Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997. 7 страница




Қаржы жұйесінің құрылуыньщ принциптері ор түрлі болады.

Көп тараған принципке фискалдық федерализм жатады. Осы принцип Қазақстанда қаржы жүйесін қалыптастыруда қолданыла-ды. Бүның мәні — қаржы жүйесінің жеке буындарының қызметтерін анықтап айыру, кім қандай қызмет атқаруына шек кою. Демек, мемлекет түтас үлтқа кдтынасы бар қорганысқа, ғарышқа, мемлекетгің сыртқы байланыстарына шығьшдарды белгілеуде толық тәуелсіз болады. Үкіметтің жергілікті органдары мектептерді, қоғамдық төртіп сақтауды және т.б. қаржыландырады.

Жергілікті бюджеттер өздерінің табыстарымен және шығында-рымен, мемлекеттік бюджетке кірмейді. Мысалы, АҚШ-та феде-ралдық бюджетгің табыс жағын көбінесе тікелей салықтар (45%), жұмыскерлер және жұмыс берушілер төлейін салықтар және жар-налар (35%), акционерлік компаниялар пайдасына салынатын са-лықтар (10%) құрады. Жанама салықтардың үлесі көп емес: ак-циздер — шамамен — 5%, баж салықтары — 1,5—2%, Штаттардың бюджеттерінің табыстары көбінесе жанама салықтардан тұрады, ал жергілікті бюджет табыстарының қайнар көзіне неше түрлі жергілікті салықтар жатады. Қазақстанның өтпелі экономикасында осыған үқсас құрылым қалыптасып келеді.

Сонымен, қаржылар акшалай құралдар қорының қалыптасу, болу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.

Ақша қорларының жасалып пайдалануына болу қатынастары әсер етеді. Осы жағдай қаржылық бақылаудың объективтік түрде қажеттігін талап етеді. Құндық, қаржылык көрсеткіштердің қалыптасуына және пайдаланылуына бақылау жүргізу кәсіпорындар мен үйымдардың өндірістік, жабдықтау және откізу іс-әрекеттерінің әр түрлі жақтарын қамтиды. Сондықтан, қаржылык бақылауды экономикалық бақылаудан ажырату оңай болмайды, ойткені қар-жы операциялары кәсіпорындары мен үйымдардың экономикалық қызметтерінде көрсетіледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында құқықтық мемлекетге қар-жы — экономикалық бақылаудың қажеттігі өте зор болады. Бақылауды мемлекет үкіметтің ең жоғарғы органдарының тарапынан жүргізуге тиісті. Бүл жағдайдың маңызы осіресе бүгін оте жоғары болып отыр, өйткені Қазақстанда бюджеттік тапшылық сөзылып кетті. Бүндай бақылау осы күнге дейін оқтын-оқтын ғана, кобінесе бюджет жобасы жоне оның орындалуы туралы есеп бергенде жүргізілетін.

Бюджетгің табыс бөлігіне бақылауды қаржы, салық, кеден және басқа органдар жүргізеді — Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының кіріс министрлігі, т.т.с.

Меншіктің акционерлік нысандарының дамуы тоуелсіз сыртқы қаржылық бакылаудың біздің ел үшін жаңа институтын — аудитті дүниеге әкелді. Аудиторлық фирмалар жүйесі каржылық бақылау-дың ақиқат экономикалық принциптерін қолдануға жол ашты.

Мемлекеттік бюджет - елдің негізі қаржы құжаты, онда заң жүзінде бекітілген және нақты мерзімге шығындар мен кірістер көрсетілген. Бұл орталықтандырылған ірі ақша қоры, шығындарды бөлу арқылы мемлекет өз қызметін іске асырады.

Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

15 тақырып. Экономикалық өсу

Дәріс мақсаты: Экономикалық өсу теориясына түсінік. Экономикалық өсудің бағыттары мен үлгілерін түсіндіру.

Жоспары:

1. Экономикалық өсу және оның өлшемдері.

2. Экономикалық өсудің түрлері және жағдайлары.

3. Экономикалық өсудің үлгілері.

Негізгі сөздер: Экстенсивті өсу, интенсивті өсу, экономикалық өсудің жаңа классикалық моделі

Иллюстрациялық матер иал: кесте, слаид, электронды оқулық

1. Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық өсу категориясында экономикалық теорияда үлкен мән беріледі.

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды.

Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін:

- Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады.

- Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.

- Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.

- Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, сонымен қатар қоғам өз ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.

2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

- Неокейнстік;

- Неоклассикалық;

- Тарихи-әлеуметтік.

Экономикалық өсу ресурс шектеулігінің ахуалын жеңілдетеді. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің көрсеткіштері жалпы және жеке болып 2 топқа бөлінеді: жалпыға жататындар: ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ, жеке факторларға: еңбек өнімділігі және өндіріс тиімділігі.

Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері:

- нақты ЖҰӨ-нің артуы;

- ЖҰӨ көлемінің халықтың жан басына шаққандағы өсуі.

2. Қоғамдық өндірістің дамуы мен кеңеюі 2 типімен іске асырылады.: экстенсивті және интенсивті.

Экономикалық өсудің экстенсивті типінде өндіріс кешенінің өсуі сандық факторлар есебінен іске асырылады, а.а қосымшм ресурстарды тарту есебінен.

Экономикалық өсудің интенсивті типінде өндіріс кешенінің өсуі тиімді еңбек құралдарын пайдалану есебінен, жетілген технология, өндірісті ұйымдастыру есебінен іске асырылады.

Экономикада экономикалық өсудің аралас (интенсивті + экстенсивті(формасы да болады.

Экономикалық өсудің факторлары (жағдайлары) келесі:

1) Ұсыныс факторлары - өндіріс кешенінің физикалық өсуіне мүмкіндік береді: табиғи ресурстар мен қамтамасыз етілу, ресурстар дамуы, негізгі капитал көлемі, технология.

2) Сұраныс факторлары – тұрғындардың жиынтық шығынарының деңгейінің өсуі, яғни өнімге сұраныс дамыған жағдайда.

3) Сұраныс пен ұсыныс факторларының үйлеіділігі(арақатынасы).

3. Экономикалық өсу үлгілері.

1. Харрод –Домар жаңа классикалық моделі:

Капитал - экономикалық өсудің жалғыз факторы.

G = S:C мұнда: G – экономикалық өсу қарқыны,

S – ұлттық табыстағы ақша.

К (капитал)

С ═ ────────────

Q (өнім шығару)

Кейнсиандық модель:

2. S = I (жинақ ақша = инвестициялар) - бұл экономикалық өсудің шарты.

а) егер. S > I болса, онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі;

б) егер S < I болса, онда инфляция өседі.

3.Кобб – Дуглас моделі – экономикалық өсу еңбек өңімділігі (L) мен капиталдың (К) жоғары деңгейінде мүмкін болады.

Y = F (L, K) - өндірістік функция,

мұнда Y - өндірілген өнім көлемі;

L- еңбектің жиынтық шығындары;

K – жұмсалған капитал.

 


ӨЖ –ты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

 

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

3. Проблемалардың шешімін табу.

4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

СӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.

Студент берілген сұрақтарды бөлек дәптерге жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін жазу керек. Ақпарат көздері оқулықтар, газет, журнал мақалалары болуы керек және сол көрсетілген деректерге студенттің көз қарасы, пікірі көрсетілуі тиіс. Сонымен қоса, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалыну керек.

· Жобаны қорғау. Бұл топтық жұмыс, әр топта 5-7 студент.

· Жоба тақырыбы бойынша мәліметтер жинау (көлемі 50 бет), қысқаша баяндама (көлемі 5 бет) және презентация әзірлеу.

· мәліметтер және талдау соңғы үш жылға

· қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау

 

ӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  ӨЖ №1. 1. Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері. 2. ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері 3. Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары   4 апта   Реферат, эсс, глоссарии құру, Красворд шешу  
  ӨЖ №2 1.Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы 2. Қазақстандағы нарық түрлерінің біріне экономикалық тұрғыда талдау жасау, мысалы қаржы нарығы, еңбек нарығы. 3.Нарықтың тепе теңдігі, оның теңсіздікке ұшырауының себептері. Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі.   7 апта   Реферат, эссе, тақырып бойынша слайд жасау  
  ӨЖ №3 1. ҚР шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, мемлекетік қолдаудың бағыттары 2. Шекті өнімділіктің кему заңы. Капитал және инвестиция теориясы 3. Трансакциялық шығындардың түрлері және фирма теориясы.   11 апта Реферат, Презентация   Эссе   глоссарии
  ӨЖ №4 1. ҚР еңбек және қаржы нарықтарының жағдайына сандық және сапалық талдау жүргізу 2. ҚР-дағы инфляция және жұмыссыздықтың көрсеткіштері, оларды төмендетудің жолдары 3. Мемлекеттің қызметтері, мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажетті. 4. ҚР 2008-2009 жж. макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, оларға әсер етуші негізгі факторлар   14 апта Презентация   Вариант бойынша бақылау тапсырмалары    
  Барлығы      

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

6. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

7. Жаңа білімді белсене қабылдау.

8. Проблемалардың шешімін табуға.

9. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.

10. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.


Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №1

Жұмыстың мақсаты: Экономикалық теорияның бастапқы және қазіргі кезеңдегі даму үдерістерін теориялық тәжірибелік тұрғысында талдау. Экономикалық теорияда меншіктің құқықтық және экономикалық мазмұнының өзара байланысын теориялық тәжірибелік тұрғысында талдап көрсете білу.

Тапсырма: 1. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграммалар тәсілімен бекіту.

2. Студенттің өзіндік пікірі, ой түйіні, тұжырымдары, ұсыныстары бойынша экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама бере отырып, эссе дайындау.

3. Экономиканың қазақстандық моделіне ой-тұжырым жасау.

4. Берілген тақырыптар бойынша түйінді сөздер (глоссари) құру

Бақылау формасы: красворд құрып, оны шешу.

Қолданылатын әдебиеттер :

1. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Қазақ Университеті, 1988.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 929; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.073 сек.