Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 22




1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы

Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс- жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қосымша шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осы үрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институциопалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшіп өтемақы төленуі немесе берілуі керек. Экономикалық өндіріс шеңберіне кіретін іс-әрекет түрлері 11.2. тақырыпта қарастырылған.

Экономикалық өндіріс шеңберіне кірмейтімдер:

- активке иелік ету табыс әкеледі. Мысалы, инфляцияның нәтижесіндегі активтер құнының өсімі өндірістің нәтижесі болып қарастырылмайды немесе адамның қатысуынсыз өсімдік пен жануарлардың табиғи өсімі;

- үй шаруашылығымен айналысушылардың үй шаруашылықтық қызметінің мөлшері мен оның сандық нәтижелері туралы қажетті сенімді ақпараттар алу қиыншылығымен байланысты біршама кедергілер туады.

Тауар мен қызмет өндірісін статистикалық зерттеудің міндеттері қандай?

Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері мыналар:

1. Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.

2. Ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.

3. Келесі белгілері бойынша тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау:

- натуралды-заттай құрамы бойынша;

- құндық бейнеленуі бойынша;

- экономиканың салалары мен секторлары бойынша;

- республиканың облыстары бойынша;

- меншік формалары бойынша және т.б.;

4. Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу.

5. Ұлттық Шоттар Жүйесінің үйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің көрсеткіштерін есептеу методологиясын жетілдіру.[71]

 

2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері

Тауар және қызмет өңдірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:

1. Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:

а) өнімнің жеке түрі;

б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.

2. Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің мезоэкономикалық көрсеткіштері.

3. ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.

Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэкономикалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:

І.Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:

а) натуралды түрде - дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;

ә) шартты-натуралды түрде - берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;

б) ақшалай түрде кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сиаттамасы.

2. Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері:

а) шығару (Ш);

ә) жалпы қосылған құн (ЖҚҚ);

Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді.

"Шығару" көрсеткіші қалай есептеледі?

Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі:

1) жалпы қосылған құн - аралық тұтынудың қосындысы ретінде;

2) сатылған өнімнің құны - дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде;

3) сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісінің қосындысы ретінде;

4) нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде;

5) тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде;

б) өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде;

7) берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде есептеуге болады.

Ал өнімнің басқа құндық көрсеткіші - жалпы қосылған құн қалай есептеледі?

Жалпы қосылған құн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ=Ш-АТ. Жалпы қосылған құн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткішке негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол "жалпы" деп аталады. Экономиканың барлық салаларында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі.

Өндірістің әр саласының өнім шығару мөлшерін және басқа да есептеу тәсілдерін анықтау үшін әр саланың ерекшелігін ескеру шарт.

А. "Ауыл шаруашылығы, орман шаруашмлығы, аң аулау" салаларындағы шығару.

Ауыл шаруашылығы өнімі деген не?

Ауыл шаруашылық өнімі - өсімдік пен мал шаруашылығының "шикі" өнімдерінің, яғни басқа салаларда ешқандай өңдеуден өтпеген бастапқы өнімнің жиынтығы. Ауыл шаруашылығындағы өнімнің дайындық дәрежесіне қарай, ол дайын өнім және аяқталмаған өндіріске бөлінеді. Ауыл шаруашылығының дайын өнімі — толық піскен, жиналған, сатуға әзірленгсн шаруашылықтың дәнді-дақылдары және мал. Ауыл шаруашылығындағы аяқталмаған өңдіріс - жыл аяғыңда пайда болатын, өсу мерзімі бір жылдан ұзақ мерзімге созылатын өнім түрлері. Мұндай өнімдер нарықта сату үшін жарамды, дайын өнім категориясына өткенге дейін аяқталмаған өндіріс болып саналады.

Өсімдік шаруашылығында аяқталмаған өндіріс болатындар: қыстық бидай тұқымдарын себу мен дайындауға кеткен шығын, топырақты өңдеу, есептегі және келесі жылдағы өнім -астық үшін өткен жылғы тыңайтқыштарды себу, жеміс беретін мерзімге жеткенше көп жылдық көшеттерді өсіру мен отырғызу. Мал шаруашылығында аяқталмаған өндірісті төлді өсіру мен жемдеуге кеткен шығын құрайды.

Ауыл шаруашылығында өнім шығаруды есептейтін басқа әдістер қандай?

Ауыл шаруашылық өнімдерінің салаларындағы шығарым қосындысы ретінде мыналар анықталады = өсімдік шаруашылығындағы шығару + мал шаруашылығындағы шығару + ауыл шаруашылығы үшін көрсетілген қызмет құны.

Өсімдік шаруашылығының шығарымына қандай өнім түрлері кіреді?

Өсімдік шаруашылығының шығарымын құрайтындар:

а) берілген жылғы ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарының өнімін жинаудан алынған шикі өнімді өсіру құны;

ә) жеміс беретін жасқа дейін көпжылдық көшеттерді өсіру құны;

б) Өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндірістің қалдығының өзгерісі (жыл басы мен жыл аяғындағы қалдықтың айырмасы ретінде).

Мал шаруашылығының шығарымының өнімдеріне қандай өнімдер кіреді?

Мал шаруашылығында шығарылған өнімге кіретіндер:

а) ауыл шаруашылығындағы мал өсіру мен оларды шаруашылықта пайдаланудың нәтижесінде алынған шикі өнімнің құны (сиыр, қой, ешкінің шикі сүті; тауық, үйрек, қаздың жұмыртқасы; қой, ешкі, түйенің жүні; бал және басқа да өнімдер);

ә) мал, құс және басқа ауыл шаруашылық жануарлардыөсіру құны, яғни малдың салмағының артуы, төлі және өсуі

б) мал шаруашылығындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісі;

в) мал шаруашылығының басқа өнімдерінің құны (қаракөл, қи-қоқым, бал, т.б.).

Ауыл шаруашылығына көрсетілген қызметтің құнын құрайтындар:

- жерді жақсарту, топырақты химикаттау және басқа да агрохимиялық жұмыстар, өсімдікті аурудан және зақымданудан қорғау;

- ауыл шаруашылығына зоотехникалық және ветеринарлық қызмет көрсету құны;

- су шаруашылығы кәсіпорындарының ирригациялык және мелиоративтік жүйені пайдалану бойынша қызмет көрсету құны.

Ауыл шаруашылығының шығарымы берілген күнтізбелік жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері шығарған өнім құнының сомасына тең. Бұл әдіспен есептеуде шығарым көрсеткішіне бір кәсіпорынның ішіндегі бір бөлімшенің басқа бір бөлімшеге тауар жеткізіп қызмет көрсетуі кіреді, бірақ бір бөлімшенің өндірген және тұтынған тауары мен қызметі кірмейді. Мысалы, өсімдік шаруашылығы бөлімінің осы шаруашылықтағы (бригадасының) мал шаруашылығына жеткізген жем-шөбі немесе мал фермасының өсімдік шаруашылғына органикалық тыңайтқышты беруі.

Сонымен бірге бөлімнің ішінде пайдаланылған ауыл шаруашылық өнімі кәсіпорынның шығарымына кірмейді. Мысалға, инкубация жұмыртқалары, бұзауға берілетін сүт, тұқымға арналған дән. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығындағы аралық тұтынуға есептегі кезеңдегі кәсіпорын бөлімшесінде өндіріліп және сол бөлімшеде тұтынылған ауыл шаруашылық тауары мен қызметтері кірмейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштерін анықтайтын статистикалық ақпараттың көзі болып келесі есеп берулер табылады: егу нәтижелері, барлық жерден ауыл шаруашылығы дәндерінің жиналуы, түсімге сәйкес минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізу, мал шаруашылығының күйі, халы, малды есептеу.

Б. Өнеркәсіп өнімі.

Өнеркәсіп өнімі кәсіпорынның тауар түріндегі, не болмаса өнеркәсіп сипатындағы жұмыстар мен қызметтер, өнеркәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей тиімді нәтижесі болып табылады. Өндірістік қызмет көрсетулер және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар көбінесе өнімнің бөлшекпен жоғалған тұтыну құнын қалпына келтіреді.,

Өнеркәсіптік кәсіпорынның шығарылған өнімдерінің қандай түрлері өнеркәсіптік болып есептеледі?

Өнеркәсіп өнімі туралы анықтамадан келесі жағдайлар туындайды:

Біріншіден, өнеркәсіп өнімі — кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады, яғни еңбек жұмсалған өнім. Сондықтан, егер де кәсіпорынға келіп түскен шикізат басқа жаққа өңдеусіз сатылатын болса, онда ол осы кәсіпорын өнімінің көлеміне кірмейді.

Екіншіден, кәсіпорынның барлық қызметі емес, тек қана кәсіптік-өндірістік іс-әрекетінің нәтижесі ескеріледі. Бұл дегеніміз - өнеркәсіптік емес сипаттағы өнім, мысалы, қосалқы ауылшаруашылық өнім, асхана, үйлер мен ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, дәріхананың медициналық қызметі өнеркәсіп өніміне кірмейді, олар экономиканың басқа салаларындағы өнімнің құрамында ескеріледі.

Үшіншіден, қатысты мақсаттан шығатын кәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей нәтижесі анықталады. Осыған өнеркәсіп өніміне бастапқы шикізатты, материалды толық пайдаланбауға байланысты технологиялық қалдықтар, яғни машина жасау кәсіпорнындағы металл сынықтары, тері аяқ киім ком-бинаттарындағы терінің тіліктері кірмейді. Бірақ, егер де қалдықтар басқа тауарлардың, мысалға, ағаш-талшықты плиткалар, қолғаптар, маталар өндірісі үшін пайдаланылатын болса, онда олар осы тауардың құнында есептеледі. Қалдықтардан негізгі өнімді өндіру үрдісіне пайда болатын қосымша өнімдерді айырбастау керек. Олардың дербес маңызы болады және оларды шығару кәсіпорынның өнім көлеміне кіреді.

Төртіншіден, бекітілген талаптармен қанағаттандырылатын және тікелей мәні бойынша пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік өндірістік қызметтің пайдалы нәтижесі өлшенеді. Өндірістік ақаудың барлық түрі, соның ішінде басқа жаққа өз уақытында берілген және сатылған өнімдер өнімге жатқызылмайды. Ақпарат көзіне өнім бойынша кәсіпорынның статистикалық есебі, жеке еңбек қызметінен азық-түлік емес тауарлардың өндірісіне дейінгі үй шаруашылығының табысы, киімді тігуге және жөндеуге кеткен шығын және жеке азамат көрсететін басқа да қызметтер туралы бюджеттік зерттеудің берілгендері жатады:

- қондырылған құрылғы құны;

- көп жылғы көшеттерді отырғызу және барланатын терең бұрғылау.

Өнеркәсіптік шығарылым қандай құрамдас элементтерді құрайды?

Өнеркәсіп өнімінің құрамдас элементтері:

- салалар классификаторында "өнеркәсіп" саласына жататын дайын өнім;

- жартылай фабрикаттар;

- аяқталмаған өндіріс;

- кәсіпорын орындаған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар: өнеркәсіп бұйымдарын, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды, киімдерді және т.б. жөндеу;

- өзінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жеке меншік құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізу және т.б. жұмыстар үшін басқа жақтың тапсырысы бойынша орындалған жекелеген операциялар;

- қосалқы шаруашылықтар өнімі (электроэнергия, газ, су);

- өндіріс және қайта өңдеу.[72]




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 928; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.