Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Терме диктант. Етістіктерді мағынасына қарай топта: (болымды, болымсыз, сабақты, салт)




Еркін диктант

Бекіту

№1-жаттығу

 

Етістіктерді мағынасына қарай топта: (болымды, болымсыз, сабақты, салт)

көрді, ал, барма, кетті, сөйлемеді, оқыды, ойлады, келеді, келмеді, салды, жазбады, оқы, талда, мазмұндады.

 

№2-жаттығу

 

Мына сөйлемдерден негізгі және туынды етістіктерді тап:

Бүгін сен әжеңе хат жаз.Ол өз өмірі туралы көп ойлайды. Мен өз іс-тәжірибемнен көп мысал келтірдім. Сен оларға хабар айт. Анаңа қала туралы әңгімеле. Сен ертең үйіңе қайт.

№3-жаттығу

Дара және күрделі етістіктері бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Қалаға қайтарда мына жүктерді алып қайтарсың. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жібек көйлекті қыз алдымнан шыға берді ғой...

 

№4-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктің райларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Баласы жақсы оқыса, анасы қуанады. Оған ойыңды ашық айт. Аспан бозғыл тарта бастады. Қоңыр күз де келіп жетті. Мен ойымды ашық айтқым келеді.Күн күркіресе, жаңбыр жауады. Сен күнде салқын суға жуын.

 

№5-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктің есімше және көсемше түрін анықта: Мен сені көптен көрген жоқпын. Анар Алматыға оқығалы келді. Ол Астанаға кеткелі екі жыл болды. Мен осы қалада дүниеге келіппін. Арман сабақта көп сөйлейтін. Сен ол жерге келген соң, маған хат жазарсың. Ол неге маған жауап қатпады. Ертең қалаға көп қонақ келгелі жатыр.

 

№6-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктердің шақтарын анықта: Панфилов Мұратқа жан ашыр кескінмен қарап тұр.

Мұрат шам жарығына күлімдеп қарайды. Төсекте қанға батып екі адам жатыр.Тұрар Москвадан кеше келіпті. Сендерге біз екі күннен кейін келеміз.Аспанда қалықтап құс ұшады. Сай-саламен су ағады. Мен театрға жиі баратынмын. Әскер басы өзен жағасында келе жатыр.

 

Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі рет сыз: Байқоңыр – космос кемелерінің мекені. Қазақтың кең даласының қақ ортасындағы бұл мекен космос кемелерін ұшыруға өте қолайлы. Жері жазық. Ауа райы тұрақты. Қалада көп қабатты үйлер көп. Көшелерінің бойында ағаштар өсіп тұр. Шетте ұшу алаңы бар. Одан космос кемелері сапарға аттанады. Біз келгенде алаңда ұшуға дайын болған ракета тұр екен.

 

Етістіктерді теріп жаз, олардың қандай жіктік жалғауда тұрғанын анықта: Тамыз айының аяқ кезі. Жалғыз өзім серуенге шықтым. Шыбынды бұлақтың бас жағындағы шатқалға бардым. Алдымнан шалғынды жапыра басқан аю кездесті. Қарақаттардың басын сындырып жепті. Аюды көруге асықтым. Тағы бір қабақшаға шықтым. Ойда жоқта аю алдымнан шыға мкелді, мен шошып кеттім. Бірақ аюдың менде шаруасы болмады.

 

Бақылау диктанты

Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта: Жау қолы от пен оғын аямай қалаға төнді. Ол жауған оқты елемей келе жатыр. Өмір үшін сынға түскен ана жүрегі бүлк еткен бе? Әйел бұршақтай жауған оқ астына кіріп кетті. Бұл аңыраған ана Наталья еді. Қала халқы орманға қашты. Ана алдымен орманға жұрттың қалай орналасқанын анықтады. Енді Лидасын әкетуге келе жатыр.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1808; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.