Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 3 страница




68. Өнім айналымын жүргізу үдерісінде пайдаланылатын үй-жайларды, жабдықты, мүкәммалды, ыдысты, көлік құралдарын санитариялық өңдеудің, дезинсекциялаудың және дератизациялаудың пайдаланылатын тәсілдері мен мерзімділігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және дайын өнімнің қайта ластануына мүмкіндік бермейді.

69. Өндірістік үй-жайларды жинау күнделікті ылғал тәсілімен жүргізіледі. Еден жұмыс үдерісінде және ауысым аяқталғаннан кейін сабын-сілті ерітіндісін пайдалана отырып, жуылады. Өндірістік үй-жайлардағы панельдердің, есіктердің беті кемінде аптасына бір рет жуылады.

70. Барлық үй-жай таза ұсталады. Тартпалар, траптар, қолжуғыштар, раковиналар, қоқыс салғыштар ауысым ішінде тазартылады, ауысым аяқталғаннан кейін жуылады және дезинфекцияланады.

71. Үй-жайларды, жабдықтарды және мүкәммалды күрделі жинау, дезинфекциялау арқылы кемінде айына бір рет санитариялық күн жүргізіледі.

72. Жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтау үшін лас суға арналған суағармен, суық және ыстық су келтірілген раковинамен, шүберектерді кептіруге арналған құрылғымен жабдықталған жеке үй-жай бөлінеді. Жинау мүкәммалы таңбаланады. Жинау мүкәммалын өндірістік үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ оны мақсаты бойынша пайдаланбауға жол берілмейді.

73. Дезинфекциялау кілемшелері өндірістік корпусқа, өндірістік үй-жайларға кіреберісте төселеді және әрбір ауысым сайын дезинфекциялау ерітіндісіне малынады.

74. Мүкәммалды, ыдыстарды және көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау су өткізбейтін едені, бу, ыстық және суық су келтірілген, сарқынды суды ағызуға арналған суағары, желдеткіші, оқытылған персоналы бар арнайы жуу үй-жайларында жүргізіледі. Қолмен жуу үшін жылжымалы 3 секциялы жуу ваннасы көзделеді.

75. Жабдықты, мүкәммалды, үй-жайларды жуу және дезинфекциялау үшін өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен жуу және дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

76. Жуу, дезинфекциялау құралдары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес құрғақ, желдетілетін, сөрелермен жабдықталған үй-жайда сақталады.

 

 

77. Мыналарға:

1) өнімді өндіру кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және дезинфекциялауға. Өндірістік цикл уақытында жабдықты қоршаған жағдайда оған жөндеу жүргізуге жол беріледі;

2) өндірістік үй-жайларда қосалқы бөлшектерді, ұсақ тетіктерді, шегелерді сақтауға;

3) өндірістік үй-жайларда тамақ өнімдерін ластау көзін шығаруды қиындататын аймақтарды ұйымдастыруға;

4) өндірістік үй-жайларда және тоңазытқыштарда тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылмайтын өндірістік қалдықтарды, басқа да заттар мен материалдарды, оның ішінде жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға;

5) жәндіктер мен кеміргіштердің болуына;

6) өндірістік үй-жайларда сынаптық бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға жол берілмейді. Шыны өлшеу аспаптарын пайдалануға қорғаныш жиегі болған жағдайда жол беріледі.

78. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар, оның ішінде тоңазыту камералары, көлік құралдарының жүк бөлімшесі және тасымалдауға арналған контейнерлер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік органның келісімі бойынша шаруашылық жүргізуші субъект белгілеген жиілікпен жүйелі санитариялық өңделеді, дезинсекцияланады және дератизацияланады.

79. Объектілерде шикізаттар мен дайын өнімдерді кеміргіштердің ластауынан және бүлдіруінен қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіледі, оларды жүргізу жиілігі кеміргіштердің, жәндіктердің қоныстануын есепке алу арқылы жүргізіледі.

80. Объект аумағында, шаруашылық аймағындағы арнайы бөлінген орында өндірістік аймаққа қатысты жел соғатын жағында қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді орнатуға арналған алаң көзделеді, ол үш жағынан биіктігі кемінде 1,5 м тұтас қабырғамен қоршалады.

Қалдықтарды шығару контейнерлердің толуына қарай шығарудың белгіленген қағидаларына сәйкес арнайы көлікпен жүзеге асырылады. Босатылған соң контейнерлер мен алаң жуылады және дезинфекцияланады.

81. Қалдықтарды сақтау және жою жағдайы өнімнің ластану мүмкіндігін, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруін, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп көзделеді.

82. Жабдық пен мүкәммал оларға қызмет көрсету, санитариялық өңдеу және жөндеу үшін еркін қол жеткізу мүмкіндігін ескере отырып орнатылады.

83. Тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын технологиялық жабдықтар, мүкәммал, ыдыс және қаптама, жабдық пен аппаратураның барлық бөліктері тамақ өнімдерімен жанасу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органда тіркелген материалдардан пайдаланылады.

84. Тамақ өнімдерін өндіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған қолданылатын жабдық, аппаратура және сыйымдылықтар тиісті техникалық регламентпен белгіленген машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, олар тамақ өнімдерінің ластану қаупін болдырмау үшін жеткілікті жиілікпен жуылады және дезинфекцияланады.

85. Тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын жабдық пен мүкәммалдың беті тегіс, су өткізбейтін, сіңірмейтін және уытты емес, тоттану әсеріне төзімді, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеңіл санитариялық өңделетін материалдардан көзделеді.

86. Тамақ өнімдерімен жанасатын металл конструкциялар тот баспайтын материалдардан дайындалуы тиіс.

87. Тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісінің параметрлерін бақылауды талап ететін барлық жабдық, аппараттар мен мүкәммал тиісті бақылау-өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Технологиялық жабдықтың жұмысын бақылауды «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер ұйымдастырады.

 

 

4. Тамақ өнімдерін өндіруге, өлшеп-орауға, сақтауға, тасымалдауға

және байытуға қойылатын талаптар

 

88. Цехішілік ыдыстар технологиялық үдеріс кезеңдері бойынша таңбаланады, шикізаттың және дайын өнімнің жекелеген түрлеріне бекітіледі, қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылады.

89. Цехішілік көліктік (айналым) ыдыс және ыдыс жабдықтары таза, құрғақ, берік, бөтен иіссіз пайдаланылады. Айналым ыдысты пайдалану алдында объектіде міндетті түрде өңдейді.

Өндірістік цехқа алдын ала өңдеусіз көліктік (айналым) ыдысты енгізуге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес емес ыдыс пен көлікте өнімдерді жіберуге және тасымалдауға жол берілмейді.

90. Дайын өнімдерді қаптауға арналған ыдысты өндірістік үй-жайлар арқылы тасымалдауға жол берілмейді.

91. Объектілерде шығарылатын өнімдердің ассортиментін шаруашылық жүргізуші субъектілер объектінің қуаты, типі, үй-жайлар жиынтығы, тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуына сәйкес әзірлейді.

92. Өндірісте пайдаланылатын мұз ауыз су сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін ауыз судан жасалады. Мұзды ластанудан қорғайтын жағдайларда дайындайды, орналастырады және сақтайды, оның сапасының сақталуын қамтамасыз етеді.

93. Сусымалы барлық қосалқы материалдар пайдалану алдында магнит ұстағыштар арқылы өткізіледі.

94. Мыналарға:

1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында қолданылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен техникалық регламент талаптарына сәйкес келмесе;

2) өндірушінің техникалық құжаттарында көрсетілген тамақ өнімдерінің белгілерінен ерекшеленетін сапасыздықтың айқын белгілері болса;

3) тамақ өнімдерінің шығарылған орнын және қадағаланатындығын растайтын, олардың сапасын және қауіпсіздігін куәландыратын мәліметтерді қамтитын ілеспе құжаттары болмаса;

4) таңбасында көрсетілген, тұтынушыға өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес келмесе;

5) таңбасында жарамдылық және/немесе сақтау мерзімі немесе жарамдылық және/немесе сақтау мерзімі өтіп кеткендігі көрсетілмесе немесе сақтау жағдайлары таңбасында және/немесе ілеспе құжатында көрсетілген сақтау жағдайларына сәйкес келмесе;

6) таңбаланбаған болса немесе таңбасында мәліметтер болмаса немесе таңбасы тамақ өнімдерін таңбалау саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес болмаса;

7) ветеринариялық сәйкестендіру белгісі (таңбасы) болмаса (тұтас етке, тұтас еттің жартысына, төрттен бір бөлігіне, малды сойғаннан алынған өнімдерге, бұлар үшін заңнамамен осындай сәйкестендіру көзделеді);

8) заңнамаға сәйкес қайда шығарылғаны және қауіпсіздігі расталмаған құрамында тамақ ингредиенттері бар;

9) жалған өнім болып табылса, азық-түлік шикізатын қабылдауға, қолдануға, сақтауға, тасымалдауға және тамақ өнімдерін өндіруге жол берілмейді.

95. Тамақ ингредиенттері мен тамақ қоспалары өндіруші зауыт қаптамасында сақталады және пайдалануға бөлек үй-жайда дайындалады. Бояғыштарды, хош иістендіргіштерді, тамақ қышқылдарын және басқа қоспаларды басқа ыдысқа қайта салуға және қайта құюға жол берілмейді. Оларды сақтау бөлек жабық шкафтарда жүргізіледі, пайдалануға бөлек үй-жайда дайындалады.

96. Шикізаттың, дайын өнімнің және қосалқы материалдардың әрбір партиясына олардың сапасын, қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар және олардың қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар қоса ілеседі.

97. Өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатының партиясына ауыл шаруашылық өсірінділерін өңдеу кезінде пайдаланылған пестицидтер, азық-түлік қорларының зиянкестерімен күресу мақсатында сақтауға арналған үй-жай мен ыдыс фумигациясы туралы өндірушінің (өнім берушінің) ақпараты қоса ілеседі.

98. Жануардан алынған азық-түлік шикізатын заңнамаға сәйкес жүргізілген ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижесі бойынша өңделмеген және қайта өңделмеген түрде тағамдық мақсаттағы тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдалануға жол беріледі.

99. Жануардан тікелей немесе оларды сою кезінде алынған жануардан алынған азық-түлік шикізатына ветеринариялық ілеспе құжаттар қоса ілеседі.

100. Мамандандырылған тамақ өнімдерін өндіру үшін мұздатылғаннан басқа құс етін, механикалық жаншылған құс етін және құс етінен алынған құрамында коллаген болатын шикізатты пайдалануға жол берілмейді.

101. Тамақ өнімдері өндірісінде йодталмаған тұзды пайдалануға жол берілмейді.

Өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көзделген.

102. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесіне сәйкес жүргізіледі.

103. Тамақ өнімдерінің жарамдылық және сақтау мерзімдерін сақтау жағдайларын бұзбаған жағдайда барлық жарамдылық мерзімі ішінде тамақ өнімдерінің қасиеті мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін өнімдердің рецептуралық құрамы, қаптау материалының түрі, қаптау әдісі мен өнімдерді өңдеу түріне байланысты өндіруші (дайындаушы) белгілейді.

104. Тамақ өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және тұтынушыға өніммен бірге тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігін немесе өнімнің объектіде шыққан күні мен сағатын (технологиялық үдеріс аяқталған сәттен бастап), сақтау температурасы мен сақтау мерзімінің аяқталуын (күнін, сағатын) көрсете отырып, жүкқұжатты ұсынады.

105. Қойма үй-жайлары, шикізатты сақтауға және өндіріске дайындауға арналған үй-жайлар шикізатты, дайын өнімдерді бөлек сақтауға арналған тоңазыту жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, еденнен кемінде 15 см биіктікте, оларды санитариялық өңдеуді қамтамасыз ететін материалдардан жасалған сөрелермен, стеллаждармен, тұғырықтармен және контейнерлермен, салқындату камералары конденсатты жинау және бұру жүйелерімен жабдықталады.

106. Дайын өнімдерді тоңазыту камерасына және/немесе қоймалық үй-жайға орналастыру партияны шығару күнін, ауысымын және нөмірін көрсете отырып, партиялармен жүзеге асырылады.

107. Қойма үй-жайлары, тоңазыту камералары өнімнің салмағын, температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылады, олар жөніндегі мәліметтер шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақталады. Камералардың, үй-жайлардың температурасы мен ылғалдылығы сақталатын өнімнің нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес ұсталады.

108. Дайын өнімдерді сақтайтын тоңазыту камералары мен қоймалардың температурасы мен ылғалдылығын өндірістік бақылау шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілер ауысымына кемінде 2 рет бақылайды. Бақылау нәтижелері объектінің есепке алу құжаттамасына тіркеледі.

109. Тоңазыту жабдықтары, тоңазыту камералары ластану шамасына қарай жуылады және дезинфекцияланады. Тоңазыту жабдығының төбесінде, қабырғаларында, еденінде, есіктерінде, тамақ өнімдерінің қаптамаларында қар мен мұздың жиналуына жол берілмейді.

110. Шикізатты және дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайда өнімнің өндірісіне қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдерін және шикізатты бірге сақтауға жол берілмейді.

111. Өзіндік иісі бар тамақ өнімдері (дәмдеуіштер, балық, ірімшік және басқаларды) бөгде иісті өзіне тартатын өнімдерден (шикі ет, сары май, жұмыртқа, шай, тұз, қант және басқаларынан) бөлек сақталады.

Шикі өнімдерді (ет, құс еті, балық, көкөніс, жеміс, жұмыртқа және басқаларын) тұтынуға дайын тамақ өнімдерімен, дайын қапталмаған өнімдермен бірге сақтауға, қауіпті тамақ өнімдерін басқа тамақ өнімдерімен сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырына және кәріз құбырларына, жылыту құралдарына жақын жерде, қоймалық үй-жайлардан тыс сақтауға болмайды. Тамақ өнімдерін тікелей еденге жинауға жол берілмейді.

112. Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері үшін ерекше сақтау жағдайларын сақтау қамтамасыз етіледі:

1) салқындатылған және тоңазытылған етті (тұтас етті, тұтас еттің жартысын, төрттен бір бөлігін) сақтау ілгектерге асып қойған күйінде, тұтас еттің өзара, үй-жайдың қабырғасымен және еденімен жанасуына жол бермей жүргізіледі. Блоктардағы (немесе ыдысқа салынған) етті стеллаждарда, тұғырықтарда және контейнерлерде сақтауға жол беріледі. Еттің жартылай фабрикаттары, субөнімдер, тоңазытылған және салқындатылған құс еті өнім беруші ыдысында сақталады, қатарластырып жинап қойған уақытта ауа айналымы қамтамасыз етіледі;

2) салқындатылған балық өнім беруші ыдысында, сақтау температурасы 0-ден минус 20 С дейін кемінде екі тәуліктен асырмай сақталады;

3) сусымалы өнімдерді сақтау құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, қамба зиянкестерімен ластанбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% аспайтын үй-жайда, қатарлардың арасы кемінде 75 см, қабырғадан 50 см арақашықтықта стеллаждарда қаптарға салынып қатарластырып жүргізіледі;

4) иерсиноздың және жалған туберкулездің алдын алу мақсатында көкөністер сақтау үдерісінде кезең-кезеңімен тексеріледі және қайта өңделеді және тазаланады;

5) азық-түлік картобын қараңғы үй-жайларда және/немесе оны күннің тікелей немесе шашыранды жарығынан қорғайтын ыдысты, қаптау материалдарын пайдалана отырып сақтайды.

113. Өнімді анық таңбаланбаған, пломбасы бұзылған, ластанған, бүлінген қаптамада сақтауға және өткізуге жол берілмейді.

114. Сақтау температурасы және ылғалдылық параметрлері регламенттелген тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдары мен көлік жабдықтары қажетті тасымалдау температурасын ұстап тұратын жабдықтармен және температуралық режим мен ылғалдылық деңгейінің тиісті параметрлерін өлшейтін бақылау құралдарымен жабдықталады.

115. Тамақ өнімдерін, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы кәдеге жарату және жою тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

116. Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі аспаптың және (немесе) зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

117. Объектінің жанында өз күшімен немесе аккредиттелген (аттестатталған) сынақ зертханасын тарта отырып, шикізатты, қосымша материалдарды, сондай-ақ технологиялық үдерістің аралық сатысындағы өнімдерді және дайын өнімдерді, суды, ауаны, тамақ өнімдерімен жанасатын жабдықты және мүкаммалды қажетті кіріс бақылауды жүзеге асыратын өндірістік зертхана жабдықталады. Қуаты шағын объектілерде зерттеудің осы түрлерін орындауға құқығы бар өзге де аккредиттелген (аттестатталған) зертхананың өндірістік бақылау жүргізуіне жол беріледі.

118. Өндірістік бақылаудың тәртібі мен мерзімділігін өндіруші/дайындаушы санитариялық өңдеу, дератизация және дезинсекция мерзімділігі белгіленген, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісілген өндірістік бақылау бағдарламасында айқындайды. Өндірістік бақылаудың әзірленген бағдарламасы технологиялық үдеріске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізілген кезде кезең-кезеңмен қайта қаралады.

119. Тамақ өнімін өндіруші (дайындаушы) өндірістік бақылау жүргізу мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында құзыретіне сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер және/немесе өтініштер бойынша шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімдердің және судың сапасының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, технологиялық үдерістердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына және өндірістік үй-жайлар мен жабдықты дезинфекциялау сапасына (микробиологиялық шайындыларды санитариялық-көрсеткіштік микрофлораның – ішек таяқшалары тобы бактерияларының болуына, сондай-ақ патогенді микрофлораның болуына зерттеу), өндірістің технологиялық және санитариялық-гигиеналық режимдерінің (микроклимат, жұмыс аймағының ауасы құрамында зиянды заттардың болуына, шуыл, діріл, жарықтандыру, электромагниттік сәулелену) сақталуына зертханалық бақылау жүргізеді.

120. Өндіруші (дайындаушы) шығарылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштерінің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық қауіпсіздік нормативтеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді, оның ішінде нан және нан-тоқаш бұйымдарында:

1) өндіруші мен тұтынушы арасында дау-жанжал туған жағдайда, жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам өнімде зеңнің болуын;

2) ай сайын, жылдың жылы және ауыспалы кезеңінде жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам өнімде Bacillus mesentericus бактериясының болуын айқындайды.

121. Өндірістік үй-жайлардың микроклиматына, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, шу, діріл, аспаптар мен жабдықтың электромагниттік сәулелену деңгейлері, жұмыс аймағы ауасында зиянды қоспалардың болуы «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

122. Жаңа технологиялық жабдықта, сондай-ақ жөндеуден, қайта жаңартудан кейін жұмыс жасау санитариялық өңдеу, дезинфекциялау сапасына және шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігіне микробиологиялық бақылау жүргізген соң жүргізіледі.

123. Өнімдерді зертханалық зерттеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде үлгілердің екі еселенген мөлшері қайта зерттеледі, технологиялық үдеріс барысы бойынша өндіріске, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, қосалқы материалдарға, суға, барлық жұмыс үй-жайларының санитариялық-гигиеналық жағдайына қосымша бақылау жүргізіледі және тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

124. Тамақ өнімдерінің қауіпті қасиеттерге ие болуына әкеп соқтарған бұзушылыққа жол берілген болса, өндіруші (дайындаушы) тамақ өнімдері өндірісі (дайындау), айналымы және кәдеге жарату үдерістерін (сатыларын) шұғыл тоқтатады, оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, содан соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы №140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесінде белгіленген тәртіппен оны кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 567; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.