Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 8 страница




 

 

ЭҚГҒФ ОӘБ бекітілді

Хаттама № _1_ "_9_"__09__ 2014 ж.

ЭҚГҒФ ОӘБ төрағасы _______________э.ғ.к., С.Х. Тойкин

 

 

Мазмұны

 

1.Курстық жұмысты рәсімдеу

2.Курстық жұмыс тақырыптары

 

 

 

1. Курстық жұмысты рәсімдеу

 

1.Курстық жұмыс бойынша мәтіндік кұжаттарды өндеуге қойылатын жалпы талаптар.

Курстық жұмыс А4 форматының ақ қағазды стандартты бетінің бір жағына жазылады.

Курстық жұмыс келесідей жиек мөлшерлерін сақтай отырып орындалады: сол жағынан 25-30мм, оң жағынан 10 мм, жоғарғы және төменгі жиек мөлшері 20 мм. Азат жол 5 белгіге немесе 15-17мм тең. Tақырыпшалар мәтіннен төменгі және жоғарғы жағынан бір жолмен өзгешеленеді.

Курстық жұмыс тақырыбын екі қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Курстық жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Курстық жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 30 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б. рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, жалпы қабылдан бағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 25 беттен кем болмауы тиіс.

 

1. Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін ӨҢдеу ережелері.

1.1. Мәтіндік бөлімді құру.

Жұмыс мәтіннің жалпы бөлігін бөлімдерге бөледі және бөлім астыға бөледі. Бөлімдер араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған кезекті номерлерге ие болуы керек. Курстық жұмыстар 3 бөлімнен тұруы қажет. Әрбір бөлім бірнеше бөлім астылардан тұрады (мысалы 1,2,3).

Курстық жұмыстың бөлім астылары тек берілген бөлім бойынша ғана нөмірленуі тиіс. Бөлім асты нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімдер нөмірлерінен тұрады. Бөлімді және бөлім астын өндеуге мысал (1):

1. Салықтардың экономикалық мазмұны.

1.1. Салықтардың мәні және мағынасы.

1.2. Салықтардың негізгі қызметтері.

1.3. Шетел тәжірибесі.

 

1.2. Тақырыпшалар.

Курстық жұмыстың әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек, сондықтан тақырыпша беттің жоғарғы жағына жазылады немесе теріледі және келесі тақырыпшадан бір интервалға жылжуымен ерекшеленеді.

Компьютерлік нұсқада курстық жұмыстың құрылымдық элемент тақырыпшалары «Кіріспе», «Мазмұны», «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі», «Қосымша», негізгі бөлімінің бөлімшелерінің атауларын жаңа беттен жазу және нұктесіз жолдың ортасына қою керек.

Қолжазбалық нұсқада бөлім тақырыпшаларын басқа әріптен бастап кішкене әріппен жазу жіберіледі.

Бөлімасты тақырыпшаларын азат жолдан бастау керек және бірінші әріпті - бас әріппен, қалғандарын кішкене әріппен жазуға болады (екі нұсқаға да).

Тақырыпша аяғына нүкте қоймайды. Тақырыпшаларды белгілеп сызбайды. Егер тақырыпшалар бірнеше сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі, бірақ соңына нүкте қоймайды. Тақырыпшаларды сөздерді бөлуге болмайды. Бөлім асты нөмірленуі бөлімнің бірінші әріпіні астына қойылуы тиіс.

Жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыпшалары мен мәтіннің арасындағы қашықтың 1 интервалдан кем болмауы тиіс. Бөлімдер және бөлімастыларының тақырыпшаларының арасындағы қашықық 1-2 см болуы кере (№3 трафарет).

 

1.3. Мәтінді мазмұндау.

Курстық жұмыс мәтіні қысқа, нақты және әртүрлі түсініктемелерді жібермеуі тиіс.

Мәтіндік бөлімде жіберілмейді:

- орыс орфографияның ережелерінде белгіленгеннен басқа сөздерді қысқарту

- физикалық өлшемдерді бірліктерін, егер олар цифрсыз қолданса қысқарту, тек формула мен суреттердегі кестелердің астында немесе жанындағы әріпті блгілемегеннен басқа жағдайда.

- Кері өлшем белгілерінің алдына (-) математиканың белгісін қолдануға. (-) математиканың белгісінің орнына, формулалар, кестелер, және суреттерден басқаларда «алу» сөзін жазу керек.

- Цифрсыз математикалық белгілерді (аз немесе тең), (артық немесе тең), (тең емес), сондай ақ № (нөмір), % (пайыз) қолдануға.

 

1.4. Формулаларды рәсімдеу

Формулалар қара немесе көк сиямен анық; белгілер, цифрлар, әріптер формуланың мағынасының мәніне сәйкес дұрыс орналысып жазылуы тиіс.

Формула жолдарының және бөлу сызықтарының арасында, олардың еркін орналасуын жіберетін интервалдар сақталады. Формулалар жазылуында белгілердің және интервалдардың дұрыс қатынасын сақтау қажет. Формула негізгі мәтіннен бір жолмен ерекшеленеді. Мысалы.

П = МСПЖ – (t*Д) (1)

Формулаға енетін белгілердік және есептік коофициенттердің тиіс. Әрбір белгі мәнін, олар формулада келтірілген кезектілікте жаңа жолдан басталып жазылады. Белгілеменің бірінші жолы, «Мұндағы» деген сөзден басталуы қажет, одан кейін К сызықша, мысалы несие сомасы:

КП = Кхtх E (2)

Мұндағы: К – несие сомасы, теңге

t – жылдар (айлар) саны

Е проценттік ставка, %

 

Формулалар сызба шрифтімен 2,5 мм – ден кем емес биіктікте жазылуы тиіс. Егер барлық формулалар жұмыс мәтінінде болса, қосымшада келтірілген формулардан басқасы бөлім шегінде араб цифраларымен номерленеді, формула номері нүктемен бөлінген. Формула реттік номер мен бөлім номерінен тұрады. Мысалы: ….(3.1.) Номерді домалақ жақша ішінде формула жолының деңгейінде беттің оң жағына жазады. Формуланы алмаспайтындай номерлеуге болады.

Формуланы келесі жолға тасымалдау тек қана орындалып отырған операция белгісінде болады және белгі келесі жолдың басында қайталанып жазылады. Формуланы тасымалдағанда көбейту (х) белгісі қолданылады.

Мәтіндегі формула номеріне сілтеме домалақ жақшамен беріледі, мысалы: …………(2.1.) формуласындағы.

 

2.5. Библиогарфиялық сілтемелер.

Курстық жұмысы жазу барысында автор мәліметті немесе жеке нәтижелерін қайдан алғаны туралы ақпарат көздеріне библиографиялық сілтеме пайдалануына болады.

Библиографиялық сілтеме жазылған құжат туралы нақты тура мағұлматты қамтамасыз етеді, қажетті ақпаратты көрсетеді, құжатты іздестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оның мазмұны көлемі, мәтіндік тілі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қайнар көздеріне сілтеме тік жақшамен жұмыс мәтінінде келтірілген цитатадан кейін көрсетіледі. Мысалы: …… М: Ф. Шеримова [12] және Н.А.Шеген [23] деп есептейді”.

Егер шығарманың белгілі бір бетіне сілтеме жасаласа, онда сілтеме келесідей үлгіде болады: “Меньшиков өзінің кітабында [20. – б. 29) ] былай деп жазды…”

Көп томдық басылымдардағы сілтемелер, сонымен қатар томның номерін көрсетеді көрсетеді. Мысалы: [18-Т1-б.75]

Егер тізім номерленбесе, онда сілтемеде библиографиялық сипаттаманың бастапқы сөздері қойылады: автордың аты, бөлімнің алғашқы сөздері және шығарылған жылы. Мысалы: [Ильясов К.К., Исахова П.Б.,2003], [Мемлекеттік бюджеттің шығындары].

Егер сілтеме сол автордың бір жылда шыққан әр түрлі шығармаларына берілсе, онда басылымға алфавит тәртібінде әріптер қосылады: [[Ильясов К.К., Исахова П.Б., 2003 а], [Ильясов К.К., Исахова П.Б., 2003 ә ]].

Жалпы құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаға сілтеме жасалады. Бөлімшелерге, тарауларға, кестелерге және суреттерге жасауға болмайды.

Мәтіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасағанда тік жақша ішіне алынған, әдебиеттер тізімі бойынша реттік сан келтіру қажет.

2.6. Ескерту.

Мәтінге және кестеге ескерту тек анықтама және түсініктеме мәліметтерге көрсетіледі. Егер ескерту біреу болса. Онда оны номерлемейді және “Ескерту” деген сөздеп кейін нүкте қойылады. Егер ескертулер бінешеу болса, онда “Ескерту” сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Ескерту нүктемен және домалық жақшамен араб цифраларымен номерленеді, Мысалы: Ескерту:

1)

2)

Егер ескерту кестенің соңында болса, онда барлық жағынан сызықтармен жабылған болуы керек.

 

2.7. Суреттік мәліметтер.

Суреттік мәліметтердің негізгі түрлеріне мыналаржатады:сызу, техникалық сурет,сызба, диаграмма,график және кесте. Курстық жұмыстың мәтіндік форматында кестеден басқасының барлығы сурет ретінде болады.Мысалы:

1 сурет. «Негізгі өндірістік қорлардың құнының өсу динамикасы» Суреттерді барлық жұмыс барысында араб цифрларымен реттік номермен номерлеу керек.

Мәтіндік жұмыстағы сызба,график, диаграмммаларды көрсеткеннен кейін 1 жол қалдырумен немесе келесі бетте немесе қосымшада көрсетіледі. Барлық суреттерде сілтемелер болуы керек. Суретті мәтінге енгізген жағдайда, диаграмма немесе сызба салғанда да негізгі мәтіннен бір жол қалдыру керек, ал суреттің аты осы суреттің астына жазылады. Мысалы:

 

 
 

 
 
 
 
 

 

1кв 2кв 3кв 4кв

 

1 сурет. «Негізгі өндірістік қорлардың құнының өсу динамикасы.»

 

Егер кестенің графигіндегі сандық мәліметтер физикалық өлшемнің әртүрлі бірлігінде болса, онда әрбір графаның тақырыпшасында оларды жеке көрсетеді. Егер кестедегі барлық өлшемдер белгілі бір физикалық өлшемде көрсетілсе (мысалы: мың теңге),онда физикалық өлшемнің қысқартылған түрі кестенің үстіне жазылады. Кестеде өлшемдер белгілі бір физикалық өлшем бірлігіндегі графалар берілген кезде,егер басқа да физикалық өлшем бірлігінде көрсетілген ккөрсеткіштер кестенің үстіне жазылады,ал басқа физикалық өлшемдер туралы мағұлматтар сәйкес келетін графаның тақырыпшасына жазылады.

Жазу үлгісі:

1 кесте.

Маркасы бойынша құрал-жабдық сипаттамасы.

 

Көрсеткіш атауы Типі үшін норма
Р-25 Р-75 Р-150 Р-300
         
1) Максималды өтімділік мүмкіндігі дс кіші емес                
2) Масса,кг, артық емес          

 

Егер дипломдық жұмыста бір кестеден артық болса, онда оларда бөлім шегінде араб цифрларымен номерленеді. Кестенің номері бөлім және нүктемен бөлінген кестенің реттік номерінен тұрады. «Кесте 2.1.»(Екінші бөлімнің бірінші кестесі)

Егер құжатта бір ғана кесте болса, онда оған номер қойылмайды және кесте сөзі жазылмайды.

Мәтінде барлық кестеге сілтеме болуы керек,егер кестеде номер болса,кесте сөзі толық жазылады.Мысалы: ….1.1 кестеде.

 

2.8 Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі бөлек бетте жазылады.Пайдаланылған қайнар көздер келесі тәртіппен жазылады:

1. Заңдылық актілер.

2. Монографиялық және оқулық кітаптары

3. Журнал және газеттердегі статьялар

4. Нұсқаулық мәліметтер

5. Статистикалық жинақтар,есептік материалдар

Әдеби қайнар көздер авторлардың фамилиясы бойынша алфавиттік тәртіппен жазылуы керек, ал қалғандары-хронологиялық тәртіппен. Журналдарда жазылған статьяларды қолдану барысында авторды, статьяның атын, журналдың шығу мерзімін және атын,номерін,бетін кқрсету қажет. Мысалы:

Кітаптар.

1. Мельников В.Д.,Ильясов К.К. Финансы.- Алматы: К.К.200472 бет.

Журналдағы статьялар.

1. Кашин В.А. Ресейдің көзқарастарын қорғау үшін екі рет салық салуды болдырмаудың әдістері және олардың мәні. Қаржы-қаражат, 1997 №5,бет 11-13

Пайдаланған әдебиеттер тізімінен кейін қосымша орналасады.

Курстық жұмыс кафедраға белгіленген мерзілде өткізіледі.

 

2.9 Қосымша

Тақырыпты толық ашу үшін және жұмысты қолдануға қолайлы болу үшін көмекші сипаттағы қосымшаны қолдануға болады. Қосымшада мыналар болуы мүмкін: үлкен форматтағы кесте графикалық материал, суреттері, есептеулер,курстық жұмысты толықтыратын басқа да материалдар. Олар жұмыстың жалғасы ретінде келесі беттерінде жазылады және жұмыстың жалпы номерленуіне кіреді. Жұмыс мәтінінде міндетті түрде қосымшаға сілтеме болуы керек. Әрбір қосымшаны әрбір беттен «Қосымша» деп жазбаша әріппен жазылған сөзді көрсетумен жазады және оның белгіленуі келесідей: Мысалы: «Қосымша-1»

 

 

2. Курстық жұмыс тақырыптары

1. Қазақстандық банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму перспективасы

2. Пруденциалды нормативтер және олардың банктің іскерлігін реттеудегі рөлі

3. Банктің өтімділігін басқарудың мәселелері

4. ҚР-ң банктік жүйенің реформасының актуалды мәселелері

5. Банктің капитализациялау мәселелері және оларды шешу жолдары

6. ҚР-ы депозиттік нарықтың даму перспективасы мен мәселелері

7. Қазақстандағы қысқа мерзімді несиенің перспективалары мен қазіргі мәселелері

8. Несиелеу тәсілінің рейтингісі және оның банктің лимиттік саясатының формалаудағы рөлі

9. Банк ссудасының қайтарымын қамтамасыз етудегі шетелдік тәжірибе және оны ҚР-да қолдану мүмкіндігі

10. ҚР-ы екінші деңгейдегі банктердегі несиемен қамтамасыз ету формаларының перспективалары мен мәселелері

11. Несиелеу процесінде пайда болған мәселелер және оларды шешу жолдары

12. Қазақстандық банктерде маркетингтің ерекшелігі мен мәселелері

13. Қазақстанның банктерде CAMEL жүйесінің рейтингісі

14. Коммерциялық банктердің ресурстары

15. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары

16. Нарықтық экономика шарттарында ҚР-ң депозиттік саясаты

17. ҚР-дағы депозитті сақтандыру жүйесі

18. Коммерциялық банктің активті операциялары

19. Банктерде дәстүрлі емес операциялардың дамуы

20. ҚР-дағы қысқа мерзімдік несиелеу ұйымдары

21. Коммерциялық банктің инвестициялық операциялары

22. Коммерциялық банктің бағалы қағаздармен операциясы

23. ҚР-ы ұзақ мерзімді несиелеу жүйесінің дамуы

24. Ауылшаруашылық кәсіпкерлікті несиелеу ерекшелігі

25. Өнеркәсіпті несиелеу ерекшелігі

26. ҚР-ы қазіргі кезеңдегі консорционалдық несиелеу

27. Шағын және орта бизнестің дамуындағы банктің үлесі

28. Қазақстандағы ипотекалық несиенің үлгісі және оларды қолдану перспективалары

29. Несиелеу кезіндегі вексельдерді қолдану мәселелері мен перспективалары

30. ҚР-ы екінші деңгейдегі банктің лизингтік операцияларының даму перспективасы мен мәселелері

31. ҚР-ы банктеріндегі проблемалық несиелермен жұмыс істеу

32. Қаз-ы «карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары

33. Бағалы қағаздар нарығында банктер жұмыстарын даму мәселелері мен даму перспетивалары

34. ҚР-ның валюталық нарықтың даму перспективасы

35. ҚР-дағы экономикалық дамуына халықаралық несиенің рөлі

36. Интернет-банкинг: реттеудің дамуы мен мәселелері

37. Банктік технология және интернет: қызмет көрсету классификациясы және даму перспективасы

38. Тәуекелді басқару облысындағы банктік технология

39. Банктегі қазіргі кадрлық менеджменттің аспектісі

40. Банктік өнімдердің нарықта жетілдіруі және Қазақстандық банктердің қызмет көрсетуі

41. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты

42. Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары

43. Кепіл несиені қамтамасыз етудің негізгі формасы

44. Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты

45. Коммерциялық банктің лизингтік операциялары

46. Коммерциялық банктің факторингтік операциялары

47. Коммерциялық банктің трастық операциялары

48. ҚР-ы банкаралық есепайырысуды ұйымдастыру

49. ҚР-ы тұтынушылық несиенің даму перспективасы

50. Банк қызметінің түрлері және оның дамуы

51. ҚР-ның қазіргі кезеңдегі ақшалай-несиелік саясаты, оның мәні, мақсаты, іске асыру тәртібі

52. Банктің ссуда қарызгерлермен экономикалық және құқықтың негіздегі арақатынасы

53. Қарызгердің несиелік қабілеттілігі нарықтық қатынастар жағдайында несиені басқару негізі

54. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық іскерлігін несиелеу

55. Шағын және орта бизнесті несиелеу (мыс: кооперативтер, кіші кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

56. Қайтарымдылық негізде инвестицияны несиелендіру және қаржыландыру мәселелері

57. Мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру негізінде капиталды салу концентрацияларын банктің бақылауы және оны күшейту жолдары

58. Тұрғын –үй құрылысын несиелендіру мен қаржыландыру

59. Пайыздың ставканың деңгейі мен дисконтты баға теңгенің ішкі құнының сипаттамасы

60. ҚР-дағы төлемдік жүйесі және оның даму тенденциясы

61. ҚР-ның валюталық – несиелік қатынастардың халықаралық дамуы

62. ҚР-да валюталық есептесуді реттеу 63.Шетелдік валютамен келісім және валюталық айырбас тәуекелін басқару

63. ҚР-дағы халықаралық есептесу формаларының дамуы. Тауарлар мен қызметке халықаралық есептесу бойынша рәсімдеу операциялары

64. ҚР-ның валюталық-қор биржасы, және оның қызметі

65. ҚР-дағы валюталық-есептесу қатынастарының реттеу мәселелері

66. ҚР-дағы акционерлік банктің активтерін басқару мәселелері

67. Бағалы қағаздар нарығы –ҚР ның қаржылық нарықтың ажырамас бөлігі

68. Банкаралық есептесу ұйымдарының клирингтік палатасының рөлі

69. Банктің пассивтік операциялары

70. Коммерциялық банктің қызметін реттеудегі Ұлттық банктің рөлі

71. Екіншігі деңгейіндегі банктің есептесу, талдау және аудит қызметіъ

72. Банктік тәуекелді басқару

73. Несиелік тәуекелді басқару

74. Банктің маркетингтік қызметі

75. Банктің нарықтың мүмкіндігін талдау

76. Банк өнімділігінің стратегиясы

77. Коммерциялық банктердің стратегиялық жоспарлауы

78. Коммерциялық банк несиенің инвестициялық жобасы және талдауы

79. ҚР-дағы коммерциялық банктің инвестициялық саясаты

80. Валюталық тәуекелді басқару операциялары

81. Банк қызметін бағалаудағы өтімділік және төлем қабілеттілік

82. Бағалы қағаздар нарығының инфраструктурасы кастодиалдық қызметі

83. ҚР-сы банктік жүйенің іс-әрекеті

84. ҚР-ң Ұлттық банкі оның банктік жүйесіндегі орны мен рөлі

5.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары

 

1.ҚР банкті ашуға рұқсат және лизенция беруші ресми орган – ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі

2.Коммерциялық банктер қызметін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мазмұны

3. Қазақстандағы қысқа мерзімді несиенің перспективалары мен қазіргі мәселелері

4. Қазақстандық банктердегі маркетинг ерекшеліктері мен мәселелері

5. Коммерциялық банктердің ҚР Ұлттық банкпен өзара қарым-қатынасы

6. Қазақстанда депозиттік нарықтың дамуы

7. Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

8. Банктердегі қазіргі кезеңдік кадрлық менеджмент аспектілері

9. Банктің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі, еншілес (шет ел капиталының қатысумен) банктерді құру

10. Пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары

11. ҚР тұтынушылық несиенің мәселелері мен дамуы

12. Банктік технологиялар және интернет: қызметтер сыныптамасы және даму перспективалары

13. Кәзіргі жағдайда ҚР ҰБ ақша несие саясаты

14. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндттемелерін қамсыздандырудағы рөлі

15. Ипотекалық несиелеу үлгілері және оларды ҚР-да қолдану перспективалары

16. Қазақстандағы "карточкалық бизнесті" енгізу мәселелері мен перспективалары

17. Банк қызметін реттеу себептері

18. Акционерлік капитал туралы ұғым, оны басқарудың құқықтық негізі

19. ҚР банктеріндегі проблемалық несиелермен жұмыс

20. ҚР II деңгейлі банктеріндегі лизингтік операциялардың даму мәселелері мен перспективалары

21. Пруденциалдық номативтерді сақтауды тексеру және оны бұзушы банктерге қолданылатын шаралар

22. Депозиттік мультипликатор

23. Несиелеуді жүзеге асыруда вексельдерді пайдалану мәселелері мен перспективалары

24. ҚР - сы экономикасының дамуындағы халықаралық несиелер мәні.

5.2.Коллоквиумның сұрақтары

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 544; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.