Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БЕКІТЕМІН 11 страница




Бюджет-мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге аарналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі дегеніміз- бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сандой-ақ бюджеттік процестерімен қатынастардың жиынтығы. Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

1) бірлік принципі-Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуының, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толық принципі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойывнша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

3) реилистік принципі- бекітілген бюджет көрсеткішінің орта мерзімді фискалды саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономиккалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспарренттілік принципі-мемлекеттік ненесе заңмен мқорғалатын өзгеде құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі-бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

6) тиімділік және нәтижелік приципі- бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджетқаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып, ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

7) басымдық принципі-бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкршілік принципі- бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жуапқа тарту;

9) бюджеттердің дербестік принципі- түрлі деңгейдегі бюджеттер арсында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол бермейтінділігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

Салық құқығы.Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттаболатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

 

13-дәріс. ҚР Еңбек құқығы.

1.Еңбек құқығы туралы түсінік, әдісі.

2.Еңбек құқығының қайнар көздері.

3.Еңбек шарты

4.Еңбек қорғау,еңбек даулары

5.Әлеуметтік қамсыздандыру

 

Еңбек құқығы – жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын жеке еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы.

Еңбек қатынастары Еңбек туралы кодекспен реттеледі.

Еңбек құқығының ең басты қайнар көзі – 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі болып табылады.

ҚР Еңбек туралы Заңына сәйкес: Заңдар, заң күші бар жарлықтар, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары, ҚР Конституциялық кеңесі мен жоғарғы сот нормативтік қаулыларынан, Министірліктер мен ведомоствалардың нормативтік құқықтың актілерінен.

Азаматтардың еңбек қабілеттілігі 16 жастан басталады, ата-ана келісімімен 15 жастан, жеке еңбек шартына тиісті 14 жастан болуы мүмкін.

Еңбек шартының 3 түрі:

1. Жұмысқа жалдану шарты (кәсіпкер, ұйымдар және қызметкер арасында)

2. Біріккен еңбек қызметі туралы шарты (шаруашылық серіктестігі мен акционерлік қоғамда жасалады)

3. Жалдау туралы контракт (кәсіпорын басшысымен жасалады)

Жеке еңбек шарты 2 дана, жазбаша нысанда жасалады.

Еңбек туралы заңының 10 бойына сай: белгісіз мерзімге, белгілі бір мерзімге, белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.

Жұмысқа 2-4 айға қабылдау уақытша қызметкер боп саналады, 6 айда жұмыс ж/дар маусымдық қызмет деп аталады.

Өтініш берген күнінен 1 ай, ішінде әкімшілік келісім – шартты бұзуға тиіс. Уақытша маусымдық қызметкердің еркімен жұмыстан босату мерзімі – 3 күн. Жұмыстан босағаннан кейін 3 ай үзілістен аспаса, үздіксіз еңбек стажы сақталады.

Жұмыс уақыты:

- бірқалыпты ұзақтығы – 40 сағ, 5 күндік аптада 2 демалыс күні

- қысқартылған жұмыс, 16-18 ж.

- қысқартылған жұмыс – 24 сағ, 14-16 ж.

- зиянды жұмыс – 36 сағ.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің ерекшелігі еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді.

Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.

Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар,жүкті әйелдер мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберлілмейді.

Демалыс уақыты.

Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерлерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағат тан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкерлер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.

Демалыс күндерінде жұмысқа тарту.Демалыс күндерінде жұмысқа тартуғамынадай жағдайларда:

1.төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2.жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3.тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез,орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орыны мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі.

Еңбек демалысынан шақырып алу.Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушінің ұсынысы бойынша және қызметкерлердің келісімімен үзілуі мүмкін.

Жалақы сақталмайтын демалыстар. Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Жүктілігі және босануы бойынша демалыс.

Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты күнтізбелік күнге демалыс беріледі.

Оқу демалысы.Білім беру ұйымында оқитынқызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін.

Жалақы және еңбекті номалау

Жалақы дегеніміз – еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйақы. Жұмыс беруші Еңбек кодексі, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. Жалақының мөлшері. Жалақының мөлшері жұмыс дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Жеке еңбек шартын тоқтату мерзімі бітуіне қарай немесе мерзімінен бұрын тоқтату ж.е.ш. тараптардың еркіне байланысты емес (25 бап-1)

1. әскери қызметке шақырғанда құжатын көрсеткенде, сот үкімі заң күшіне енгенде, қызметкер қайтыс болғанда, сот азаматты әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп таныса (30 б).

Жұмыс беруші бастамасы бойынша: Ұйым тартылғанда, қызметі тоқтағанда, қызметкер саны немесе штаты қысқарғанда, жеткілікті білімін көрсете алмаса, денсаулығы сәйкес келмесе, жүктілігі немесе бала тууы уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығынан, жұмысқа 2 айдан астам уақыт келмесе, қызметкер ұйымымен басқа жерге ауысудан бас тартқанда, еңбек міндеттерін себепсіз орындамаса, заңмен қорғалатын құпия міндеттерді жариялап қойса, бұрын осы жұмысты орындаған қызметкер сот шешімімен жұмысқа қайта алынса.

Еңбек нормалары. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормалары енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді.

 

14-дәріс. ҚР экология және жер құқығы.

1.Экология құқығы ұғымы

2.Қоршаған орта туралы заңдар

3.Э.қ. объектілері.

4. Жер құқығы түсінігі, қайнар көздері

5. Жерге меншік. Жер санаттары.

Экология құқығы – қоғам мен табиғат аясындағы қарым –қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық саласы. «Экология»- «Жер» туралы ғылым.

Табиғат - өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты үш қызметтерді атқарады.

1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.

2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі.

3. Адам жан дүниесінің қалыптасуына әсер етеді.

Экология құқығы – құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Құқықтық ғылым саласы ретінде экология құқығы көптеген ғылыми теориялардан, көзқарастардан, тұжырымдамалардан тұрады. Олардың негізгі мақсаты ғылыми тұрғыдан экология құқығын қалыптасуының себептерін анықтау күрделі теориялық мәселелерін шешу, қолданыстағы экологиялық заңдарын жетілдеру жолдарын көрсету.

Экология құқығының әдістері дегеніміз – экологиялық құқықтық қатынастарды реттеуге қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Экология құқығында императивтік және диспозитивтік әдістер қолданады. Императивтік бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді.

Мемлекет табиғи байлықтарды меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларға өз билігін көрсете алады: қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілікке тарту; табиғи ресурстарды пайдалануға беру; оларды мемлекеттік мұқтаждары үшін қайтарып алу.

Диспозитивтік әдістер тараптардың теңдігің білдіреді, бұл әдіс экология саласында шарттық қатынастарды жүзеге асыруда қолданылады.

Жер деген түсінікті әр түрлі мағынада қарау керек, ол біріншіден планета ретінде, екіншіден планетаның беткі қабаты ретінде, үшіншіден планетаның жер қыртысы ретінде қарауға болады.

Жер құқығының теориясында жер құқығы қатынастары ерекше орынды иеленген себебі, олар жер құқығы пәнінің саласына кіретін қатынастарды құқықтың реттеудің жағдайын көрсетеді.

Жер құқығы қайнар көздерінің ерекше сипаты болып оларда субьект пен обьект бойынша жекелеген құқықтың реттеумен қатар жүйеленген кешенді және жеке құқықтық нормалар бар. Сол себепті де, оларды жер құқығының негізгі және қосымша қайнар көздері деп бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар көздерінің ҚР-ның жер кодексі жатады.

Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкідік.

Жерді билік ету құқығы – мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай- ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәселелер жасауға құқығы.

Құқықтық режим – бұл субьектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы.

Экологиялық құқықтың қағидаттары.

Қағидат – құқықтық - нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының обьективті заңдылықтарын көрсетеді.

Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:

1. адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

2. Қазақстан Респупликасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

3. экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

4. табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек – кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру енгізу;

5. биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

8. халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

9. халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасы, жиһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, ҚР – ның экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтың пәні, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады. Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық – құқықтық тәртіптерін оқытады.

 

15-ші дәріс. Қылмыстық құқық негіздері. Қылмыстық іс жүргізу. Азаматтық іс жүргізу.

1.Қылмыстық құқық ұғымы Қылмыстық заң.

2.Қылмыс түсінігі. Қылмыс жасау сатылары,қылмысқа қатысу.

3.Қылмыстың құрамы.

4.Қылмыстық жаза

5.Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі

6. Қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын мән-жайлар. Қажетті қорғаныс. Жауапкершілікті ауырлататын, жеңілдететін мән- жайлар.

ҚР қылмыстық құқығы – ҚР құқытық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкцияланған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын құрайды.

Қылмыс дегеніміз – Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет. Қылмыс құқықтың белгілі бір нормасын бұзатын іс-қимыл, сондықтан да ол заңсыз.

Қылмыстық құқық реттеу аясына мемлекеттік және қоғамдық құрылыс меншік, жеке адам, құқықтық тәртіп, қоршаған орта және т.б. сияқты сан-саналы қоғамдық қатынастар, соның ішінде, басқа құқық салаларымен реттелетіндері де кіреді.

Қылмыстық құқықтық реттеу және қоғамдық қатынастарды қорғау – мәжбүрленуден, яғни қылмыстық заңда көрсетілген ықпал ету шараларын қолданудан, қылмысы үшін кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тартудан тұратын негізгі әдістер арқылы жүзеге асады.Бұларға қоса қылмыстық құқық қылмыстық заңмен қайшылыққа келіп қалған адамның, сол қайшылықтан шығып кету мүмүкіндігін қамтамасыз ететін қолдау әдісін де қолданылады.

Қылмыстық құқықтың бірден бір жалғыз формальды қайнар көзі – Қылмыстық кодекс болып табылады. Бұл тұжырым ҚК-тің 1 бабының бірінші бөлігінің мазмұнымен сипатталады. Мұнда Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық Кодекстен тұрады, қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс деп көрсетіледі. Ал енді қылмыстық құқықтың материалдық көздері болып осы баптың екіінші бөлігінде айтылғандай, Қазақстан Республикасының Конституциясы және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормалары танылады.

Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.

Қылмыстық заң – деген Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттің қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді.

Қылмыстық заңды түсіндіру – сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Қылмыстық заңды түсіндіу әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: субьектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты: аутентикалық (түпнұсқалық), легалды (заңды, ресми), соттық, дектриналдық (ғылыми). Көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер шеңберіне байланысты: дәлме-дәл, таралған (кең көлемдегі), шектелген (тар көлемдегі). Әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты: грамматикалық (филологиялық), жүйелі, тарихи болып бөлінеді.

Қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтың жауаптылық пен жазадан босатудың талаптары мен негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын реттейді.

Қоғамға қауіпті болғандықтан, ол белгілі бір қоғамдық қатынастарға зардап келтіруі немесе келтіру қаупін туғызады.

Қоғамға қаіптік әрекеттің өзіне жасалу орнына, уақытына, әрекет зардаптарына жасалушының тұлғасына байланысты өзгеріп отыратын ауыспалы категория. Оның сандық және сапалы қасиеттері болады.

Сол себептен де қылмыстық заң сыртқы көрінісі қылмысқа ұқсағанымен маңызы шамалы әрекеттерді қылмыс қатарына қоспайды.

Қылмыстық іс жүргізу түсінігі жөнінде айтқанда, бұл қызметті сот, алдын ала тергеу және прокуратура органдары атқарумен қатар басқадай жеке тұлғалардың да мұндай іс жүргізге қатысатындықтарын ескеру қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 652; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.063 сек.