Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница. Сергей Терещенко өзінің құттықтау сөзінде Неміс үйі неміс халқының этникалық қайта




Сергей Терещенко өзінің құттықтау сөзінде Неміс үйі неміс халқының этникалық қайта өркендеуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның басқа халықтарының дамуына да ықпал етті.Бұл мәдени орталық соңғы жылдары конференция, семинар, дөңгелек стол өткізу орнына айналды. Қазақстан мен Германия өкіметі үшін бұл үй қарапайым адамдардың достығы, этника-аралық қатынастардың тұрақтылығының сүйенішіне айналды.

Клаус Пелле 1994 жылы 25 тамызда Германияның қоныстанушылар істері бойынша өкілі мемлекеттік хатшы Неміс үйінің символдық кілтін Александр Дедерерге тапсырған кеш еске түсірді. Сонан бері Қазақстандағы немістермен әлеуметтік жұмыс жүргізетін орынға айналды және Қазақстан мен Германия өкіметтері арасындағы байланыс көпіріне айналды. Клаус Пелле өзінің сөзінде былай деп атап көрсетеді. «Президенттер Н.Назарбаев пен Шредердің кездесуі елдің демократиялана түскендігін, заңдылықтың үстем бола түскендігін көрсетеді. Менің ендігі 10 жылға тілегім: үлкен жетістіктер және осындай гүлдену, Неміс үйінің 20 жылдық мерейтойына сәттіліктер, табыстар».

ГТЦ өкілі доктор Байер «соңғы 10 жылда Германияның федералдық өкіметі 40 млн евро көлемінде қолдау көрсетті. Оның жемісін Неміс үйінің іс-әрекетінен көруге болады. Біздің міндетіміз – осы жетістіктерді одан әрі дамыту. ГТЦ қолдан келгеннің бәрін жасайды. Ол неміс кәсіпкерлерінің Одағы сияқты жобаға ғана көмек көрсетіп қана қоймай, басқа ұзақмерзімдік құрылымдарға да көмек көрсетеді» [8, б. 303-315].

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңға жуық немістер тұрады. Олар әртүрлі жобалар арқылы соңғы 4 жылда 50 млн евро көлемінде көмек алған. Оның ішінде жасы келген адамдарға қысқы киімдер, гуманитарлық көмек, медициналық көмек көрсетілді. Неміс тілінде 1500 курс оқытылды. Жастар үшін 23 жаз айларында лагерь ұйымдастырылды. Германияның ішкі істер министрлігінің өкілі Бернд Гетц жастарды тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ондай жұмыстар денсаулық сақтауға, информациялық технологияға, ноу-хау т.б. бағытталған. Сонымен бірге бала-бақшаларына қолдау көрсету, ең бастысы жастардың тағдыры өз қолдарында, бәрі олардың инициативасына байланысты.

Неміс кәсіпкерлерімен кездесу кезінде герман делегациясы кәсіпкерлердің болашақтағы жоспарларымен, тамыстарымен, жетістіктерімен жете танысты. Құрылтайшылардың 34-тің үштен бір бөлігі Қазақстандық фирмалар, одақтың мүшелерінің жартысы – Германиялық фирмалар. Бұл одақтық статусын заңды түрде жасауға кейбір қиындықтар туғызады.

Александр Дедерер неміс кәсіпкерлерінің Одағы практикалық жобаларды жүзеге асырумен айналысып қана қоймайды, Германиядағы фирмалармен одан әрі ынтымақтасады. Оның делелдейтін көптеген қатынастар бар. Соның бірі жақында Берлинде өткен Қазақстан және неміс кәсіпкерлерінің арасында Германияның сауда-өнеркәсіп палатасы және өкілімен өткен форумды айтуға болады. Біліктілікті арттыру бойынша шаралар жүргізуге қол жеткізілді. Инвестиция бойынша неміс қоғамы кредиттік-финанс мекемелерімен бірге Одақтың жобаларына қатысуға келісті. Кейбір жобалар жұмыс істеуде, кейбіреулері жасалу үстінде. Жақсы бастама салынды: қоқысты қайта өңдеу бойынша жобалар, темір жолдарға локомобильдерді енгізу бойынша, құрылыс материалдарын шығару бойынша, жемістерді қайта өңдеу бойынша жобалар жасалуда. Кәсіпкерлер өкіметтен кәсіпттік білім беру мен біліктілікті арттыруға көмек сұрайды. Мұны жастарға білім беру бойынша ГТЦ жобалары аясында реттеуге болады.

Еңбек армиялары делегаттарымен кездесу барысында сталиндік режим тұсында репрессияға ұшырағандарға компенсация төлеу барысы туралы әңгімеледі. Олар ол үшін төлем төлеу әділеттілікті қалпына келтірудің аз ғана себепшісі болар еді дейді. Еңбекармиясындағылардың инициативтік тобы олардың атынан Қазақстан мен Германия үкіметіне екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еңбекте болған адамдарға соғыста болған ретінде статус беру туралы мәлімдеме жасады. Екі жақ та бұған келіскендіктерін білдірді.

Клаус Пелле Қазақстанда тұратын 2 мыңдай соғыс кезінде еңбек еткендерге көмек көрсететін Германияда үкімет программасы бар деп атап көрсетті. Ол ақша түрінде және сондай-ақ медициналық, гуманитарлық, әлеуметтік түрде көмек көрсетіледі.

Ғалымдармен кездесу барысында академик Эрнст Босс тұжырымдай келе есемдері кез келген қазақстандықтарға белгілі жазушы Герольд Бельгер, академиктер Эрвин Госсен, Эрнст Босс сияқты адамдар мүшелері болып есептелінетін немістердің ғылыми бірлестігі өкілдерінің алдында жаңа міндеттерді саралап берді.

Ғалымдар Петер Кеттнер арқылы Германия елшілігіне ризашылығын білдірді. Конференцияны жүргізуге қаражат берген елшіліктің консулдық бөліміне де рахмет айтты.

Германия елшілігі және ГТЦ Қазақстандық неміс ғалымдар мен шетелдік ғалымдар арасында Европалық Одақ жобалары мен программаларына қатысу үшін ықпал ететіндіктерін білдірді.

Жазушы Герольд Бельгер Қазақстанда тұратын немістердің өмірі жайлы кітап шығару қажет. Мұндай кітаптар Қазақстан және Ресейде тұратын немістердің шын қызығушылығын тудырады. Алматыдағы Неміс театрының өкілдері осындай жақсы ой айтты. Немістер туралы, олардың қазіргі кездегі өмірінің шындығын бейнелейтін пьесса да керек. Өкіндіретін жағдай оны жазатын драматург жоқ. Қазақстан және Ресей немістері туралы жазатын немістер Германияға кетіп қалды. Осы мәселеге қызыққандардың ынтасы мәселені шеше алады, екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа қанат білдіреді [10, б. 22-27].

4 желтоқсан 2004 жылы Қазақстан Республикасына бірінші рет ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасының федералдық канцлері Герхард Шредер келді. Сапар барысында Астанада ФРГ канцлері Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен оңаша кездесуі жоспарланды. Сонымен бірге екі мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізілетін болды. Дәл сол күні Парламент депутаттары мен басшылармен кездесу болады. Сондай-ақ екіжақтық құжаттарға қол қойылады және журналистер үшін брифинг өткізіледі.

5 желтоқсан, жұма күні екіжақтық іскерлік қатынастарды дамыту мақсатында екі елдің арасында республика астанасында қазақстан және герман іскер топтары өкілдерінің қатысумен бизнес-форум өткізілді. Оған ҚР президенті Н. Назарбаев, ФРГ канцлері Г. Шредер қатысатын болды. Форумда Қазақстан жағынан республика министрліктердің жетекшілері, ЗАО КазМұнайГаз президенті Ұзақбай Қарабалин сөйлейтін болды.

Германия Қазақстанның егемендігін 31 желтоқсан 1991 жылы таныды. Екі елдің арасында қатынастар қарқынды дамыды. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан президенті Н. Назарбаев Германияда үш рет ресми сапармен болды. Оның алғашқы ресми сапары 1992 жылы қыркүйекте болды. Онан кейін екіншісі – 1997 жылдың соңында ол сапардың кезінде канцлер христиан-демократ Гельмут Кольмен кездесу болды. Ал 2001 жылдың қазанынның басында ФРГ-ның канцлері Герхард Шредермен кездесу болды. Ол сапарда екі елдің саяси және финанс топтарының қатысуымен форум өткізілді.

90-шы жылдардың басында Қазақстанда сыртқы істер министрлері болды. 1991 жылы – Д. Геншер, 1996 жылы – К. Кинкель, ал 2001жылы – Й. Фишер. 1995 жылы сәуірде Қазақстанға федералдық президент Р.Херцог келді. 1992 жылы қыркүйекте екіжақтық қатынастардың негізі болатын құжаттарға қол қойылды – «Негізгі қатынастар туралы біріккен мәлімдеме», «экономикалық ынтымақтасу бойынша қазақстан-герман кеңесін құру туралы Келісім».

2001 жылы 22 мамырда Астанаға ресми сапармен вице-канцлер, Германияның сыртқы істер федералдық министрі Йозеф Фишер келді. Ол Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен кездесті, Қазақстан үкіметінің басшысымен бірнеше рет кездесті. Сондай-ақ ол министрлер кабинетінің мүшелерімен, үкімет ұйымдары және экономикалық топтармен кездесті.

Йозеф Фишердің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Й. Фишер – ықпалды неміс саясаткері, «жасылдар» партиясынан ФРГ парламентіне бундестагқа келген. Хайуанаттар әлемі мен табиғатты қорғауға белсене қатысқаны үшін Й. Фишер қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келді. 4 жылдан кейін

Й. Фишер сыртқы істер министрі, ФРГ вице-канцлері болып қызмет атқарады. Ол осы қызметте отырғанына 3 жыл. Бүгін ол Қазақстан мен Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен танысуы болды. Екеуінің арасында әңгіме ұзақ әрі жан-жақты болды. Олар республикада жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси қайта құрулар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ әңгіме барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау мәселесі де, ондағы Қазақстанның алатын орны жөнінде де әңгімелесті. Әңгімелесудің соңында үкімет емес құрылымдар билігі, немістердің өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде жан-жақты әңгіме құрды. Қазақстан басшысымен кездескеннен кейін брифинг өткізілді. Брифингте ФРГ-ның вице-канцлері Германия бұрынғысынша Қазақстанда тұратын немістерге ықпал ете береді деп көрсетті. Й. Фишер Қазақстанның Германиямен қатынасын дамытуға потенциалы жетеді. Оны пайдалану қажет деп атап көрсетті Й. Фишер. Оның үстіне Қазақстанда шетелдік инвестицияны қорғау жағдайы елеулі жақсарған [6, б. 11-13].

Й. Фишер былай деп атап көрсетті: «өзімнің делегацияның экономикалық топтарынан мен прогресс бар екенін білдім. Біз жақтан не істеу керек екендігін білдім. Жеке меншік инвестициялар тарту керек».

Осы мәлімдемеден кейін Қазақстан экономикасына келетін неміс инвестициясы өсе бастайды, әзірге шетел салымдарының ішінде оның үлесі онша үлкен емес.

«Сауда-экономикалық салада біз тауар айналымы үлкен деп атаймыз. Оның көлемі 1 млрд доллардан асты. Қазақстанда 160 неміс компаниясы болса да, Германияның тікелей инвестицияларда үлесі 2 %» деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов. Қазақстан мен Германия күзінде Н. Назарбаев Германияға сапар шегеді. Осы ресми сапар кезінде бүгінгі күні белгіленген мәселелер нақты шешімін табады. Оның үстіне бір аптадан кейін немістердің этникалық мәселелері мен мәдени ынтымақтастық бойынша комиссия мәжілісінің отырысы болады.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында білім және ғылым саласында ынтымақтастық.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы білім беру саласында қайта құрулар ҚР үкіметі мен ФРГ үкіметі арасында 1996 жылы 31 мамырда жасалған Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлттарын қолдау бойынша ынтымақтастық бойынша жасалған Келісім негізінде жүзеге асады. 1997 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасымен үкіметі және ФРГ үкіметінің арасында герман оқытушыларын Қазақстан Республикасының мектептеріне жіберу туралы келісім болды. ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы немістер Ассоциациясымен бірігіп неміс тілінде сабақ беруді жетілдіру бойынша едәуір жұмыс істеді. 2003-2004 оқу жылында неміс тілін шетел тілі ретінде оқытып, оны 400 мың оқушылар оқыды. Республикада неміс тілінен беретін мұғалімдердің құрамы мынандай:

Барлығы – 3683 адам, оның жоғарғы білімдісі – 3009, 81,7 % жоғарғы оқу орнын бітірмегендер – 137, 3,7 %, орта білімділер – 144, 12 %, жалпы орта білімділер – 93 мұғалім.

Қазіргі кезде Республиканың 12 жалпы білім беретін мектептерінде неміс тілі шетел тілі ретінде тереңдетіліп, өз тілі сияқты оқытылады.

Қазақстандағы Неміс Ұлттық Қоғамының өкілдерінің инициативасы бойынша Алматы қаласында нөмері 18, 68-інші мектептерде неміс тілі 1-4 кластарда оқытылады. Осы мектептерде консультант-методист доктор Юлаус Штормның басшылығымен Республикандық жетекші және ғылыми педагогикалық кадрлардың білімділігін арттыру институтымен бірігіп білім беру системасында екінші деңгейдегі тілдік диплом алу үшін емтихан жүргізіледі.

Астана қаласында бір неміс гуманитарлық-білім беретін кешен жұмыс істейді «Видергебурт». Гимназия жеке оқу жоспары бойынша жұмыс істейді. Онда мемлекеттік жалпы білім берудің стандартынын барлық талаптары сақталған. Вариативтік бөлім неміс тілін тереңдетіп оқуға және басқа пәндерді неміс тілінде оқуда қолданылады. Ақтөбе қаласында неміс тілін тереңдетіп оқытатын нөмері бірінші орта арнайы мектеп бар. 1999 жылдан бастап мектепте оқушылардың Ғылыми бірлестігі әрекет етеді. Мұнда педагогтардың басшылығымен оқушылар зерттеу жұмысымен айналасады және олар Кіші ғылым академиясының жұмысына белсене қатысады. Республикандық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы арқылы конференцияларға қатысады.

Шығыс Қазақстан облысында неміс тілін туған тілі ретінде оқитын 2 мектеп жұмыс істейді: № 10, неміс гимназиясы № 12.

Павлодар облысында неміс тілін туған тілі ретінде 3 мектепте оқиды: Павлодар ауданының Луган және Розов орта мектептерінде, Шарбақты ауданында Софиев орта мектебінде.

Балаларды неміс тілі мен мәдениетіне оқытудың формасының бірі балалардың жексенбілік мектептері. Ол Ақтөбе, Атырау, Сотүстік-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан Қарағанды, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстары және Астана неміс мәдени орталықтарының жанында балаларға арналған жексенбілік мектептер жұмыс істейді.

Республиканың неміс тілі мұғалімдері Германияда тілден стажировка өтеді. Сондай-ақ Германиядан келген мамандардың қатысуымен семинарлар, біліктілікті көтеру курстары, конференциялар үнемі өткізіліп тұрады [2, б. 55-61].

ҚР мен ФРГ арасындағы үкіметаралық келісімдер негізінде «Экономика және басқарудың мемлекеттік органдары саласында басқарушы мамандардың біліктілігін арттыру және кадрларды дайындау саласында ынтымақтасу туралы». 1992 жылы 3 қыркүйекте қол қойылған Келісім негізінде және 11 желтоқсан 1992 жылы Боннда герман-қазақстан эксперттік тобы мәжілісінің қорытынды протоколы бойынша жасалған және бекітілген. Осы негізде жасалып бекітілген құжат былай деп аталынады. «Қазақстанда кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету» жобасы жасалынып, бекітілді. Жоба Қазақстанда техникалық ынтымақтастық бойынша германдық орталықта жасалынды. Оны жасауға ФРГ-дағы рыноктық экономика мен кәсіптік оқыту саласындағы консультация және дайындау бойынша орталық та көмектесті. Жобаның мақсаты: рыноктық экономика жағдайында бастапқы кәсіптік білім берудің жаңа системасын дамытуды қолдау. Жобаның міндеті Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді дайындау бойынша консультациялар жүргізу және қажетті жобалар негізінде кәсіптік оқытуда жаңа технологиянысынан өткізу және жасау. Осы жылдың қазанында Германияда Орталық Азия мен Закавказья елдерінің аймақ аралық ынтымақтастығы жобасы бойынша қорытынды семинар жүргізу көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының білім министрлігі мен Германия Қазақстан Республикасының арасында стипендиаттарды Германия жоғарғы оқу орындарына жіберу туралы келісті. 1994 жылы 27 сәуірде «Болашақ» программасы бойынша ДААД пен келісім жасалды. Қазақстан өзінің егемендігін алғалы бері Германия жоғарғы оқу орындарында ҚР 18 азаматы «Болашақ» стипендиясы бойынша оқыған. Қазіргі кезде осы программа бойынша 17 адам оқиды.

ДААД – немістің 230 жоғарғы оқу орындарын біріктіретін ұйым, шетелдермен академиялық қатынастарды дамытуға ықпалын тигізеді, студенттер және ғалымдар алмасады. Қазақстанда ДААД өкілеттілігі Қазақстан Республикасындағы ФРГ елшілігінің қолдауымен жыл сайын ғылыми және білімдік стипендиялар конкурсын өткізеді. 1990-2003 жылдарда ДААД стипендиясы бойынша ФРГ жоғарғы оқу орындарында 430 адам оқыған, ғылыми стажировкадан өткен.

Білім беруде Қазақстан-Неміс ынтымақтастығының қоғамдық қоры Алматыда 1999 жылы Қазақстан-Неміс университетін КНУ құрды. КНУ-да оқу барлық студенттер үшін ақылы. Қазақстандағы Германия елшілігі 2 жыл бойы жетім студенттерге қайтарымсыз финанстық көмек көрсетіп келеді. Университеттің 11 студентіне жыл сайын университетте оқудың құнының 50 % стипендия төленіп келеді. Оқытушылар құрамы қазақстандық мамандардан құралған. Көпшілігі неміс және басқа ұйымдардың бұрынғы стипендиаттары, шетелде оқыған. Қазіргі кезде Германиядан екі лектор жұмыс істейді. Бодо Лохман – экономика оқытушысы, Сириус Салими Асл – саясаттану оқытушысы. Қазіргі кезде КНУ үш жоғарғы оқу орны әріптестермен тығыз ынтымақтасады: Циттау қаласындағы Герлитц, Шмалькальден қаласындағы университет, Митвайда қаласындағы университет. Жыл сайын жазда КНУ-дың 5 студенті Шмалькальден қаласында Халықаралық Жазғы университетте оқиды. Олардың тұру және транспорттық шығындарын немістік әріптестік университет қаржыландырады. КНУ өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында әр қызметкерлерге 400 доллар көлемінде қаржы бөліп отырады. КНУ-дың басты идеясы Германия мен Қазақстанның әріптестік қатынасын одан әрі дамыту болып табылады [9, б. 21-24].

2003 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасында ресми сапармен болған кезінде ФРГ канцлері Г. Шредер ҚР ғылым және білім министрлігімен ФРГ сыртқы істер министрі арасында Қазақстан-Неміс университетінің қызметі жөнінде мәлімдемеге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының ФРГ-дағы елшісі – Қайрат Сарыбай. Осы 38 жастағы дипломаттың мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол Германия мен Қазақстан Республикасының арасындағы қатынастардың дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Қазақстанның дамуында және оның демокоратиялық, прогрессивтік XXI ғасырдың талабына сай болуына Германия және Қазақстан Республикаларының арасындағы қатынастардың жан-жақты дамуы үлкен үлес қосары анық [1, б. 316-321].

Биыл Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына – 20 жыл. Осы уақыт аралығында екі ел ынтымақтастығы берік, тату әрі сенімді әріптеске айналды.

Қай салада болмасын, қазақ-герман өзара ықпалдастығы бұ­ған дейінгі қарым-қатынаспен салыс­тыр­ғанда, бүгінде биік деңгейге көтерілді. Өзара сауда-саттық көле­мі өсіп, бiрлескен кәсiпорындар бой көтеруде. Мәдениет пен денсаулық саласында да ауыз толтырып айтар жетістіктер бар. Екі ел бейбіт мәселелерді ауызбіршілікпен шешіп, диплома­тиялық талас-тартыстарды реттеуде де бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастың орнағанына – биыл 20 жыл. Осы уақыт ішінде сыртқы саясаттағы салмақтылық бекіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс байыпты дамуда.

Былтырғы көрсеткіштерді мысалға алсақ, арадағы сауда-экономикалық байланыс көлемі 3,7 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, анағұрлым артық. Соңғы екі жылда мемлекеттер арасында жалпы сомасы 6 миллиард еуродан астам қаржыға 96 инвестициялық және сауда-қызметтік келісімдерге қол қойылған. Өзара сауда айналымы да ауқымды, 6,2 миллиард еуроны құраған. Оның ішінде экспорт – 1,73 миллиард, импорт – 4,47 миллиард еуроны құрап отыр.

Екі елдегі іскерлік байланыс ауыл шаруашылығында да қарқынды дамып келеді. Мәселен, жуырда Алматыда елді азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтіп, онда сарапшылар мәселені шешуде Алман елінің тәжірибесіне сүйенуді ұсынды.

Райф Айзер, ауыл шаруашылығы маманы (Германия):

ХХІ ғасырда әр ел азық-түлік проблемаларын шешу үшін, білімнің, ғылымның жетістігіне сүйену керек. Бұл мақсатта, біз озық технологияларды пайдаланып, шағын және орта бизнестің өркендеуіне оңтайлы жол ашып отырмыз. Сондықтан да, экономикасы ілгерлеген Қазақстанмен тәжірибемізді бөліспекпіз.

Қазақ-неміс елдері соңғы уақытта білім мен мәдениет саласында да сенімді әріптеске айналды. Айтар болсақ, 2009 жылы Алманияда Қазақстан күндері өтсе, бір жылдан соң елде «Германия жылы» болып аталды. Көпке ортақ игі істер атқарылып, екі ел достастығы нығайды.

Сағымбек Тұрсынов, Қазақстанның Германиядағы тұңғыш Елшісі (1993 ж.):

Бізде Гете институты ашылды, ол – бір. Екіншіден, Германияда Гумбелд университеті Берлинде, міне, 2 жыл болды, немістер Қазақ тілі кафедрасын ашып, немістің балалары қазақ тілін оқып жатыр. Қазақтың тілін сыйлап, оқып жатқаны - қуанышты жағдай.

Абай мен Гетедей ақыны ортақ елдердің өткені ғана емес, ертеңге деген ұстанымы да бір. Бұл мақсатта Президенттің жыл басындағы Германияға барған арнайы сапарын айтсақ болады. Онда неміс кәсіпкерлерімен 50 коммерциялық құжатқа қол қойылып, елге 4 миллиард еуродан артық инвестиция тартылды. Бұл екі тараптың да экономикалық дамуына септігін тигізбек [17, б. 1-3].

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 632; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.032 сек.