Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Р Президентiн сайлау. 4 страница




.

66. Парламенттiң тұрақты комитеттерi: құрылуы, құрамы, қызметi, өкiлеттiгi.

ҚР ның Конст.60-бап

1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.

2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.

3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi.

3-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi тиiстi Палатаның депутаттары арасынан Парламенттiң бiрiншi сессиясында құрылады.
Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң саны, олардың атауы Сенат пен Мәжiлiстiң отырыстарында тиiстi Палаталар депутаттарының ұсынысы бойынша белгiленедi.
Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комитеттер құрылуы, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

34-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң төрағасы:
1) тұрақты комитеттiң жұмысына басшылық жасайды;
2) тұрақты комитеттiң жұмыс жоспарын және оның отырысы күн тәртiбiнiң жобасын жасайды;
3) комитеттiң, Палата Бюросының, Палатаның шешiмi бойынша тұрақты комитет мүшелерiне берiлген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады;
4) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.

35-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң хатшысы:
1) тұрақты комитеттiң iс жүргiзуiн және оның отырыстарының хаттамаға түсiрiлуiн ұйымдастырады;
2) тұрақты комитеттiң төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқарады;
3) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi атқарады.

36-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитеттердiң қызметiне белсене қатысуға, олардың тапсырмаларын орындауға мiндеттi.
Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитет отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тұрақты комитеттiң мүшесi:
1) сайлауға және комитет төрағалығына, хатшылығына сайлануға, осы кандидатуралар бойынша ұсыныс енгiзуге;
2) комитет отырысында қарау үшiн мәселелер ұсынуға, күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi бойынша ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге;
3) комитет отырыстарында комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша лауазымды адамдарды тыңдау туралы ұсыныс енгiзуге;
4) заңдардың, қаулылардың, комитет отырысында әзiрленiп жатқан басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге;
5) комитет отырысында баяндама жасаушыларға, төрағалық етушiге сұрақтар қоюға;
6) өз ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтамалар беруге;
7) комитет мүшелерiн азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiмен таныстыруға;
8) комитет отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларынан депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
9) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

41-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн таңдап алады, мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынас жасайды, қоғамдық пiкiрдi зерделейдi және ескерiп отырады.

42-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң отырыстары қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде екi рет өткiзiлiп тұрады.

43-бап. Тұрақты комитеттiң төрағасы отырыстарды өз бастамасы бойынша да, сондай-ақ комитет депутаттарының, Палата Төрағасының ұсынысы бойынша да шақырады.

44-бап. Тұрақты комитеттердiң отырыстары ашық өткiзiледi. Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiнде көзделген жағдайларда жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.

67 Парламенттiң комиссиялары.

Парламенттiң комиссиялары. 87-тармақ. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға құқылы. Бірлескен комиссиялардың сан құрамы Палаталар арасындағы келісім бойынша белгіленеді.

Бірлескен комиссия құру туралы бастаманы, егер Палаталар бірінің депутаттары жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс берсе және басқа Палатаның сондай көпшілігі қолдаса, Парламент депутаттары көтереді.
Бірлескен комиссия мүшелерін өздерінің жалпы отырыстарында Палаталардың депутаттары ұсынады және депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданатын Палаталардың қаулыларымен бекітіледі.
Палаталарда бірлескен комиссияның мүшелерін бекіткеннен кейін Палаталардың бірлескен отырысында Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен осындай бірлескен комиссия құру туралы қаулы қабылдайды.

Бірлескен комиссиялар Парламенттің жұмыс органдары болып табылады және тікелей соның алдында есеп береді.

88-тармақ. Бірлескен комиссияның төрағасын сайлау Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің әр Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады. Комиссия Парламентке бірлескен комиссия төрағасының кандидатурасы туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Парламенттің әр Палатасы депутаттары жалпы санының ең көп дауыс санын алған кандидат бірлескен комиссияның төрағасы болып сайланды деп есептеледі.

89-тармақ. Бірлескен комиссиялардың шешімдері комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең бөлінген жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауыс болып есептеледі.

Комиссияда Мәжіліс пен Сенат депутаттарының бөлек-бөлек дауыс беруі өткізілмейді.

Комиссияның отырысы, егер оған бірлескен комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады.

90-тармақ. Бірлескен комиссияның төрағасы, егер Парламенттің әр Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс берсе, қызметінен кері шақырылып алынуы мүмкін.

91-тармақ. Бірлескен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

92-тармақ. Республика Конституциясының 47-бабының 1-тармағында (Республика Президентін науқастануына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босату) көзделген Парламент пен оның Палаталары өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында Парламент арнаулы уақытша комиссия құрады.

Комиссия мүшелері мен оның төрағасын сайлау осы Регламенттің 87, 88-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Медицинаның тиісті салаларындағы мамандар арасынан комиссия мүшелерін сайлау Палаталардың тиісті комитеттерінің ұсынысы бойынша Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің әр Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырылады.

Комиссия шешімі осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес қабылданады және комиссияның қорытындысы түрінде ресімделеді Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi.

 

68. Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны.

Үкiметтiң мәртебесi, функциялары, атқарушы органдар жүйесiндегi орны. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесі: Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Республика Үкiметi:1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;

4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

7) мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;

8) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;

9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;

10) мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;

12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

13) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

15) алып тасталды

16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

17) алып тасталды

18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

 

69. Үкiметтiң құрылуы. Құрамы және құрылымы.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".

Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.

Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.

Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.

Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.

Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.

Конституцияның 53-бабының 7)-тармақшасында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi.

Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.

Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.

Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.

Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

 

70 Үкiметтiң функциялары.

Республика Үкiметi:

1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;

2) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;

4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;

6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

7) мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;

8) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;

9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;

10) мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;

12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

13) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

15) алып тасталды

16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;

17) алып тасталды

18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

 

71. Үкiмет қызметiн ұйымдастыру.

Үкiмет қызметiн ұйымдастыру. Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру

Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.

Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады.

Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.

Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.

Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.

Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.

1. Республика Премьер-Министрi:

1. Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi;

2.Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;

3. халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;

4. Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкiмi қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi;

5. Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

6. Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады;

7.Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады;

8. Республиканың заңдарымен өзiне жүктелген басқа да өкiлеттiктердi атқарады.

Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.

Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.

Конституциялық Кеңес нормативтік қаулыларды қабылдайды.Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылғын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 555; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.