Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница. 2.1 Қазіргі таңдағы Германия жағдайы




2.1 Қазіргі таңдағы Германия жағдайы

 

1989 жылы 5-6 қазанда ГДР-дің өмір сүруіне 40 жыл толу мерей тойы тойланды. Онда елдің басшысы Эрих Хонпекер елдің жағдайын өте жоғары сатыда суреттеді. «Біздің қол жеткен жетістіктеріміздің бәрін халық жасады, бәрі халық үшін». Ол сондай-ақ өзінің сөзінде Батыс Германияның ықпалына қарамастан социалистік Германияның болашағы зор, сондықтан әрқашанда алға, алға деген сөзбен аяқтады. ГДР-дің 40 жылдығы тойланып жатқан күндерде Берлин көшелері вулканның нағыз атқылауындай еді. Қалада мыңдаған адамдар қатысқан демонстрациялар өтті. Халық басқарушылардың бағытына, басқарушы топқа қарсы шықты. Полиция қатаң жазалау қолданса да халықтар ағылған үстіне ағыла берді. Тек 11 қазан күні СЕПГ саяси бюросы алғашқы тірлік белгісін көрсетті. Ол алғаш рет елдегі жағдайға алаңдайтынын білдірген мәлімдеме жасады. Ол қабылдаған құжатты елдегі жағдайды терең түсінгендік деп айтуға болмайды. СЕПГ ұсынған құжатты орталық қауіпсіздіктің Орталық Комитетінің басшылары жасаған. Оған Эрих Хонникер, Эгон Кренц қатыспаған. Құжаттың авторы мынадай мәлімет береді: «Көп күндер бойы әр түрлі тұжырымдар талқыланды. Көпшілігі саяси бағытты өзгертуді талап етті». 17 қазан 1989 жылы Саяси Бюро мәжілісінде Эрих Хонникер СЕПГ бас хатшылық қызметінен кетірілді. Оның орнына саяси бюро мүшесі қауіпсіздік мәселесі бойынша орталық комитеттің хатшысы Эгон Кренц сайланды. Эгон Кренцті сайлаған топ азшылық болатын. Олар саяси бюроны өзгертуді талап етеді.

Ол Эгон Кренц Эрих Хонникердің ізбасары жақтаушысы болып есептелінді. Одан ешқандай батыл шешімдер жүзеге аспайтыны белгілі. Кейбір тарихшылар бірнеше апта өткен соң Эгон Кренц қабылдаған шешімдерді Эрих Хонникердің жақтастары қуана қарсы алды. Э.Кренц сонымен бірге тағайындалғаннан кейін шіркеу өкілдерімен кездесіп дискуссияға қатысты. 1988 жылдан бері тиым салынған «Спутник» журналына қайтып шығатын болды. Шекараны жасырын түрде өтпек болғандарына амниссия жариялады. Амниссия саяси тұтқындар жатпады. Э. Хонникерден кейін болған жаңа басшылық қолдан келгеннің бәрін істеді. 4 қараша 1989 жылы Берлинде Эгон Кренц теледидар арқылы кейбір өзгертулер мен жаңадан енгізілетін өзгертулерге тоқталып сөйледі. Сонымен бірге бұл құжатта қылмыстық кодекстің 213 бабы алынып тасталынды. Онда елге кіруге кетуге жіне кіруге заңдар айтылған. Эгон Кренцтің сөйлеген сөздерінде мынадай уәделер беріледі:

- жалпы көпшілік хабарлары туралы заңды қайта жасау;

- екінші қоршаған орта жағдайы туралы мәлімдемені жариялау;

- саяси жүйені реформалау;

- экономикалық реформаларды кеңінен жүргізу;

- конституциялық орган сияқты органды қайта құру;

- басқару жүйесін реформалау.

Осындай түбірлі өзгерістерді жариялағанмен билік басындағылар оны жүзеге асыруға асықпады. СЕПГ Саяси Бюросының 3 желтоқсанға дейін мәжілісі жабық түрде өтті.

Оның нәтижесі Эгон Кренцтің қызметтен кетуі болды. Басқарушы апарат өз позициясын ұстап қалуға тырысып, шегінбеді.

Жетінші желтоқсаннан сегізінші желтоқсанға қараған түні СЕПГ-ның кезектен тыс съезді жұмысын бастады. Ол тарихқа Социалистік бірыңғай Германияның соңғы съезді ретінде кірді. Бұл партия енді Демократиялық социализм партиясы деп қайта құрылды. Бұдан бір ай бұрын 9-қарашада Берлин қабырғасы құлатылды. Бұл оқиға екі Германияның бірігуінің бастауы болды [11, б. 33-35].

Желтоқсан айында өкіметті басқаруда қауіпті вакуум туды. Елдің ішіндегі әртүрлі реакциялық күштер осы дағдарысты бұрынғы тәртіпті қайта қалпына келтіру үшін мүмкіндік туып қашуға жағдай еді. СЕПГ сияқты елді басқарған алыптың күйреуі үкіметтің саяси ықпалын жоғалту қаупін тудырды. Өз тарапынан оппозиция билік тізгінін алуға әлі уақыт туған жоқ деп есептеді. Дәл осы кезде елде дөңгелек стол өткізуге дайындық басталды. Оған дайындық желтоқсаннан бұрын қазан айында жасалған болатын. Алғашқы жеті саяси топ пен бірлестіктердің өкілдерінен қосылған топ қазанның басында қалыптасты. Олардың мақсаты саяси басқарушы топ өкілдерімен диалогты дайындау болып табылады. Дөңгелек стол ұйымына: адамның құқығы және бейбітшілік үшін әрекет ететін инициативалық тобы, жаңа форум, бүгінгі демократия, демократиялық таңдау, социал-демократиялық партия, жасылдар партиясы және солшыл күштердің бірлестігі дөңгелек столға бұрыңғы ел басшыларының өкілдерін шақыруды да есептеді. Алайда реформаға дайындалып жатқан элиталарды және жаңа элиталарды шақырып бір стол басына отырғызу өкіметте пайда болған вакуумды толтыру болып есептелінетін. Оның үстіне бұл жағдай елдің ішінде түсінбеушілік тудырып үлкен демонстрацияға айналып кету қаупін де мүмкін еткен болар еді. Дөңгелек столды жүргізу тәжірибесі ГДР-де талқылаушыларды толық қамтығанда ғана жүзеге асқан болар еді. Алайда дөңгелек столға өкіметтің көз қарасы бей-жай болды, бір сөзбен айтқанда өкімет мұнын жүргізілгенін қаламады. Өкімет оған қатысушылармен байланыс жасағысы келмеді, тіпті оларды елемеді. Олармен байланыс жасау үшін көп ойланып толғанды. Оның үстіне елде саяси жағдай шиеленісті. Бүкіл елдің халқы елдің басқару эшелондарында орын алған коррупция мәліметтері қоғамның барлық мүшелеріне әйгілі болды. Қоғам елдегі мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметінде де парақорлықтың, сыбайластықтың орын алғандығынан хабардар болды. Елдегі наразылық толқыны күнен-күнге өсе түсті, оны байқамау, елемеу және оған құлақ аспау мүмкін емес еді. Осындай өкіметтің тұғырыққа тығылған шағында дөңгелек столға қатыспауы мүмкін емес еді.

Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі келісім.

Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 тамызда Берлинде «Унтер ден Линден» сарайында қол қойылды. Келісім көлемі жағынан үлкен өте түпкілікті жасалған құжат. Онда бірыңғай Германия мемлекетінің құрылғандығының барлық құқықтық аспектілері реттелген. Сонымен қатар осы құжатта жекелеген баптар мен ережелерде және көптеген қосымшаларда оның бірігуі жөнінде талдаулар, түсіндірулер беріледі. Келісімнің басында бірігудің себептері көрсетіледі, келісімнің мәні 1 бапта анықталады. Германия Демократиялық Республикасының Федеративке кіргендігі негізгі заңның 23-бабы.

3 қазан 1990 жылы Брандербург, Мекленбург, Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт және Тюрингия Германия Федеративтік Республикасының жері болып есептелінді. Осы бапта Берлиннің 23 ауданы Берлин «жері» дегенді құрады деп көрсетіледі. Бұл жер Германияның басты қаласы, астанасы болып табылады.

Өкімет пен парламенттің орналасу жөніндегі мәселе ерекше тәртіппен шешіледі. ГДР ФРГ-ға қосылған кезде шешуін табуы қиын болған мәселелердің бірі ГДР өмір сүрген 40 жыл ішінде қалыптасқан әлеуметтік институттарды жеке меншікке байланысты мәселелерді дұрыс та, әділетті де шешу болды. Әсіресе ГДР-дегі азаматтарға тыйым салынған мамандықтардың басын ашып алу қажет еді.

ГДР-дің ФРГ-ға бірігуі ұзақ созылатын процесс еді. Бірақ ол үлкен пікір-таласқа қарамай 3 қазан 1990 жылы шешілді. 23 тамыз 1990 жылы елдің 3 қазан 1990 жылы бірігетіні жөнінде жарияланды. Алдын-ала келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер «2+4» формуласы бойынша жүзеге асты. Бір жағында ФРГ және ГДР, екінші жағында – АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания. Олардың қатысумен біріккен елдің қауіпсіздік сыртқы саяси аспектлері талқыланды. Қоғамның экономикадан басқа қызметінің барлық салаларын қарастырса да, келісім конститутция ережелерін, әкімшілік құқықтарды, қылмыстық құқықтарды реттеген кезде оның кейбір мәселелерін естен шығарған. Мысалы қауым назардан тыс қалған, соңын салдарынан 1991 жылдың басына қарай жаңа жерлердегі қауымдардың көпшілігі банкроттық жағдайға ұшырады.

Бірігуді орнату туралы келісім әкімшілік басқару органдарын тез қайта жабдықтау және қайтадан өндіріске кіргізу мәселелерін көтермейді. Бұл жерде мәселе қаражаттың жетіспеушілігінен емес, мамандаған қызметкерлердің жетіспеушілігінен туып жатқан мәселе еді. Осы кезге дейін әкімшілік аппарат бұрыңғы кадрлардан тұратын. Оларға бақылауды батыстың «тәлімгерлері» жүзеге асырды. Жаңа кадрларды дайындау, сөссіз көп уақыт алатын.

«Германия үшін альянс» партиясы парламентте жартысынан аз ғана орын алғандықтан, ол либералдармен ғана емес социал-демократтармен де коалицияға баруына тура келді. Оның басты себебінің бірі конституцияны өзгерту үшін қажетті маман көпшілік қажет еді. Сайлаудың қорытындысы ГДР жеріндегі саясаткерлерді қатты таң қалдырды [4, б. 88-92].

Экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақтар туралы келісімдер.

13 ақпан 1990 жылы ГДР-дің премьер-министрі Ганс Модров және ФРГ канцлері Гельмут Коль кездесті. Ол кездесу Бонн қаласында өтті. Екі ел басшыларының келіссөздер барысында экономикалық және валюталық одақтарды дайындау жөнінде біріккен коммиссия құру туралы келісті. ГДР мемлекеті өзіне 15 млрд марка түрінде кредит беруді талап етті. Бірақ ФРГ бұған қарсы болды. Келіссөздердің барысына ГДР жағынан келген делегаттар наразы болды. Делегаттардың бірі Германияның біріккендігі үшін Боннан келгендер бағасын өсірді деп көрсетеді. Батыс Германия валюталық одақты енгізуді ГДР-дің халық палатасына дейін өткізіп жіберуді ұсынды. Алайда ГДР мұны қабылдамады.

Шығыс Берлинде 19 ақпанда сөйлеген сөзінде Ганс Модров былай деп түсіндірді: одақтың функциясының негізіне әлеуметтік кепілдік берулері қажет, оның құрылуы мен нығаюы сайлаудан кейін ғана мүмкін. 18 мамырда Боннда ФРГ мен экономикалық, әлеуметтік және валюталық одақты құру туралы мемлекеттік келісімге қол қойылды. ФРГ канцлері Гельмут Коль келісімге қол қою жайында былай деді: «одақтың құрылуы бірігу жолында жасалған бірінші батыл қадам».

Экономикалық, Әлеуметтік, Валюталық одақ 1990 жылы 1 шілдеде күшіне енді.

Валюталарды айырбастау мынандай қатынаста жүргізілді: жалақы, оқуақы, зейнет 1:1, ал қалған төлемдер 2:1 қатынасымен ауыстырылды. Экономикалық одақтың құрылуы мынандай себептерден туған еді: ГДР-де әлеуметтік рыноктық экономиканы дамытуға қажетті алғышарттар жасалану қажет. Оны жеке меншік қалыптастырады. Тауардың, капиталдың және жұмысшы күшінің еркін араласуы, жеке кәсіпшіліктің бостандығы. ГДР-де осылардың еркін дамуына жағдай туғызылуы қажет. ГДР-дің алдына әрекет етіп жатқан рыноктық экономикада салық алу, финанс бюджеті жүйесін құру міндеті қойылды. Европалық Одақ мүшелері елдерінің ауылшаруашылық секторына аграрлық секторды ыңғайластыру негізгі міндеттерінің біріне жатты. Одақтың әлеуметтік аталуының басты себебі ГДР ФРГ-да қалыптасқан қамсыздандыру, зейнет, ауру бойынша көмектесу және жұмыссыздық, төтенше жағдайларда үлгісін алды. ГДР ФРГ-ның үлгісімен жұмысшыларға жұмысшылардың өзін-өзі басқару құқын беруге міндетті. Сондай-ақ ГДР ФРГ сияқты ереуілдерге қатысуға рұқсат береді. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қаржыландыру үшін федералдық бюджеттен қаржы бөледі тағы да қосымша Біріккен Германияның арнайы қорынан 115 млрд ДМ көлемінде қаржы бөлдіртеді.

Одақ 1 шілдеде күшіне енеді. Бұл келісім күшіне енген күні банктер, жинақ кассалары алдында ақша айырбастауға ұмтылған адамдар санында есеп болмады. Оталық неміс банкіның ақша айырбастайтын 15 мың филиалы ашылды. Берлинде ақша айырбастайтын филиал түн жарымында жұмыс істеді. Соған қарамастан оның ашылуын мыңдаған адамдар ашылғанға дейін күтті. Күткен адамдардың көңіл-күйі жоғары. Бұл естен кетпейтін оқиғаны автотранспорт жүргізушілері және көшеде болған адамдар вино және шампанский ашып тойлады.

27 мамыр 1990 жылы ГДР сыртқы істер министрі Маркус Мекель және қорғаныс министрі Райнер Эппельман жақын арада жалпы сайлау жүргізуге қарсы шықты. Олардың пікірінше жалпы сайлау өтетін мезгіл 1992 жылдың соңы болуға тиіс.

1990 жылы парламентке сайлау өткізілуі тиіс. Атап айтқанда ФРГ парламентіне Герман бундестагының өкілеттілігінің мерзімі осы кезде бітетін. Ол парламент 1987 жылы қаңтарда сайланған болатын. Алайда тез және шебер құрылған валюталық, экономикалық және әлеуметтік одақ, ГДР территориясында қабылданған ФРГ заңдары тез арада бірігудің анықтайтын зор факторына айналды. ГДР-дің ФРГ құрамына ФРГ-нің негізгі заңының 23 бабы негізі бойынша кіруі 2 желтоқсанға алғашқы жалпыгермандық сайлауды тағайындатты. Ол бірігу процессінің жалпы қорытындысын шығарды. Сайлаудың ерекшеліктерінің бірі 5 %-тік барьерді жеңе алған кез келген партия ФРГ территориясына және бұрынғы ГДР территориясына бөлек-бөлек жалпыгермандық бундестагқа кез келген жақтан өте алды. Сайлаудың нәтижесі біздің көзқарасымызша адам қызығарлық.

Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель [5, б. 56-61].

2.2 Германия мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастарының дамуы

 

Сыртқы сауда-әртүрлі елдермен жасаланатын сауда. Ол тауарларды экспорттаудан және импорттаудан, қызметтерден тұрады. Республикасының экономикасындағы жағымды өзгерістер, экспорттық түсімдердің өсуі сыртқы рынокта біздің кәсіпорындардың белсенділігінің артуына тиімді әсер етеді. Егер 1992 жылы 31 мемлекетпен байланыс жасаса, қазіргі кезде сыртқы сауда географиясы 90-нан астам мемлекеті қамтиды.

Біраз жылдар бойы Ұлыбритания, Нидерландия, Германия, Қазақстан, Қытай, Украина, Италия, АҚШ, Финляндия мен сауда қатынастары үнемі өсіп келеді. Аталған мемлекеттер республиканы жалпы товар айналымының 70 %-ға жуығын құрайды. Оның үстіне сауданың көлемі өсе түсуде. Қазақстан Республикасын ірі сауда әріптесі болып Ұлыбритания есептелінеді. Ал екінші орында – Германия және Нидерланды. Сыртқы рынокқа тауарлардың 700-ден астам түрі экспортқа шығады. Жыл сайын елде өңдірілген өнімнің 40 %-ы республикадан тыс жерлерге шығарылады. Соның ішінде отын өнеркәсібінің өнімі 70 %, қара металлургия 20-25 %, химия және мұнайхимия – 50 %, машина жасау – 20 %. Республика отын-энергитикалық және мұнай-химия коплекстерінің өнімдерін экспорттаудан Ресей аймағында алғашқы ондыққа кіреді. Экспорттаудан түсетін валюталық түсімдердің тұрақты болуы республикада қажетті тауарларды импорттауды қамтамасыз етеді. Башкортстанға өнім шығаратын негізгі импорт шығарушылар көп жылдар бойы Қазақстан, Германия, Украина, Италия, Франция болып табылады.

Елге импортқа әкеленетін тауарлардың ішінде басым орынды машина жасау өнімі алады. Отандық тұтынушылар шетелде ауылшаруашылық техникасын, цифрлық және автоматтық телефон станцияларын, әртүрлі өндірістік құрал-жабдықтар, компьютерлер, азық-түлік өнімдерін, қолданылатын заттарды сатып алды.

Күз мезгілінде «неміс экономикасының күндері» атты шараны өткізу өзіндік дәстүрге айналды. Германияның Қазақстандағы елшілігінің қамқорлығымен мұндай шараларды жүргізу жылдан-жылға қуана жалғасып келеді. 2004 жылы 23-24 қыркүйекте төртінші көрме-конференция өткізілді. Конференцияның негізгі тақырыбы «Қазақстан, Германия және Европалық одақтың экономика саласында екі жақты және көп жақты қатынастарын дамыту және Орталық Азия республикалары және Европалық одақ интеграциясы». Биылғы жылы қатысқандардың ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін неміс компанияларының өкілдері ғана емес, студенттер, дипломаттар, Қырғызстандағы неміс дипломаты болғаны байқалды. Қырғызстандағы неміс дипломаты осындай шараларды Қырғызстанда жүргізу үшін әдейі келдім деген пікір айтты. Оған жауап ретінде «біздің» немістер «шамасы залдағы шпион жалғыз сіз емес боларсыз» деп әзіл айтты.

Бір ескеретін жай Германияда парламенттік сайлау өткізілгеннен кейін конференция бірінші күні басталды. Осы жылы парламенттік сайлау шиеленіскен жағдайда өткен болатын. Конференция қарсаңында Алматыда өткен түн ыстық болды. Оған қатысқандардың көпшілігі неміс елшілігінің резиденциясында өткізді. Ол жерде сайлаулардың екі тобының бір-біріне қарсы екендігі қатты білінді.

Германиядағы елші Кертинг құттықтау сөзінде қанағаттанған сезіммен былай деп атап көрсетті «Шредер екінші мерзімге өтті, Германия үкіметінің сыртқы саясат бағыты ешқандай өзгеріссіз қалады және Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық қатынастар бұрынғысынша позитивті болып есептелінеді». Конференцияға Қазақстан жағынан Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың қатысуы ерекше леп берді. Сонымен қатар неміс елі жағынан «Аллианц» тобының бас экономисті – Клаус фридрих қатысып сөз сөйледі. «Аллианц» тобы Дрезднер банкының акциаларын иемдінеді. Клаус Фридрихтің халықаралық финанс ісі саласында үлкен тәжірибесі бар. Ол ұзақ жылдар бойы Халықаралық институттың Оңтүстік және Шығыс Европа бөлімін басқарды. К. Фридрих мырзаның осы конференцияға қатысуы оған ерекше мән берді. Доктор Фридрих Орталық Азияда бірінші рет болды. Алайда оған қазақ далалары мен таулары үлкен әсер қалдырды және ол Қазақстаның туристік бизнес саласында жоғарғы потенциалы туралы қорытынды жасады [7, б. 78-93].

Германияның сыртқы сауда саясаты Шығысқа бағытталған. Өкімет басында қандай партия тұрғанына қарамастан, экономикалық саясат ашық болып қала береді деп атап көрсетті К. Фридрих мырза. Неміс қоғамының басты проблемасы жұмыссыздық. Ең алдымен Осы проблеманы шешіп алу қажет. Осы жағдайда Германиядағы жұмыс орындарының үштен бірі сыртқы экспортқа тәуелді. Неміс баспа сөзі алпыс үш жастағы экономисті евро үшін күрескер деп айдар тақты. Көптеген ғалым-экономистер евроның ұзақ өмір сүретіне сенбейді. Евро 1998 жылы өз жолын бастады. К. Фридрихтің пікірі бойынша евро тек экономикалық емес, ол саяси инструмент болып табылады. Ол өзінің баяндамасында Европаның бірігу тарихына кең түрде тоқталды. Рим империясы уақытынан бастап Европаны біріктіру сәтсіз ұмтылыстар мен тәсілдерге толы. Наполеон және Гитлер де біріктіруге әрекет етті, бірақ жүзеге асыра алмады.

Европадағы экономиакалық жағдайды өзгертетін кейбір себептерді талдай келіп доктор К.Фридрих мынандай позицияларды атап көрсетті: КСРО-ның құлауы ФРГ-ның ГДР-мен бірігуі. Осы факторлар Германияны шығысында жаңа экономикалық жағдай туғызды. Соның бірі шығыс-европалық мемлекеттердің Европалық экономикалық қауымдастыққа кіру мүмкіндігін туғызды. Американ доллары мен евро курсының айырмашылығына байланысты валюталық батыл шешімге барды.

Европалық қауымдастықтың мүддесіне қарай Германия өзінің тұрақты валютасы маркасынан бас тартуына тура келді. Евроны енгізгені үшін дивидендтер алмады. Шығыс Европа мемлекеттерімен сауда қатынастарын дамытуға тиіс болды. Оның үстіне мынаны естен шығармау керек. Келешекте Евроодақ шекарасы шығыспен жүргенде Европалық экономикалық қауымдастықтың тікелей көршісіне Ресей айналады. Осылайша, Жаңа Шығысқа қарай экономикалық қатынастардың жаңа беті ашылады. Жаңа Оңтүстік-Шығыс жаңа қатынастың аймағына айналады. Өмір сүру деңгейлері көтеріліп жатқан Орталық Азия елдері Германияның жаңа әріптестеріне айналады.

Доктор К. Фридрихтің баяндамасының біраз бөлігі жаһандану проблемасына арналған. Ол туралы түсіндіре доктор К. Фридрих айта-айта шаршаған. Оның пікірі бойынша жаһанданудың маңызды аспект – еңбек бөлінісі. Құқықтық қорғаушылық және тұрақтылық-осы маңызды екі мәселені шешіп алу қажет.

Григорий Марченконың баяндамасы Қазақстан Европалық экономикалық қауымдастықта интеграцияға қатыспайды дегенмен басталды. Г. Марченко мырза ескерту ретінде Қазақстанға қазақстан заңдарында жүргізілген реформадан кейін жаңа европалық компаниялардың келетіндіктері туралы берілген уәдені еске түсірді. Алайда уәде, «уәде» күйінде қалып қойды. Европалық финанс институттары Қазақстан рыногында ықылассыз жұмыс істейді. Әсіресе олар қамсыздандыру саласына барғысы келмейді.

Григорий Марченко Қазақстандағы финанс рыногының болашағы туралы айта келіп инфляцияның төмен деңгейі туралы қамқорлық қажет екендігін атап көрсетіп, оның сол кезде 6 % екендігін баса көрсетті. Мұнан кейінгі жылдары да инфлятция 4-6 % деңгейінде болады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда ең прогрессивті төлем жүйесі бар деп көрсетті. Сонымен қатар ол екінші деңгейдегі банктердің жақсы жұмыс істеп жатқандығын атап көрсетті және ТМД-да елдерінің ішінде Қазақстанда кредиттік және дебиттік карточкалар бар екендігін айтты. Осы карточкалардың 80 % Қазақстан үлесіне тиесілі.

Г. Марченко валюта курсын айырбастауға байланысты американ доллары мен Қазақстан теңгесінің арасындағы айырмашылықтың өте тұрақты екенін айтты.

Алматыда Неміс үйі деген мекеме ұйымдастырған. 4 қыркүйек 2004 жылы Неміс үйін ұйымдастырғанына 10 жыл толған мерейтойы тойланды. Бұл Неміс үйі Қазақстанның жартылай конфессионалды және жартылай этникалық жағдайына өзіндік ерекшелігі бар мәдени орталық болып табылады. Бұл үйді ұйымдастырудың мақсаты бейбітішілікті қамтамасыз етуге көмектесу, этника аралық келісім, өзінің масштабы мен аясында экономикалық гүлденуге жол ашу болып табылады. Мерейтойға келген қонақтар ішінде Александр Павлов және Төлеген Шукеев сияқты белгілі саясаткерлер, сенатор Виктор Кист, жазушы Героль Бельгер, академик Эрвин Госсен, академик Эрнст Босс, Қазақстан сыртқы істер министрігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Курбасов, Қазақстандағы ұлттық бірлестіктердің лидерлері және Германия ішкі істер министрігінің делегациялары болды. Делегацияны министр-директор Клаус Пеле, ГТЦ делегациясын доктор Байер басқарып келді. Бұл оқиғаға 120 қонақ шақырылды. Оның ішінде Қазақстандағы Неміс қоғамдық бірлестігі Ассоциациясының төрағасы Александр Дедерер болды. Ол өзінің құттықтау сөзінде 10 жыл ішінде өткен оқиғалар туралы айта келіп Александр Дедерер қорытындылады және өз өмірінен кішкентай мысал келтірді. Бұл мерейтой осы адамның жігерінсіз, энергиясыз, шаршамай еңбек еткені арқылы ұйымдастырылып еді. Егер бұл адам үлкен еңбек сіңірмегенде мерейтой мүмкін өтпей қалған болар еді. 1993 жылдың басында Неміс үйін құру жөнінде шешім қабылданғанда, немістердің жағдайы өте күрделі, ауыр болатын деп атап көрсетті Александр Дедерер. Германияға негізінен Қазақстаннан қоныс аударғандардың толқыны өте көп болатын. Сол уақыттағы қиындыққа байланысты Германияға келген немістер де сол қиындыққа ұшырады, төзді. Сондай қиын жағдайда Неміс үйін құру барлық немістердің оптимизмінен туған еді. Германия үкіметі үйдің құрылуына үлкен көмек көрсетті. Сондай-ақ Гермнаия үкіметі әртүрлі шараларды жүргізуге де көмегін аямады. ГТЦ аясында әлеуметтік көмектің әртүрлі жобалары жасалды. Соның ішінде ең бастысы Қазақстанның ұлттық саясатына қосылған үлес еді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1114; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.027 сек.