Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Билет 21




Билет 20

1. Газдардағы электр тогы.Газдағы разряд түрлері.

2. Заттар мен өрістердің өзара түрленуі.

1. Газдардағы электр тогы.Газдағы разряд түрлері.

 

Иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

 

Газдағы разряд түрлері.

Газдағы электр разрядтарының көріністері мен сипаттамалары әр түрлі болады. Мұның өзі газ арқылы электр тоғының өту шарттарын анықтайтын параметрлер мен қарапайым процестердің сан алуан болатындығын көрсетеді. Бұлардың

· біріншісіне – газдың құрамы мен қысымы, разрядтық кеңістіктің геометриялық конфигурациясы, сыртқы электр өрісінің жиілігі, ток күші т.б. жатса,

· екіншісіне – иондалу және газ молекулалары мен атомның қозуы, рекомбинация, екінші текті соқтығысу, қайыра зарядталу, заряд тасушылардың серпімді шашырауы, электрондық эмиссияның түрлері т.б. жатады.

 

2. Заттар мен өрістердің өзара түрленуі.

Бүкіл Ф. екі үлкен бөлімге — заттар Ф-сы мен өрістер Ф-сына біріктіріледі.

· Бірінші бөлім заттың молекула-кинетикалық теориясына,

· ал екінші бөлім әлектромагниттік өріс жайлы ілімге негізделді.

 

Электромагниттік өріс жайлы ілімнің негізін М. Фарадей қалады. Ол 1831 ж. электромагниттік индукцияны ашты. 19 ғ-дың 60 жылдары Дж. Максвелл Фарадейдің әлектромагниттік өріс жайлы көзқарасын онан әрі дамытып, оны матем. тұрғыдан жетілдірді. 19 ғ-дың екінші жартысында Ф-ның техниканы дамытудағы ролі ерекше артты. Электр жайлы ілім байланыс жұмыстарымен (телефон, телеграф) ғана шектеліп қоймай, энергетикалық мақсатта да қолданыла бастады. Электромагниттік толқындар сымсыз байланыс жүйесін (А. С. Попов) дамытуға мүмкіндік беріп, радиобайланыс кең өріс ала бастады.

 

 

1. Ампер күші.Токтың магниттік моменті. Лоренц күші.

2. Элементар бөлшектер туралы жалпы мағлұматтар

1.Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағын кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы.

F=kIΔLBsinα

Лоренц күші- электромагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш.

F=qvB

Магниттік момент — заттың магниттік қасиеттерін сипаттайтын негізгі шама. М=іs/с. Анықтама бойынша М векторы Магниттік момент болып табылады. Оны электірлік диполь моментіне ұқсастырып, М=ml, түрінде жазуға болады. мұндағы: m - контурдың эквиваленттік магнит заряды l - қарама-қарсы таңбалы “магниттік зарядтардың” ара қашықтығы.

2.Элементар бөлшектер – заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектері. атомдар құрамына кіретін электрон, протон және нейтрон. Протон мен нейтрондардан атом ядросы, ал электрондардан атомның электрондық қабықтары түзіледі. Элементар бөлшектер зат атомдарымен әсерлесуі нәтижесінде электрондар мен протондарға түрленеді. Электрон, позитрон, протон, антипротон, нейтрино, антинейтрино және фотоннан басқа бөлшектердің барлығы өздігінен ыдырайды. Элементар бөлшектерді массасына қарай 4 топқа бөлуге болады: фотондар, лептондар (жеңіл бөлшектер) мезондар (орташа бөлшектер) және бариондар (ауыр бөлшектер) элементар бөлшектер негізінен орнықты және орнықсыз болып бөлінеді. Орнықты бөлшектер саны 40-қа жуық та орнықсыздарын қосқанда барлығы 200 бөлшектер.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1373; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.