің түрлері?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

19-тақырып. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару

1. Дәрісті ұсыну.

2.Банктің активтік операцияларының нәтижесінде «активтер портфелінің» және оның құрамдас бөлігі «несиелік портфелдің» қалыптасуы. Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару проблемаларының біртұтастығы.

Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

-несиелік қызметті ұйымдастыру;

-лимиттер белгілеу;

-несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

-несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

-несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

-несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лу — несиелерді авторизациялау;

-несиелік мониторинг;

-несиелік портфельді басқару;

-проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

-қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

-несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;

-маржа деңгейіне;

-несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

-банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару — бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та­былады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;

- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

-несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

-әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

-төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;

-жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

-несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалқ несиелерге:

- несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

-сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік портфель дегеніміз не?

2. Несиелік тәекелді қалай түсінесіздер?

3.Несиелеу лимиттерді белгілеу қалай түсінесіздер?

4.Проблемалық несиелер дегеніміз не?

5. Несиелік мониторинг не үшін қажет?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.162-173.

 

20-тақырып. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары.

1. Дәрісті ұсыну.

2.Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік.

 

Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық несиелермен тығыз байланысты. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты.

Инвестициялық портфель банктің активтеріне жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге қосымша ретінде бөлу.

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада банктік инвестиция деп пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың барлығыны бірдей түсінеді.

Ал, тар мағынада банктік инвестиция- табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауды білдіреді.

Сонымен қатар, банктьік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсалған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңінде инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығын білдіреді.

Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

- инвестициялық саясаттың басты мақсаты;

- баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін анықтау;

- инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;

- инвестициялардың құрамы мен құрылымы;

- бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;

- инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;

- портфелдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;

- сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;

- пайдалар мен зияндардың есе бі;

- компьютерлік қамтамасыз ету бағдарламалары.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.

«Цеснабанк» АҚ бағалы қағаздарды келесідей үш категория бойынша жіктейді:

-қайта бағалау нәтижелерін табыстар және шығыстар жөніндегі есеп берулер арқылы сипаттай отырып, нақты құн бойынша есептелетін бағалы қағаздар;

- өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар;

- сатуға арналған бағалы қағаздар.

Банкте бағалы қағаздар категориясына тәуелсіз нақты құндары бойынша бағаланады. Мәмілені жүзеге асыру кезіндегі шығындар алғашқы бағалы қағаздардың құнына енгізіледі.

Өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында Банк РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүзеге асырады. РЕПО операциясы – бағалы қағаздарды болашақта жоғары бағамен сатып алумен байланысты бағалы қағаздарды сату операциясы. Ал, кере РЕПО операция бағалы қағаздарды болашақта жоғары бағамен сатумен байланысты бағалы қағаздарды сатып алу операциясы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1297; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.086 сек.