Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Инвестиция статистикасы




Ұлттық байлықты қайта өндіру инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестициялар — бұл табыс алу, не әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында мемлекет ішінде және шетелде құрылыс пен қаржылық емес активтерге салынатын (жұмсалатын) ақшалай капитал.

Инвестиция статистикасының міндеттері:

1. Мәліметтер жинау, жалпы инвестиция мөлшерін анықтау;

2. Инвестицияның динамикасын, құрылымын, құрамын статистикалық зерттеу;

3. Инвестицияны пайдалану мен игерудің статистикалық талдауы.

Инвестщиялар қандай қаржылық емес активтердің түрлеріне салынады?

Ақшалай капитал келесідей қаржылық емес активтерге инвестиция ретінде салынады:

1) негізгі капиталға - үйлер, ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар, мал, екпе ағаштар, пайдалы қазбаларды барлау, компьютерлік бағдарламалармен қамту, әдеби және көркем шығармалардың түп нұсқалары, жаңа мәлімет, арнайы білімдер;

2) материалдық айналым қаражатының қорын толтыруға - өндірілген қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, қайта сатуға арналған тауарлар;

3) құндылықтарға—қымбат тастар, қымбат металдар, өнер бұйымдары, коллекциялар, зергерлік бұйымдар;

4) өндірілмеген материалдық активтерді иемденуге - жер учаскелері, жер қойнауы учаскелері, жерді пайдаланудың басқа да объектілері;

5) өңдірілмеген материалдық емес активтерге - патенттер, лицензиялар, авторлық құқықтар, сауда маркалары, тауар белгілері және т.б.

Құрылысқа салынатын инвестиция - экономиканың жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңейтуге, қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған ақшалай шығындар.

Статистика инвестицияның құрылымы мен құрамын сыныптаулардың келесі белгілері бойынша зерттейді:

А. Негізгі капиталды қайта өндіру бағытына тәуелді шығын түріне қарай:

1. Жаңа құрылыс;

2. Техникалық қайта жарақтану және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру;

3. Істеп тұрған кәсіпорынды ұлғайту;

4. Істеп тұрған қуатты ұстап тұру;

В. Негізгі капиталды құру және жетілдіру үшін жұмыс пен шығын түріне байланысты инвестициялардың технологиялық құрылымына қарай:

1. Құрылыс-монтаж жұмыстары;

2. Жабдықтар, құрал-саймандарды сатып алу;

3. Басқа шығындар (жобалау-іздену жұмыстары, мал сатып алу және т.б.); С. Кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік формаларына қарай:

1. Мемлекеттік;

2. Жеке;

3. Шетелдік;

Д. Қаржыландыру көздеріне қарай:

1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаттары;

2. Бюджеттік қаражаттар, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен;

3. Шетелдік инвестициялар;

Е. Салынып жатқан объектілердің экономикалық қызметінің түрлеріне қарай (қосымша 4).

Ғ. ҚР-дың аймақтары бойынша.

Инвестицияны пайдалану мен игеру қандай көрсеткіштермен сипатталады?

Инвестицияны пайдалану мен игеру көрсеткіштері:

Негізгі капиталды іске қосу

1. Инвестицияны игеру дәрежесі = -------------------------------------------------

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2. Негізгі капиталды іске қосу көрсеткішіне:

- есептегі кезеңде құрылысы аяқталған және іске қосылған кәсіпорындар, үйлер, ғимараттар құны;

- іске қосылған жабдықтар, машиналар, көлік құрал-жабдығының барлық түрлерінің құны;

- негізгі капитал құрал-жабдықтарының есебіне жатқызылатын аспаптардың және басқа заттардың құны;

- көп жылдық екпе ағаштар құны;

- жерді суару және құрғату жұмыстарының құны;

- бұрғылауы аяқталған және іске қосылған мұнай, газ пайдалану скважиналарының (ұңғымаларының) құны;

- жерді жақсарту жөніндегі күрделі қаржы шығындары мен негізгі капитал құрал-жабдықтарының құнын көбейтуге байланысты басқа да шығындар қосылады.

3. Мердігерлік жұмыс көлемінің құрылысқа салынған инвестицияға ара қатынасы.[68]

Тақырып 14. Шығын және аралық тұтыну статистикасы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 830; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.