Студопедия

КАТЕГОРИИ:

Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Правила прохождения российскими туристами 3 страница

Мерзімді төлемақы кезінде еңбек мөлшері болып жұмыс атқарылған уақыт саналады, ал еңбекақы тарифтік мөлшері бойынша немесе іс жүзінде жұмыспен өтелген уақыттың төлемі түрінде жүргізіледі.

Еңбекакыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбек-ақы төлеу жүйесі - сағаттык, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзім бойынша еңбекакы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің мыңызы зор:

1) жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты;

2) әр жұмыскердің нақты аткарған жұмыс уақытын дәл есептеу.

Мерзімді еңбекақы төлеу кезінде жұмыскердің еңбек-ақысы келесі түрде анықталады:

ЕА = Т х ф,

м ук'

мұнда: ЕА - жұмыскердің белгілі бір кезең ішіндегі еңбек-ақысы;

Т - уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат, ай);

Ф - нақты атқарылған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат).

Мерзімді төлемақының нысандары: жай мерзімді, мер-зімдісыйақылық.

Мерзімдісыйақылық еңбекақы төлеу кезінде тарифтік мөлшер немесе нақты атқарылған уақыт ақысына қосымша жұмыскерге жұмыстағы нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді:

мұнда: Ак - бір ай ішінде нақты атқарылған жұмыс уақыт мөлшері, адам/сағат;

Т - уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат);

р - тарифтік мөлшерге пайыздык қатынаспен берілген сыйақы мөлшері;

К - сыйақы шарттары көрсеткіштерін әрбір асыра орындау пайызы үшін есептелетін сыйақы, %.

п - сыйақы көрсеткіштерін асыра орындау үлесі (пайызы) [81].

Өндірістің кәсіптік арнайы ерекшеліктері мен жекелеген жұмыскермерзімшілердің орындайтын жұмыс сипатына қарай әр түрлі сыйақы көрсеткіштері белгіленеді.

Өндірістік және көмекші цехтарда қызмет ететін көмекші жұмыскермерзімшілер өздері қызмет ететін телімнің өндірістік тапсырмасын орындаған жағдайда, жұмысты өз мер-зімінде және сапалы орындағаны үшін сыйақы алуы мүмкін. Сапалы көрсеткіштері үшін технологиялык құрал-жабдықтар жөндеумен айналысатын жұмыскермерзімшілер де сыйақыға ие бола алады.

Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (аткарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекакы келісілген бағамдау бойынша өндірілген өнімнің көлемі мен сапасына тікелей тәуелді болады.

Тура кесімді жүйе бойынша еңбекақы төлеуді дұрыс қолданудың негізгі шарттары келесілер:

1. Жұмыскердің өндіріске косқан еңбек үлесінің мөлшері мен сапасын мүмкіндігінше дәл есептеуді қамтамасыз ететін техникалық негізделген өндіру мен уақыт мөлшерлерінің болуы және олардың дұрыс қолданылуы.

2. Тарифтік-мамандық анықтамаларына сәйкес жұмыстың дұрыс тарифтелуі.

3. Нақты аткарылған жұмыска косып жазуға жол бермейтін жұмыс көлемін дәл есептеу жүйесі.

13 Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жетілген техника, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың үздіксіз артуы себепті әр түрлі энергияны тұтыну көлемі, еңбектің энергия сыйымдылығы артып отыр.

Энергетикалық қызметтің сапалы жұмысы кәсіпорын экономикасына үлкен әсер етеді. Бұл энергия шығындарының өнімнің өзіндік құнында біршама артуымен анықталады, әсіресе металлургия, химия өнеркәсіп салаларында. Энергиямен қамсыздандырудың қысқа мерзімдік үзілулері өндіріс жүрісінің бұзылуына, шығындарға әкеліп соқтырады.

Энергетикалық шаруашылық міндетіне- уақытылы және толық түрде барлық бөлімшелердің әр түрлі энергиямен бекітілген параметрлерде қамтамасыз етілуі; энерго жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау; үнемді энергияны тұтынуды қамтамасыз ету; оның шығындарын төмендету кіреді.

Энергиямен қамсыздандыру кәсіпорынның қызметі қалалық энергетикалық және жылу жүйелерін, газбен қамсыздандыру жүйесінен орталықтандырылып та және жеке өзінің энергияны өндіруі, яғни жылу орталықтарда, компрессорлық станцияларда т б мүмкін. Анағұрлым тиімді деп орталықтандырылған энергиямен қамсыздандыру есептеледі, мұнда энергиямен қамтамасыз етудің үнемділігі мен сенімділігі артады.

Ірі кәсіпорында энергиялық шаруашылық:

Электрлік күштік жабдықтардан, трансформаторлық қондырғылардан, компрессорлық, мұздатқыш, вентиляциялық жылу жабдығынан тұрады.

Телефондық, теледидарлық және радиобайланыстар құралдарынан тұрады.

Энергия жабдығын жөндеу бойынша цехтардан тұрады.

Электрлік, бу, ауа, газ жүйелері.

Ірі кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты бас энергетик бөлімі жүзеге асырады, ал кіші кәсіпорында бұл функцияларды бас механик бөлімі жүзеге асырады. Олар энергия шығындарын нормалайды, оның тұтынуына есеп пен бақылау жүргізеді, энергиямен қамсыздандыру балансын өңдейді, энергияны үнемдеу шараларын және энергия жабдығын жөндеуді ұйымдастырады.

Энергия жабдығын жөндеу энергетика жөндеу цехінің күшімен жоспарлық-ескерту жөндеуі жүйесі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын тұтынатын энергия номенклатурасы өнім түріне, техника мен өндіріс технологиясы сипатына және бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болады. Кәсіпорындағы тұтынылатын энергия мақсаттық тағайындалуы бойынша бөлінеді: қондырғылық, технологиялық (термиялық, химиялық және басқа процестер үшін), жылыту, жарықтандыру, санитарлық-винтиляциялық.

14. Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз

15. Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз

Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мысалы, отын-

Сурет 1 – 2004 жылдың отын және электроэнергияның негізгі түрлеріне қойылған өндірушілердің баға индексі (% бойынша)

энергетикалық ресурстарын меншікті өндірудің көлемі оларды жұмсау көлемінен 15,6%-ға асады. Көмір бойынша оны республикадан тыс шығарып әкету көлемі 42% құрайды, бұл оны тұтыну көлемінен 1,5 есе асады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді. Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Мысалы, қолданыстағы көмір кеніштерінің 100%-ы Орталық және Солтүстік-Қазақстанда, мұнай мен газ кеніштері – Батыс Қазақстанда, ал гидроресурстардың 90%-дан артық бөлігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жағдай республиканың жекелеген аудандарының отын-энергетикалық қамсыздандырылуына

әсерін тигізеді.

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 421; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!

Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет

studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление

Генерация страницы за: 0.01 сек.