Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кестелер арасында байланыс орнату




Мәліметтер қоры көп кестелерден тұруы мүмкін; олардағы барлық мәліметтер толық пайдалана алатындай болуы үшін, кестелер арасында байланыс орнатылуы керек. Байланыс орнатылғаннан кейін қордағы кестелер бір кестедей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Байланыс сәйкес өрістер арқылы орнатылады. Көбінесе бір кестенің алғашқы кілтімен басқа кестенің оған сәйкес өрісі арасында орнатылады. Сәйкес өрістерде бірдей информация болады, бірақ олардың аттары бірдей болмауы мүмкін.

Қордың кестелері бір сызба бойынша байланысады (cурет 16). Егер ол сызбаны өзгерту керек болса, оны жойып, жаңа сызба құрастыру керек.

16 - cурет Кестелер арасындағы байланыстар

 

Кілттік өрістегі жазулар қайталанбайтын болуы тиіс; ондағы жазу тек бір жатық жолды ғана анықтайды. MS Access өзі кілттік өрісті құрастыра алады, мысалы Санауыш.

Кестелер арасындағы байланыстар мынадай типтерге жатуы мүмкін:

“Бірде-бір”(1-1) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.

“Бірдің-көпке” (1-¥) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі көп жазбаға сәйкес екенін білдіреді. Мәліметтерді иерархиялық ұйымдастыру кезінде “Бірдің-көпке” қатысы ең ортағы болып табылады.

“Көптің-бірге” (¥-1) қатысы. Бұл қатыс “бірдің-көпке” қатысына ұқсас. Мұнда бір кестедегі көп жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.

“Көптің-көпке” (¥-¥) қатысы. Аталмыш қатыс екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:

· Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы

мүмкін;

· Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы

мүмкін.

“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі

Кестелер арасындағы байланыстың құрылуы “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде жүзеге асырылады. Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

1. Сервис/Мәліметтер сызбасы командасын орындап немесе саймандар

қатарында Мәліметтер қоры батырмасын басып, “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесін ашамыз.

2. Бұл сұхбаттасу терезеге байланысқан екі терезені бірізділікпен қосамыз. Ол үшін Байланыстар/Кестені қосу командасын орындаймыз немесе саймандар қатарында Кестені бейнелеу батырмасын шертеміз. Экранда “Кестенің қосылуы” сұхбаттасу терезесі ашылады.

1. Кестелер тізімінде бірінші қосылған кестені ерекшелеп алып, Қосу

батырмасын шертеміз. Содан кейін екінші қосылатын кестені таңдап, Қосу батырмасын шертеміз. Бұдан соң “Кестенің қосылуы” сұхбаттасу терезесін жабу үшін Жабу батырмасын шертеміз. “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде байланысатын екі кесте пайда болады.

2. Кестелерді байланыстыру үшін бірінші байланысатын кестедегі өрісті

таңдап, оны маустың көмегімен екінші кестенің сәйкес өрісіне апарамыз. Бірнеше өрістерді бірден байланыстыру үшін Ctrl пернесін басып тұрып, осы өрістерді таңдап, ерекшеленген өрістер тобын екінші кестеге жылжытамыз. Көп жағдайда бір кестенің түйінді өрісін (қарайтылған қаріптер өрістер тізімінде көрсетілген) екінші кестедегі сыртқы кілттің (көбінесе сондай аты бар) сәйкес өрісімен байланыстырады. Байланысқан өрістердің аттарын бірдей болуы міндетті емес, алайда олардың мәліметтерінің типі бірдей болып, мазмұны бір типтен тұруы тиіс. Сонымен қатар Сандық типінің өрісінің байланысатын өрістері Өрістің мөлшері қасиетінің мәнімен бірдей болуы керек.

Экранда “Байланыстардың өзгертілуі” сұхбаттасу терезесі ашылады. Бұл сұхбаттасу терезеде бағандарда тұрған, байланысатын өріс аттарының дұрыстығын тексереміз. Қажет кезінде өрістің басқа аттарын таңдап, Жасау батырмасын шертеміз. Жасалатын байланыстар типі байланыстарды анықтауда көрсетілген өрістерге тәуелді:

· “Бірдің-көпке” қатысы - өрістердің біреуі ғана түйінді болса немесе оның

бірегей индексі бар болған жағдайда ғана жасалады;

· “Бірдің-бірге” қатысы – байланысатын өрістердің бәрі түйінді болса немесе

оның берегей индексі бар болған жағдайда жасалады;

· “Көптің-көпке” қатысымен байланыс екі байланысты “бірдің-көпке”

қатысымен үшінші кесте арқылы көрсетеді, оның кілті ең болмағанда, екі басқа кестелерде сыртқы кілттің өрістері болып табылатын екі өрістен тұрады;

“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде түйінді емес (немесе бірегей индексі жоқ) өрісті басқа түйінді емес (немесе бірегей индексі жоқ) өріске көшіргенде анықталмаған қатыс жасалады. Анықталмаған қатысы бар кестелерден тұратын сұрауларда MS Access келісім бойынша кестелер арасында бірігу сызығын жасайды, бірақ мәліметтер тұтастығының шарттары бұл кезде сүйемелденбейді және кез келген кестеде жазбалардың бірегейлігіне кепілдеме берілмейді. “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде тек кестелер арасында байланыстарды жасап қоймай, келесі әрекеттерді де орындауға болады:

· Кесте құрылымын өзгерту;

· Бар байланысты өзгерту;

· Байланысты жою;

· “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде кестені жою;

· Экранға барлық бар байланыстарды немесе байланыстарды тек нақты

кестелер үшін шығару;

· Мәліметтер тұтастығының шарттарын бермей-ақ сұраулар үшін

байланыстарды анықтау.

Кестенің пішімін өзгерту

Кестенің сыртқы түрін өзгерту үшін кесте режимінде тұрып, Пішім/Кесте режимін таңдаймыз. Нәтижесінде “Кестенің форматы” (сурет 17) сұхбаттасу терезесі ашылады. Осы сұхбаттасу терезесінің көмегімен кестенің бейнелеу пішімін толығымен орнықтырамыз (“Безендіру” бөлімі), тордың сызықтарын қосып, жоямыз.

17 - cурет «Кестенің пішімі» сұхбаттасу терезесі

 

Мәліметтерді сұрыптау

Кестеге мәліметтер кез келген ретте енгізіледі. Мұндай мәліметтерді көру қиын. Мәліметтерді ретке келтіру үшін мәліметтер қорында сұрыптау ұғымы пайдаланылады.

Біз жазбаны кез келген өрісте сұрыптай аламыз – бұл жазбалардың реті берілген өрісте сақталған мәндердің шамаларына сәйкес орнықтырылатынын білдіреді. Сұрыптайтын өрісті таңдап алған соң бағанды ерекшелеп, Жазбалар/Сұрыптау командасын орындаймыз, сосын Өсуі бойынша сұрыптау немесе Кемуі бойынша сұрыптау опциясын таңдаймыз. Сұрыптау командасын жіберетін ең оңай тәсіл саймандар қатарындағы сәйкес батырманы басу.

 

Сүзгінің қолданылуы

Мәліметтер қорында сүзгімен жұмыс істегенде сүзгі берілген белгімен анықталатын мәндерді ғана көру үшін қолданылады.

Кестемен жұмыс істегенде кез келген режимде саймандар қатарының батырмаларын және меню командаларын қолдана отырып, сүзгіні құруға болады. Қазір сүзгіні орнықтыру үшін қолданылатын саймандар қатарының үш батырмасына және оларға сәйкес меню командаларына тоқталамыз:

 

Батырма Команда Қызметі
  Жазбалар/Сүзгі/ Ерекшелену бойынша сүзгі Берілген бағанның ерекшеленген мәндері бойынша мәліметтерді сүзгілеуді орындайды
      Жазбалар/Сүзгі/ Сүзгіні өзгерту Сүзгіден өткізудің белгісін беру үшін сұхбаттасу терезесін жапсырмасымен ашады
  Сүзгіні қолдану/ Сүзгіні жою Сүзгіні қолдану және алып тастау күйлерін ауыстырып қосады

Жазбалар/Сүзгі командасын қарастырайық. Ол төрт түрлі сүзгіден тұрады: Сүзгіні өзгерту, ерекшелену бойынша сүзгі, ерекшелеуді алып тастау және еңейтілген сүзгі. Бұл сүзгілердің қолдануларын қарастырайық.

Сүзгіден жазбаларды алып тастау

Біз мәліметтерді қосудың орнына алып тастап, жазбаларды сүзгіден өткізе аламыз. Ол үшін:

1. Сүзгіден өткізгіміз келген кестені ашамыз.

2. Белгі қызметін атқаратын мәндерді таңдаймыз.

3. Таңдалынған орынды маустың оң батырмасымен басамыз. Контекстік меню

пайда болады.

4. Контекстік менюден Ерекшеленуді алып тастау (cурет 18) командасын

таңдаймыз.

18 - cурет Контекстік меню көмегімен сүзгіден өткізу

7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау

Мәліметтер қорына қатысты берілетін сұрақтар сұрау деп аталады.

MS Access-те сұрауды қалыптастыру үшін сұрау конструкторы мен MS Access тілінің SELECT нұсқауы қолданылады.

Сұрау – бір уақытта бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы сұрау дегеніміз – бір немесе бірнеше кестелерде кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданылады. MS Access-те сұраудың бірнеше түрлері бар. Олар: таңдамалы, параметрлі, үлгі бойынша, қорытынды сұраулар.

Мәліметтерді таңдауға бағытталған сұрауды құрастыру үшін старт терезесінде мынандай командаларды орындау керек. Сұрау/Құру/Қарапайым сұрау/ОК. Кесте/Сұрау өрісінде керекті кестелер мен сұрауларды таңдап, Тасымалданатын өріс терезесінен қажетті өрістерді таңдап, > батырмасын басу керек.

Таңдамалы сұрау түрлері. Мәліметтерді таңдаудың типтік шарттарын қарастырайық.

· Барлық А әрпінен басталатын сөздер Like А*

· Барлық Алматы қаласындағы студенттер Алматы*

· Асанов атты студенттен басқасы Not Асанов немесе <>Асанов.

· Алматы мен Астана қаласынан келген студенттер Алматы Or Астана.

· >=50 and <=60 немесе Between 50 and 60.

· 01.01.03 - 31.12.03 аралығындағы күндер Between #01.01.03#And#31.12.03

Мысалы:

 

 

19 - cурет А әріпінен оқушыларды таңдау 20 - cурет Нәтиже

Параметрлі сұрау – қолданушы сұрау сұхбаттасу терезесінде таңдауға берілген параметрлерді енгізеді. Параметрлі сұрау қолданушыға кестелер, кестелер ішінен кейбір мәліметтер тобы керек болған жағдайда қолданылады. Керекті мәліметтерді табу үшін оған бірнеше сұрау құрудың орнына тек керек параметрлерін енгізіп, параметрлі сұрау құруға болады. Параметрлі сұрауды төмендегідей етіп құрамыз:

1. Таңдау сұрауында Конструктор тәртібіне өтеміз.

2. Іріктеу шарттары жолына қажетті шарттарды тік жақша ішіне жазамыз.

3. Құрылған сұраудың дұрыстығын тексеру үшін сұрауды іске қосамыз. Осы

кезде ашылған Параметр мәнін енгізіңіз терезесіне сәйкес мәндерді енгіземіз және ОК батырмасын басамыз. Егер сұрау құру кезінде алдында құрылған сұрауды қолданатын болсақ, онда параметрлі сұрауды жаңа атпен сақтаймыз.

Үлгі бойынша сұрау – конструктор режимінде құрастырылады. Сұхбаттасу терезесінде Сұрау/Құру/Конструктор/ОК командасын орындап, қажетті кесте атын таңдап, Қосу батырмасын басамыз. Пайда болған терезеден келесі командаларды орындау қажет:

Терезеге шығарылған кестеден өріс аттарын құрастырылатын кестеден өріс жолына сүйрету арқылы орналастыру керек. Сонда өріс жолында таңдалған өріс аттары жазылады. Олардың әрқайсысының қандай өрістерден алынған 2 – Кесте аты жолында көрсетіледі, 3 – сұрыптау жолында Өсуі бойынша немесе Кемуі бойынша тәртібін орналастыруға болады, 4 – Экранға шығару, өрісте жазылған мәліметтерді экранға шығару немесе шығармау режимі орындалады. 5 – Условия отбора мәліметтерді таңдау шарттары жазылады. Осы амалдар орындалғаннан кейін оған ат берілуі тиіс. Ол үшін Файл/Басқаша сақтау командасын орындаймыз.

Сұраулардағы есептеулер

MS Access жүйесі мәліметтерге есептеу амалдарын қолдануға мүмкіндік береді. Есептеу формулалары былай жазылады:

Аты: [Amd] Ä [Am2] Ä [Am3] …,

Мұндағы Аm – қорытынды жазылатын тік жол, Am1, Am2, Am3,... – есептеуге қатысатын өріс аттары, Ä - арифметикалық амалдар: (+қосу), (-алу), (*көбейту), (/бөлу), (^дәреже), (& - мәтіндік өрістерді біріктіру), (\-арифметикалық өрнектерді дөңгелектеу), (MOD - бөлу қалдығы), (OR – логикалық “немесе”), (AND – логикалық “және”), (NOT – логикалық “жоқ”), (< кіші, > үлкен, <= үлкен емес, >= кіші емес, <> тең емес). Жақшалар амалдардың орындалу тәртібін көрсетеді.

Шебер көмегімен сұрауларды құру

Мәліметтер қорында сұрауды құру үшін “Сұраулар” категориясын жандандырып, Құру батырмасын басамыз. Сұрау конструкторы немесе сұрауды құруға арналған шеберлердің бірінің көмегімен сұрауды құру опциясын таңдауға арналған 21-суретте көрсетілген сұхбаттасу терезесі ашылады. Сұраулармен танысу үшін Қарапайым сұрау опциясын таңдап, ОК батырмасын басамыз. Осы кезде экранда 22-суретте көрсетілген, бір немесе бірнеше кестелерден өзімізге керекті өрісті таңдай алатын шебер терезесі ашылады.

 

21 - cурет Сұраулар конструкторын 22 – cурет Қарапайым сұрау шебері

немесе шеберін таңдау терезесі

 

Егер біз бір кестеден аса таңдасақ, шебер автоматты түрде мәліметтердің сызбасы негізінде кестелерді байланыстырады.

Өрістерді таңдаған соң Әрі қарай батырмасын басқанда экранда нақты немесе қорытынды сұрау белгісін таңдауға керекті сұраулар шеберінің келесі сұхбаттасу терезесі пайда болады.

Сұрауды салыстыру процесін жалғастыру үшін, Әрі қарай батырмасын басамыз. Біз шебердің ақырғы терезесіне көшеміз, мұнда сұрау атын беріп, сұраудың нәтижелерін көру опциясын таңдаймыз немесе сұраудың жаңа параметрлерін енгізу үшін Сұрау конструкторы терезесіне көшеміз. Мәліметтерді көруге арналған Сұрауды ашу опциясын ашамыз, экранда біз құраған сұрау нәтижесімен кесте терезесі ашылады.

 

Сұрау конструкторының терезесі

Сұраулар конструкторын шақыру үшін мәліметтер қорының терезесінде “Сұраулар” категориясын жандандырып, Құру батырмасын басамыз. “Жаңа сұрау” сұхбаттасу терезесінде Конструктор опциясын таңдап, ОК батырмасын басамыз. MS Access бізге, нәтижеде іріктеу жүргізілетін кестені немесе сұрауды таңдауды ұсынады. Кестені таңдап, Қосу батырмасын басып, сұхбаттасу терезесін жабамыз. Экранда сұраудың конструкторының терезесі (cурет 23), ал негізінде сұрау командасы пайда болады. Сұраулар конструкторының терезесінде сұрауларды қалыптастыру үшін іріктеу жүргізілетін кестелерді және сұрау нәтижесінің өрістерін таңдап алып, мәліметтерді іріктеу, топтау және реттеу үшін белгілерді көрсету керек.

 

23 - cурет Жаңа сұрау құру үшін сұрау конструкторының терезесі

Сұрау менюі сұраулар конструкторы терезесінде кестелерді қосу және оларды жою, сұраудың типін таңдау, сұрауды іске қосу және т.б. командалардан тұрады. Бұл менюдің көптеген пункттері саймандар қатарының батырмаларымен қайталанады. Сонымен қатар біз, әдеттегідей меню пунктінің сұраулар конструкторы терезесінің берілген аймағына қатысы бар контекстік менюді қолдана аламыз.

Төменде сұрау менюінің пункттерінің қызметі және оларға сәйкес саймандар қатарының батырмалары келтірілген.

Меню командасы Батырма Сипаттамасы
Жіберу Сұрауды орындайды
Кестелерді қосу   Сұрауға жаңа кестені қосады
Іріктеу, Айқасушы, Кестелерді құру, Жаңалау, Қосу, Жою   Сұрау типін таңдайды

 

Түр менюі жұмыс режимі өзгергенде алмастырылып отырады. Сұраулар конструкторы терезесінде бұл меню сұрауды басқарушы командалардан тұрады:

Меню командасы Батырма Сипаттамасы
Конструктор, SQL режимі, кесте режимі   Жұмыс режимін ауыстырып қосады.
Топтық операциялар   Топтық операциялар қатарын сұрау бланкісіне қосады
Қасиеттер Сұрау қасиеттерінің терезесін ашу

Сұраулар конструкторының терезесінің жоғарғы жағында сұрау мәліметтерінің сызбасы бар. Бұл сызба мәліметтер қорының мәліметтерінің сызбасына өте ұқсас, тек айырмашылығы – берілген сызба сұрауға қосылған кестелер тізімінен тұрады және олардың арасындағы байланысты бейнелейді.

Терезенің төменгі жағында сұрау бланкісі жатыр. Бұл бланкінің әрбір қатарының белгілі бір қызметтері бар:

· Өріс. Бұл қатарда, кестенің өзінің ұяшығында сұрауды құруға,

қолданылатын өрістер орналасқан.

· Кесте аты. Бұл қатар берілген өріс қай кестеден (немесе сұраудан) екенін

көрсетеді.

· Топтық операция. Мәліметтер тобымен орындалатын операциялар типін

анықтайды.

· Сұрыптау. Бұл қатарда өсуі не кемуі бойынша сұрауға қайта оралатын

информацияның сұрыптау типін көрсету керек.

· Экранға шығару. Егер өрісте табылған информацияны MS Access

көрсетсін десек, өрісті көру жалаушасын орнықтырамыз. Егер өріс тек өзіміздің сұрауды қайтаратын мәліметтерді таңдау шартын тапсыру үшін қолданылса, оны бос қалдырамыз.

· Таңдап алу шарты. Бұл – сұрау бланкісінің негізгі бөлігі. Бұл қатарда

(және онан төмен орналасқан қатарда) белгілі бір шарттарды бере отырып, іздеу белгісі деп атау қабылдаған, іздеудің шектеуін енгіземіз.

Қарапайым сұраудың құрылуы

1. Мәліметтер қорында “Сұраулар” категориясын жандандырамыз және Құру

батырмасын басамыз.

2. “Жаңа сұрау” терезесінен Конструктор командасын таңдап, ОК

батырмасын басамыз.

3. Ашылған “Кестелерді қосу” сұхбаттасу терезесінен өзімізге керек кестені

таңдап, Қосу батырмасын басамыз.

Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы

Нәтижелі кестеде болатын өрістерді таңдау үшін бізге оларды сұрау бланкісінде бейнелеу қажет.

MS Access-те нәтижелі кестеде болатын өрістерді таңдаудың екі нұсқасы бар:

1. Кестелерге бөлек кестелерді қосу үшін мәліметтер сызбасында кестенің

өрісін таңдап, маус батырмасын екі рет басамыз. Таңдалған өріс сұрау бланкісінің өріс қатарының мүмкін болатын келесі бағанына қойылады. Кесте аты қатарында бірден кесте аты пайда болады және экранға шығару позициясы таңбаланады.

2. MS Access – те апару және қалдыру механизмі қолданылады. Бұл

механизмді қолдану үшін өрістерді таңдағанда мәліметтердің сызбасында кестеге көшеміз. Сұрауда бейнелегіміз келген өрісті ерекшелеп, маус батырмасын жібермей ұстап тұрып, таңдалған өрісті сұрау бланкісіне апарамыз.

Қейбір жағдайда берілген кестенің барлық өрістерін таңдау қажет. Ол үшін MS Access-те екі тәсіл қарастырылады, оның бірі – тақырып қатарында маусты екі рет басу арқылы, кестенің барлық өрістерін таңдау болса, екіншісі – ерекшеленген өрістерді сұрау бланкісіне тасымалдау болып табылады. Бұл жағдайда сұрау бланкісінде берілген кестенің барлық өрістері пайда болады. Кестедегі өрістер тізіміндегі жұлдызшаны кестедегі барлық өрістерді белгілеу үшін қолдана аламыз. Ол үшін өрістер тізімінің бірінші қатарындағы жұлдызшаны басамыз, осы қалыпта маус батырмасын жібермей, оны сұрау бланкісіне апарамыз. Сұрау бланкісінде өріс атынан кейін нүкте қойылып, сосын жұлдызша символы жазылады (мысалы Аты*), бұл берілген кестенің барлық өрістері таңдалғанын білдіреді. Бірінші тәсілден айырмашылығы, конструктор режимінде біз әрбір өрісті бөлек бағанда көрмейміз, бірақ сұрауды жіберген соң олардың барлығы таңдалады.

 

8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі

MS Access-те қарапайым пішінді құру үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:

1. Мәліметтер қорының терезесін ашамыз;

2. Мәліметтер қоры терезесінде “Кестелер” категориясын жандандырамыз;

3. Экрандық пішінді құруға арналған кестеге меңзерді апарамыз;

4. Қою/Автопішін командасын орындаймыз немесе саймандар қатарында

Жаңа объект батырмасын басып, ашылған тізімнен Автопішін опциясын таңдаймыз;

5. Экранда қолдануға дайын пішін шығады (24 - cурет).

24 - cурет Автопішін режимінде құрылған пішін

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-01-03; Просмотров: 4792; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.104 сек.