Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997. 1 страница




Курс экономической теории. Под общ. ред. Проф. Чепурина М.Н., проф. Кисилевой Е.А. Киров, 1994, 2000.

Экономическая теория. Учебник для вузов. Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. СПб, 1997.

4. Есқалиев М.Д. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көз қарас. Алматы,2004

5. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті. 2000.

7. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300бет

8. Экономикалық теория С. Әкімбаев А.С., Баймұхамбетов Астана 2002 ж

Қосымша әдебиеттер:

1. Московский А.И. О предмете и методе современной экономической науки. Вестник московского университета. Серия 6, экономика,2002 №3,стр.21

2. Елемесов Р.Е. Предмет, теория и методология экономической науки. Вестник КазНУ №5, 2006г

3. Дүйсекова А.К. Экономикалық теорияның мектептеріндегі капитал теориясы туралы көзқарастар. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006ж.136 бет.

4. Хубиев К. Государственная собственность и условия ее эффективности. Экономист, 2003 г. №3, стр.45-57

5. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. Под ред. Е.Б.Жатканбаева. Алматы, 2001.

6. Накипова Г.Н. Предпринимательство: эволюция теория, практика. Вестник КазНУ №1, 2006 г.

7. Хамитов Е. Проблемы финансирования и кредитования малого бизнеса и их решение. Вестник КазНУ. №4, 2006г.стр.96.

8. Сәкібаева Қ.С. Компанияның бәсекелестік стратегияларын құру негіздемесі.ҚазҰУ Хабаршы №4, 2006ж, 87- бет.

9. Арзаева М.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру құралы ретінде. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006ж,

10. Ермекбаева А.К. Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау. ҚазҰУ Хабаршы № 4, 2006ж.,13-бет.

11. Абаева А.А. Концепция устойчивого социально-экономического развития национальной экономики. Вестник КазНУ, №4, 2006г.

12. Бимендиева Л.А., Жылжаксынова Ш.П. Экономикалық өсу- ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде. ҚазҰУ Хабаршы №6, 2004ж.

13. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004г,стр.77.

14. Мусаева Т. Меншікке салынатын салықтар туралы және оның экономикалық мәні. Экономика негіздері.№6,2005ж.

15. Салихова А.Р. Денежно-кредитная политика национального банка: регулирования и ограничение. Вестник КазНУ №5, 2006г.стр.28.

16. Альмерекова Н.А. Шетелдік валюталық-қаржылық ағыстар қозғалысы және оның конъюнктурасы.ҚазҰУ Хабаршы. №5,2006ж.

17. Экономика бойынша Нобель сыйлықтарының лауреаттары. Профессор Е.Б. Жатқанбаевтың редакциясы бойынша шығарылған оқу құралы. Алматы: 2008ж.

ДӘРІС КЕШЕНІ

1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері

Дәрістің мақсаты: Экономикалық теория ғылымымен, оның даму кезеңдерін түсіндіру, экономикалық теория пәні мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Негізгі сөздер: Экономика, Саяси экономия, экономикалық теория, Экономикалық заңдар, Экономикалық категория.

Иллюстрациялық материал: кесте, схема.

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп- физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.

Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-м аржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.

Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегенімізғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.

Экономикалық құбылыстарды талдау- зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу- бұлэкономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.

Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.

Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады.

Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

1. Абстракция

2. Индукция және дедукция.

3. Анализ, синтез.

4. Тарихи және логикалық.

5. Графикалық әдіс –кесте, диаграмма, схема.

6. Моделдеу.

3. Позитивті және нормативті экономика.

Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері.

2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық өндірістің құрылымы, типтерімен таныстыру және өндіріс факторларына талдау жасау.

Жоспар:

1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.

2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Негізгі сөздер: өндіріс, жұмыс күші, еңбек заты, мұқтаждықтар, өндіріс факторлары

Иллюстрациялық материал: слайд, кесте

1. Өндіріс, оның мәні және факторлары.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.

Еңбек заты- болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т.б.).

Еңбек құрал- саймандары – қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары - бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жекізетін құрылым және т.б. нәрселер.

Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.

Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.

Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.

Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.

Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.

Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.

Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.

Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.

Жеке тұтыну – бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну – қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.

Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.

Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

2. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

өндіріс факторлары ресурстары табыстары
жер табиғи рента
еңбек еңбек/жұмыс күші жалақы
капитал материалдық, қаржылық пайыз
кәсіпкерлік қабілеттілік   пайда

3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Қоғамдық өндіріс екі саладан тұрады: материалды және материалды емес.

Материалдық өндіріс саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық иігіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсеиту саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрчсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.).

Материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ матерниалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және т.б.

3 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.

Дәрістің мақсаты: Меншікті экономикалық катеория ретінде қарастыру. Меншіктің түрлері мен құқықтық мазмұнын қарастыру.

Жоспар:

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2. Меншік объектілері және субъектілері.

3. Меншіктің түрлері және олардың қызметтері.

4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Негізгі сөздер: меншік, меншік субъекті, меншік объекті, жекешелендіру

Иллюстрациялық материал: слаид, кесте, схема

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани иігіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік иелері үш типке бөлінеді:

1. Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін ғана меншік иесіне айналады.

2. Меншік иесі, заттаң тұтынушысы (иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.

3. Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз - белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.

«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.

Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1212; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.083 сек.