Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ымды аппарат (глоссарий)




Оқытудың кредиттік жүйесін сипаттайтын негізгі ұғымдар - глоссарий:

· академикалық күнтізбе – оқу және бақылау шараларын, оқу жыл бойы кәсіби тәжірибелерді демалыс күндерін (каникулдар және мейрамдарды) белгілеуімен өткізу күнтізбесі;

• университеттік кезең (Term) оқыту кезеңінде жоғары оқу орны үш нысанның бірін таңдап алады: семестр – ұзақтығы – 15 апта, триместр – ұзақтығы – 10 апта, квартал – ұзақтығы – 8 апта;

• университеттік дәреже (Degree) оқытудың толық бағдарламасын игеру қорытындысы бойынша жоғары орнымен түлекке берілетін дәреже;

· академикалық мобильдігі – білім алушылардың,не оқытушылар –зерттеушілердің білім алу үшін, не зерттеулерді өткізу үшін анықталған академикалық мерзімге ауысуы: басқа жоғары оқу орынына семестр, не оқу жылына (мемлекет ішінде не шетел мемлекетте) өз ЖОО, не басқа ЖОО жалғастырк үшін кредиттер/ сағаттар білім беру бағдарламалардың міндетті түрде қабылдауымен;

• университеттік сағат * академикалық сағат – білім алушының оқытушымен кесте бойынша барлық білім алу сабақтарда (аудиториялық жұмыс) не бөлек бекітілген кесте бойынша қатынастық жұмысының уақыты

дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына (50 минут) немесе студиядағы сабақтың 1,5 байланыс сағатына (75 минут) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 минут), сондай-ақ, оқу тәжірибесі барлық түрінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық тәжірибе барлық түрінің 2 байланыс сағатына (100 минут), өндірістік тәжірибе барлық түрінің 5 байланыс сағатына (250 минут) тең;

• университеттік анықтама (Transcript) оқыту кредиттеріне сәйкес кезеңіне, бағалары және орташа баллы, оқыған пәндердің тізбесі көрсетілген белгіленген формадағы құжат;

• көп таратылатын үлестірмелі материалдар (КТҮМ) (Hand-outs) білімалушылардың тақырыпты шығармашылық түрде жемісті игеруі үшін сабақ процесінде таратылатын көрнекті безендірілген материалдар (дәрістік тезистер, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс істеу үшін тапсырма);

• апелляция — білімалушылардың білімін объективті емес бағалауға ықпал ететін факторларды анықтау және болдырмауға бағытталған процедура;

• ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) жоғары оқу орнында профессорлық – оқытушылық құрамның қызметкерлері, олар өз кезегінде тьюторлар, дәріс оқушылар;

• бакалавр, магистр, доктор (Bachellor, Master, Doctor) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік біліміне сәйкес оқу бағдарламаларын игерген адамдарға берілетін академиялық дәрежелер;

• бакалавриат — бакалавр академиялық дәрежесі берілетін жоғары білім бағдарламасы;

• магистратура – тиісті мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы

• докторантура — кәсіптік докторантура және ғылыми докторантура бағытында іске асырылатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы;

• қосдипломды білім беру — екі сәйкес дипломды (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша дипломды (Major Minor) алу мақсатымен екі оқу жоспары бойынша қатарласып оқу мүмкіндігі;

• дискрипторлар (Descriptors): - жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің әрбір деңгейінің білім беру бағдарламаларын аяқтау кезінде білімалушылардың алған білімдері, дағдылары, икемділіктернің деңгейі мен көлемін сипаттау.

• қашықтықтан оқыту (арақашықтықтағы білім) - оқытудың бір түрі, ол электронды және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан қашықта орналасқан адамдардың оқу-шығармашылығына және дамуына бағытталған және әдістемелік ұйымдастырылған басшылық;

• трансферттің (ауыстыру)және кредитты жинақтаудың Европалық жүйесі – есептік бірліктерді (кредиттерді)білім беру траекториясы, оқу мекемесінің және білім алу мемлекеттің ауысуында олар арқылы оқу пәндерді білім алушылардың меңгеруінің салыстыруы және қайта есептелуі өткізілетін білім беру бағдарламалардың бөлшектеріне (пәндерге,курстарға,модульдерге),

берудің тәсілі;

• оқу пәніне жазылу (Enrollment) белгіленген тәртіппен білімалушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

• жеке оқу жоспары- білім алушының өзі эдвайзердің көмегімен типті оқу жоспарының негізінде және таңдамалы пәндер каталогының негізінде қурастыратын оқу жоспары;

• білімалушыларды мемлекеттік қорытынды аттестациялау — оның нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (диплом) берілетін, білімалушылардың, білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейіне жүргізілетін рәсім;

• қорытынды бақылау (Final Examination) аралық аттестациялау мерзімінде өткізілетін білім алушылардың оқй пәнінің бағдарламасын меңгерудің сапасын бақылау мақсатымен оқу жетістіктерін бақылау, пән бірнеше академикалық мерзімдерде оқылған жағдайда қорытында бақылау берілген академикалық мерзімде оқылған пәннің бөлігі бойынша қорытынды бақылау өткізіледі;

• элективті пәндер каталогы – білімалушылардың өздігінен таңдайтын пәндердің тізімі;

• кредитті білім беру технологиясы – білімалушы және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеу унифицирланған бірлігі ретінде кредитті қолданууымен пәнді оқудың ретін білім алушының таңдауының және өз бетімен жоспарлауы;

• кредит, кредит-сағат (Credit, Credit-hour) — оқытушының/ білімалушының жұмыс көлемін өлшейтін реттелген бірегей бірлік.

• пәннің коды — оқу жоспарының әр пәндік әріппен және сандық сипатта белгілеу;

• компетенция – білімалушылардың кәсіби қызметте оқу процесінде ие болған білімін, икемділігін және тәжірибелік дағдыларын қолдану қабілеті.

Компетенция 2 топқа бөлінеді: жалпы және арнайы.

Жалпы компетенциялар бакалавриаттың барлық мамандықтарына бірыңғай.

Бұл:

· Жалпы білімділік

· Әлеуметтік-этикалық

· Экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық

· Өзгеріс пен белгісіздіктің үдемелі серпінділік жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рольдерді, географиялық және әлеуметтік мобильдікті өзгертуге дайындық.

Арнайы компетенциялар белгілі бір мамандықтың өзгешеліктерін анықтайды.

Бұл:

· Іздену (зерттеу) саласындағы білім және ұғым

· Тәжірибелік дағдылар

· Сыни ойлау дағдыларымен коммуникативті дағдылар

· Ғылыми ойлау дағдылары

 

• таңдау бойынша компонент (Electives) білімалушының кез-келген академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқылатын элективтік оқу пәні;

• білімалушының білім деңгейін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары арқылы нақты пән бойынша білім деңгейін тексеру (жазбаша жұмыс, тесттер, тәжірибе жұмысы, портфолио, ауызша сұрау, емтихан және т.б.), бақылау ағымдағы, кезеңдік және қорытынды түрінде болады;

• оқытудың сызықтық (бірқалыпты) жүйесі — оқу процесін оқыту логикасына сәйкес оқытатын пәнді қатаң жүйемен ұйымдастыру;

• магистратура — ғылыми-педагогикалық ғылымдар мен жоғары оқу орынында және ғылыми ұйымдарда тереңдетіп ғылыми және кәсіби даярлап, «магистр академиялық атағын» беру;

• сызықтық емес оқыту жүйесі — оқу процесін білімалушыға баламалы траектория арқылы пәнді жүйелеп оқыту тәсілі;

• пән сипаттамасы (Course Description) пән мазмұнының қысқа сипаттамасы;

• Тіркеуші офисі (Office of Registrat) оқытылатын пәндерге білімалушының жазатын және оқу кезеңіндегі білімалушылардың барлық жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;

• жалпы білім пәндері— ЖБП (General Education Requirement — GER) әлеуметтік-гуманитарлық және 11 ғылыми жаратылыстану пәндерінен;

• міндетті компонент (Core Subjects) оқу бағдарламасы бойынша білімалушылар үшін міндетті тәртіптегі пәндер;

• оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) білімалушы оқу жоспарында қаралған барлық сабақ түріне қатысуға міндетті оқу түрі;

• оқытушылар біліктілігін көтеру кезеңі (Subbatical Term) оқытушылардың міндетті түрде әрбір бес жылда бір академиялық кезеңінде өздерінің біліктілігін көтеруден өтуі;

· пререквизиты - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажет білім, білгерлік және дағдылары бар пәндер;

· постреквизиты - берілген пәнді оқып болғаннан кейін пайда болатын білім, білгерлік және дағдылары талап ететін пәндер;

• портфолио – білімалушылардың бір немесе бірнеше қызмет саласында ілгерілік пен жетістікті, барлық жеке білімділік жетістіктерін көрсете алатын құжаттар жинағы.

• аралық аттестация — ағымдағы аралық және қорытынды бақылау түрін ескере отырып білімалушының пәндерді меңгергендігін жан-жақты бағалау;

• кафедра саясаты (курстар) — пәндерді оқыту процесінде студенттерге қойылатын талаптар;

• пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) пәннің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын түсіндіретін негізгі оқу - әдістемелік құжат, оған тақырыптың мазмұны, әр сабақтың ұзақтығы, жеке жұмыстың тапсырмалары, консультациялар уақыты, оқытушыға қойылатын талаптар, аралық бақылау кестесі мен әдебиеттер тізімі кіреді;

• оқу жұмыс жоспары -білімалушылардың жеке оқу жоспарларына негізделіп құрастырылған және оқытушылардың оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуге негіз болатын оқу жоспары;

• үлгерімдік аралық бақылау (Midterm Examination) білім алушылардың бір оқу пәнді бөлімнің(модульдың) аяқталуындағы оқу жетістіктерінің бақылауы;

білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ) өздігінен оқуға берілген белгілі бір тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ұсыныстармен қамтамасыз етілген жұмыс түрі, олар тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер түрінде болады. Білімалушылар санатына қарай олар білімалушылар өздік жұмысы (БӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді.

• оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмыс (ОЖӨБ) (Office Hours) оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы - бекітілген кесте бойынша өткізілетін оқушының оқытушының жетекшілігімен аудиториядан тыс жұмысы Білімалушылардың санатына қарай ол білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (БОЖӨЖ) болады.

— магистранттардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (МОЖӨЖ)

• мамандық — білім ұйымдарында мамандарды белгілі бір шеберлікке дайындауды жүзеге асыратын ғылым мен техника саласы;

• анықтама-жолсілтеу академиялық күнтізбеден тұрады, онда жоо туралы мәліметтер білімалушылардың (магистрант, докторант) құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйенің негізгі ережелері әр пән бойынша қорытынды баға, балл шығару әдістемесі мемлекеттік қорытынды аттестация талаптары көрсетіледі;

• үлгерімнің орташа баллы – (ҮОБ) (Grade Point Average - GPA) білім алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылдық жетістіктерінің орташа саналатын бағасы (пән бойынша қорытынды бақылаудың баллдарының сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтулерінің қосындысының ағымдағы оқу мерзімінің жалпы кредит санына қатынасы);

• типтік оқу жоспары — кәсіби білім беру оқу бағдарламаның оқыту пәндердің тізімін және көлемін, олардың оқу тәртібін және бақылау қалыптарын реттейтін құжат;

• транскрипт – сәйкес оқу мерзімде әріп және сандық түрде кредиттер және бағаларды көрсететін меңгерілген пәндер тізімі бар құжат;

• тьютор — нақты пәнді меңгеру бойынша академикалық консультант рөлін меңгеретін оқытушы;

• үлгерімнің ағымдағы бақылауы — әр тақырып бойынша білімалушы білімін үнемі тексеру;

• мамандықтың оқу-әдістемелік жинағы (ОӘК) — мамандықты жетік меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі оқу-әдістемелік құжаттар пакеті;

• оқу-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) — барлық оқу кезеңіне қатысты жеке жоспары, оқу-консультативтік ақпараттар мен құжаттар, пәндер бағдарламалары(силлабустар), жеке жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулықтар, тәжірибе бағдарламалары және т.б..

• жеке оқу жоспары ЖОЖ (Curriculum) білім деңгейіне, олардың кезектілігіне сәйкестендірілген оқу пәндерінің тізімі мен көлемі және білімалушының көрсетілген негізгі құжаты;

• эдвайзер (Advisor) сәйкес мамандық бойынша білім алушының академикалық жетекшісінің қызметтерін орындайтын білім алу троекториясын таңдауында және білім беру мерзімінде білім беру бағдарламаны меңгеруінде көмек көрсететін оқытушы;

• элективті пәндер — жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі бекіткен пәндердің тізімі, олардың ішінен білімалушы белгіленген кредит шеңберінде өзінің оқу жоспарын жасайды.

 

2. Білімалушылардың өздік жұмысының ұйымдастырылуы

Білімалушылардың өздік жұмысы білімалушының оқу іс- әрекетінің ерекше түрі, ол дидактикалық тапсырмаларды өздігінен орындауына, білімтану іс- әрекетіне қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір саласындағы білімін толықтыруға бағытталған. Білімалушылардың өздік жұмысы логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын меңгерудегі зерттеушілік бағыттың дамуын қамтамасыз ететін тәжірибелік тапсырмаларды іске асырумен байланысты.

Білімалушылардың өздік жұмысы (БӨЖ) болашақ мамандарды дайындау процесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.

БӨЖ мақсаттары – Білімалушыларда өздік шығармашылық еңбекке дағдыларын қалыптастыру, қазіргі құралдарды пайдаланып, кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту. Білімалушылардың өздік жұмыс бағдарламасының (Syllabus) негізгі бөлімдерін ескере отырып, әрбір пәннің оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. БӨЖ жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және сараптау оқу процесін ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады, ол оқу жұмысының толық басқарылуын және қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. БӨЖ процессі инновациялық технологияларды пайдалануға негізделуі қажет.

БӨЖ материалдары кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамымен құрастырылады және келесі құжаттардан тұрады:

• пәнді оқудың барлық кезеңдеріне БӨЖ тақырыптары есептелген;

• типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін тапсырмалар жүйесі;

• эссе, баяндамалар, мәселелік тақырыптар, аннотациялар және т.б. тақырыптары;

• негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі;

• кеңестік көмек түрлері; бақылау түрлері

• бағалаудың өлшеуіштері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың ұсынылатын мерзімдері.

 

Білімалушылардың өздік жұмысы үшін тапсырмалардың мысалдары:

1.Жазбаша жұмысты дайындау (эссе, баяндама, бақылау тапсырмасы)

2.Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), кітаптарды, мақалаларды, препараттарды аннотациялау.

3.Өздігінен мәтіндеу жүргізу (лингафонды жүйе көмегімен)

4.Іздеу – зерттеу сипаттағы тапсырмаларды орындау (Интернет арқылы)

5.Салыстырмалы – баламалы кестелерді дайындау

6.Мәселелік мақала бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді терең сараптау.

7.Семинар жұмысына қатысу: семинардың баяндамасының конспектісін, рефераттарды дайындау, тапсырмаларды орындау.

8. Зертханалық –тәжірибелік сабақтар: нұсқауларға және әдістемелік нұсқауларға сәйкес сараптама өткізу және қорытындысын шығару.

9.Өздік, бақылау жұмыстарын орындау барысындағы БӨЗЖ және БҒЗЖ, ғылыми жобаны дайындау және теориялық қорытындылардың апробациясы

(ғылыми конференция арқылы).

10. Тәжірибе барысында материалдарды бақылау және жинақтау бойынша тапсырмаларды орындау: альбомдар, хаттамаларды құрастыру, мүсіндерді дайындау, препараттау және т.б.

Білімалушылардың өздік жұмысын орындауға жетекшілік:

1. Ағымдағы сұхбат және бақылау

2. Кеңестер

3. Оқытушының БӨЖ түзетуі

4. Білімалушылардың қарама – қарсы рецензиялауы

5. Пікірталас

6. Сараптама, рецензиялау, оқытушының бағасы

7. Қорытынды шығару және т.б.

БӨЖ бақылау түрлері

БӨЖ қорытындылары жазбаша эссе, глоссарий, баяндама, бақылау, жазбаша жұмысы, ғылыми мақала, аудио-, бейне есептер, шығармалар және т.б. түрінде; сонымен қатар тәжірибелік тапсырма альбомдар, хаттамалар, мүсіндер, препараттау, аннотациялау, зертханалық тәжірибені енгізу және т.б. түрінде тапсырылуы мүмкін.

БӨЖ қорытындылары білімалушылардың ғылыми конференциясында, білімалушылардың ғылыми ұйымының отырыстарында, олимпиадаларда, сабақтарда (5 мин.), кафедраның web – бетінің БӨЖ бөлімінде көрсетілуі мүмкін.

Білімалушылардың БӨЖ бойынша қорытындылары кафедрада 2 жыл бойы сақталуы тиіс. БӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарында және тесттік тапсырмаларда берілуі керек.

Егер пән бойынша сағаттардың жалпы көлемі мынадай болса:

Жалпы медициналық, стоматологиялық, емдеу, педиатриялық факультеттердің, МАА және фармация факультеттерінде:

90 сағатқа дейін- білімалушы БӨЖ бойынша 1 тапсырма орындайды (1 – жазбаша түрде);

90 сағаттан жоғары – БӨЖ бойынша 2 тапсырма (1 – жазбаша түрде және 1 – практикалық тапсырма);

БӨЖ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ КРИТЕРИИЛЕРІ

Мұқабаның сыртында белгіленеді:

Семей қ. ММУ,

Кафедраны, каф.меңгерушісі,

Пәнді, БӨЖ тақырыбын,

Білімалушының Тегін, Атын, Әкесінің атын, мамандықты, топты,

Оқытушының Тегін, атын, Әкесінің-атын.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 644; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.067 сек.