Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 1 страница




Семей – 2013ж.

 

Мазмұны:

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы

 

 

Альтернативтік гипотеза – нәтижесінің мазмұны басқа гипотезадан өзгеше түсіндірілетін экспериментальды зерттеудің гипотезасы

Альтернативтік шешімдер – басқа шешімдер сияқты неғұрлым шындыққа жанасатын кейбір проблемалардың мүмкін болатын шешімдерінің бірі

Психодиагностикалық әдістемелердің құндылығы (валидность психодиагностической методики)– берілген әдістеме бойынша алынған нәтижелердің бастапқы ойға сәйкестілігі.

Іріктеу – зерттеу жүргізуге болатын адамдар тобы

Іріктеу дисперсиясы – эксперименталды және психодиагностикалық мәліметтерді таратудың математикалық-статистикалық көрсеткіші

Гипотеза – арнаулы дәлелдеулерді талап ететін, ғылыми негізделген қойылған проблеманың мүмкін болатын жауабы.

Потенциалды даму зонасы – Адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

Бөлу заңы – варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық ара қатынас.

Биномалды бөлу – берілген жағдайдың математикалық моделі.

Нормалды бөлу – биномалды бөлудің шекті жағдайларының бірі.

Параметрлерді табу – жиынтықтың жалпы қасиетін көрсететін статистикалық бөлудің сипаттамасы.

ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник) Тәуелді ауыспалылық –

Тәуелсіз ауыспалылық -

Зерттеу объектісі – ғылыми зертеу жұмысы жүргізілетін объект

Зерттеу пәні – белгілі уақытта оқып-зерттелінетін зерттеу объектісінң бір жағы

Латиндік квадрат – тәуелсіз өзгергіштіктердің деңгейлерін позициялы теңестіруге негізделген кросс – индивидуалды эксперименттің / көпдеңгейлі эксперимент/ ең көп тараған схемаларының бірі.

Мән – тәуелді өзгергіштікті өлшеу бірлігі, алынған мәліметтерді өндеудің соңғы нәтижелері.

Мәліметтер – хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент нәтижелері.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Негізгі әрекет нәтижесі - тәуелсіз өзгергіштіктің тәуелді өзгергіштікке әсерін, күшін сандық көрсету.

Нормалды бөлу - үзіліссіз кездейсоқ шамаларды бөлу.

Нуль – гипотеза - тәуелсіз өзгергіштіктің шарттарының арасындағы айырмашылықтың болмауы жайлы гипотеза.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Өлшеу көрсеткіштері - сыналушының іс - әрекетінің сандық сипаттамасы, тәуелді өзгергіштіктің мәнін анықтайды.

Өзгергіштік - өзгеретін кез келген болмыс, экспериментте көрінеді және тіркеледі.

Өлшеудің сенімділігі - қайталауда өлшеу нәтижелерінің көшірілуі.

Өлшеудің статистикалық қатесі - өлшенетін көрсеткіштіктердің кездейсоқ өзгерісінің үлесінің / дисперсия / осы көрсеткішті өзгеру жиынтығына қатынасы бойынша /жалпы дисперсия / салыстырмалы үлесі.

Проблема (мәселе)– шешімі талап етілетін күрделі ғылыми немесе практикалық сұрақ

Рефлексия – адамның өз-өзіне, өзінің бейнесіне, ойы мен сезіміне санасының шоғырлануы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Зерттеу тақырыбы – нақты зерттеуде арнаулы оқып-зерттелінетін сұрақ, проблема аспектісі

Тест – қабылданған бағалау нормаларына сәйкес адам психологиясын қатаң сапалық және сандық анықтауға арналған психологиялық зерттеулердің стандартталынған әдістері

Психологиялық тренинг - адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту мен

Психокоррекция – адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдерайма

Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

Статистикалық қорытынды – тәуелді өзгергіштік мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шамасын табу.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

 

2.«Психологиядағы математикалық зерттеу әдістері» пәнінің дәрістік материалдары.

Тақырып 1. Сипаттаушы статистика. Өлшем мәселесі. Белгілер мен айнымалылар. Өлшем шкалалары.

1.Сипаттаушы статистика. Үлестірім сипаты.

3.Белгінің үлестірімі.

4.Үлестірім параметрлары.

Тақырып 2. Статистикалық болжамдар.

1.Статистикалық критерийлер

2.Математикалық статистика әдістерінің көмегімен болжамдарды дәлелдеу мәселесіншешудің жалпы принциптері

3.Статистикалық мәнділік деңгейі.

Тақырып 3. Критерийлер қуаттылығы.

1.Міндеттер мен оларды шешудің классификациясы.

2.Математикалық өңдеу әдісін таңдау туралы шешім қабылдау

3.Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі өзгешеліктерді айқындау. Тәуелсіз таңдамалар үшіндисперсионды анализ.

Тақрып 4. Дисперсионды анализдің жалпы тағайындалуы.

1.Анализ алгоритмі.

2.Әдістің шектеуліктері.

3.Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі өзгешеліктерді айқындау.

Тақырып 5. Тәуелсіз таңдамалар үшін Стьюденттің T-критерийі

1,Стьюдент критерийінің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 6. Өзгешеліктер статистикасы. Манна-Уитнидің U – критерийі

1.Критерийінің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 7. Өзгешеліктер статистикасы. Крускал-Уоллистің Н – критерийі

1.Критерийінің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері

Тақырып 8. Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау. Байланысты таңдамалар үшін дисперсионды анализ.

1.Байланысты таңдамалар үшін дисперсионды анализдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 9. Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау. Байланысты таңдамалар үшін Стьюденттің T-критерийі

1.Байланысты таңдамалар үшін Стьюденттің T-критерийінің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 10. Ығысулар статистикасы. Вилкоксоның Т – критерийі

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 11. Ығысулар статистикасы. Фридманның χ2r Критерий і

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 12. Номиналды шкалалардағы өзгешеліктер статистикасы. Пирсонның χ2 критерий

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 13. Корреляциялық статистика. Пирсонның корреляциялық коэфициенті.

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 14. Корреляциялық статистика. Спирменнің корреляциялық коэфициенті.

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері.

Тақырып 15. Корреляциялық статистика. Спирменнің корреляциялық коэфициенті.

1.Критерийдің жалпы тағайындалуы.

2.Анализ алгоритмі.

3.Әдістің шектеуліктері

1. Сипаттаушы статистика. Өлшем мәселесі. Белгілер мен айнымалылар. Өлшем шкалалары.

1.Сипаттаушы статистика.. Үлестірім сипаты.

2.Белгінің үлестірімі.

3.Үлестірім параметрлары.

 

3.2.1.1 Сұрақ атауы 1 Сипаттаушы статистика. Үлестірім сипаты.

1.Психологиялық зерттеудің пәні және объектісі қойылған мақсаттар және міндеттер негізінде қалыптасады. Ғылым және ғылыми зерттеудің пәнін және міндетін аныұқтау қиын әдістемелік мәселелерге жатады. Қазіргі уақытқа дейін бұл мәселеге байланысты әр түрлі көзқарастар айтылған. Бірақ та көптеген пікір-майысқа жол бермей, қазіргі психологиядағы жалпы жағдайды айттып кеттейік. Бірақ алдымен бастапқы түсініктерді анықтап алайық. Зерттеудің мақсаты не үшін деген сұраққа жауап беруді көздейді? Неге жеткісі келеді, қандай нәтижені қалайды? Зерттеу пәні –нені анықтау керек, қандай байланыстарды, ерекшеліктерді, психикалық процестердің, құбылыстардың динамикасын және т.б. Зерттеу объектісі - нені бекітеді, сипаттамалары, қасиеттері, сапасы, объектінің түрленуі. Зерттеу пәні Пән-адамзат қызметі және таным процессінде объектілер әлемінен бөлініп алынаған, бір тұтас жүйені білдіретін категория. Пән түсінігі қатаң түрде осы ұғымда қолданбайды, оны объект немесе зат ұғымымен тең мағынада қолданады. Объектінің материалды немесе идеалды табиғатына сәйкес, берілген тәжірибенің ақырғысы материалды бола алады(мысалы, тірі организм, электромагнитті өріс немесе таным пәні ретінде галактика) немесе идеалды(математикалық формула, концептуалды бейне, субъективті бейнелер, таным пәні ретінде). Бір объект әр түрлі зерттеудің пәні ретінде: мысалы, бір түрдің организмдердің жиынтығы (популяция), математикалық (статистикалық), генетикалық, эпидемиялық зерттеулерге де жатады. Пәнді объектіге қарсы қоюды (Genestand) 1904 жылы австриялық философ Р.Амезедер ұсынды.Басқа австриялық физик-идеалист Алексиус фон Мейнонг өзінің «объектілер теориясын» ұсынды, онда ол пәнді идеалдық тұрғыдан қарастырды-күйзелістегі объект актісі ретінде. Қайнар көзі: Философиялық энциклопедиялық сөздік/ Л.Ф.Ильичев, П.И.Федосеев, С.М. ковалев, В.Г. Панов. М: Кеңестік энциклопедия, 1903.525 бет. Ғылыми зерттеудің пәні ретінде нені анықтау, табу керек, бұл біріншіден психикалық құбылыстардың мәні, оның заңдылықтары, тенденциялар, байланыстар, қатынастар, процестердің өту ерекшеліктері және психиканың жұмыс істеу механизмдері. А.А. Смирнов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және Б.М. Тепловтың редакциясымен 1962 жылы шығарылған оқу құралында психологияның пәні былай анықтама берілген: «психология психика қызметтің дамуының заңдылықтарын зерттейді». Бұл заңдар мынаны ашады адамның миындағы объективті дүниенің көрінісін, оның іс-әрекеті осы күшке сай қалай реттеледі, психикалық қызмет қалай дамиды және жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады. Осындай анықтаманы басқа да отандық психологтар берген (гальперин П.Я,1976,2002;

3.2.1.2 Белгінің үлестірімі

2. Петровский А.В., Ярошевский М.Г., 2001; Мещеряков Б.Г., Зинченко В.П.,2003 және т.б). Психологияның пәні туралы қызу пікір алмасу 1970 жылдары, сол кездегі «Психология сұрақтары» атты журнал беттерінде жүрді, бұл оның зерттеу аймағының өсуіне, жаңа салалардың пайда болуына және басқа ғылымдармен тұрақты байланыс құруына байланысты болды. Психологиялық ғылымның пәнін тек басқа ғылымдардың пәнімен физиология, логика, кибернетикмен байланысқа түскен жоқ, сонымен қатар басқа психологиялық мектептермен (гештальтпсихология, необихеовиризм және т.б) байланыста болды. Психологияның пәніне байланысты әр түрлі көзқарастар болуына қарамастан, пікір-алмасудың соңына қарай, психологияның пәні ретінде психика шығады, жоғары деңгейдегі материяның қасиеті, психикалық құбылыстың көптеген механизмдерінің қалыптасуы және дамуы, олардың заңды байланыстары, өзара әрекеттесуі, оның көрсетімдік немесе реттеу функцияларында көрінеді. Қазіргі кезде психологияның пәні келесі анықтамамен сипатталады: психологияның пәні ретінде психиканы және психикалық феномендер, заңдылықтар, мәнді өзара байланыстарды, шығу ерекшеліктері мен механизмдердің дамуы мен қызмет істеуін, оның көптеген көріністерінде, психиканың төменгі формасынан жоғарғысына дейін қамтиды. Таным пәні-бұл нақты объектінің қасиеттері, жақтары, қатынастары, оны белгілі тарихи жағдайларды қарастырады. Бірақ бір жағынан қасиеттер, қатынастар тек өзара әсерлесу, қызмет жасау кезінде байқалады. Бірақ басқа жақтан таным пәнін бір ғылымның шегінен тыс бөліп және сипаттауға келмейді. Себебі тек таным субъектісі (ғылым, зерттеуші) берілген зерттеу кезінде, бұл ғылым ретінде психология пәнінің тарихи эволюцияда дамуы.

Осылай айтқанда психологиялық зерттеудің пәні ретінде психикалық құбылыстың, процестің, жағдайдың, жеке тұлғаның қасиеттері, тәртіп, қызмет деңгейінің, түрлерінің өзара байланыстардың, өзара әсерлесудің ерекшеліктері және олардың кеңістік, уақыттың, интенсивті сипаттамалары және т.б. материалды тасымалдығыштар (жеке индивид, топ, адамдар, жоғары деңгейдегі жануарлар). Міндеттерді анықтау- бұл зерттеудің мақсаттарына жететін жолдар мен құралдарды таңдау. Олар саты түрінде немесе сұрақ ретінде құралған, оларға жауап беру арқылы зерттеудің мақсаттарына жетуге болады. Міндеттерді таңдау оның мақсаттарының екінші деңгейлік мақсаттарға байланысты жүргізіледі, яғни «саты» ретінде оларды өту арқылы біз ең басты мақсатқа жетеміз. Мақсаттар ішінде жаңа фактілерді табу секілді және сонымен қатар оларды бар психологиялық білімдер жүйесіне қосатындар болу керек.

002-001-003$3.2.1.3 Сұрақ атауы 3 Үлестірім параметрлары.

3.Зерттеу толыққанды және аяқталған деп саналады, егер зерттелетін құбылыстар сіздердің сипаттауында басқа психикалық құбылыстардан оқшауланған немесе құрлымсыз көрінбейтін болса. Сол себепті зерттеулердің міндеттері ішінде, зерттелетін құбылыстың психикада алатын орны және оның басқа психикалық құбылыстармен байланысты анықтайтын міндеттер кіру керек. Кез келген зерттеуде оның психикалық деңгейін анықтап алу керек, оның құрылысын(бөлшектерін, жеке феномендерін, ерекше белгілерін).

Міндеттерді анықтау кезінде зерттелетін феномен туралы толық көрінісін құру керек, барлық байланыстарды анықтап, бөліп көрсету керек. Жеке байланыстарды ғана анықтау, жаңындағылардың мәнін ашпау, жұмыстың маңыздылығын төмендетеді.

Жиі кездесетін қателік автор міндеттерді қалыптастырудың орнына, өзінің жұмыс істеу жоспарын береді. Бұл жағдайда міндеттер келесідей болады:

- тақырыпқа сай әдебиетті шолу

-тәжірибе жасау(қарап шығу)

-алынған мәліметтерді өңдеу

-алынған нәтижелерді таразыға салып, қорытындылар жасау

Бұл сипаттамаларда ешқандай жаңалық жоқ, ғылыми маңыздылығын ашпайды.

Міндеттер мақсаттарды ашу керек және зерттеудің сипатын анықтау керек, мақсатқа жететін жолды көрсету керек. Мысалға зерттеудің басында зерттеу пәні ретінде алынған феноменді зерттеуге әдістемені құру керек пе деген сұраққа жауап беру керек.

Оқытушы, қалыптастырушы тәжірибелер жүргізілген бе? Зерттеу «көлденең» немесе «төте» әдістемелер арқылы жүргізілді ме? Автор жаңа модель құруды мақсат еттіме, әлде тек құбылыс туралы жауап-мәліметтер алуды көздеді ме? Өзінің жұмысында маңызды мақсат ретінде нені санады. Осындай аспектілер зерттеу міндеттерінде орын алу керек.

 

002-001-900$Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

Психологиялық зерттеулер әдістері пәніне жалпы түсінік, пәнінің мазмұны.

Психологиядағы әдіс және әдістеме түсініктері.

Жеке пән ретінде психологиялық зерттеу әдістерінің маңызы.

Пәнді оқып-зерттеудің мақсат-міндеттері.

 

3.2.2 Дәріс №2. Дәрістің атауы. 2. Статистикалық болжамдар.

1.Статистикалық критерийлер.

2.Математикалық статистика әдістерінің көмегімен болжамдарды дәлелдеу мәселесін шешудің жалпы принциптері

3.Статистикалық мәнділік деңгейі.

002-002-001$3.2.2.1 Сұрақ атауы 1.Статистикалық критерийлер.

1. Ықтималдылық (математикалық) - Р-белгілі бір А оқиғасының обьекгивті көріну мүмкіндігін сандық бағалау: Р(А).Математикалық ықтималдылықтар - зерттелінетін құбылыстың кейбір обьективті қасиетін бейнелейді. Ол ерекше логикалық категория болып табылады. Математикалық ықтималдылықтардың түрлері: классикалық, комбинаторлық, статистикалық немесе субьективтілік. 1. Ықтималдылықтың өлшемі - оқиға кездейсоқтығының өлшемі, яғни мүмкін болатын не мүмкін болмайтын оқиға. 2. Оқиға - эксперименттің мүмкін деген қорытындысы. Оқиға тең ықтималды не әртүрлі ықтималды болады. Ал барлық мүмкін деген оқиғалардың ықтималдылықтарының қосындысы, эксперименттің барлық қорытындысы бірге тең болуы керек (оқиғаның толық тобы).

мұнда т - А оқиғасының нәтижелерінің саны, п - барлық мүмкін деген нәтижелердің саны. Кез келген А оқиғасының нольмен (мүмкін емес оқиға) және бірдің (дәл оқиға) арасындағы ықтималдылық

1≥ Р(А) ≥0

1. Математикалық статистиканың негізгі принциптерінің бірі - үлкен сандар заңы, окиға сынаудың көп бөлігінде кездессе, оның нәтижесі белгілі бір бағыты бар тұрақтысебептерден тәуелді болады.

2. Статистикалық жиынтық (немесе таңдау) - эксперимент нәтижесі ретінде оқиғалардың жүйесі, өлшенетін белгілердің статистикалық заңдылықтарды өзгертетін кездейсоқ мәндер қатары – х1 х2 хr..хп

3.Варианта (х1)- таңдау бірлігі әрбір жеке хl статистикалық жиынтық мәні, жеке өлшеулердің нәтижесі.

4. Жиынтық көлемі - (N)-статистикалық жиынтықта5ы варианталардың жалпы саны, жалқы өлшеулердің жалпы саны.

5. Жиілік - (fi) - таңдауда әрбір х варианта қанша рет кездесетінін көрсететін сан:

6. Жиілену (Wi) - жалпы таңдау көлеміндегі әрбір жүйедегі жиіліктің үлесі

7. Генерал жиынтық

Берілген статистикалық жиынтық негізінде, эксперимент нәтижесі арқылы талданатын қасиеттер жайлы кұбылыстарды өлшеудің ойша жиынтықтары. Бұл теориялық ұғым болғандықтан, теориялық шын ықтималдылықты анықтайды.

Психикалық құбылысты өлшеу бір ғана мәнді бермейді, статистикалық әрбір жиынтықты береді, ондағы барлық варианталар орнықты статистикалық заңдылыққа бірігулері керек. Психологиялық экспериментте өлшенетін белгілердің мәндерінің өзгеруін шарттандыратын жалпы факторларға жататындарға:

• Кездейсоқ техникалық тербеліс (аппаратура, өлшеу техникалары).

• Сыртқы орта шартының өзгеруі (экспериментатор, инструкция, жұмыс орны, протокол).

• Кездейсоқ ішкі тербелістер (денсаулық күйі, сергектік дәрежесі,

шаршау, психологиялық адаптация, оқыту, мотивация, эмоция).

• Сыналушылардың жас ерекшеліктеріндегі айырмашылық.

• Сыналушылар тобындағы жыныстық айырмашылықтар.

• Сыналушылардың типологиялық ерекшеліктері.

• Индивидуалды айырмашылықтар.

3.2.2.2 Сұрақ атауы 2.Математикалық статистика әдістерінің көмегімен болжамдарды дәлелдеу мәселесін шешудің жалпы принциптері

2.Осылай айтқанда психологиялық зерттеудің пәні ретінде психикалық құбылыстың, процестің, жағдайдың, жеке тұлғаның қасиеттері, тәртіп, қызмет деңгейінің, түрлерінің өзара байланыстардың, өзара әсерлесудің ерекшеліктері және олардың кеңістік, уақыттың, интенсивті сипаттамалары және т.б. материалды тасымалдығыштар (жеке индивид, топ, адамдар, жоғары деңгейдегі жануарлар). Міндеттерді анықтау- бұл зерттеудің мақсаттарына жететін жолдар мен құралдарды таңдау. Олар саты түрінде немесе сұрақ ретінде құралған, оларға жауап беру арқылы зерттеудің мақсаттарына жетуге болады. Міндеттерді таңдау оның мақсаттарының екінші деңгейлік мақсаттарға байланысты жүргізіледі, яғни «саты» ретінде оларды өту арқылы біз ең басты мақсатқа жетеміз. Мақсаттар ішінде жаңа фактілерді табу секілді және сонымен қатар оларды бар психологиялық білімдер жүйесіне қосатындар болу керек. Зерттеу толыққанды және аяқталған деп саналады, егер зерттелетін құбылыстар сіздердің сипаттауында басқа психикалық құбылыстардан оқшауланған немесе құрлымсыз көрінбейтін болса. Сол себепті зерттеулердің міндеттері ішінде, зерттелетін құбылыстың психикада алатын орны және оның басқа психикалық құбылыстармен байланысты анықтайтын міндеттер кіру керек. Кез келген зерттеуде оның психикалық деңгейін анықтап алу керек, оның құрылысын(бөлшектерін, жеке феномендерін, ерекше белгілерін).

3.2.2.3 Сұрақ атауы 3 Статистикалық мәнділік деңгейі.

3. Өлшеуде алынған статастикалық жиынтық зерттелінетін процесс жайлы көп мәлімет береді. Сондықтан да эмпирикалық материалды теріп, реттеу қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1421; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.092 сек.