Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тема 1: основи організації бухгалтерського обліку, контролю та аналізу 3 страница




- жылжымайтын мүліктер рыногы.

- еңбек құралдарының рыногы.

- шикізаттар мен материалдар рыногы.

- энергетикалық ресурстар рыногы.

- пайдалы қазбалар рыногы.

Қаржы рыногы. Оған жатады:

- капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок.

- несие рыногы.

- бағалы қағаздар рыногы.

- валюта-ақша рыногы.

Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары).

Еңбек рыногы.

Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).

2.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі:

І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады.

ІІ кезеңде фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер... болса, онда... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.

. Ұлттық есептеу жүйесі

Макроэк/қ көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.

Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі -өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі.

2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX

Мұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа;

P – пайда

R – рента

I – пайыз

T- салықтар

A – амортизациялық аударымдар

1.Рыноктық жүйе және оның элементтері. Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

 

2.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері

Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәт/е жалпы сипаттама беру үшін макроэк/қ көрсеткіштер қолданылады. Халық шаруашылығын сипаттайтын макроэк/қ көрсеткіштер: ұлттық байлық, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі, жұмыспен қамтылу деңгейі.

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік(негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.

ЖІӨ - елдің аумағында орналасқан барлық отандық ж/е шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтердің ақшалай сомасы.

ЖҰӨ -тек осы мемлекеттің аумағындаорналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мем/де қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім

ТҰӨ - жанама салық = Ұлттық табыс

Жеке табыс= әлеуметтік сақтандыру жарнасы– корпорациялар табысына салық – корпорациялар пайдасын қайта бөлу – транспорт төлемдері +дивиденттер + алынған пайыздар

Қолдағы табыс =жеке табыс-жеке табыс салығы

М, Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивидент алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды.

Осы көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.

Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі -өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі.

2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX

Мұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа;

P – пайда

R – рента

I – пайыз

T- салықтар

A – амортизациялық аударымдар

1.Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.

Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) - өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.

Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші (типке) тұрпатқа өзгереді.

Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық, тәртіптілік, тұрақтылық, орнықтылық, өзгергіштік, қозғалғыштық, қарама-қайшылық.

Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:

1) Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:

- дәстүрлі экономикалық жүйе.

-орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).

- рыноктық экономикалық жүйе.

- аралас экономикалық жүйе.

2) Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:

-дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.

-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам).

- аралас - бірінші және екінші типтің элементтерінен құралады.

3) Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:

- жабық экономикалық жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырады (натуралды шаруашылық).

-ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстарын үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық шаруашылық).

Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады:

1.Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).

2. Рыноктық экономикалық жүйе.

3. Аралас экономикалық жүйе.

 

2.Рыноктық инфрақұрылым.

Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы.

Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.

Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.

Жәрмеңке- белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен симпозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аукцион - рынокта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсат болып табылады.

Мәжбүрлі аукцион- қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.

Биржа- сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

1.Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық мазмұны.

Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады. Меншік субъектісі ретінде – мемлекеті, ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға болады.

Меншік объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары жатады.

 

2.Ұлттық байлық және оның құрылымы

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік(негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖҰӨ -ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.

Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.

Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

ЖІӨ -ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ -ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.

Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.

ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.

1.Меншік құқығының экономикалық теориясы.

Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып табылады. Жеке меншік дегеніміз - белгілі бір мүлікке жеке адамның иелік етуін айтамыз.

«Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.

Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

 

2.Жұмыссыздық және оның түрлері.

Жұмыссыздық- еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 409; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.