Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сан есім. Имя числительное




Еркін диктант

Терме диктант

Сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жаз: Кешке қарай тұман серпілді. Бұлт ыдырады. Аспан жадырап, кәдімгі жаз басталды. Таң ата шуақ болды. Жұқа мұздар күн қызуымен жедел еріді. Ауа жылына берді. Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден қылтиып шыққан көк өсімдіктер көріне бастады. Ағаш бұтақтарында көк бүршіктер пайда болды. Аралар ызың-ызың әндетіп, бұтадан бұтаға ұшып қонды.

 

Есте қалған сын есімдерді жаз: Кеше жауған қар ауланы аппақ мамық тонға орап тастады. Күн жарқырап, ақша қарды мың түрлі құбылтады. Шыңылтыр аяз құлақ пен мұрынның ұшын шымшып алғандай ду еткізді. Әбіш аяздан тітіркеніп арт жағына қараса, қайыңның бұтағында әдемі қос сары шымшық отыр екен. Әбіш оларға жем шашты да, мектепке бет алды.

 

Бақылау диктанты

Дара сын есімдерді байланысқан сөздерімен қоса астын сыз, сын есімнің мағынасына қарай түрін анықта: Жылы жаз өте шықты. Жауынды күз келді. Жыл құстары алыс сапарға дайындалды. Қайту дабылын ең алдымен кішкентай қарлығаштар қақты. Бұл құстардың қайтуы қаһарлы қыстың ерте түсетінін сездіргендей. Олардан кейін тырна, үйрек, қаз, сияқты жыл құстары қайтады. Бұл кезде көгілдір аспан қадірлі қонақтардың әсем әніне бөленеді. Жас бөбектер аппақ қаз бен аққуды жолға шығарып салады. Олар ұзын сирақ тырналарға кішкентай қолдарын бұлғайды.

Заттың, нәрсенің санын, мөлшерін білдіретін сөз табы сан есім деп аталады.

Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.

Тұрақты белгілері:

1.Мағынасына қарай (по значению) 1. Есептік (количественные) Қанша? Неше?   Бір, жүз, тоғыз жүз
2.Реттік (порядковые) Нешінші? Қаншасыншы? -ыншы/-інші, -ншы/-нші Бірінші, жүзінші,мыңыншы, жиырмасыншы
3. Жинақтық (собирательные) Нешеу? -ау/-еу (Жетіге дейін) біреу, екеу, алтау
4. Болжалдық (предположительные) Қанша? Неше? Қаншаға жуық? -дай/-дей, -тай/-тей,-даған/-деген, -лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп, -лар+септік ж. есептік+есептік, тарта, жуық Елудей, отыздай, ондаған, мыңдаған,жүздеп, ондап,отыздарда, елулерде, бес-алты, екі-үш мың онға жуық
5. Топтау (разделительные) Нешеден? Қаншадан? -дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен Бестен, оннан,жүзден,екі-екіден
6. Бөлшектік (дробные) Қанша? Неше? Есептік+шығыс септігі, жарты, жарым, ширек Оннан бір, бір бүтін бестен үш, мың жарым, жүздің жартысы
2. Тұлғасына қарай (по способу образования) 1. Негізгі (непроизводные) 2. Туынды (производные) Екі, төрт, елу, қырық Бірінші, екеу, бірер, елудей
3. Құрамына қарай (по составу) 1. Дара (простые) 2. Күрделі (сложные) Бір, жүз, мың, миллион он бес, мың екі жүз

Тұрақсыз белгілері:

1. Септелуі Жүздің, елуде, алтыдан, беске, мыңды
2. Тәуелденуі Тоқсаным, бесіңіз, төрті
3. Жіктелуі Біріншімін,, алтаумыз
4. Көптелуі Отыздар, қырықтар, жүздер

Ескерту. Қазақ тілінде зат есім мен сан есім тіркескенде, зат есімге көптік жалғау жалғанбайды. Мысалы: бес тәрелке, көп кітап, төрт қасық.

 

Синтаксистік қызметі:

 

Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

 

Морфологиялық талдау үлгісі:

 

Екеуі оң жақтан келді.

 

Екеуі – сан есім, бастапқы тұлғасы –екі (қанша?)

Тұрақты белгілері: туынды, дара, жинақтық, сұрағы (нешеуі?), -еу жұрнағы арқылы жасалған

Тұрақсыз белгісі: -і- тәуелдік жалғауы, үшінші жақ

Синтаксистік қызметі: нешеуі? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 838; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.