Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 4 страница




• мүлікті кепілдіктен босату;

• корпорациялардың (зейнетақы корларының) және т.б қорларын басқару;

• сенімхатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру,яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

• акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банктің қаржылық операцияларына не жатады?

2. Лизинг операциясы немен сипатталады?

3.Лизингтің қандай түрлері бар?

4.Қаржы лизингі дегеніміз не?

5. Факторинг операциясы немен түсіндіріледі?

6. Факторинг операциясында неше қатысушы бар?

7. Факторинг операция бойынша банктің табысы қалай анықталады?

8.Форфейтинг дегеніміз не?

9.Банктің форфейтинг операциясы қалай сипатталады?

10.Форфейтинг операциясында неше қатысушы бар?

11.Форфейтинг операциялары қандай мәмілелерге жасалмайды?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.201-219.

 

 

22-тақырып. Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері

1.Дәрісті ұсыну

2. Есеп айырысу формалары және есеп айырысы инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері.

 

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу кассалық операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

-банктік шоттарды ашу;

-ұлттық және шетел валютасында аударым операцияларын жасау;

-төлемнің шартын өзгеру және қайтару;

-валюталық операцияларға бақылау жасау;

-шоттан қолма қол ақша беру;

-ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

-банктен кеңсеге дейін немесе керісінше ақшаларды инкассациялау, құндылықтарды жеткізіп беру және т.б.

Осы ережеге сәйкес кассалық операциялар бұл құндылықтарды қабылдау қайта сана, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияларды білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуы тиіс:

-кіріс кассасы;

-шығыс кассасы;

-кіріс-шығыс кассалары;

-қайта санау кассасы;

-кешкі касса;

-сыртқа шығатын касса.

Банк кассасына клиенттерден қолма қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көменгімен жүргізіледі:

-қолма қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

-кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота және монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, саныны сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы-бухгалтер кассалық құжатты алғаннан соң ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма қол ақшаны туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы – бухгалтер болмай қалған кезде банктегі бұйрыққа байланысты оның міндеті кассирге жүктеледі.

Төлемдік есеп айырысу қатынастарының дамуы мен жетілдірілуі қолма қол және қолма қолсыз айналыс арасындағы қатынастар өзгереді. Қазіргі кезде қолма қол ақшамен есеп айырысудың үлес салмағы ақшасыз есеп айырысуларға қарағанда азайып отыр, бұл электрондық төлемдер жүйесін пайдалану арқылы есеп айырысулар көлемінің кеңеюімен байланысты.

Ережеге сәйкес ақшасыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

- төлем тапсырмасы;

- төлем-талап тапсырмасы;

- инкассалық өкім;

- чекпен есеп айырысу;

- векселмен есеп айырысу.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Есеп-айырысу операцияларының қандай түрлерін білесіз?

2. Есеп-айырысу операцияларына не жатады?

3.Төлемдердің тағайындалу коды немен сипатталады?

4.Төлем тапсырмасымен есеп айырысуды қалай түсінесіз?

5. Төлем талап-тапсырмасы мен асеп айырысудың қандай ерекшелігі бар?

6.Чек және вексельдермен есеп-айырысу қалай жүреді?

7.Аккредитив дегеніміз не?

8.Инкассо мен инкассалық өкімнің өзара айырмашылығы бар ма?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.109-136.

 

 

23-тақырып. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару

1.Дәрісті ұсыну

2.Валюта, валюталық позиция, валюталық курс туралы түсінік. Валюталық курсты анықтаудың тәсілдері: спот-курс, тікелей және жанама котировка, котировка туралы түсінік, кросс-курс, форвард-курс. Валюталық құндылықтар, олардың түрлері, валюталық нарық және олардың түрлері, субъектері.

 

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валютамемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы күнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралык, ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».

Осы заңда «валюталық операиияларға» мынадай түсінік берілген:

3) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел ва-
лютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

4) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

4) шетел валютасы;

5) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

6) тазартылған құйма алтын;

4) ұлттык, валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлтгық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

— ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

— ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

— ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құңдылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александ­рит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капи­тал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операщияларға жататындар:

• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу-
ларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

• 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;

• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын ауда­рымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және баска сомаларды аудару:

• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жа­татындар:

• инвестицияларды жүзеге асыру;

• интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

• мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік ңүңығына төлеуге аударымдар;

• тауарлар, жүмыстар және кызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

• 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

• өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құңығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

• зейнетақы активтерін жинактауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

• жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтанды­ру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Со-нымен қатар, ҚР Ұлттың банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталык, реттеу — нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкция-ларды қолдану шараларын білдіреді.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Валюталық операциялар дегеніміз не?

2. Ағымдағы валюталық операцияларына не жатады?

3.Капитал қозғалысымен операциялар дегеніміз не?

4.Валюталық саясат ты қалай түсінесіндер?

5. Валюталық нарықтың қатысушылары кім?

6.Валюталық құндылықтарға не жатады?

7.Конверциондық операциялар дегеніміз не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.223-231.

 

24-тақырып. Банктердің баланстан тыс операциялары

1.Дәрісті ұсыну

2. Банктердің баланстан тыс операциялары

Банктердің баланстан тыс операциялары: шартты және мүмкін талаптары, банктердің репутациясына байланысты кепілдік беруі, агенттік қызметтері, олардан келетін комиссиялық табыстың деңгейі, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің шет елдік несиелік желіге қызметі, баланстан тыс операциялардың түрлері: шарт жасасу арқылы жүргізілетін, шартты түрде жүргізілетін және комиссиялық операциялар. Үкіметке кепілдік беру, кепіл болушылық, қаражатпен қамтамасыз етілмеген аккредитивтер, кепілдік және кепіл болушылық.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктердің баланстан тыс операциялары дегеніміз не?

2. Банктердің баланстан тыс операцияларының шарттары қандай?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.

 

Модуль 4. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

25-тақырып. Банктік менеджмент және банктік маркетинг

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктің менеджменттің принциптері, мақсаты, негізгі бағыттары, банк саясатының мазмұны мен танысу.

Банктік менеджмент туралы түсінік – оның жалпы мағынада және жеке мағынада алып қарағандағы мазмұны

- Банктік бизнестің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің және оларды іске асыру құралдарының ғылыми дәлелденген жүйесі;

- Белгілі бір басқару шешімдерін пайдалана отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін атқарылатын ұйымдастыру қызметтері.

Банктік менеджменттің ерекшеліктері, негізгі бағыттары, мақсаты, сандық және сапалы көрсеткіштері. Банктің экономикалық саясаты. Басшылық типтері: жеке басшылық – автократиялық, диктаторлық, монархиялық стильдер, демократиялық басшылықтың либералдық типі, материалдық ынталандыру және тәртіпті талап ету әдістері. Корпоративтік рух және жүддегерлік сезім: қарама-қарсы қайшылығы және банк секторындағы зияны.

Банкті басқару сапасына байланысты банктік менджменттің негізгі типтері: техникалық менеджмент, косметикалық менджмент (банкті басқару ісіндегі көз бояушылық), жанталас басқару. Банкті дұрыс басқара алмаудың негізгі факторлары және оларды топтау. Техникалық менеджменттің банкті басқару ісінде орын алу себептері:

· Банк жаңадан құрылып, мамандар тағайындау ісінде қойылатын талаптар төмендесе;

· Банктегі бақылау жауапкершілігі басқа біреудің қолына өткенде;

· Банк қызметінде оның нәтижелі жұмыс жүргізуіне кері ықпал ететін төтенше, объективтік жағдайлар пайда болғанда;

· Тәуекелді болжай алмау және несиелеу кезіндегі сыбайластық.

Косметикалық басқарудың белгілері: жалған мәліметтермен банктің теріс нәтижелерін жасыру.

Жанталас басқару ісіндегі авантюрим. Жылпостық.

Банктің кадрлар (мамандар) саясаты және оның құрамдас бөліктері:

· Маман қызметтерін тиімді ұйымдастыру – банк бөлімшелерінің қызметтері нәтижелерінің идентификациясы (нақты сынға төтеп бере алатын тиімді нәтижелер үлгісі);

· Банкте атқарылатын қызметтердің маманның кәсіпкерлік деңгейіне сәйкес келуі;

· Еңбек мәдениеті;

· Мотивация.

Банк мамандарының кәсіпкерлік деңгейін және мәдениетін жетілдіру. Штат кестесі, квалификациялық мінездеме, лауазымдық нұсқаулар, атестация. Банктік операцияларды жүргізуге қажетті мамандардың санын анықтау әдістері. Банк мамандарының мінез-құлқы, мәдениеті, сауаттылығы, тәрбиелілігі: сауатты сөйлей және жаза білу; кәсіпкерлік сұхбаттасу деңгейі; жан-жақтылығы, тіл қату мәнері; банк басшыларының ұжым мүшелерімен кәсіпкерлік қарым-қатынастарының түрлері. Еңбек мотивациясы.

Банктік маркетингтің мазмұны және мәні, банктік менджменттің функциясы. Банктік маркетингтің принциптері және мақсаты, банктегі маркетингалық қызметтің негізгі бағыттары, жалпы мазмұны, банктік маркетингтің бес концепциясы: бағаны тұтынушылардың сұранысына бейімдеп белгілеу, қызметтер түрлерінің сапасы жоғары болу, коммерциялық қимыл іс-әректтерді қарқынды жүргізу, сұранысты тиімді тәсілдермен қанағаттандыру, әлеуметтік-этикалық концепция. Банктік қызметтердің ерекшелігі. Банктің іштей мүмкіндіктерін талдау. Маркетингалық ақпараттар жүйесі, банк қызметтерінің көтерме және блшек сауда нарығы. Маркетингалық жоспарлау жүйесі. Банк қызметтері нарығын сегменттеу.

Өтімділік — банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктік менеджмент дегеніміз не?

2. Банктік менеджменттің принциптері, мақсаты, негізгі бағыттары?

3.Банк саясатының мазмұны?

4.Банктік маркетинг дегеніміз не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.-с.232

 

 

26-тақырып. Коммерциялық банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару

1. Дәрісті ұсыну.

2.Банктің өтімділігі туралы түсінік және оны анықтаудың көрсеткіштері.

 

Банк өтімділігібұл салымшылар мен к,арыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалаи қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық. банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

• депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты
қанағаттандыру;

• тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

• активтерді зиянсыз сату;

• тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қ атарына мыналар жатады:

банк капиталының, базасы;

банк активгперінің сапасы;

депозиттердің сапасы;

сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің, өзара сәйкестігі;

сауатты менеджмент;

банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы — бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттай-ды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен дивер­сификация.

Активтердің өтімділігібұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларга айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тэуекелі критерий, олардың акшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі негүрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерий ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерий банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдың құрамы. Актив­тер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1043; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.119 сек.