Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Консультационные часы 5 страница




Модуль, кеңес, баяндама жазу тапсырмалары, нәтижелері мен орындау мерзімі

Бір модульдік тапсырманы орындау үшін 2 немесе 3 студенттер бірлесіп орындай алады. Студенттерге кеңес беру сабақтары белгіленген кестеге сай орындалады. Кеңес беру сабақтары студенттерге міндетті болып табылады. Қорытынды есеп беру және тапсырманы қорғау (бағалау) 7 аптада жүзеге асырылады.

Вид деятельности студента Тапсырма Орындау үлгісі Орындау мерзімі Сағат саны
Тема: Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік (екі таңдап алынған кезең бойынша салыстырмалы сараптама жасау)
  Модуль бойынша тапсырма Ғылыми және әдеби шығармаларға шолу жасау, базалық пәндер бойынша өз білімдерімен танымдық ойларын қолдана алу (Қазақстан тарихы, әлеуметтану, құқық негіздері, қазақ тілі). Ғылыми мақала Ғылыми мақаланы қорғау. Аннотация жазу орыс тілде баст.топтар 200 сөз Жалғастырушы топ. -300 сөз – 7апта  
  Оқу пәні бойынша кеңес беру Студенттердің модуль бойынша жеке және академиялық сұрақтары Кеңес беру 1 - 7 апта – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілдері, әлеуметтану, құқық негіздері  

Модуль тапсырмаларын орындау бойынша талаптары бойынша тапсырмаларжазбаша түрде 4-5 А4 беттік көлемде, 14 шриф, интервал 1., жазылуы тиіс. Жазылған жұмыстар өз тілінде қорғалады қазақ/орыс немесе ағылшын тілінде.


Пән бойынша еуропалық кредит

(Сынақ бірліктерін еуропалық жүйеге ауыстыру)

2014-2015 жж кредит бойынша SNIFS жоспары Сағат көлеміндегі оқу жүкметесі KZ кредиттер ECTS
Қазқстан тарихы      
Қазақ және орыс тілдері      
Әлеуметтану      
Құқық негіздері      
Дене шынықтыру      

Байланыс сағаттары:

Қазақстан тарихы - 56 сағат

Қазақ/Орыс тілдері – 45 сағат

Әлеуметтану – 30 сағат

Құқық негіздері – 30 сағат

Дене шынықтыру – 60 сағат

Тапсырмалар (мақсаты)

«Заманауи Қазақстанның бастауы» атты модульді оқыған кезде студент алған білімдерін жүйелеуі, базалық әлеуметтанулық категорияларды анықтауы, әлеуметтануда жалпыны және жекені талдауы, логикалық тұрғыдан ойлауы, дәлелдемелер арқылы ғылыми пікірталастар жасауы, негізгі дереккөздермен жұмыс жасай алуы, нәтижелерін шығара алуы керек.

 

Білім берудің жеке нәтижелері

 

«Заманауи Қазақстанның бастауы» модулін оқытып болғаннан кейін студент бакалавриат деңгейіндегі білімдерді меңгереді және түсініктерін көрсете алады.

Өңдеген кезде идеяларды пайдалана, соның ішінде зерттелетін контекстің көлемінде, сондай-ақ, едәуір ауқымды көлемдегі (пәнаралық) сол салаға байланысты контекстердегі проблемаларды шешуге қабілетті түпкілігін көрсетеді. Нәтижелерді шығаруда нақты және қарама-қарсы болмайды. Иеленген жеке машықтар оларға өз бетінше оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Заманауи Қазақстанның бастауы атты модульді аяқтаған соң, студент ғылыми-оқу мәтінін құруда біліктілікке және машыққа ие болады.

 

Емтихандар, қайта тапсыру, есептер, презентациялар мен (шектеулі) аралық баға (білу және меңгеру нәтижесіндегі баға = үрдіс және қорытынды бағалау = қол жеткізген оқу нәтижесі)

«Заманауи Қазақстанның бастауы» модулі бойынша студенттер 7-ші аптада емтихан алдында ғылыми мақалаларын қорғауға ұсынады.

«Заманауи Қазақстанның бастауы. XV-XXI ғғ. Қазақ зиялыларының рухани және адамгершілік-этикалық мұрасы» модулі бойынша емтихан жазбаша түрде өткізіледі.

Модуль бойынша қорытынды емтихан «Қазақ немесе орыс тілдері» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша театрландырылған қойылым.

Студенттің міндетті қызметіне шолу

Модульді оқу барысында студент:

Сабақтың барлық түріне, оның ішінде, дәрістерге, семинарларға, практикалық сабақтарға, өндірістік практикаларға (саяхаттарға), лабораториялық семинарлар мен СОӨЖ-дің кеңес берулеріне, ҚазГЗУ-дегі іс-шараларға қатысуға;

Сабақтың барлық түрі бойынша өз бетінше жұмыстарды орындаудан, есеп жазудан және оларды сабақтар мен оқу үдерісі кестесіне сәйкес тапсырудан құралатын модуль бойынша барлық жұмыс түрін орындауға міндетті.

Модульдің пререквизиттері:

Пәнді оқуды меңгеруде тарих, география, қоғам және адам мектеп бағдарламасындағы қазақ/орыс тілдері бойынша білімі болуы қажет. Қазақстан тарихын оқу тарихи үдерістерді анықтауға, әлемдік тарихта өз орнын табуға мүмкіндік береді. Өз тарихын білмей, Қазақстан Республикасының азаматы болуы мүмкін емес. «Қазақстанның әлеуметтік әлемі» модулінің аясындағы «Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі» тақырыбының мазмұны даярлық мектебі студенттерінің коммуникативтік құзыретін дамытуға көмектеседі. «Әлеуметтану: қазақстан қоғамының әлеуметтік аспектілері» модулін меңгеру қоғамдағы әлеуметтік үрдістерді анықтауға және қоғамда өз орнын анықтауға мүмкіндік береді.

БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

 

Бақылау түрлері Бақылау формасы Балдары Жұмыс саны
  Ағымдық (АғБ) Семинар/тәжірибелік сабақтарына тапсырмалар 1-100 (24%) 1 кредит - 2 2 кредит - 4 3 кредит - 6 4 кредит - 8 6 кредит - 12
  Аралық (АрБ) Аудиториялық бақылау (4 және 8 апталар) 1-100 (16%)  
Модуль бойынша бақылау Модульдік тапсырма (8- апта) 1-100 (20%)  
Қорытынды (ҚҚ) Емтихан 1-100 (40%)  
Қорытынды баға   100%  

 

Аралық бақылау 4 және 8-аптада кеңес сағаттарын жүргізетін оқытушылардың өткізетін аудиториялық бақылау тапсырмаларының негізінде көрсетіледі. Ағымдық және аралық бақылаулардың қорытындысы бойынша 4 және 8-аптада студенттердің рейтингісі қорытындыланады, Аралық бақылауды өткізу міндетті. Аралық бақылау өткізілмесе рейтинг шығарылмайды.

Р1 / 2 = АғБ*0,6 + АрБ* 0,4 = 100%

Емтиханға рейтингтен 50%-дан жоғары балл алған және модульдік тапсырманы 50%-дан жоғары балл жинаған студент жіберіледі.

Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі. Емтихан материалына осы курс бойынша оқытылған барлық материал енгізіледі, атап айтқанда: дәріс, семинар/тәжірибе/зертхана сабақ материалдары.

 

Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері

Қорытынды бақылау және модульде көрсетілген жұмыстардың барлық түрін орындау бойынша оң баға модуль бойынша кредиттер алу үшін шарт болып есептеледі.

Егер модуль бірнеше пәннен құралатын болса, осы компоненттер бойынша барлық талаптарды орындау модуль бойынша кредиттер алудың шарты болып есептеледі.

Егер модуль бір пәннен тұратын болса, осы пән бойынша қорытынды бақылау нәтижесі модуль бойынша қорытынды баға болып есептеледі. Қорытынды бағаға пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген жұмыс түрлері (практикалық, зертханалық, есеп-графикалық, курстық) бойынша бағалар кіреді.

Егер модуль бірнеше компоненттерден тұратын болса, емтихан негізгі компонент бойынша өткізіледі, реферат, эссе, жоба немесе курстық жұмыс басқа компоненттердің қорытынды бақылау формасы болып табылады.

Модуль пәндері бойынша рейтинг нәтижелері қорытынды бақылауға рұқсат ретінде есептеледі.

Модульдің құрамдас компоненттерінің бірінен қанағаттанарлықсыз баға (50% төмен) алған жағдайда модуль бойынша кредиттер есептелмейді.

1 кредит бойынша тест тапсырмаларының көлемі – 100 сұрақ, 2 кредит – 200 сұрақ, 3 кредит – 300 сұрақ және т.с.с.

Білім алушы бағдарламалық материалды толық игеріп, қандай да бір қателік жібермесе, бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын уақытылы және дұрыс орындаса, оған қоса өз бетінше пайымдау жасап, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқып-үйрену бойынша қосымша ғылыми әдебиетті пайдаланса, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелей алса, «өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) қойылады.

Білім алушы бағдарламалық материалды 75 % төмен игермей, жауабында күрделі қателік жібермесе, бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын уақытылы және айтарлықтай ескертусіз орындаса, оқытушының ұсынуымен қосымша әдебиетті пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, ішінара қателіктерге жол беріп, оларды өзі түзей алса, оқытушы көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей алса, «жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) қойылады.

Білім алушы бағдарламалық материалды 50 % төмен игермей, бақылау және зертханалық тапсырмаларын тапсыру кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиум тапсыру кезінде күрделі емес қателіктер жіберіп, белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиетін ғана пайдаланса, бағдарламалық материалды жүйелеуде қиындықтарға кездессе, «қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С –;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) қойылады.

Студент бағдарламада көрсетілген негізгі материалды нашар игерген болса, материалдың жартысын білмейтін болса, жауап беру кезінде күрделі қателіктер жіберсе, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерінде көрсетілген жекелеген тапсырмаларды орындамаса, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетке шолу жасамаған болса, «қанағаттанарлықсыз» бағасы (F; 0; 0-49%) қойылады.

 

АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗУ РӘСІМІ

Студент бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда екінші жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға бере алады.

Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестация) апелляция жасалатын пәнге кәсібі бойынша біліктілігі сай келетін оқытушылардан ректор бұйрығымен комиссия құрылады.

Студенттің өтініші берілген күннен бастап екі күн ішінде студент және емтихан қабылдайтын оқытушының қатысуымен апелляция комиссиясында қаралады.

Апелляция нәтижесі оның шешімі негізінде хаттамаға рәсімделеді, студентке негізгі емтихан ведомостына қосымша ретінде жеке емтихан ведомосты жасалады.

Студент (ауызша немесе жазбаша) апелляция нәтижесімен танысуы керек.

Апелляцияға берілмеген пән бағасы өзгертілмейді.

 

Бағалау түрі:

Бағалау өлшемдері

 

Аттестациялық әріптік баға Баллдардың сандық баламасы Оқу пәнін игеру дәрежесінің пайыздық мазмұны Дәстүрлік жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 % Өте жақсы
А- 3,67 90-94 %
В+ 3,33 85-89 %   Жақсы
В 3,0 80-84 %
В- 2,67 75-79 %
С+ 2,33 70-74 %     Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 %
С- 1,67 60-64 %
Д+ 1,33 55-59 %
Д 1,0 50-54 %
F   0-49 % Қанағаттанарлық сыз

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 398; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.