Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 18




1. Халық қозғалысының статистикасы

 

Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұрақты мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық (көшіп-қону) қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қосындысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.

 

Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:

 

1. N - туылған балалар саны.

2. М — өлгендер саны.

3. m - ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.

4. ∆mаб =N-M- халықтың табиғи өсімі

5. Н - некеге тұру саны

6. A - ажырасу саны

7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткеңдер саны.

8. П - Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.

9. ∆мигр = П - В - халықтың миграциялық өсімі.

10. П+ В - халықтың миграциялық айналымы.

11 ∆жалпы = ∆ma6. + Амирг, =N-N + II-B = Se-Sб - xaлықтың жалпы өсімі.

12. Sб - жыл басындағы халық саны.

13. Sс — жыл соңындағы халық саны.

14. Sc=Sб + N-M + П-B- жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдісті қолданамыз.[59]

 

2. Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер

 

1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері (мысалы, жас бойынша, жыныс бойынша). Халықтың саны мен оның құрылымын көрнекті етіп көрсету үшін график жас-жыныстық пирамида түрінде бейнеленеді: тігінен - халықтың жас аралықтары, ал көлденеңінен - әр жастағы адамдардың саны немесе үлесі, осътің сол жағында — ерлер, оң жағында әйелдер көрсетіледі.

2. Координация коэффициенті – халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы. Мысалы, ерлердің санының әйелдер санына қатынасы.

3. Халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.

Халықтың миграциялық және табиғи қозғалысының коэффициенттерін есептеудегі жалпылама әдіс неде?

Олар интенсивтіліктің қатысты мәндері ретінде қарастырылады. Демографиялық процесс кезіндегі белгілі бір қатынаста белгіленеді және промиллемен көрсетіледі (қатынас нәтижесін 1000-ға көбейтеміз). Бұл көрсеткіштерді есептеу әдісіндегі орташақтығы - белгілі демографиялық процестің (S) (туу, өлу, некеге түру, ажырасу, т.б.) халықтың орташа санына қатынасы ретінде анықталады. Сонымен, барлық есептелінетін коэффициенттер жалпы коэффициенттер деп аталады. Ал халықтың белгілі бір тобы үшін ғана есептелінетін коэффициенттер арнайы коэффициенттер деп аталады.

Арнайы және жастық туылу, өлу, некеге түру, ажырасу коэффициенттері, Покровскийдің өміршеңдік коэффициенті, миграцияның (көшіп-қону) тиімділік коэффициенті ерекше жағдайға жатады.

 

Халықтың табиғи қозғалысының коэффнциенттері

 

4. Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу =

 

мұндағы, S — халықтың орташа жылдық саны

 

5. Арнайы туу коэффициенті: Кар туу=

мұндағы, — 15-49 жастағы әйелдердің орташа саны.

6. Жастық туу коэффициенттері -әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.

7. Жалпы өлу коэффициенті: Көлу= ;

8. Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен (өлімінің) дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады:

а) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алмай -

Кнәр.шет. =

Мұндағы Кнәр.шет - нәрестелердің шетінеу коэффициенті,

ә) нәрестелердің туылған кезеңін есепке алып -

Кнәр.шет. =

мұндағы N0- өткен жылы туылған балалар саны, N1- aғымдaғы жылы туылған балалар саны.

9. Жастық өлу коэффициенттері анықталған жас тобындағы өлгендер санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең.

10. Туу және өлу процестері арасындағы қатынасты анықтау үшін Покровский коэффициенті (өміршеңдік) қолданылады:

 

КПокровский өміршеңдік =

11 Табиғи өсім коэффициенті:

12. Жалпы некелілік коэффициентін анықтау үшін бір жылда тіркеуге алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына бөледі және оны 1000-ға көбейтеді:

Осы жалпы коэффициенттің кемшілігі: формуланың бөлімінде неке жасындағылар саны емес, барлық халық саны алынады. Ал арнайы коэффициент қолдану арқылы бұл кемшілік жойылады, яғни некеліліктің арнайы коэффициентін есептегенде, формуланың бөлімінде неке жасындағылардың орташа саны болады.

13. Жалпы ажырасу коэффициенті де осындай тәсілмен анықталады:

 

14. Арнайы некелілік және ажырасу коэффициенттері некеге тұру жасын анықтайды (15 жастан және одан да жоғары), мысалы

К арнайы некелілік =

15. Ажырасушылықтың арнайы коэффициенті:

К арнайы ажыр=

16. Некелік және ажырасушылық коэффициенттері төмендегідей жас тобы аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді: 16-19, 20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас.

Халықтың жалпы және миграциялық (көшіп-қону) қозғалысының коэффициенттері

Халықтың жалпы миграциялық өсім (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.

17. Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті:

18. Миграция айналым коэффициенті

19. Миграция тиімділік коэффициенті

20. Жалпы өсімнің коэффициенті:

 

Еңбекке жарамды халықтың ұдайы өсіп-өну көрсеткіштері қалай есептелінеді?

Халықтың ұдайы өсіп-өнуінің абсолюттік көрсеткіштері

1. Еңбекке жарамды халықтың табиғи толықтырма саны= 16 жасқа жеткен халық саны.

2. Еңбекке жарамдылықтан табиғи шыққан халық саны = зейнеткерлік жасына жеткен адамдар саны + еңбекке жарамды жастағы өлгендер саны + еңбекке жарамды жаста мүгедектікке шыққан, экономикада жұмыс істемейтін халық саны.

3. Еңбекке жарамды көші-қон толықтырма саны = осы аймаққа көшіп келген, еңбекке жарамды халық санына тең.

4. Көшіп кеткен, еңбекке жарамды халықтың саны = осы аймақтан көшіп кеткен, еңбекке жарамды халық саны.

5. Еңбекке жарамды халықтың жалпы толығуы саны = еңбекке жарамды халықтың табиғи толығуы саны + көшіп келген еңбекке жарамды халықтың толығуы саны.

6. Еңбекке жарамды халықтың жалпы еңбекке жарамдылықтан шыққан саны = табиғи еңбекке жарамдылықтан шыққан халық саны + еңбекке жарамды халықтың көшіп кетуі саны.

7. Еңбекке жарамды халықтың жалпы өсімі = енбекке жарамды халықтың жалпы толығуы саны - халықты еңбекке жарамдылықтан шығуының жалпы саны.

Халыктың ұдайы өсіп-өнуіне қатысты көрсеткіштер.

 

8. Енбекке жарамды Табиғи толығу саны х100

халықтың = ---------------------------------------------------------------

табиғи толығу Еңбекке жарамды халықтың жылдық орташа саны

коэффициенті

 

9. Халыктың табиғи Халыктын, табиғи шығу саны х100

жарамдылықтан шығу = --------------------------------------------------------

коэффициенті Еңбекке жарамды халықтың жылдық орташа саны

 

 

10. Еңбекке жарамды Көшіп келген енбекке жарамды халықтың халықтың миграциялық толығу саны х100

(көші-кон) толығу = -------------------------------------------------------

коэффициенті Еңбекке жарамды халықтын орташа саны

 

11. Еңбекке жарамды Көшіп кеткен халық саны х 100

халықтын, көшіп кету = -----------------------------------------------------------------

коэффициенті Еңбекке жарамды халықтың жылдық орташа саны

 

12. Еңбекке жарамды Еңбекке жарамды халықтың жалпы өсімі х 100

халықтың жалпы өсім = -------------------------------------------------------------

коэффициенті Еңбекке жарамды халықтың жылдық орташа саны

 

Еңбек ресурстарының өсіп-өнуін абсолюттік және қатысты көрсеткіштермен есептеуге бола ма?

Болады, бірақ бөлгіш пен бөлінгіштің құрылысына сәйкес еңбек ресурстары категорияларын қарау керек.

Орташа көрсеткіштер

Халықтың орташа сандарын анықтау үшін берілген мәліметтерге қарай статистика мынадай формулаларды қолданадьг.

1. Егер жыл соңындағы және басындағы халық саны туралы мәліметтер берілсе, онда жай арифметикалық орташа формула қолданылады:

 

 

2. Егер бірдей уақыт интервалындағы халық санының моменттік (мезеттік) динамикалық қатарының мәліметтері берілсе, онда хронологиялық орташа формула қолданылады:

 

мұндағы, S1,S2,S3.....Sn — әр моменттегі халықтың саны, n -моменттер саны.

3. Егер моменттер арасындағы уақыт интервалдары бірдей болмаса, онда өлшенген (салмақталған) арифметикалық орташа формула қолданылады:

мұндағы Si -әр екі момент арасындағы (і) халықтың орташа саны ti — уақыт,интервал (күн, ай).

4. Алдағы (болашақтағы) өмірдің ұзақтығын (Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру кестесінде, 2.4.) есептеу үшін өлшенген (салмақталған) гармониялық орташа формула қолданылады:

мұндағы, ех — туылғанда алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, Тх - х жасындағы және одан жоғары жастағы адам-сағаттар саны.

l x— туылғанда алдағы өмірдің ұзақтығы.

5. Зерттелген жиынтықтың ішінде халық тобының белгісінің орташа мәнін сипаттау үшін құрылымдық (параметрлік емес) орташа шамалар - мода және медиана қолданылады.

Мода (Мо) - үлестірім қатарлардың ішінде (бөлуде) ең жиі кездесетін белгінің шамасы. Мысалы, ең жиі кездесетін адамның жасы, ең жиі кездесетін халықтың орташа табысы.

мұндағы Mо - мода;

Х м 0 - модальді аралықтағы төменгі шек;

i - модальді аралықтың мәні;

f 2 — модальді аралықтың жиілік;

f 1 — модальді аралық алдындағы жиілік;

f 3 - модальді аралықтан кейінгі жиілік.

 

6. Медиана орналастыру ретін екі бірдей (тең) бөлікке бөлетін белгі болып табылады. Медиана қатарларды тендей етіп екіге бөледі және оның екі жағында (жоғары және төмен) жатқан белгілердің сандық белгілері бірдей болады.

 

Мұндағы М е - медиана;

X ме - медианалық аралықтың төменгі шегі;

i - медианалық аралықтың мәні;

0,5 ∑ f — жиіліктердің қосындысының жартысы;

S -жиіліктердің қосындысы;

SMe - медианалық аралық жиілігінің алдында жинақталған жиілік сомасы;

fMe -медианалық аралықтың жиілігі.

7. Халық санының орташа өсу қарқынын (%) анықтау үшін геометриялық орташа формула қолданылады:

 

тізбекті тәсілмен

мұндағы Т123.....Тк- тізбекті өсу қарқындарының көбейтіндісі; әр өсу қарқыны соңғы динамика қатарының деңгейінің алдыңғы деңгейіне қатынасы болып есептеледі; к - қарқындардың саны;

ә) Базистік жүйе әдісімен

Мұндағы Sn — динамика қатарының соңғы моментіндегі халықтың саны.

S0 — динамикалық қатардың алғашқы (бастапқы) моментіндегі халықтың саны;

n -динамика қатарының моменттерінің саны.[60]

3. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

 

Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:

1. Жас бойынша жылжыту әдісі — тұлғаның "х" жасынан келесі "х +1" жасына ауысу. Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі ерекше кестеде әрбір жылдағы халықтың өмір сүру коэффициенттерін есептейді. Оның мазмұны төмендегі 1 -кестеде көрсетілген.

Статистикалық қызметкерлер осындай кестенің үлгісі көмегімен өмір сүру коэффициенттерін Қазақстан Республикасының барлық халқы, соның ішінде әйелдер, ерлер және қала, ауыл халқы бойынша бір жас интервалымен 0 жастан бастап 100 жасқа дейін санайды. Өмір сүру кестесінің көрсеткіші 1-кесте туылған кезде болжанатын өмір сүру ұзақтығы - туылған ұрпақтың барлық өмір сүру ұзақтығында әр жастағы өлу деңгейі осы көрсеткіш есептелген жылдардағыдай болған жағдайда осы ұрпақтан бір адамның орташа есеппен өмір сүруі керек жылдардың орташа саны.

1-кесте

Халықтың өмір сүру кестесі

 

Жасы Х жасына дейін өмір сүретіндер саны Х жасында өлгендер саны Х жасында өлу ықтималдылығы Х жасынан х+1 жасына дейін өмір сүру ықтималдылығы Х жасындағы өмір сүретіндер саны Х жасындағы және қның жоғары жастағы адамдар саны Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы, жыл Х жасынан х+1 жасына дейін өмір сүру коэффициенті
Х lx dx qx px Lx Tx ex Px

 

2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде глобалды әдіс жатыр.

мұндағы St - келесі t жылға болжанған халық саны;

Sn- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны;

K∆жалпы - халықтың жалпы өсім коэффициенті (промилльмен);

t- болжам жасалатын уақыт (ай, жыл).

3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып:

мұндағы - орташа абсолюттік өсім.

∑∆- халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы,

m - өсімдердің саны.

4. Халық санының орташа өсу карқынының мәліметтерін пайдаланып:

 

St=Sn·Tt

 

мұндағы, Т - халық санының орташа өсу қарқыны[61]

 

4. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы

 

ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін (жұмыспен қамтылған) халық екіге бөлінеді: жалдамалы және өзін-өзі қамтитын жұмыс бастылар. Жалдамалы жұмыскерлер кәсіпорынның, ұйымның басшыларымен еңбек келісіміне (контракт) отырған азамматтар болып саналады. Еңбек келісімінің негізінде олар жұмыс істейді және кәсіпорыннан қосылған құнның бөлігі болатын сыйақы түрінде жалақы алады.

Жалдамалы емес жұмыскерлер өздерін жұмыспен қамтыған, яғни бұлар үй шаруашылығының мүшелері иелік ететін корпоративтік емес кәсіпорындарда табыс әкелетін жұмыстары бар немесе өз бетінше өз есебінен жұмыс істейтін азаматтар.

ҰШЖ-да жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік статусы бойынша екіге белінеді: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды: басшылар, мамандар (инженер-техникалық, экономикалық, агрономдық) және басқа қызметкерлер (құжаттарды дайындаумен және тол-тырумен айналысатын, есеп, бақылау және шаруашьшық қызмет жүргізетіндер).

Жұмыскерлер айналымының абсолютгік көрсеткіштері — берілген кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны.

Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері:

 

Жұмыскерлерді жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны

қабылдау = ____________________________________________________________ х100

бойынша айналым жұмыскерлердің тізім бойынша орташа саны

коэффициенті

 

 

Жұмыскерлердің барлық себептер бойынша жұмыстан

жұмыстан кетуі кеткен жұмыскерлер саны

бойьшша айналым = __________________________________________________________х100

коэффициенті жұмыскерлердің тізімдік орташа саны

 

 

Жұмыс күшінің кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің саны

орын басу = ___________________________________________________________________________х100

коэффициенті кезең ішіндегі түрлі себептермен жұмыстан

босатылған жұмыскерлер саны

 

Егер орын басу коэффициентінің мәні 100%-дан көп болса, онда жұмыстан босатылуына байланысты жұмыс күшінің шығындары өтеледі және жаңадан жұмыс орындары пайда болады. Егер орын басу коэффициентінің мәні 100%-дан кем болса, онда керісінше, жұмыс орындары қысқарады.

өз еркімен жұмысқа келмеген

Кадрлардың және еңбек тәртібін бұзғандар саны

тұрақтамаушылығының = _________________________________________________________________х100

коэффициенті тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны

 

 

Кадрлардың есеп беру кезеңіндегі тұрақты жұмыскерлер саны

тұрақтылық = ______________________________________________________________________х100

коэффициенті жұмыскерлердің кезең аяғындағы тізімдік саны

 

Жұмыс күшінің құны - бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны.

Кәсіпорынның (жұмыс берушінің) жұмыс күшіне жұмсалған шығындарының құнына жататындар:

- жалақы қоры — кәсіпорынның заттай және ақшалай түрде еңбеккерлерге еңбекақы төлеуі үшін есептелінген сомалар (қосындылары);

- кәсіпорынның жұмыскерлердің түрғын үйіне жұмсаған шығындары;

- жұмыскерлерді әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар;

- кәсіптік оқытуға жұмсалған шығындар;

- мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар;

- жұмыс күшін қолдануға байланысты салықтар;

- жұмыс күшін ұстау үшін басқа да жұмсалған шығындар (жұмыс орнына келетін жолақысы; сүттің, азық-түліктің, киімдердің тегін берілуінің құны; іс-сапар шығыны және т.б. шығындар).

Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі - есеп беру кезеңінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы.

Еңбекақы қандай бөлімдерден, элементтерден құралады?

Ол екі бөліктен тұрады:

- қолма-қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударылған сома.

Қолма-қол ақша түрінде берілетін жалақы мынаны қамтиды:

- еңбек нәтижесінің мөлшері, тарифтері, ставкасы бойынша негізгі төлем;

- түнгі уақытта, демалыс күндері, яғни жұмыс уақытынан тыс жұмыс істегені үшін қосымша төлемақы;

- зияндылыққа ұшырағаны, шетелге жұмысқа барғаны үшін қосымша төлемақы;

- кәсіпорынның жалпы жұмысының нәтижелерімен байланысты бір уақтылы сыйақылар мен басқа да төлемдер;

- кәсіпорын ұсынған қызметтер үшін комиссиондық, ақшалай сыйлық, шайлық төлемдер.

Шығындардың орнын толтыру үшін сапарға, құралдарға, жабдықтарға және т.б. төленетін сомалар олар аралық тұтыну ретінде қарастырылады.

Жалақының ақшалай түріне кірмейтіндер:

- білім алуға, тойға, көп балалы отбасыларға жәрдемақы;

- ауруларға, жарақатқа, жүктілікке немесе босануға төлемақы;

- сәтсіз оқиғаға ұшырағанда, асыраушыдан айырылғанда, мүгедектікке, жұмыссыздыққа байланысты төленетін жәрдемақы.

Бұндай төлемақылар жалақыны емес, әлеуметтік жәрдемақыны құрайды, себебі олар жұмысқа байланысты емес, бір нақты жағдай болған кезде жекелей төленеді.

Жалданбалы жұмысшылардың еңбегіне төленетін жалақы салық төлеміне кірмейді, олар тек өндірісте қолданылатын ғимараттарға, жерге және басқа да активтерге салықтар ретінде қарастырылады.

Натуралды (заттай) түрдегі жалақы - натуралды (заттай) түрдегі еңбек үшін төленген ақы және ол тауарлар мен қызметтен тұрады. Олар жұмысқа қажетті емес және жалданбалы жұмысшылардың және отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен тірліктерін қанағаттандыру үшін қолданылуы мүмкін. Оларға жататындар:

- тағам және сусындар;

- үй шаруашылығының барлық мүшелері қолданатын үй қызметтері;

- жұмысшылардың жұмыстан тыс жерде киетін арнайы киімі;

- жұмысшының жеке пайдалануына арналған автокөлік қызметі;

- аурулардан сақтандырулар, тек әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларынан басқа сақтандырулар;

- темір жол және авиакеңістіктегі тегін жолақысы және шахтерлерге арналған тегін көмір;

- жалданбалы жұмысшыға және отбасына ұсынылған спорттық құрылғылар;

- жұмысқа баратын және келетін көлік;

- балаларға балабақша.

Әлеуметтік сақтандыруға аударылған сомалар жалданбалы жұмысшыларға келеңсіз оқиғалар жағдайында әлеуметтік көмек құқығының берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Олар жұмыскерлердің табыстарына немесе олардың әл-ауқатына әсер етеді.

Әлеуметтік сақтандыруға аударылған сомалар нақтылы және шартты есептелінген болып бөлінеді. Нақтылы аударымдар - 3-ші тұлға арқылы жұмысқа жалдаушының жалданбалы жұмысшылар пайдасына аударуы. Мысалы, басқа институционалды бірліктер арқылы сақтандыру компаниялары немесе әлеуметтік қамтамасыз ету қорлары.

Шартты есептелінген аударымдар мынадай: жалдаушылар жалдамалы жұмыскерлерге немесе олардың қарауындағы адамдарға, 3-ші жақтың қатысуынсыз, өздерінің жеке ресурстарынан әлеуметтік көмек ұсынады.

Экономиканың жалпы тұрғысынан алғанда, жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы мынадан тұрады:

- институционалды бірлік резиденттері мен жұмыскер резиденттердің еңбегіне төлемақы;

- институционалды бірлік резиденті емесіер мен жұмыскер резиденттер еңбегіне төлемақы, яғни Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік елшілікте және консулдық қызметтерде жүрген жалдамалы жұмыскерлер, шетелге гастрольге шығатын артистер, тағы басқасы ретінде жұмыс істегені үшін бөлінетін жалақы мен әлеуметтік сақтандыру.[62]

 

Тақырып 13. Ұлттық байлық статистикасы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 2739; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.158 сек.