Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница. .Ерекше көңіл көз жарақаттарына бөлінеді,себебі дер кезінде тиімді көмек көрсетілмесе,,(40% жағдайда )




.Ерекше көңіл көз жарақаттарына бөлінеді,себебі дер кезінде тиімді көмек көрсетілмесе,,(40% жағдайда) жағымсыз шешімдерге әкеледі.Көз ағзасын микрохирургиялық оперативті жолмен емдеудің ерекшелігі­ көзге жасалатын операциялар кезінде көзде кіші тілімдер жасалады, микроструктурасына операция жасау мүмкіндігі, арнайы микроқұралдармен микроскоп астында (үлкен ұлғайту жағдайында) жасалады..Микрохирургия тәсіліді Қазақстанда облыстық емханалардың офтальмологтары игерген,Емханалар бұл тәсілге сай жабдықталған,хирургтар арнайы циклдарда даярланады.Офтальмологиялық ауруларға арнайы көмек көрсету дамыған:тамырлы ауруларда,тор қабық ауруларында, жарақаттарда, вирусты ауруларда,лазерлік терапия,хирургия жәнет.б.Қазақстанда арнайы жоғарғы офтальмологиялық орталық Алматы қаласындағы

ҚҒЗ көз аурулары институты (ғылыми клиникалық мекеме)Бұл мекеме медицинаның соңғы жетістіктеріне сай жабдықталған.Бұнда көз ауруларын аңықтап,тиімді емдеумен бірге офтальмологиялық кадрлар мен микрохирургтар даярлайтын мекеме.Қазақстан Республикасы мемілекетінің өз азаматтарының деңсаулығын сақтау мақсатында офтальмологиялық қызметтің түрлі деңгейлерде әрі жетілдіруде.

Бақылау сұрақтары:

1.Қөз ағзасының адамға маңыздылығы неде?

2.ОФТАЛЬМОЛОГИЯНЫҢ БАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ

ПӘНДЕР АРАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ қандай?

3.Акушерлердің адамның көз ағзасын сақтау мақсатында

атқаратын шаралары қандай?

4.Педатрмен көз ағзасын сақтап қалуда атқаратын шаралары

қандай?

5.Мектептердің медицина қызыметкерлерінің көз ағзасын

ақтауда атқаратын шаралары қандай?

6.ПЕдагогтардың көз ағзасын сақтауда атқаратын қызыметі

қандай?

7.Соқырлық пен нашар көру деген не?

8.Мүгедектік деген не және оларды спауықтандыру шаралары ҚР

алай жүзеге асырылады?

9.Соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептері қандай?

 

 

Офтальмологияда 2 ұғым бар: көз ағзасы және көру анализаторы.

Көру анализаторы– күрделі нервті- рецепторлы жүйе,ол жарықты тітіркедіргішті қабылдауға және оған анализ жасауға арналған: 4 бөлімнен түрады –шеткі немесе рецепторлы ,жарық қабылдаушы тор қабықпен,олардың рецепторларымен келтірілген (таяқшалар мен құтышалармен).

- өткізу жолдары;олар көру нервісі, хиазмамен,көру трактісімен;

- ми қыртысы асты орталықтары сыртқы тізелі дене мен Грациоле тұйінімен келтірілген.;

- орталық бөлімі,

Көз ағзасы қорғаныс аппаратынан(қабақтар мен көз ұясы),қосалқы аппараттан (жас ағзалары,бұлшық еттер,қан тамырлыры,нервтер) және көз алмасынан тұрады.Көз алмасында көру-нерв аппараты (тор қабық пен көру нервісі) және диоптрилік аппаратты (көз ішілік сұйық,қасаң қабық,көз бұршағы,шыны тәрізді дене) ажыратады..

Қабақтар 4 қабаттан тұрады:тері,бұлшық еттер,шеміршек,конъюнктива немесе дәнекер қабат.Қабақтардың терісінің анатомиялық ерекшеліктері тері асты май қабатының болмауы,сол себепті тері жеңіл жыйырылады және ісік тез тарайды.Бұлшық еттер-жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық ет(ол қөз қимылдатқыш нервпен нервтенеді) және шеңберлі бұлшық ет(бет нервісімен). Шеміршек қабаққа форма беретін жұқа байланыс тінді пластинкамен келтірілген.Шеміршекте мейбомиев бездері орналасқан.Олардың секреті қабақтың және көздің бетін майлап,қозғалыс кезінде.........меньшает трение қасаң қабыққа қатысты трофикалық қызымет атқарады. Ішкі жағынан шеміршекке дәнекер қабаты немесе конъюктива тығыз жанасып жатыр.Конъюктиваның 3 бөлімін ажыратады (қабақ конъюнктивасы, өтпелі қатпарлардың-жоғарғы және төменгі күмбездердің,көз алмасының немесе склераның. Жоғарғы күмбездің конъюктивасына жас безінің өзектері ашылады.Қабақтардың қорғаныс қызыметі көз саңылауының тығыз жабылуымен,кірпік қағумен,конъюктиваның бөгде заттарға сезімталдығымен және жас шығарудың жеделдетілуімен,яғни механикалық бөгде заттың көзден алынуымен атқарылады.Күмбездердің аденоидты тіндеріндегі лимфоидты элементтер.......... барьерную қызыметін атқарады.

Қабақтардың қанмен қамтамасыз етілуі самай жағынан жас артериясының тарамдарымен,мұрын жағынан – торлы артериялармен (көз артериясының соңғы тарамдары (көзді қанмен қамтамасыз ететін негізгі артерия).Бұл тарамдар қабақтың бос шеттерімен бір біріне қарама қарсы келіп,анастомоз құрайды,яғни тері асты артериалды доға түзейді.

Көз ұясынемесе көз шарасы – көз алмасы орналасқан сүйекті қуыс. Формасы 4-қырлы пирамида, негізімен алды қарай қарайтын,ал төбесімен- артқа және ішке қарай.Оның ұзындығы 4-5 см.Көз ұясының 4 қабырғасы бар:

жоғарғы- алдыңғы ми шұңқырымен шекаралас,сол себептен патологиялық процесстер өзара көшуі мүмкін.Қабырға маңдай сүйегінің шаралық бөлімінен түрады.Оның тереңінде көз ұясының жоғарғы ішкі бұрышында маңдай ұңғылы орналасады (мұрынның қосалқы қуысы).Жоғарғы қабырғасының сырт бөлімінде жас безі орналасқан.Сыртқы қабырғасы ең берік қабырға. Бет сүйектің маңдай өсіндісімен,маңдай сүйегінің бет сүйегімен және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен құрастырылған;көз ұясын самай шұңқырынан бөліп тұрады.Төменгі қабырғасы жоғарғы жақ сүйегінен,бет сүйегінен,таңдай сүйегінің көз өскінімен құралған.Көз ұясының бұл қабырғасы оны гайморов қойнауынан шектеп тұрады.Жоғарғы және сыртқы қабырғасының шекарасында,көз ұясында терең жоғарғы көз саңылауы орналасқан (сына тәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаты арасында).Ол арқылы көз ұясына бар көз қимылдатқыш нервтер (3, 4, 6 жұптар), үшкіл нервтің 1 тарамы(сезімтал) енеді және жоғарғы көз венасы көз ұясынан шығады.Бұл аймақта сұйектер сынса,ол“ жоғарғы көз саңылауы синдромымен білінеді” –птоз, мидриаз, экзофтальм, анестизия, офтальмоплегия.Көз ұясының төменгі сырт бөлімінде сфна тәрізді сүйек пен жоғарғы жақ сүйегі арасында төменгі көз саңылауы орналасқан.Ол арқылы көз ұясына қанат таңдай шұңқырынан инфраорбитальды нерв және бет сүегі нервісі(үшкіл нервтің 2 жүбы- жоғарғы жақ нервісі). Көз ұясынан бұл тесік арқылы төменгі көз венасы шығып,қанат таңдай шұңқырының венозды өріміне және беттің терең веналарына құйады.Көз ұясының тереңінде негізгі сүйекте дөңгелек тесік бар.Ол арқылы көз ұясы орта ми шұңқырын көз ұясымен және қанан таңдай шұңқырымен қатыстырады.Бұл тесік арқылы ортаңғы ми шұңқырынан көз ұясына жоғарғы жақ нервісі (2 тарамы 5 жұп бас ми нервісінің) енеді.Бұл жерде жаңа тарам-инфраорбитальды нервті береді..Ішкі қабырғасы өте жұқа және күрделі.Ол алдында жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсініне тығыз жанасқан жас сүйегімен,артқа қарай торлы сүйектің шаралық платинкасымен сына тәрізді сүйектің алдыңғы бөлігімен келтірілген.Ішкі қабырғасы көз ұясын мұрын қуысынан шектейді. Тұйық жарақаттарда оның бүтіндігі бұзылып,көз ұясында гематома,эмфизема дамиды.Жас сүйегінің бетінде жас қалтасының шұңқыры бар.Көз ұясында байланыс тіндерінен байламдар бар,олар көз алмасын көз ұясында бекім үстайды.

Жас ағзалары жас шығаратын(жас безі) және жасты әкететің ағзалардан тұрады – жас нүктклкрі,жас өзектері,(жоғарғы және төменгі),жас қалтасы және жас мұрын өзегі.Жас мұрын өзегі мұрын қуысына ашылады. Бұлшық еттер көз алмасының қозғалысын камтамасыз етедіОлар 6 (4туражәне2қығаш).Төменгі қиған бұлшық ет қана көз ұясының төменгі ішкі бұрышының сүйек қабығынан басталып,көз алмасына төменгі сырт бөліміне бекінеді.Қалған бұлшық еттер көру тесігі айналасында сүйек қабығынан басталып,әрқайсы өз жағында алдыға қарай бағытталып,склераға бекінеді: тура бұлшық еттеркөз алмасының склерасына,ал жоғарғы қиғаш бұлшық ет көз ұясының жоғарғы ішкі бұрынындағы шығыршыққа барып,ол арқылы өтіп,көз алмасына бағытталады.Келесіде ол склераға көз алмасының жоғарғы сырт бөлімінде бекінеді.Жиырылғанда тура бұлшық еттер көз алмасын тиісті жаққа бұрады(жоғары,төмен,ішке,сыртқа)және біраз ішке,ал қиғаш бұлшық еттер – сыртқа және төмен(жоғарғы) және жоғары төмени (төменгі қиғаш бұлшық ет). Олардың нервтенуі көз қимылдатқыш нервпен,тек сыртқы тура бұлшық ет (әкетуші нервпен)жәнежоғарғы қиғаш бұлшық ет(шығыршықты нерв).

Қан тамырлары: негізгі қанмен қамтамасыз ететін артерия көз артериясы.Ол ішкі ұйқы артериясының тарамы және көз ұясына көру тесігі арқылы енеді.Көз ұясында келесі тарамдарды береді- жас аретриясын, (жас безіне және қабақтарға),торлы,бұлшық етті (олар бұлшық еттер склераға бекінгеннен кейін қасаң қабыққа дейін жалғасады,бірақ енді олар алдыңғы кірпікті артериалар деп аталады(склера мен қасаң қабықты қоректендіретін); артқы кірпікті артериялар склераны артқы полюсінде тесіп өтіп көз ішіне енеді де қысқа және ұзын кірпікті артерияларға тарамданады.Қысқалар одан да ұсақ тарамдарға бөлінеді және өзара анастомоздар жасап,3 деңгейде қан тамырларын құрайды-ірі қан тамырлар қабаты (склераға жанасады),ортаңғы және ұсақ(тор қабыққа жанасады).Қан тамырлары өздік тамыр қабатын құрайды-хориоидеяны.Хориоидея склеранаң көп бөлігін ішкі жағынан көмкере орналасып,тор қабықты қоректендіреді.Артқы ұзын кірпікті артериялар алдыға қарай склераның ішкі бетімен шатыраш қабықтың түбіне жетеді де ол жерде шатыраш қабықтың үлкен қан айналым шеңберін құрайды.Алдыңғы және артқы ұзын кірпікті артериялармен үзын және қысқа кірпікті артериялар арасында анастомоздар бар.Көз артериясынан аталған артериялардан басқа тор қабықтың орталық артериясы тарамданады.Олкөздің артқы бөлімінде көру нервісінің қабаттарын тесіп өтіп,көз түбіне барады.Тор қабықта көру нервісінің дискісінде ТОА жоғарғы және төменгі,олардың әрқайсы самай және мұрын тарамдарына,келесіде одан да ұсақ тамырларға,яғни капиллярларға тарамданады.Көз артериясынан көру нервісіне 6-12 тарамдар тарамданады;оның ішінде ең ірісі ТОА мен бірге жұреді(шатыраш қабық пен кірпікті денеден),вортикозды(2жоғарғы веналар).Веналар әдетте артериялармен бірге өтеді: эписклеральды,алдыңғы кірпікті–хориоидеиядан, тор қабықтың орталық венасы- бәрі жоғарғы көз венасына құйады,ал ол үңгірлі қойнауға құйады және анастомозбен(бұрышты венамен,оған венозды қан қабақтардан келеді) алдыңғы бет веналарымен қатысады.

Төменгі көз венасы 2төменгі вортикозды веналарданқұралады және қанат таңдай шұңқырында беттің ререң венасына құйады,кйде жоғарғы көз венасына қосылады.

Көз веналарының ерекшелігіклапандардың болмауы,оның салдарынан инфекция,тромб кеңінен беттен миға баруға мүмкіндік алады.

Лимфа тамырлары шеміршектің алдыңғы және артқы бетінде 2 өзара қатысатын жұйемен келтірілген.Жоғарғы қабақтан лимфа құлақ алды лимфа қан тамырларына,ал төменгі қабақтан иек асты лимфа тамырларына барады.

Нервтер:көз ұясына жоғарғы көз саңылауы арқала енетін 2,3,4,5,6,7 жұп бас ми нервтері, жоғарғы мойын өрімінен симпатикалық нервтер.

Көз алмасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы,ортаңғы және ішкі.

Сыртқы қабаты қасаң қабық пен склерадан тұрады.Қасаң қабық көз алмасының алдыңғы бөлімінде орналасады және барлық қабаттардың1/6 бөлімін құрайды,ал склера 5/6 бөлімін құрайды.Сырқы қабатының қызыметі қорғаныс,қасаң қабықтыкі(мөлдір болғандықтан және дөңес) оптикалық немесе жарық сындырушы.Қасаң қабық 5қабаттан тұрады: эпителий,боумен қабаты, строма, десцемет қабаты және и эндотелий. Эпителий регенерацияға қабілетті, боуменов қабаты- жарақаттарға төзімді, ал десцемет қабаты-инфекцияға қабілетті.Қасаң қабықта қан тамырлары жоқ,сезімтал талшықтарға бай. Қасаң қабықтың коректенуі лимб (қасаң қабық пен склера арасындағ) бойымен орналасқан шеткі тұйнекті тораптан және көздің ішкі сұйығынан (КІС) жүзеге асырылады.Қасаң қабықтың қабынуы кератит,ал склераның қабынуы – склерит.

Ортаңғы қабаты немесе тамыр жолы (увеа),оның қабынуы увеит.Онда қан тамырлары мен пигмент көп. 3 бөлімнен тұрады:алдында – шатыраш қабық (ирис),одан кейін- кірпікті дене,келесі - хориоидея.

Осыған сай қабынуы-ирит,циклит,хориоидит.Шатыраш қабық – қасаң қабық арқылы көрінеді,көзге түс береді,қызыметі – диафрагма,көзге түсетін жарықтың ағымын реттейді.Ол 2 бұлшық еттің қызыметі арқасында жүзеге асырылады-сфинктер мен дилятатор.Біріншісі көз қимылдатқыш нервпен,екіншісі симпатикалық нервпен нервтенеді.Қан мен қамтамасыз етілуі үлкен қан айналым шеңберімен жүзеге асырылады,сезімтал нервтерге де бай.Кірпікті дене склераның ішкі бетіне ені 8мм болып жанасып орналасады.Кірпікті денеде тегіс бөлімін (бұлшықты)және өскіндерді ажыратады;КІС шығарады.Нервтенуі–көз қимылдатқыш нервпен, симпатикалық нервпен,үшкіл нервтің 1 тарамымен. Қанмен қамтамасыз етілуі шатыраш қабықтыкіндей.Кірпікті дененің өскіндерінен кірпікті дененің байламдары көз бұршығына бекінеді.Бұлшық ет жиырылса,байламдаор босайды,көз бұршағы дөңестігін ұлғайтады.Кірпікті дененің бұлшық еті жазылса,көз бұршағы тегістеледі,яғни осылай аккомадация жүзеге асырылады.Жоғарыдағыларды қортындылайтын болсақ,кірпікті дененің атқаратын қызыметі:аккомадацияға қатысу,көздің тонусын сақтау,көздің ішкі сүйығын қамтамасыз еункциями цилиарного телту,көздің тамырсыз құрылымдарын(қасаң қабық,көз бұршағы,шыны тәрізді дене) коректендіру.

Хориоидеяда сезімтал иннервация жоқ,сондықтан ондағы патологиялық процесстер ауырсынусыз өтеді.

Тамыр жолының қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшелігі 2жұйенің болуы -шатыраш қабық пен кірпікті денеде және хориоидеяда жеке қанмен қамтамасыз етілу-оларда жеке қабынудың болуын (алдыңғы увеит,немесе иридоциклит,немесе артқы увеит,немесе хориоидит). Кеңінен торапталған қан тамырлары және кеңінен тараған анастомоздар қанның ағу жылдамдығын төмендетеді,сол себептен басқа ошақтардан қанмен келген микробтар тамыр жолында түсіп қалуға мүмкіндік пайда болады.

Ішкі қабаты немесе тор қабық (латинша – ретина).Оның қабынуы ретинит. Қызыметі – жарықты қабылдау және көруді қамтамасыз ету.Таяқшалар мен құтышаларжарыққа емес,хориоидеяға қарап орналасқан.Тор қабықта 10 қабатты ажыратады,ортасында(сары дақта)–5. Онда оптикалық және оптикалық емес бөлімдерін ажыратады.Оптикалық бөлімі хориоидеяны көз алмасы жағынан көмкере орналасады,көру клеткалары бар.Оптикалық емес бөлімі шатыраш қабық пен кірпікті денені көмкере орналасады да қарашыққа пигментті көмкерме ретінде орналасады.Тор қабық сакераға 2жерде бекінеді – көру нервісінің дискісі маңында және тісті сызық бойымен(лимбтен 8мм қашықтықта,яғни тура бұлшық еттердің склераға бекінетін жерінде).Тор қабықта жарықты тітіркену нерв импульсына айналады да оның бойымен 3 нейрондарға беріледі: 1-таяқшалар мен құтышалар, 2 нейрон –биополярлы клеткалар және 3 нейрон–ганглиозды немесеи мультиполярлы клеткалар.Олардың өскіндері барлық тор қабаттан жиналып бір жерге көру нервісін түзейді.Көру нервісі бас сүйегінің түбінде шығады.

Көз алмасы алдыңғы және артқы камереға бөлінеді. Маңыздысы алдыңғы камера – қасаң қабық пен шатыраш қабық арасында орналасқан және сұйыққа толы.Оның шет жағында көздің дренажды аймағы орналасқан(лимб бойымен) және ол арқылы сұйық көзден венозды жұйеге ағады.Дренажды жұйе трабекулалардан, шлеммов каналынаннемесе синустан және коллекторлардан тұрады.

Шатыран қабақтың артында көз бұршағы орналасады-екі жағы шығыңқы мөлдір линза,(артқы жағында басым),тығыз,жарық сындыру күші 18,0 Д.Онда алдыңғы және артқы капсуласын,ядросын,қыртысты бөлімдерін ажыратады.Атқаратын қызыметі:жарық өткізу,жарық сындыру,және аккомадацияға қатысу.

Шыны тәрізді дене – көз алмасының көп бөлігін алады,көлемі 4 мл, консистенциясы - қоймалжың, 96% судан тұрады,регенерацияға қабілеті жоқ. Оның ортасында артқы полюсінен көз бұршағына қарай клокетов каналы (шыны тәрізді дененің эмбриональды артериясының қалдығы) өтеді.. Ол КНД маңайына,тісті сызықтың бойымен бекінеді.Шыны тәрізді дененің қызыметі – оптикалық,тор қабықты бекітуші.

Қасаң қабық,көз бұршағы шыны тәрізді дене және көздің ішкі сүйығы көздің оптикалық жүйесін құрайды,жарықты сындыру күші орташа 60,0Д,оның 40,0 Д қасаң қабыққа, 18,0 Д –көз бұршағына,1,8 Д –шыны тәрізді денеге және 0,2 Д – КІС келеді.

 

Тор қабаттың шет бөлімі жарықты қабылдап,нерв импульсына айналдырады да,өткізу жолдары миға жеткізеді.ми қыртысында нерв импульстері бейнеге айналады. И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ғылымына жүгінетін болсақ,көру қабілеті дегенімізсыртқы ортаны сезім ағзаларын анық және айқын қабылдау,ал сапасы мен заттың қасиеттері сезім ағзаларына байланыссыз анатомияКөз ұясының (көз ұясының анантомо-физиологиялық) ерекшеліктері. Орбита төрт қырлы пирамида тәрізді, жіңішкерген төбесі бас миына қарай, ал кеңейген негізі (түбі) алдыға қарай бағытталған. 4 қабырғасының ішінде сыртқы қабырғасы ең берік және қалың. Ол самай шұңқырымен шекаралас орналасқан. Оны құрайтын сүйектер: 1 –шықшыт, 2-маңдай сүйегі, 3- негізгі сүйектің негізгі қанаты. Осы сүйектерде түрлі патологиялық процесстер дамуы мүмкін. Мысалы: туберкулезді остеомиелиттің (ең жақсы көретін орны) – шықшыт сүйек, ал ісіктің негізгі сүйектің үлкен қанаты. Іс жүзінде офтальмологта өте жиі кездесетін жәй: көз ұясына жақын орналасқан аймақтардан түрлі патологиялық процесстердің өтуі: оның ішінде ең алдымен оған танаудың қосалқы қуыстары және тістер жатады. Жоғарғы қабырғасы: 1-маңдай сүйегінен, 2 –негізгі сүйектің кіші қанатынан тұрады. Оның клиникалық ерекшелігі олар арқылы маңдай қуысынан және алдыңғы ми шұңқырынан көз ұясына түрлі процесстер өтуі мүмкін. Ішкі қабырғасы: өте жұқа көптеген тесіктері бар. Ол: 1 торлы сүйектен, 2- жас сүйегінен, жоғарғы бет сүйегінің маңдай өскінінен құралады, ал 3-тереңдігінде негізгі сүйектің денесінен тұрады. Ішкі қабырғасы торлы қуыстан көз ұясын бөледі, сондықтанда ол қуыс жедел және созылмалы қабыну процессінің себебі болуы мүмкін. Олай болған жағдайда көз ұясы жағынан коллатералды қабыну ісігі байқалады (орбитаның целмолиті), флегмона орбитаның көз ұясы веналарының тромбофлебиті көру нервісінің токсикалық (улану) невриті немесе қабыну және т.б. процесстерді кері өнуі мүмкін.Төменгі қабырғасы: 1- жоғарғы жақ сүйегінен, 2-шықшыт сүйектен, 3-таңдай сүйегінің орбитальды өскінінен тұрады. Бұл да жұқа қабырға және гайморов танау қуысынан орбитаны бөледі. Клиникалық ерекшелігі ішкі қабырғаға сәйкес. Көз ұясына бірнеше клиникалық маңызы жағынан ерекше тесіктер бар: ең төбесінде көру тесігі (негізгі сүйектің денесі мен кіші қанатының арасында) орналасқан. Ол арқылы көз ұясына – көз артериясы енеді (ол кіші ұйқы артериясының тарамы), ал шығады көз венасы.Ішкі қабырғасында торлы және маңдай сүйектерінің арасында алдыңғы және артқы торлы тесіктер орналасқан. Осы теіктер арқылы танау қуысына аттас артериялар веналар жіне нервтер енеді. Жоғарғы және төменгі қабырғасы арасында жоғарғы көз саңылауы орналасқан. Көз ұясының құрлысының ерекшелігін еске ала отырып, көңіл аударатын жәй бұл саңылау көз ұясын орта бас ми шұңқырымен қосады және ол арқылы көз ұясына барлық көз қозғалтқыш сезімталдық және симпатикалық нервтер енеді де жоғарғы көз венасы шығады. Сондықтанда осы саңылау маңызды зақымдану болғанда жоғарғы көз саңылауы синдромы дамиды птоз, мидриоз, экзофтальм, офтальмология көз маңындағы терінің жансыздануы анестезия байқалады. Орбитаның сыртқы және төменгі қабырғасының арасында төменгі көз саңылауы орналасқан (негізгі сүйектің үлкен қанатының төменгі шеті мен жоғарғы жақ сүйегінің денесінің арасында). Ол көз ұясын алдыңғы бөлігінде төменгі самай шұңқырымен қатыстырады. Бұл саңылау арқылы қана таңдай шұңқырының венозды сплетенесімен көз веналары арасындағы анастолиздер және беттің терең венасы өтеді. Төменгі самай шұңқырынан төменгі көз саңылдауы арқылы көз ұясына өтеді. Ол қанат-таңдай шұңқырында үштік нервтің 2 бұтағынан (тарамынан, жоғарғы бет нервісінен) бөлінеді. Көз ұясының түбінде шеңбер (дөңгелек) тесік орналасқан (негізгі сүйекте)және ол қанат таңдай шұңқырын орта бас ми шұңқырымен және бір жағынан көз ұясымен қатыстырады. Бұл тесік арқылы қанат-таңдай шұңқырына жоғарғы бет нервісі енеді. Мұның бәрі көз ұясының бетті, қанат-таңдай шұңқырын танаудың қосалқы қуыстарын бас сүйек негізін бір тұтасқа біріктіреді. Көз ұясын көз алмасы оның байланыс аппараты май клеткасы бұлшық еттер мтамырлары мен нервтер толтырады. Тәжірибелік топографиялық алдыңғы және артқы хирургиялық кеңістікте көз алмасы, ал артқы хирургиялық кеңістікте тамырлар нервтер бұлшық еттер көз клетчаткасы орналасқан. Тенонды капсула екі кеңістік арасында шекара. Бұл капсула көру нервінің қатты ми қабатымен тұтасып (бітісіп) көз алмасын көмкере артқы бөлігінде орналасқан. Ол алдыға қарай экваторға 3 мм дейін (келе тығыздалып) қалыңдайды да одан кейін жіңішкеріп лимбке дейін жетеді. Бұлшық еттердің бір-біріне фасцияльді өскіндер орбитаның қабырғасының сүйек қабатына және көз ұясының қырына тарзоорбитальді фасцияға жетіп озо тенонді сумканы орбитада пери то құрлысындағы пери топографиясындағы орбитада жалпы және локальді себептердің салдарынан түрлі патологиялық процесстердің болатындығын көрсетеді. Орбитаның қабыну аурулары кезінде окулист өзінің алдына көздің көру қабілетін сақтауды ғана емес онымен бірге аурудың өмірін сақтау мақсатын қойды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1414; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.