Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сатенова С




Қосөткел орта мектебінің мұғалімі

(Ақтөбе, Қазақстан)

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Педагогика мен әдістемеде дидактиканың алатын орны ерекше. Сондықтан да бұл мәселе туралы Ю.В.Рождественский, Ф.И.Буслаев, Э.В.Ильенков, Р.Г.Лемберг, Т.С.Сабыровтың,И.Нұғмановтың, Г.З.Байжасаровтың т.б. ғалымдар зерттеулер жүргізді.

«Оқушылардың материалды меңгере алуының дидактикалық негiзi сабақтың әpi әсерлi, әрi қызықты өткiзiлуiне байланысты. Сабақ дидактикалық жағы­нан неғұрлым әсерлi болса, оқу материалын олар соғұрлым дұрыс түсiнедi. Бұл - мұғалiмнiң шеберлiгiне де қатысты мәселе. Сабақты дидактикалық жағынан өте тартымды етiп құру үшiн, негiзгi үш жағдайдың болуы шарт: бiрiншi жағдай - сабақтың педагогика­лық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәсе­лелер шартты түрде мұғалiм мен оқушылардың сабақ кезiндегi қарым-қатынасы мұғалiмнiң өзiн-өзi ұстау мәнерi, оның ерелi өнeгeci, сыртқы келбет-пiшiнi, сөй­леу мәдениетi, оқушыларға қатаң талап қоюмен бiрге, сыйлай да бiлу, оларды саналы адамгершiлiк пен үлгi­лi парасаттылыққа баулуы т.б. мұғалiмнiң сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейiнiн аудара бiлуi класс коллективiн тeгic меңгере алуын қамтамасыз етедi. Екiншi жағдай - сабақтың теориялық жағынан талап­қa сай өтyi. Сабақтың теориялық жағы негiзгi фактi­лермен дәлелденiп, оның ғылыми мәні көңiлге қонымды болса, ол оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлi болады. Үшiншi жағдай - сабaқтың методикалық жағынан тиімдi болуы. Бұл мұғалiмнiң материалды баяндау әдiсiн шеберлiкпен игере алуына, дидактикалық заңды принциптердi орынды жерiнде қолдануына, қажеттi көpнeкi құралдар мен тәжiрибе жұмыстарын тиiстi кезiнде көрсете бiлуiне байланысты немесе педагогикалық ғылымның оқыту әдістepi ішiндегi саласы. Сондықтан дидактикалық принцип­тер әр пәндi оқыту методикасының, оның iшiнде ана тiлiн оқыту методикасының теориялық негiзi болып есептеледi[1,49].

Демек, қазақ тiлiн оқыту методикасы да жалпы ди­дактикалық принциптерге сүйенедi. Олар мыналар:

1. Оқытудың ғылыми принципi. Бұл принцип бойынша қазақ тiлi пәiнiң программалары мен оқулық­тары осы принциптi басшылыққа алып жасалады. Тек ғылымға сүйенген ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседi. Сондықтан мұғалiм оқыту­дың ғылыми принципiн терең бiлумен бiрге, оны оқу­ тәрбие iсiнде дұрыс пайдалануы да қажет. Сонда ғана ана тiлiнiң заңдылығы мен теориясын (ережесiн, анық­тамасын) қатесiз, оны лингвистика ғылымына байла­ныстыра отырып түсiндiруге, теориялық материалдар­ды үнемі практикалық жаттығу, мысалдар арқылы дәлелдеп отыруга болады.

2.Оқытудың жүйелiлiк принципi- оқу материал­дарының (әр пән бойынша) логикалық жағынан бiрiз­бен сатылай құрылу, берiлу тәртiбiн оқытудың жүйелi­лiк принципi деймiз. Яғни оқытудағы берiк жүйелiлiк пен бiрiздiлiк - ғылыми бiлiм берудiң неriзi. Мыса­лы, қазақ тiлiнен жай сөйлемдердiң ережелерiн жете меңгермейiнше, құрмалас сөйлемдер түрлерiнiң (сала­лас, сабақтас, оның iшiнде басыңқы, бағыныңқы сөй­лемдердiң) жасалу жолдарын бiлу қиын.

Бұл принцип бойынша бұрын өтiлген тiлдiк мате­риалдарды оқушы әбден меңгергеннен кейiн ғана жаңа материал таныстырылады. Демек, оқу материалдары­ның логикалық iшкi заңдылықтарын жүйелi оқып үй­ренген жағдайда ғана оның ғылыми негiздерiн шын мағынасында меңгеруге болады. қазақ тiлi програм­масы жүйелiлiк принципi негiзiнде құрастырылады. Бағдарламадағы бұрын берiлген материал мен келесi материалдың сабақтас болуын байланыстырып отыру көзделедi.

3.Оқытудың материалды дұрыс орналастыру прин­ципi - оқу материалдарының дұрыс бiр-бiрiмен сабақтаса орналасуы, берiлуi үйретiлетiн материалды оқу­шының тиянақты, жүйелi, бiрiздiлiкпен қабылдауына мүмкiншiлiктер жасайды. Мысалы, сөйлемнiң тұрлау­лы мүшелерiнен кейiн сөйлемнiң тұрлаусыз мүшелерi, зат eciмнeн кейiн сын eciм, сан eciмнeн кейiн есiмдiк, eтістік, көсемше туралы түciнік берiледi. Мұны бiз оқытудың дұрыс орналастыру принципi деймiз.

4. Оқытудың алдын ала болжау принципi - үйре­тiлiп отырган материалдың келесi сабақтардағы мате­риалды меңгерудегi тиiмдiлiгiн алдын ала болжау, со­ны ескере келiп дамыту. Мысалы, бастауыш кластарда етiлетiн тыныс белгiлерiнiң ережелерi 7 -8 кластарда жүйелi қайталанады, еске түсiрiледi.

5. Оқытудың саналылық принципi- үйретiлген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсiнiп, саналы меңгеруi. Oқy материалдарын саналы түciну үшiн оқушылардың оқуға деген белсендiлiгi, ынтacы арттырылады, теориялық бiлiмдерiн ic жүзiнде қолдана бiлуге үйретiледi, материалды өз бетiнше тү­сiнiп, өз сөздерiмен айтуға дағдыландырылады. Түрлi шығармашылық жұмыстарды өздiгiнен орындауға бейiм­деледi. Сонымен бiрге ережелер мен анықтамаларды саналы түciнyi үшiн, оқушылар тiл фактiлерiн дұрыс ажырата бiлуге тиiс. Мысалы, оқушылар фонетикадан дыбысты алмастырып айту, жазу (ң-н, т-д, ы-іт. б.). Жалғау мен жұрнақты ажырата алмау, буынға дұрыс бөлмеу, дұрыс тасымалдай алмау, ережелердi ажырата алмаудан қате жiберу жиi кездеседi.

Бұл оқыту принципi оқулықтағы теориялық мате­риалдардың мазмұны мен көлемi оқушылардың жас ерекшелiгiне сай, әр оқушының жеке-дара қабiлетiне, ақыл-ой өpiciне, дамуына және бiлiм көлемiне бейiмде­лiп құрылуын талап етедi.

Оқу материалдары жеңiлден - ауырға, оңайдан қиыңға қарай баяндау принципiмен түсiндiрiледi[2,128]. Яғ­ни оқушылардың бұрын бiлетiн материалдарының негiзiнде жаңа материалдарды байланыстыра түсiндiру мақсат етiледi. Демек, оқытудың бұл принципi бойын­ша оқушының өз бетiмен бiлiм алуына мүмкiншiлiк болады.

6.Оқытудың берiк, тиянақты болу принципi­оқушылардың өрелi ой-санасын ғылыми негiзде дамы­ту үшiн, олардың меңгерген бiлiм дағдылары тиянақты болуы қажет. Оқушының дүниетану жөнiндегi көзқарасын қалыптастыруда бiлiмдi тиянақты, берiк меңгертудiң маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгеру, есiнде берiк caқтау, жаттауға жол бермеу, бiлгендi ұмытпау үшiн қайталау, бiлiмiн бара­лап отыру сияқты жұмыстарды жүргiзу қажет.

Бiлiмнiң берiктiк, тиянақтылық принципiн жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүйелi ұйымдастыру да шешушi роль атқарады. Түрлi жаттығу жұмыстары оұушының iскерлiгi мен дағдысын жетiлдiре түседi.

7. Оқытудың теория және практика, өмiрмен бай­ланыстыру принципi арқылы оқушылардың мектептегi оқу-тәрбие процесiнде алған теориялық бiлiмдерiн өн­дiрiсте, ic жүзiнде қолдана бiлуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалiм түрлi тiл дамыту, тiл ұстapту жұмыс­тарын жүргiзу арқылы дұpыc сөйлей бiлуге, қатесiз жаза бiлуге үйретедi, конференцияларда оқушыларға сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды бе­редi. Мұндай дағды ұзақ, жүйелi жүргiзiлген жұмыс­тар арқылы iскe асады.

8. Оқытудың көрнекiлiк принципi де басты роль ат­қарады. Көрнекiлiк принципi жөнiнде К.Д.Ушинский былай деген едi: «көpнeкi оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзiнiң байқағандарын сөзбен айтып бере бiлуге, сондай-ақ, одан логикалық қорытынды шығару­ға үйрету болып табылады».

Көрнекiлiктiң ғылыми негiзi маркстiк-лениндiк та­ным теориялары мен И.П.Павловтың жоғары нерв қызметi туралы iлiмi негiзiнде психология ғылымында түбегейлi зерттелдi.

Өмiрде бар заттар мен құбылыстарды көрнекі құ­рал арқылы көрсету мектептi өмipмeн байланыстыра­ды. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөнiн­дегi дидактикалық принциптi жүзеге асыруға көмек­теседi. Нақты кepнeкi материалды сапалы түрде мең­герту үшiн қабылданатын зат пен құбылысты дұpыc байқау, анализ жасау керек. Дұpыc анализ жасау ар­қылы оқушыны көрген затының негiзгi бөлшегi мен қо­сымшасын ажыратуға, салыстыруға, белгiлi қорытын­ды жасауға, заңдылықтарын анықтауға үйренедi.

Көрнекiлiктi оқу процесiнiң барлық кезеңiнде пай­далануғаа болады, бiрақ оны жиi қолдануға да болмай­ды. Көрнекiлiктi белгiлi тақырып мақсатында пайда­ланғанда ғана тиiмдi болмақ.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін оқыту әдістемесінде дидактиканың алатын орны ерекше. Дидактикалық қарым-қатынастың табиғатының өзі де аса қызық та күрделі болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.В.Кларин. Технология обучения: идеал и реальность. Рига, Эксперимент, 1999.180-бет.

2. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1955ж.217-бет

 

Сафина А.Ю. студентка 5 б/р, г. Учалы

Науч. рук-ль: д.филол.н., проф. Ф.Г.Фаткуллина




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 748; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.