Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бета-ыдырау




Альфа-ыдырау

-сәулелері гелий атомының ядроларының ағыны болып табылады. -сәулелерінің заряды , массалық саны 4-ке тең. -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:

бөлшектерінің өтімділік қабілеті өте аз, ол қалыңдығы 0,1 мм қағаздан өте алмайды. Тек -сәулесін шығарған радиоактивті элемент Менделеев кестесінде, кестенің бас жағына қарай 2 көзге ығысады.

Негізінде -сәулелері электрондар ағыны болып табылады. -ыдыраудың келесі түрлері кездеседі:

1) Электрондық -ыдырау;

2) Позитрондық -ыдырау;

3) Электрон қармау (көпжағдайда К-қармау).

Электрондық -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:

,

мұндағы: -антинейтрино.

Тек электрондық -сәулесін шығарған радиоактивті элемент Менделеев кестесінде, кестенің соңғы жағына қарай 1 көзге ығысады.

Позитрондық -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:

,

мұндағы: -нейтрино.

Электрон қармау кезінде ядро өз атомындағы қабықшалардағы электрондарды, көп жағдайда К-электрондарды жұтып, ядродағы бір протон нейтронға айналады.

Электрон қармау келесі заңдылыққа бағынады:

,

-сәулелерінің өтімділік қабілеті өте жоғары.

33.8.Гамма-сәулелері

-сәулелері тербеліс жиілігі өте жоғары электромагниттік толқын болып табылады. -сәулелерінің өтімділік қабілеті -сәулесі және -сәулесіне қарағанда өте жоғары болады. Негізінен -сәулелері басқа ыдыраулармен бірге жүреді.

Протондық радиоактивтілік

Протондық радиоактивтілік кезінде ядро бір немесе екі протон шығара отырып түрленеді.

 

§34 .Ядролық реакциялар

Ядролық реакциялар ядроның басқа ядромен немесе элементар бөлшектермен өзара әсерлесе отырып, түрленуін айтады. Бұл әсерлесу бөлшектер бір-біріне 10-15м қашықтыққа жақындағанда ядролық күш әсерінен болады. Ядролық реакциялардың ең жиі кездесетін түрі жеңіл бөлшектің ядросымен әсерлесу нәтижесінде жеңіл бөлшегі мен ядросының түзілуі болып табылады, яғни

.

Осы реакцияны қысқаша келесі түрде жазу қабылданған:

Жақша ішінде рекцияға қатысатын бірінші бастапқы, екінші соңғы жеңіл бөлшектер жазылады.

Реакцияға қатысатын жеңіл бөлшек: нейтрон (), протон (), дейтон (),

- бөлшек немесе -фотон болуы мүмкін. Мысалы

немесе қысқаша .

Ядролық реакциялар нәтижесінде энергия бөлініп шығуы немесе жұтылуы мүмкін. Бөлініп шығатын энергияны реакция энергиясы деп атайды. Ол реакцияға қатысатын бастапқы және соңғы ядролардың массаларының айырмасымен анықталады. Егер соңғы ядролардың массасы бастапқы ядролардың массасынан үлкен болса, онда реакция энергия жұта жүреді және реакция энергиясы теріс болады. Энергия шығара отырып жүретін ядролық реакцияларды экзотермиялық, ал жұта отырып жүретін реакцияларды эндотермиялық деп атайды.

34.1.Ядролардың бөлінуі

Нейтрондарды жұта отырып ауыр ядро бірдей екі бөлікке ыдырайды. Пайда болған бөліктер бөліну жарқыншақтары деп аталады. Ауыр ядролардың мұндай тұрақсыздығын оның құрамындағы бір-бірімен кулондық тебілетін протондардың көптігімен түсіндіріледі.

Ауыр ядролардың екі жарқыншақтарға бөлінуі өте көп мөлшердегі энергияның шығарылуымен жүреді. Мысалы 1 г уран ыдырағанда 8·1010 Дж энергия бөлініп шығады. Бұл бөліну келесі түрде жазылады:

 

.

 

Келесі шарт орындалған жағдайда ауыр ядролар ыдырайды:

,

мұндағы: - бөліну параметрі.

Бөліну параметрі (бөлінудің шекті параметрі) болғанда ядролар өте тұрақсыз болып табылады және табиғатта өмір сүрмейді. болған жағдайда ядролардың өздігінен бөлінуі мүмкін болады. Ядролардың өздігінен бөлінуінің жартылай ыдырау периоды 1016-1017 жыл болады. Бөліну кезіндегі жарқыншақтардан ұшып шығатын нейтрондар - бөліну нейтрондары деп аталады. Бөліну нейтрондарының арасында лездік және кешігіп шығатын нейтрондар болады. Лездік нейтрондар ядроның бөлінуі кезінде 10-14с уақыт мезетінде шығады. Кешігіп шығатын нейтрондар бөліну өнімдерінен бөліну аяқталғаннан кейін біршама уақыттан кейін шығады. Бөліну реакциясында пайда болған әрбір лездік нейтрондар көрші ядролармен әсерлесе отырып, оларда да бөліну реакциясын тудырады. Бұл жағдайда бөліну актілерінің көшкін түріндегі артуы, яғни тізбекті бөліну реакциясы жүреді.

Нейтрондардың көбею коэффициенті деп реакцияның белгілі бөлігінде шығатын нейтрондар санының алдыңғы бөлігінде шығатын нейтрондар санына қатынасын айтады. Тізбекті реакциялардың жүру шарты .

34.2.Термоядролық реакциялар

Жеңіл ядролардың бірігіп бір ядро құрауын (ядро синтезі) термоядролық реакциялар деп атайды. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді (107-109К жоғары температураларда) және термоядролық реакциялар кезінде өте көп мөлшерде энергия бөлініп шығады.

Дейтон мен тритий ядросының синтез реакциясы келесі түрде жазылады:

.

Термоядролық реакциялар Күннің және басқа да жұлдыздардың энергияларының көзі болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1520; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.