Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тема 1: основи організації бухгалтерського обліку, контролю та аналізу 2 страница




Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

2.. Жалақының мәні және оның формалары.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші- тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар- сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады.Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.

1.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.

Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегенміз –тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, еңбек және адам қолымен өндірілген материалдық ресурстар.

Табиғи ресурстар – бұл тауарлар мен игі қызметтердің өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т.б. жатады.

Еңбек ресурстары – еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі.

Материалдық ресурстар - өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.

 

2.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

1.Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.

Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.

Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.

Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.

2. Ренталық қатынас теориясы. Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады

Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.

- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.

Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.

Жерді иемдену (иелік ету) - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын мойын-дау. Негізінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тэртіпке сай жерді пай-далану. Жерді пайдаланушының жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сэйкес емес.

Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.

Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:

Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %

Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланбай-тын жерлерге деген сүраныстың өсе түсуімен де түсіндіріледі. Жерге сүраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, эсіресе гиперинфляциямен байланысты, бүл тиісінше жер бағасының өсуін жеделдетеді.

Жер рентасына байланысты ренталық қатынастар туындайды, ол: біріншіден, қоғам мен жер иелерінің, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жерді пайдалану жөніндегі қатынастар; екіншіден, жер иелері мен жерді жалға алушылар арасындағы өндіріс жэне жер рентасын бөлу жөніндегі қатынастар; үшіншіден, жер иелері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жер өнімдерінің бөтенсуі жөніндегі қатынастар.

Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер:

- жер рентасының нақты сандық анықталуы;

- жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;

- жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;

- жер учаскелеріне бағаны анықтаудың эдістемесін негіздеу.

1.Капиталдың қорлануы. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік. .Капиталдың қорлануы. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Қазір әрекет ететін капитал-бұл айналмалы қордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы. Негізгі және айналмалы қорлардың қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:

1)Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.

2)Сыйымдылық (қор сыйымдылығы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіні қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік қорлардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады. Фо=27 мың теңге/ 600 мың теңге=1,544

 

2.Жер рентасының формалары.

Жерді иемдену (иелік ету)- жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер учаскесіне құқығын мойындау. Көпшілігінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемділігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тәртіпке сай жерді пайдалану. Жерді пайдаланушы жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сәйкес емес.

Жер рентасының орын алуының шартты жағдайы өндірістің маңызды факторы жерге деген ұсыныстың шектеулі болуы. Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі.

Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті жер рентасы.

Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат алады, ол сатып алынады және сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:

Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %

Жер бағасын осылайша анықтау бұл теориялық тұрғыдан. Практикада жер бағасы, жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатын көздемейтін жерлерге деген сұраныстың барған сайын өсуімен де түсіндіріледі. Жерге сұраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, әсіресе гиперинфляциямен байланысты, бұл тиісінше жер бағасының өсуіне әкеледі.

1.Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.

Рынок - өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.

Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.

Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.

“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”, - А. Маршалл (Принципы политэкономии. М:1984).

Рыноктың атқаратын қызметтері:

1. Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

2. Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.

3. Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.

2.Өндіріс және ұдайы өндіріс. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Ал игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар.

Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті. Адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементі.

Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Өйткені бұнда адамдар бір- бірімен бірлесе, яғни бір- бірінсіз жұмыс істей алмайды.

Өндіріс процессінде көбіне 4 стадия болады.

2 Бөліп- тарату

3 Айырбас

4 Тұтыну

Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.

Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.

Оның өзі екіге бөлінеді:

 

  Ұдайы өндіріс

 

Жай Өндірістің бірқалыпты өзгеріссіз қайталануы   Ұлғаймалы Ұдайы өндірістің өсіп ұлғайып қайталанып отыруы

 

Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.

 

 

1.Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.

Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.

Қазіргі кезде өркениетті рыноктық қатынастарды қамтамасыз ететін жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:

1.Рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің қалыптасқан жағдайларын дамыту. Оның ішінде:

-әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуін жетілдіру (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік, т.б.).

-мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру. Рыноктың кемшіліктерін мемлекет қызметтерін жүзеге асыру арқылы толтыруға болады. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесінің өзі демократиялық қағидаларға сай құрылуы тиіс.

-рыноктық инфрақұрылымды дамыту. Ол негізгі үш рыноктың қызмет ету дәрежесіне байланысты: 1) Тауарлар мен қызметтердің рыногы. 2) Өндіріс факторларының рыногы. 3) Қаржы рыногы.

2. Құқықтық заң актілерін қабылдау шаруашылық жүргізуді рыноктың жаңа әдістеріне сай жетілдіру. Яғни: 1) Әртүрлі меншік нысандарын иелену, пайдалану және шаруашылық жүргізуді рационалды етудің нақты шараларын енгізу. Меншік құқықтарын сақтау және заңдастыру. 2) Экономикадағы басымды салаларды жаңарту, қолдау көрсету, қайта өңдейтін салалардың дамуын ынталандыратын кешенді механизмдерді іске қосу. 3) Отандық кәсіпорындардың шетел инвестицияларын тарту мүмкіншіліктерін ұлғайту. Аралас кәсіпорындардың құрылуына мемлекеттік қолдау жасау.

Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады.

Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа жатады:

-тұтыну тауарларының рыногы (азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары).

-қызметтер рыногы (тұмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет).

-тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыногы.

Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 866; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.073 сек.