Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 8 страница




Тегіс клеткалы рак-түйінді немесе жаралы формасын ажыратады, жара құрайды, тез өседі, конъюнктиваға, орбитаға, қосалқы қуыстарға және жақын лимфа түйіндеріне метастоздың салдарынан адам өледі.

Саркома - өте қатерлі ісік. Рактардың емі: оперативті ем, келесіде жақын фокусты рентгентерапия криодеструкция, кіші мөлшерлі ракта сау ткандер көлемінде элекброэксцизия және ақаудың паластикасы. Саркомада егер рентгентерапия көмектеспесе орбитаның экзентерапиясы келесіде химио және рентгентерапия

 

Дәріс

Тақрыбы: Қасаң қабық және оның аурулары

Оқу мақсаты: Қасаң қабықтың анатомно-физпологиялық ерекшеліктері, дифферициональды диагнозы, қасаң қабықтың жедел ауруын емі және олардың шешмі.

Сабақты өткізу тәсілі және откізу орыны: Аудиторияда топпен теориялық сабақ.

1. Қысаң қабықтың оптикалық жүеде және қорғаныстағы ролі: Қысаң қабық көздің сыртқы фиброздіы капсулаларының алдындағы бөлімі және оның 1/6 бөлігін алады. Ол қорғаныс қызметін атқарады және оптикалық жүйенің басты бөлімі. Жалпы көздің жарықты сындыру күші 60, ОД болса, қасаң қабық үлесіне 40, ОД тиеді.

2. Қысаң қабықтың ауруларының социальды мәні, соқырлық пен еңбекке жарамдылықтың төмендеу себебі ретінде -2 мин.

Қысаң қабықтың зақымдануының социальды мәні зор. Себебі оның салдарынан еңбекке жарамдылығы төмендейді және өте ұзақ уақытқа. Қабыну ауруларында процесске басқа қабаттар ілігеді – склера, шатыраш қабық, кірпікті дене, шыны тәрізді дене. Процесске аталғы көз бөлімдерінің ілігуі көзде қайтымсыз өзгерістер тудырады.

Қысаң қабықтың ауруларының шешімі көрудің төмендеуіне, кейде соқырлыққа әкеледі. Қысаң қабықтың ауруларының үлесі басқа көз аурулары ішінде 25%, ал нашар көретіндер мен соқырлар арасында 50%. Әлемде 40 млн. науқас қысаң қабығының ақ шеліне байланысты оперативті емді қажет етуде. Яғни, қысаң қабық аурулары жартылай немесе толық мүгедектіктің себебі болуы мүмкін.

3. Қысаң қабықтың анатомо-дизпологиялық ерекшеліктері – 3 мин.

Анатомиялық қасиетіне сай қысаң қабық бір беті шығыңқы бір беті ойыс мениск тәрізді. Ол сфералық, тегіс, айналы, беті жылтыр; Ортасында қалыңдығы 0,6 мм, ал шетінде 1,0 мм; ересектерде горизонтальды мөлшері вертикальдіден үдкен (сәйкес 11х10 мм). Бұл анатомиялық құрылысы қасаң қабықтың күшті сындыруын қамтамасыз етеді. Микроскопиялық зерттеулер бойынша ол 5 қабаттан тұрады: 1) алдыңғы эпитемий; 2) алдыңғы шекаралық мембрана немесе боумеен қабаты; 3) қасаң қабықтың өздік заты немесе строма;4) артқы шекаралық мембрана немесе десцемет қабаты; 5) артқы эпитемий немесе энделий.

1. Алдыңғы эпитемий коньюктиваның эпитемиінің жалғасы, қасаң қабықтың бетін жауып қорғаныс қызметін атқарады және оның ортаның зиянды физико-химиялық әсерінен жас жолдарынан, коньюктива қуысынан оның бойына енуінен қорғайды.Эпитемидің ішкі базальд қабаты жоғары регенеративті қасиетке ие, сондықтан эпитемий зақымдалса өте тез қалпына келеді. Қасаң қабықтың беткей күйіктерінде толық сырылған эпитемий 1-3 тәулікте қалпына келеді. Эпитемидің регенерацияға қаблеті қасаң қабықтың қабынуларының және зақымдалуларының жазылуында өте маңызды роль атқарады.

2. Эпитемидің астында құрамсыз гологенді, аз эластикалы боумен қабаты орналасады. Ол стромамен тығыз байланысқан. Боумен қабатының ерекшелігі жарақаттарға төзімділігі, ал эпителий тез сырылатындықтан инфекциялық процесстерге төзімділігі төмен.

3. Строма – қасаң қабықтың бар қалындығының 9/10 бөлігін құрайды. Кезектесібін гомогенді байланыс тінді пластиналардан тұрады. Олар қасаң қабықтың бетіне парарель орналасады. Пластиналардың арасында қасаң қабық клеткалары (сызыңқы, жұқа, көптеген өскіндері бар) орналасқан. Олар өзара байланысып синтиций құрайды. Қасаң қабықты клеткалар үлкен регенеративті қабілетке ие, қасаң қабықтың жарасының жазылуына қатысады.

4) Десцемет бұл гамогенда мөлдір, эластикалық артөы шекаралық мембрана. Ол стромаммен баәланысқан сондықтан деңіл сырылады (қатпалар болып көоінеді). Бұл қабат эндотелимен тығыз байланысқан. Децимет қабатының ерекшелігі – іріңге төзімді. Қасаң қабықты жылжымалы жарасында іріңді эксудат оны балқытады. Децимет қабатындағы алдыңғы қабаттары балқығанада ол алдыға қарай ығысып шығып тұрады – дессциметоцилле. Децимет қабаты бактерия, қан тамырларының ену жолына тежу болады және жоғары регенеративті қабәлетке ие, зақымдалғтез қалыпқа келеді.

5) Артқы эпитемий немесе эндотелий десцимет қабатына жанасып орналасқан және онымен бірге корнеосклеральды тробекуларды құрауға қатысады. Эндотемий қасаң қабықтың мөлдірлігінде және қасң қабық пен алдыңғы камераның ылғалы арасындағы зат алмасуында басты роль атқарады. Бұл қабаттың бүтіндігі бұзылса қасаң қабықтың көректенуі бұзылады да, онда ісік және қарауыту пайда болады.

Қасаң өабықта зат алмасу процесстерінің ерекшеліктері және олардың патологиялық процесстерінің дамуындағы мәні –3 мин

Қасаі қабықтың көректенуі алдыңғы камераның ылғалынан омос арқылы және шеткі тамырлы түінді тораптан (олар екі қабатта орналасады: беткі эписклеральды және склеральды торды) дизфузия арқылы жүзеге асырылады. Соңғы көректену жолы қасаң қабық үшін өте маңызды. Іс жүзінде келесі жәй дәлелденеді: артқы цилиарлы артерияларды кессе, қасаң қабық қарауытады; ал коньюктиваны лимбтің бойымен толық қиып алса, алдыңғы камераны ауамен толтырса да қасаң қабықтың мөлдірлігі сақталады. Қасаң қабық арқылы көректік заттардың өтуіне басты роль эпитемий мен эндотелиге беріледі. Олар суды жақсы өткізеді, ал электролиттер мен органиқалық (майда ерімейтін) заттарды өткәзбейді.

Коньюктива қуысына тамызылған дәрілер қасаң қабық арқылы өтуі үшін олар суда, айда еритін болуы керек. Эндотемий мен эндотелий қасаң қабықтың стромасында сұйыұтың тұрақтығын, оттегін ауадан алдыңғы камераға өтуін, көміртегінің керсінше алдыңғы камерадан қасаң қабық арқылы сыртқа өтуән қамтамассыз етелді. Қасаң қабықтың басты қызметі – мөлдірлігі. Ол келесі жайлармен қамтамасыз етіледі:

1) гистологиялық құрамының тазалығы және гемогенді

2) қасаң қабықта қан тамырлары жоқ, ал нервта миелин қабығы жоқ

Қасаң қабық жоғары сезімтал. Сезімтал нервтерді қасаң қабық екі ұзын цилиарлы нервтер жүйесінен алады. Олар назоцилиарлы нервтердің таралымдары. Ал назоцилиарлы нерв үшкіл нервтың көздік таралымынан көз ұясында бөлінеді. Бұл ұзын цилиарлы нервтер кірпікті түйінге еңбейді, көру нервысының маңында көздің артқы полюсын тесіп өтіп, супрахориондальды кеіестіте көздің алдыңғы полюсінде өтіп, лимбтен 3-4 мм қашықтықта склераны тесіп өтіп, қасаң қабыққа өтеді. Келесіде олар эпитемиде, жпитемий астында және стромада көптеген сплетениялар құрайды.

Қасаң қабықтағы зат алмасу трафикалық нервтермен реттеледі. Трафикалық нервтер үшкіл нервтің бірінші таралымынан, бет нервісінен алынады. Трофикалық нервтердің зақымдалуы қасаң қабықта барлық процесстердің тоқтауына әкеледі.

Қасаң қабықтың нервтерінің ----------- нерв жүйесі қатысады. Үшкіл нервтың құрамында парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар өтеді. Олар вазаматорлы, секреторлы, традикалық қызметтер атқарады.

Қасаң қабықтың ---------------- ойқымдылығына тамырдың реакциясының жеделдігі және айқындығы байланысты. Яғни, Қасаң қабықтың негізгі қасиеттері: мөлдірлігі, айналығы, сфералығы, жоғары сезімталдығы, қан тамырларының болмауы, регенерацияға қабілеттілігі.

5) Кератиттердің жалпы белгілері:

Барлық кератитттерге сай субъективті белгілер: қасаң қабық синдромы: ауырсыну, жарыққа қарай алмау, блефароспазм, көзде бөгде зат сезіну. Бұл синдром қасаң қабықтағы нерв талшықтарының, шатыраш қабық пен кірпікті, денедегі кірпіктің тітіркенуінен болады. Кейде ауырсыну самайға, маңдайға, бүкіл басқа беріледі.

Қасаң қабықтың синдромына көсымша көруіне төмендеуіне шағымданады. Ол Қасаң қабықтың мөлдірлігінің төмендеуіне0, жас ағуына, көздің жарыққа қарай алмауына байланысты.

Басты объективті белгілер: блефароспазм, аралас немесе перекорнеальды инфекция, Қасаң қабықтың бүтіндігі бұзылған (оның мөлдірлігі), жаңадан қан тамырлары түзіледі және сезімталдығы өзгереді.

Берикорниальды немесе терең инъекция Қасаң қабықтың айналымдығы шеткі тамырлы тараптың тамырларының кеңиуімен түсіндіріледі., және коньюктиваның күмбезіне қарай бетіндеп азайады. Оның түсі көкшіл түсті, диффузды, онда жеке қан тамырлары анықталмайды. Терең инъекция барлық жағдайларда Қасаң қабықты қоршап орналаспайды, кейде сектральды орналасады. Көп жағдайда перикорнеальды инъекция коньюктивальды инъекциямен бірігіп, аралас инъекцияны береді.

Қасаң қабықтың қабынуының басты белгісі оның қарауытуы(Қасаң қабықтың тінінің клеткалық элементтерімен инфлетрациясы және дамуы салдарынан).

Аталған инфильтраттар мөлшері, формасы, сыны, орналасуы бойынша алуан болады. Орналасқанда Қасаң қабықтың шектелген бөлімін немесе бүкіл бетін немесе беткей және терең қабаттарында орналасады.

Инфлетраттың түсі клеткалық құрамына байланысты: егер мейкоциттер аз болса, түсі сұр түсті; іріңді инфильтрацияда түсі сарғыш немесе сары.

Шекарасы инфильтраттың ашық немесе анық емес. Мөлдірлігінің бұзылуына басты роль эпитемиге байланысты. Кез келген кератитте эпитемий сырылады. Қасаң қабықтың беті айналығылығынан айырылады, беті бұжыр жіне бойына су сіңгеннен кейін эпитемий сырылып, эррозия пайда болады. Эпитемидің сырылуы 1-2 % флюросцеин ертіндісін тамызумен анықталады.

Қасаң қабықтың инфильтраты алуан өзгерістерге ұшырайды. Мөлшері кіші, беткей инфильтраттар, боумен қабатына бармаған толық тарап кетеді. Боумен қабаты зақымдалса мөлдірлігі қалпына келмейді. Клеткалық элементтермен стромада инфильтрация болса ол өзінің мөлдірлігін қалпына келтіреді. Егер ол некрозға ұшраса, толық байланыс тінімен алмасады.

Беткей инфильтраттар жиі ыдырап жараланады. Алдымен эпитемий сырылады, келесіде некроз, жараның қалыптасуы.

Жара микробтың вирулентігіне науқастың жалпы жағдайына, жүргізілген еміне байланысты түрлі ағымда өтеді.

Жаңадан түзілген қан тамырларының Қасаң қабықта пайда болуы оның бойына беткей (коньюктивальды) және терең (эписклеральды және склеральды) тамырлардың өтуімен қамтамасыз етіледі. Беткей васкулиризация қан тамырларының ашық қызыл түсімен, тамырлардың эпитемидің астында беткей қабаттарында орналасуымен сипатталды. Қасаң қабыққа коньюктивадан өткен қан тамырларын еркін көруге болады. Тамырлар тарлыманады, иректелген, өзара анмастамоз құрайды.Терең тамырлар мен Қасаң қабықтың стромасының орта және терең қабаттарында орналасады. Сондықтан олар нашар көрінеді., түсі соншалықты ашық емес. Қан тамырлары тарамданбайды, тік, щетка тәрізді. Қан тамырлары лимбтің астынан Қасаң қабыққа өтетіндей.

Кейбір кератиттерге беткей, кейбіреулерге терең васкулиризация тән.

Қасаң қабықта қан тамырларының пайда болуы қорғаныс реакциясы, себебі Қасаң қабықтағы үсік пен инфильтрация оның көректенуін бұзады: оттегі, витаминдер, цистеин және т.б. жеткіліксіз. Сондықтан қасаң қабықтың вискулиризациясы кератиттің үдемелі кезеңінде пайда болады. Бірақ, жеке жағдайларда қасаң қабықта қан тамырлары кері процесс барысында пайда болады,яғни қабыну инфильтраты грануляциялық тінімен алмасқанда.

Нейрогенді кератиттерде қасаң қабықтың сезімталдығы өзгереді, яғни төмендейді немесе толық жойылады. Тіпті, екінші сау кезге қасаң қабық сезімталдылығы төмендейді. Сирек сезімталдық жоғарлайды, және ол жәй ауырсыну синдромымен өтеді.

Қасаң қабықтың сезімталдылығын мақтаның шиыршылықталған фрей шаштарымен анықтайды.

6. Кератиттердің ағымы және шешімі:

Кератиттердің шешңмң көп жағдайларда ауыр және процесстің ауырлығына, тереңділігіне, инфекцияның веруленттігіне, қасаң қабықтың трофикалық қасиеттеріне және жағдайына байланысты.

Кератиттердің еңбекке жарамдаылық ұзақ (4-6 ай және одан артық) мерзімге созылады. Қасаң қабықта кератиттердің салдарынан байланыс – тінді тыртықтар қалыптасып, түрлі формалы және түрлі мөлшерлі тұрақты қарауытулар қалыптасады. Бізге қасаң қабықтың оптикалық бөлімінде орналасқан қарауытулар маңызды, себебі олар көру өткірлігін төмендетеді.

Ең әлсіз қарауытулар (нубекула); нақтылы, шектелген қарауытулар дақ тәрізді, айқын ақ түсті тыршық – ақ шел (лейкома). Қарауытулар қасаң қабықтың бар бетін немесе шектелген бөлігін ғана алуы мүмкін. Өтпелі жараларда қасаң қабықтың жарасы тесіліп, шатыраш қабық ақ шелмен бетісіп, алдыңғы синехия қалыптасады. Бұл ақ шелдерде жиі КУҚ жоғарлайды, яғни екіншілік глаукома дамиды. Жоғары КУҚ ақ шелдің жұқаруына және созылуына әкеледі, яғни қасаң қабықта стафилома қалыптасады. Стофилома толық немесе жартылай болады. Стофилома шығыңқы кір сұр түсті шар тәрізді. Стофиломада жиі КУҚ жоғары болатындықтан көру кызметі жойылып, соқырлық туады.

Кейбір жағдайларда қасаң қабықта фистула қалыптасады: шатыраш қабық тесілген қасаң қабықтың жарасында қысылып қалады. Ол келесіде тығыз, берік тыртықтың қалыптасуына кедергі болады. Фистула көздің ішіне инфекцияның өтуіне кауіп тудырады.

Кератиттердің ауыр шешімдеріне қасаң қабықтың тегістелуі (аппланация) жатады. Көбінесе бұл жай қасаң қабықтың ауқымды жарасынан кейін дамилы. Егер процесске шатыраш қабық пен кірпікті дене ілессе, көз алмасының алдыңғы бөлімінің селеуі ғана емес, бүкіл кқз алмасының селеуі мүмкін (фтизис бульбн).

Жоғарыда айтығандарды қортындылай келе кератиттер көру қызметі төмендейді.

 

7. Қасаң қабықтағы қабыну және тыртықты процесстер арасында Қасаң қабықта қарауытуды көргеннен соң оны қабыну процессі ме, әлде тыртықты процес пе анықтау керек. Екеуіде қасаң қабықтың мөлдірлігін төмендетеді.Тыртықты процесске тән: қасаң қабық синдромының болмауы, қасаң қабық жылтыр, айналы; қарауытудың шекарасы анық, түсі ақ немесе әлсіз көгілдір.

Қабыну процессінде: қасаң қабық синдромы, сұр немесе сары түссті, қаруытудың шекарасы анық емес, қасаң қабықта жылтырлық және линиялық жоқ, беті тегіс емес, бұжыр.

8. Кератиттердің жіктелуі.

Бізде тәжребиеде қолданылатын жіктеме – А.И.Колоконенко, Т.И. Ерошевскидікі. Ол В.Б.Одинцов (ФЗО) және И.Барбель (Ф60) классификация негізінде құрастырылған. Кератиттердің жіктелу негізінде олардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері салынған.

Бірақ бұл классификация шартты экзогенді кератиттер қасаң қабықтың беткей қабаттарынан басталады, келесіде терең қабаттарына өтеді.

Эндогенді кератиттер басынан беткей немесе терең форма ретінде басталады.

Экзогенді кератиттер түрі: жарақаттық, бактериальды, аденовирусты; эндогенділер ішінде – герпетикалық кератит. Семей аумағында жиі кездесетін кератиттер түрі - қасаң қабықтың жылжымалы жарасы, оның шешімі жиі соқырлыққа әкеледі, сирек жағдайда көздің қазасын әкеледі. Эндогенді кератиттер жиі вирусты герпетикалық кератиттер.

Кератиттердің жіктелуі:

А. Экзогенді кератиттер:

1) қасаң қабық эрозиясы;

2) жарақаттық кератиттер, механикалық, физикалық немесе химиялық кератиттер;

3) Инфекциалық кератиттер, бактериальды;

4) Коньюктива, қабақ, мейболиев бездерінің ауруларымен шақырылған кератиттер;

5) Саңырауқұлақтфы кератиттер немесе кератомикоздар.

Б. Эндогенді кератиттер:

1. Инфекциялық кератиттер.

а) туберкулезді: гемогенді және аллергиялық

б) мерезді

в) герпетикалық

2. Нейропарапластикалық кеатиттер

3. авитаминозды кератиттер

В. Этиологиясы шықталмаған кеатиттер

 

9. Қасаң қабықтың ауруларын емдеудің жалпы принциптері.

Кератиттердің жалпы этиологиясын анықтау және тиімді ем тағайындау мақсатымен, микробтардың дәріге сезімталдылығын анықтауға коньюктива қуысынан, жараға бактериалық зерттеулерге жағынды алынады.

Көп жағдайларда кератиттердің этнологиясын анықтау мүмкін емес. бірақ тез арада қабынуға қарсы ем тағайындау керек. Процесстің ауырлығына байланысты қабынуға қарсы жалпы және жергілікті ем (кең спектірлі антибиотиктер, сульфаниламидттер, десенсибилизациялы симптоматикалық ем және т.б.), қасаң қабықтың коректенуін, эпитемизациясын жақсартатын, гормондық және ферменттік ем және т.б. Жергілікті коньюктива қуысына тамшылар тамызу, май жағу, коньюктива астына антибиотиктер, кортикостероидттар, физио ем (Бургенвань бойынша электрофарез, ванна арқылы, синусоидальды – модульярланған тоқ, ультодыбыс және т.б.)

10. Кератиттердің алдын алу.

1. Сауықтандыру, алдын алу шараларын жүргізу

2. Организімнің жалпы жағдайы, инфекциялық және инфекционды аллергиялық аурулады (мерез, туберкулез, ревматизм, бруцилез және т.б.) және вирусты ауруларды анықтау.

3. Созылмалы инфекция ошақтарын тазарту

11. Керамиттердің шешімдеріен емдеу.

Қасаң қабықтың беткей қарауытуларында, әсіресе ерте кезеңде биостимуляторлар (алое экстракты, торфот немесе отгон торфа ----,----- инъекциялар етінде, электрофорез,------- ферменттер(лидоза, химотритсин, колламизин және т.б.), ультодыбыс, дионин 1-2 % сары сынап майы және т.б. Өте терең қаруытуларда кератопластика.

Алғашқы рет кератопластика туралы 1816-1818 жылдары Гимм мен Резингер ондай мүмкіндікті айтқан. Алғашқы операциялар нәтежиесіз болады. 1965 жылы Умри, одан кейін Эльшниг, Ашер және т.б. толық оптикалық нәтежие алды. Ресейде алғашқы рет 1912 жылы 1915 жылдары В.И.Филатов кератопластика жасады. Ал 1992 жылы Филатов оқушуларымен кератопластиканы кең көлемде жасай бастады. В.П.Филатов инженер А.П.Марцинковскимен арнайы трепан (қасаң қабықты ойын алуға арналған) ойлап тапты. Трепан әлі күнге дейін қолданылып келеді. Кеңінен кератопластикаларда мәйіттің қасаң қабығы қолданылады. Олар алдын ала өңделіп таза жағдайда сақталады.

Мақсаттарына байланысты кератопластикалардың түрлері:

1. Оптикалық (толық немесе жартылай) – қарауытқан қасаң қабықты ауыстыру, көру мақсатында

2. Тектоникалық – жартылай эктазиялар, стафиломаларды, птеригиумды жою үшін

3. Косметикалық мақсатта жартылай және толық ақ шелдерде, соқыр көздерде стафиломаларда қолданылады.

4. Мелиоративті - қасаң қабықтың ақ шелінде қасаң қабық элементтерін еңгізу мақсатында, кератопластиканың алдында дайарлау кезеңі ретінде.

5. Емдік қасаң қабықтағы патологиялық процесті емдеу мақсатында. Трансплонтат қаруытуды емдеуге, мөлдірлендіруге қатысады.

Кератопластиканың техникасына байланысты түрлері.

I. Қасаң қабықтың

А) жартылай

Б) тотальды және субтотальды

В) склерамен

Г) көздің алдыңғы бөлімін ауыстырып салу

II. Қасң қабықты қабатты ауыстыру

А) жартылай

Б) тотальды(толық) және жартылай (субтотальды)

Донарлық материал: 1. мәіттің қасаң қабығы алынады:

А) t-+2+40 ылғалды камерада

Б) селикогельмен кептіру

В) гамма – глобулинде

Г) төмен температурамен әсер еткен (криоконсервация) және т.б.

Трансплантаттар биоклеймен, жіптерімен және коньюктивальды тіндерімен бекітіледі.

Операциялардың нәтежиесі қарауытулардың түріне байлангысты.

В.П.Филатов және Д.Г.Бушлич ақ шелдерді 5 категорияға бөледі:

I- II категорияларда (жәй, шектелген, тамырсыз) нәтежие – 80-85 %жағдайда қасаң қабық мөлдір.

III категорияда (тамырлар бар, жеке синехиялар) – 60-65 % жағдайда қасаң қабық мөлдір.

IV-V категория (тегістелген немесе созылған ақ шелдерде, афакияда, глаукомада, ксероз және т.б.) –нәтежие 10-15%жағдайда.

Көру өткірлігі трансплаттатың мөлдірлігне ғана байланысты емес, тор қабық, көз нервісі, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жағдайларына байланысты.

 

Аллопластика және кератопротездер.

Алғашқы қасаң қабықтың ақ шелін аллоплпнтпен емдеген Барракер(1962) және Кордон (1962). Кейінен И.М.Краснов, С.Н. Федоров, Б.Я. Бедило, Н.Н. Пучковская және т.б.

Аллопластикалық материал ретінде жасанды биологигиялық инертті пластмасс протездер қолданылады.

Экзогенді кератиттер

Семей аумағында экзогенді кератиттерден + қасаң қабықтың жылжымалы жарасы жиі кездеседі. Оны шақырушы пневмоккты инфекция, сирек моракс – Аксенфельд дипломбацилласы, стрептококк. Қасаң қабықтың жылжымалы жарасының қыздырғышын анықтау үшін үдемелі қырынан жағынды алынады.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы микрожарақаттардан кейін дамиды. Эпитемиц ұсақ бөгде заттарымен (өндірісте және тұрмыста ағаштың бұиағымен, құрғақ жапырақтармен, шөппен және т.б.) зақымдалады. Қасаң қабықта жылжымалы жара даму үшін микрожарықтанумен бірге инфекция жараға ену керек. Инфекцияның қадырғышы бөгде затпен бірге қасаң қабыққа енеді 50% жағдайда инфекцияның қыздырғышы жас жолдарында (дикиоцисиститте) коньюктивада (коньюктивиттер) орналасады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1889; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.