Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 6 страница




282. Тағамдық, медициналық және ветеринариялық препараттар өндірісі жеке есіктері мен тұрмыстық үй-жайлары бар оқшауланған үй-жайларға орналастырылады. Техникалық өнім цехтарын тамақ өнімдерінің өндірістік цехтарынан кемінде 100 м қашықтыққа орналастырады және олар бір-бірінен жасыл көшеттер аймағы арқылы бөлінеді.

283. Барлық цехтар мен үй-жайлар күнделікті жиналады, үй-жайлар, жабдықтар мен мүкәммал дезинфекцияланады.

284. Тағамдық қалдықтардың әр түрі таза мүкәммал жәшіктерге бөлек жиналады. Қалдықтарды сақтау ұзақтығы 4 сағ аспауы тиіс.

285. Балық өндіретін объектінің балық қабылдайтын цехы (айлағы) су бұрумен жабдықталады, едені осы Санитариялық қағидаларға сай орындалады.

286. Санитариялық айлаққа және балық қабылдайтын алаңға салқын және ыстық су өткізіледі, балық аулайтын және көліктік кемелердің алаңдары мен трюмдерін дезинфекциялау үшін жағдай жасалады.

287. Балық қабылдайтын алаңдар күнделікті тазартылады, дезинфекцияланады және таза сумен шайылады. Қабылдау алаңының астындағы кеңістік таза ұсталады.

288. Үстелдерді жуу ластануына байланысты жүргізіледі. Балықты жуу үшін пайдаланылатын шлангілер оралған күйде еденге тимей сақталады.

289. Мүшелегеннен кейін балықты ағынды сумен мұқият шаяды, салқындатылған бункерлерде сақтайды немесе мұз себеді немесе дереу одан әрі технологиялық өңдеуге жібереді.

290. Шикізаттарды науалар мен люктер бойымен қабылдау және түсіру үстелдеріне қаңылтыр қағып, қоршаулармен қоршайды. Ағаш тақтайларды және басқа да конструкцияларды пайдалануға жол берілмейді.

291. Ұсақ мүкәммалды санитариялық өңдеу стерилизаторларда, ірі мүкәммал мен айналым ыдыстары жуу машинасында немесе салқын және ыстық су келтірілген бөлек үй-жайларда жүргізіледі.

292. Ыдыс құрғақ, таза үй-жайларда сақталады.

293. Ыдыстың қақпақтары цехқа таза, су өтпейтін материалдарға қапталған күйінде келіп түседі.

294. Тұздалған өнімді өндіруде алдын ала тұздау ыдыстарын, мүкәммал мен жабдықтарды дайындау жүзеге асырылады. Босатылғаннан кейін кеспектерді, ванналарды, мүкәммалды тұздық, май, май тұзы қалдықтарынан мұқият тазартып, оларды ылғал өткізбеуге тексереді.

295. Тұздау цехының барлық мүкәммалын (арбаларды, жәшіктерді, тасымалдағыштарды) таңбалайды, күнсайын жуады және дезинфекциялайды.

296. Жерге ұңғыланып орнатылған тұздауға, жібітуге, тоңазытуға арналған стационарлық кеспек қабырғасының биіктігі еденнен кемінде 50 см болатындай етіп орналастырады, кеспек түбін пайдаланылған тұздықтар мен ағын сулардың толық ағып кетуін қамтамасыз ету үшін ағын су саңылауына қарай еңістетіп орналастырады.

297. Балықты тиегеннен кейін кеспекте қалатын тұздықты өндірісте тазартылған (сүзгіден өткізілген) соң, бұзылған иісі болмаса және қышқылдығы 2-3 бірліктен артпаған жағдайда зертхананың қорытындысы бойынша қайта пайдалануға жол беріледі.

298. Кеспектерде тұздықтарға төзімді, жеңіл тазаланатын әрі дезинфекцияланатын материалдардан жасалған, салмағы 20 кг аспайтын, тұтқалары бар езгілер пайдаланылады.

299. Тоңазытуға, тұздауға және жібітуге арналған сыйымдылықтарға араластырғыш арқылы ыстық және суық су келтіру қамтамасыз етіледі. Сыйымдылықтардың су құбырларына тиек арматурамен жабдықтайды.

300. Балық тұздау үшін тоттануға төзімді металдардан немесе полимер материалдардан дайындалған контейнерлер пайдаланылады.

301. Балықтарды айналымдағы тұздықтарда және соққылап тұздағанда тұздықты тазартуды, күшейтуді және суытуды технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.

302. Жібіген, жуылған және тұздалған балықтың суын ағызатын стеллаждар еден деңгейінен кемінде 40 см биіктікте орналастырылады.

303. Пресервтерді өндіру үшін мынадай үй-жайлар (учаскелер) бөлінеді: орталықтандырылған тұздық үй-жайы, дайын өнімді сақтауға, көкөністер мен жемістерді дайындауға, өңдеуге арналған салқындататын камера, шикізаттар қорын қысқа мерзімге сақтауға арналған салқындататын үй-жай, қосалқы материалдарды сақтауға арналған үй-жай, ыдыстарды сақтауға, бос банкілерді, мүкәммалды және цех ішілік ыдыстарды жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар.

304. Жібіген шикізат қоры мүшелеу цехының сағаттық мүмкіндігін асырмауы қажет. Жібіген шикізатты суда ұстауға жол берілмейді.

305. Балық цехқа түбінде саңылауы бар ыдыста жеткізіледі және биіктігі бойынша бір қатарға орнатылады. Бос айналым ыдысы және балығы бар ыдыс стеллаждарда сақталады.

306. Татымды тұздалған құйма сірке су қышқылымен эмальданған ыдыста немесе тот баспайтын болаттан жасалған ыдыста араластырылады.

307. Банкілерге жабылғаннан кейін пресервілер өндірістік үй-жайларда екі сағаттан аспай сақталады және партияның қалыптасуына байланысты жетілуге 0-ден -8ºС температурада тоңазытқышқа жіберіледі.

308. Консервілердің негізгі өндірісі жалпы үй-жайларға орналастырылады және соусты қайнату, автоклавтау, ыдысты, мүкәммалды және учаскені жууға арналған шикізат, қуыру, азықты булау және өлшеп-орау бөлімшелері болады.

309. Консервілерді стерилизациялауға арналған автоклавтар автоматты режимде жұмыс істейтін бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталады. Термограммалар өндірістік зертханада кемінде бір жыл сақталады. Термограммада консервілердің атауы, автоклавтаудың нөмірі, ауысымы, күні, стерилизациялау режимі, аппаратшының тегі көрсетіледі.

310. Өндірістік зертхана кездейсоқ таңдау әдісімен стерилдеу үдерісінің тиімділігіне кезең-кезеңмен тексеру жүргізеді (жеті күн бойы +370С немесе он күн ішінде +350С инкубациялық сынақ, банкілердің сыртқы түрін қарау және объектінің зертханасында олардың ішіндегісіне микробиологиялық талдау жасау).

311. Банкілерге жабудың тиімділігі және банкілерде ақаулардың бар болуы арнайы жабдықпен күнделікті тексеріледі.

312. Бірдей жағдайларда жылумен өңдеуден өткен барлық банкілерде партияның ажырату белгісі болады.

313. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін барлық майлар мен басқа құймалар жүйеден құйылып алынады, жүйелер мен құйма машиналары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ыстық сумен жуылады, кейіннен ыстық сумен шайылады.

314. Консервілерді объектілерде сақтау құрғақ қойма үй-жайларында жүзеге асырылады. Қақпағы көтерілген және басқа жарамсыз консервілер бөлек үй-жайларда сақталады.

315. Аспаздық балық өнімдерін өндіру цехында шикізатты сақтауға, қаптамасын шешуге, жібітуге және бөлшектеуге, көкөністерді сақтауға және өңдеуге, қамыр дайындауға, балықты қуыруға және пісіруге, құйма тағамдарын, фарш өнімдерін, соус пен ланспигты дайындауға, қосалқы материалдарды сақтауға, өнімді қаптауға, тоңазыту камерасымен жөнелтуге арналған үй-жайлар (учаскелер), қалдықтарды сақтауға арналған тоңазыту камерасы, мүкәммалды, цехішілік ыдыстарды және айналым ыдыстарын жууға арналған үй-жайлар бөлінеді.

316. Балық шұжығын пісіргеннен кейін батон ішіндегі температура +80°С-тан төмен емес, ыстаудан кейін +45 - +50°С-тан төмен емес болуы тиіс. Қуыру аяқталған соң өнім +20°С температурға дейін салқындатылады және бірден өлшеп-оралады.

317. Балық фаршын дайындау кезінде +50С-қа дейін салқындатылған балық пайдаланылады. Балық фаршы дереу өлшеп-оралады және мұздатылады немесе аспаздық өндіріске беріледі.

318. Тағамдық қоспалары бар фарш 4-7 мин бойы араластырылады, фарштың температурасы +100С-тан аспауы тиіс.

319. Тұрақтандырғыш қоспалардың қосындысы алдын ала дайындалады және құрғақ, салқын жерде тығыз жабылатын сыйымдылықта сақталады.

320. Ыстау өндірісінде тұзды ерітіндіні дайындауға арналған, шикізаттың тәуліктік қорына арналған салқындататын үй-жай, дайын өнімді қаптауға арналған үй-жай, дайын өнімді уақытша сақтауға арналған тоңазытқыш, айналым ыдысты өңдеуге, кептіруге, сақтауға арналған, отынды, үгінділерді және ыстау сұйықтығын сақтауға арналған, қаптау материалын және қосалқы материалдарды сақтауға арналған үй-жайлар (учаскелер) бөлінеді.

321. Ақ амурдан, тұқыдан, жайыннан және дөңмаңдай балықтан сүрленген, қақталған және кептірілген балық өнімдерін тек оларды мүшелеген соң дайындайды.

322. Ыстау үдерісі аяқталысымен ыстық ысталған балықтың ішіндегі жол берілетін температура кемінде +800С.

323. Дайын өнім +200С аспайтын температураға дейін тез суытылады, қаптамаланады және тоңазыту камерасына жіберіледі.

324. Ыстық ысталған балықты өткізгенге дейін +20С-тан -20С-қа дейінгі температурада, салқын ысталған балықты 0-ден -50С-қа дейінгі температурада сақтайды.

325. Ыстыққа ысталған балықты мұздатқанға дейін 12 сағ астам сақтауға болмайды. Ыстыққа және жартылай ыстыққа ысталған балықты қайта қаптауға тыйым салынады.

326. Ысталған балықты қаптауға арналған жәшіктің бүйірінде саңылаулары болуы тиіс.

327. Ысталған балық өнімін ұсақ өлшеп-орауда шығарған уақытта (тілімдер, кішкентай кесектер) барлық мүкәммал таңбаланады. Тілімдерді салу үшін күрекшелер немесе шаңышқылар пайдаланылады.

328. Табиғи жағдайларда балықты қақтау ашық ілгіштерде немесе қалқа астында жүргізіледі. Ілгіштердің астындағы алаң атмосфералық жауын-шашынның ағынына арналған еңісі бар түзу қатты жабынмен жабдықталады, таза ұстайды. Алаңдарды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

329. Балықты ілгіштерге ілу кезінде төменгі қатары жерден кемінде 0,8 м биіктікте болуы тиіс.

330. Клеттер, сүмбілер, мөлшербағандар, шарбақтар және басқа да мүкәммал әрбір жүк түсіруден кейін тазартылады, жуу ерітіндісінің ыстық ерітіндісімен шайылады және ыстық суға буланады.

331. Дайын қақталған балық еденнен кемінде 50 см биіктікте үстелдерге жиналады және брезентпен қапталады. Үйілген балықтарды түнге қалдыруға жол берілмейді.

332. Уылдырық өндірісі (уылдырық цехы) көп бейінді объектінің құрамында немесе тиісті өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлары бар жеке өндіріс ретінде көзделеді. Ол қажетті жабдықтармен, аппаратурамен және мүкәммалмен жабдықталған дербес технологиялық цехтарда орналастырылады. Банкілер мен бөшкелердегі уылдырықты өндіру бөлек үй-жайларда жүзеге асырылады.

333. Уылдырықтан шығатын қалдықтарды және бөгде қосындыларды жою үшін жасанды көмескі жарықпен мөлдір инспекторлық үстелдер пайдаланылады.

334. Сақалдырықты алу және уылдырықты тесу учаскесі ыстық және суық су келтірілген раковиналармен жабдықталады және қол мен мүкәммалды өңдеу үшін антисептик ерітіндісі бар құрылғымен жабдықталады.

335. Балықтың уылдырығы таза сыйымдылыққа жиналады және 00С температурада салқындатылған күйде өлшеп-орау цехына/учаскесіне жеткізіледі.

336. Уылдырықты дайындау үшін қайнатылған суытылған тұздықтар және қыздырылған тұз қолданылады. Майды өндірістік зертхана алтын түстес стафилококктың болмауына тексереді.

337. Уылдырықты салу уақытынан бастап оны пастерлеуге дейінгі уақыт екі сағаттан аспауы тиіс. Уылдырық пастерлеуден кейін тоңазытқыш камерасына жіберіледі.

338. Бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын тек ұйқыға кету белгілері жоқ тірі балықтардан алынған уылдырық шикізаттарынан ғана дайындайды.

339. Ақуыз уылдырығы қабығының сілікпесін дайындауға арналған мата сүзгілер әрбір пайдаланылғаннан кейін жуылады, пайдалану алдында қайнатылады.

340. Майларды тұндыру, еріту және сүзгіден өткізу үшін қолданылатын жабдық әрбір өндірістік цикл аяқталғаннан кейін тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Шайынды су май аулағыштар арқылы шығарылады.

341. Медициналық майды және витамин препараттарын дайындау үдерісін тұмша қамтамасыз етіледі.

342. Тірі балықты автомобиль көлігімен тасымалдау үшін бөгде қосындылары жоқ таза су пайдаланылады.

343. Балық өнімінің өндірісі барысында алынған қалдықтар су өткізбейтін таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады және өндірістік үй-жайлардан жиналу мөлшеріне қарай шығарылады.

344. Қалдықтар шикізаттан және дайын өнімнен бөлек, суытылатын камералардағы сыйымдылықтарда сақталады. Қалдықтарды суытпай сақтауды жабық сыйымдылықтарда екі сағаттан асырмай жүзеге асырады.

345. Балық аулайтын кемелерде еріген судың өнімге түсуіне жол берілмейді.

346. Балық аулау өнімдерін салқындату үшін жабдықталған кемелерде салқындатылған таза теңіз суында цистерналарды барлық цистернада бірыңғай температураны сақтап тұруға арналған құрылғымен жарақтайды. Мұндай құрылғылар тиелген соң балық пен таза теңіз суы қоспасының + 30С аспайтын және 16 сағаттан кейін 00С аспайтын температурасын қамтамасыз етеді және температура мониторингін жүргізуге және тіркеуге мүмкіндік береді.

347. Шағын кемелерге балық аулау кәсібі өнімдерін мұзсыз балық ауланған сәтінен бастап 12 сағ ішінде балықты сақтау температурасы -10С бастап +40С дейін болғанда түсіруге жол беріледі.

348. Балық аулау кәсібі өнімдерін салқындатқан кезде кеме бортында балықты таза салқын суда үш тәуліктен асырмай сақтайды.

349. Кемеге құстардың, жәндіктердің немесе басқа да жануарлардың, паразиттер мен зиянкестердің кіруінің алдын алады.

350. Мұздатқыш кемелерді:

1) температураны -180С дейін жылдам төмендетуге арналған қуаттылығы жеткілікті мұздатқыш жабдықпен;

2) температураны тіркеуге арналған құрылғылармен жабдықталған -180С жоғары емес температурада сақтауға арналған трюмдерде балық аулау кәсібі өнімдерін ұстау үшін қуаттылығы жеткілікті салқындатқыш жабдықпен жабдықталады. Есептеу құрылғысының температура датчигі трюмдегі ең жоғарғы температура аймағына орналастырылады.

351. Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыштардың ішкі қабырғалары мен төбелері оған балық аулау кәсібі өнімдерін тиеу алдында санитариялық өңдеуден өткізіледі.

352. Балық аулау кәсібі өнімдері тоңазытқыш камералары мен мұздатқыштарға ағаш торкөздерге қатар-қатар немесе еденнен 8 см биіктіктегі табандықтарға қойылады. Қатарлар қабырғалар мен салқындату құралдарынан 30 см жақын емес арақашықтықта орналастырылады. Қатарлар арасына бос жерлер қалдырылады.

353. Егер балық аулайтын кемелерде балықпен бірге пайдаланылатын су беруге арналған құрылғы болса, онда ол берілетін судың ластануын болдырмайтындай етіп орнатылады.

354. Жүзу базасында (жүзу құралдарында):

1) өнімді күннен және қыздыру элементтерінен және кез келген ластау көзінен қорғайтын құрылғысы бар, жеңіл тазаланатын қабылдау аймағы;

2) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес балықты қабылдау аймағынан жұмыс аймағына беруге арналған жүйе;

3) балық аулау кәсібі өнімдерін дайындау және өңдеу үшін жеткілікті түрде ауқымды, жеңіл жуылатын және дезинфекцияланатын, өнімдердің кез келген ластануын болдырмайтындай етіп орнатылған жұмыс аймақтары;

4) дайын өнімді сақтауға арналған аймақ;

5) өнімді дайындау және өңдеу аймағынан алыстағы қаптау материалдарын сақтауға арналған орын;

6) қалдықтарын жоюға арналған арнайы жабдық немесе адамдардың пайдалануына жарамсыз балық аулау кәсібі өнімдерінің қалдықтарын сақтауға арналған камера, бұл ретте қалдықтар кемеде 24 сағ асырмай сақталады;

7) орналасуы сумен жабдықтау жүйесімен байланысты болдырмайтын су жинау құрылғысы;

8) балық аулау кәсібі өнімдерін өңдеумен айналысатын персоналдың қолын жууға арналған жабдық көзделеді.

Балық аулау кәсібі өнімдерін мұздатуды жүзеге асыратын жүзу базалары (жүзу құралдары) мұздату кемелеріне арналған қажетті жабдықтармен жарақталады.

355. Салқындатылған балық өнім берушінің ыдысында 0-ден -20С дейінгі температурада екі тәуліктен асырылмай, мұздатылған балық және балық өнімдері -180С аспайтын температурада, консерві өндірісіне арналған тұздықтағы бөлінбеген мұздатылған балық -90С аспайтын температурада сақталады, тірі балық өткізу мерзімін шектемейтін, оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін жағдайларда ұсталады және тірі балықтарға арналған арнайы көлікпен тасымалданады.

 

 

10. Құс өңдеу объектілеріне қойылатын талаптар

356. Құстарды қабылдаумен, жұмыртқаларды сорттаумен, өңдеумен, мамық қауырсын шикізатын бастапқы өңдеумен, лас ыдысты жуумен байланысты технологиялық үдерістер жеке үй-жайларда немесе алаңдарда жүргізіледі.

357. Объектіде осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес функционалды оқшауланған учаскелер мен бөлімшелер бөлінеді.

358. Құстың әрбір партиясымен ветеринариялық ілеспе құжаттары қоса жүреді.

359. Құстың тұтас етінің қанын сорғытуды цехта оның шашырауын және жұмыс үдерісі кезінде науаларда жиналуын болдырмайтын, туннельдерде немесе жабық учаскелерде жүргізіледі.

360. Құстың қауырсындарын алған кезде машиналар қоршалады, қауырсын жинауға және өңдеуге беруге арналған науалар торлармен жабдықталады.

361. Құстың тұтас еттеріне және қауырсын алатын машиналардың жұмыс органдарына құстан қауырсын алу кезінде +45 - +500С температурадағы су үздіксіз берілуі тиіс.

362. Бастапқы өңдеу, ішек-қарнын ақтару, салқындату конвейерінің аспасынан құстың тұтас еттерін лақтыру орындарындағы ленталы транспортерде немесе үстелдерде, қаптау және сорттау учаскесінде тұтас еттің еденге түсуін болдырмайтын қоршаулар немесе құралдар орнатылады.

363. Ішек-қарны аршылғаннан кейін тұтас еттің сыртқы және ішкі беттері су құбырының суымен жуылады. Тұтас еттің ішкі қуыстарын жуу үшін саптамасы бар шлангілер қолданылады.

364. Құрсақ қуысын жарған кезде және ішкі мүшелерін алған кезде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына және оның ішіндегісінің тұтас етке және жабдықтарға түсуіне жол берілмейді.

365. Тұтас етті салқындату ластануына қарай, бірақ ауысымына кемінде 1 рет ауыстырылатын суы бар ванналарда жүргізіледі.

366. Шартты жарамды, ішек-қарыны аршылмаған және жартылай аршылған құстың тұтас етін суға батырып салқындатуға жол берілмейді.

367. Құстың тұтас етін өңдеу үшін құрамында ауыз суға арналған талаптардан асатын шоғырланудағы хлоры бар ерітінділерді қолдануға жол берілмейді.

368. Құстың тұтас еттері алдын ала пергамент қағаз төселген жәшіктерге салынады немесе кейіннен жәшіктерге салынатын жеке пакеттерге қапталады.

369. Қапталған құстың тұтас етінің тоңазытқышқа жіберілгенге дейін цехта болу уақыты 30 мин аспауы тиіс.

370. Тоңазыту камераларында тұтас ет салынған жәшіктерді табандықтарға орналастырады, 0 – +2ºС температурада 5 тәуліктен асырмай сақтайды.

371. Ішек-қарынды алдын ала тазартпай және ішін жумай сақтауға жол берілмейді.

372. Жұмыртқа өнімдерінің өндірісі (меланж, ақуыз, сарыуыз, жұмыртқа ұнтағы) үшін құстардың инфекциялық және инвазиялық аурулары бойынша қолайлы шаруашылықтардан түскен жаңа және тоңазытқыштан алынған тауық жұмыртқалары пайдаланылады.

373. Жұмыртқа кептіру цехтарында жұмыртқа ұнтағын дайындау үшін қабығы жарылған ластанбаған, бірақ аққан белгілері жоқ, +8 – +10ºС температурада жұмыртқалаған күнді қоспағанда бір тәуліктен аспай сақталған тауық жұмыртқалары өңдеуге жіберіледі.

374. Мұздатылған және кептірілген жұмыртқа өнімдерін дайындау үшін құстың басқа түрлерінің жұмыртқаларын, әк ерітіндісінде сақталған тауық жұмыртқаларын, тағамдық сапасысыз (сынған, кертілген, төгілген, кептірілген, бүйірі майысқан, дағы бар) жұмыртқаларды пайдалануға жол берілмейді.

375. Жұмыртқаларды тасымалдау және сақтау үдерісінде қабықтың бүтіндігін бұзуға және ластауға жол берілмейді, температуралық режим сақталады, жұмыртқаларды иісі шығатын заттардан және бөгде иістерден қорғайды.

376. Жұмыртқаларды ылғалды, формасы бұзылған және лас ыдыста қаптауға, сақтауға, сондай-ақ оларды агрегатқа беруге жол берілмейді.

377. Жұмыртқаларды өндірістік үй-жайлардан толығымен бөлінген үй-жайларда (жұмыртқаларды жару, өңдеу, дайын өнімді алу және сақтау) қаптамасын ашады.

378. Жұмыртқаларды жару учаскесіне беру алдында кейіннен сапалы және сапасыз, лас және таза қабығы бар болып сорттай отырып, көзбен шолып қарайды және овоскопиядан өткізеді.

379. Жұмыртқаның қабығының беттерін өңдеу қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарымен жүргізеді. Санитариялық өңдеуден кейін жұмыртқалар сақтауға жатпайды.

380. Қабықты жарғаннан кейін жұмыртқаның ішіндегісі стерилденген таза ыдысқа жиналады және сапалылығы тексеріледі. Қолмен жарған кезде бір сыйымдылыққа бес жұмыртқаның ішіндегісінен артық құймайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 797; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.