Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 11 страница




Глаукомасы бар науқастың күн тәртібі:

1. тыныш өмір сүру;

2. шамадан тыс зорықпау;

3. диета сақтау;

4. еңбек ету және демалу тәртібін сақтау;

5. қараңғы бөлмеде ұзақ отырмау;

6. жасыл фильтірі бар көз әйнегін қию және т.б.

Іштен туа пайда болған глаукома.

Себептері:

- Алдыңғы ұңғылдың бұрышында мезодермальды тінінің сақталуы (ол трабекула мен шлеммов каналы арқылы сұйықтың көзден ағуына кедергі);

- Көздің дренажды жүйесінің дұрыс дамымауы немесе даму аномалиясы.

Мезодермальды тін 9 айға қарай тарауы кажет, кейбір жағдайларда сақталып қалады. Жеке жағдайларда кірпікті бұлшық еттің, трабекуланың, шлеммов каналының даму аномалиялары байқалады. Бұл аномалиялардың себебі жүктілік кезінде анасының түрлі патологиялық жағдайлары, әсіресе жүктіліктің 7 айында тұқы тілмесі(краснуха), полимиелит, паротит, мерез, және т.б. аурулармен ауырса, авитаминоз А, радиацианың әсері, тиреотоксикозда, механикалық жарақаттарда, улануда, алкоголизмде және т.б.

Нәрестеде глаукома баяу басталады. Ерте белгілері: қасаң қабықтың қарауытуы, алдыңғы камераның тереңдеуі, қарашықтың кеңейуі, қарашықтың жарыққа реакциясы әлсіз. Алғашқы 2-3 айда балада жарықтан қорқу және көзден жас ағу, мазасыздану, ұйқысы, тәбеті төмен.

Негізгі және кеш белгілері, бала дүниеге келгеннен кейін білінеді: балада КІҚ өте жоғары, қасаң қабықтар ұлғайады, тіпті екі көз алмасының мөлшері де ұлғаяды. Склераның сырт бөлімі созылады және көкшіл түсті, лимб кеңейген, қасаң қабықтың мөлшері ұлғайады. Қасаң қабықтың диаметрі (қалыпты жағдайда жаңа туған нәрестеде d=9 мм, ересектерде d=11 мм.). Қасаң қабықтың сезімталдылығы жоқ, беті тегіс емес. Ісік салдарынан қасаң қабық сұр түсті. Алдыңғы камера кішірейген, келесіде тереңдейді. Шатыраш қабықтың суреті жойылады, ол семеді. Көздің қоректенуі бұзылғандықтан екіншілік катаракта, шыны тәрізді денеде дистрофиялық өзгерістер, көз түбінде глаукоматозды экскавация және көру нервісінің семуі дамиды. Көзде қайтымсыз өзгерістер дамығандықтан көз көру қаблетінен айырылады.

Аталған белгілер анықталса Маклаков тонометрімен КІҚ өлшенеді(табиғи ұйқы кезінде немесе жеңіл ұйықтататын дәрілер көмегімен).

Қажет болса гониоскопия, биомикроскопия, офтальмоскопия жүргізу қажет.

Іштен туа пайда болған глаукоманы мегалокорнеадан (қасаң қабықтың диаметрі ұлғайған) коньюктивиттен, кератиттен, қасаң қабық синдромыман, КІҚ-ың жоғарлауы бойынша ретинобластомадан ажырату керек.

Іштен туа пайда болған глаукоманың сатылары(Е.И.Ковалевский бойынша).

Бастапқы сатысы: көздің сагитальды және горизонтальды мөлшері жасына сәйкес қалыпты мөлшерден 2 мм-ге артық, КНД өзгермеген, көруі қалыпты.

Айқын сатысы: қасаң қабықтың сагитальды және горизонтальды диаметрі – 3 мм-ге артық, КНД экскавациясы, көруі 50 % төмендеген.

Алысқа барған сатысы: көздің мөлшері және қасаң қабықтың диаметрі 4 мм-ге үлкен, КНД экскавациясы, көру өткірлігі жарықсезгіштікке дейін төмендеген.

Абсалютке жуық сатысы: көздің мөлшері 4 мм-ден артық, КНД экскавациясы, жарықсезгіштіктік анық емес.

Абсолютті сатысы: буфтальм, толық соқырлық.

 

Жасөспірім глаукомасы, 6 жастан 35 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Ковальский Е.И. (1970 ж) пікірі бойынша бұл кеш білінген іштен туа пайда болған глаукома. Алдыңғы ұңғылдың бұрышындағы өзгерістер іштен туа пайда болған глаукомаға ұқсас, бірақ айқын емес. М.Л Клячко (1961) жіктелуіне сай жасөспірімдік глаукома 2 топқа бөлінеді:

1) біріншілік, ағымы бойынша карттардың глаукомасына ұқсас, және токсикалық глаукома (Үндістанда кездеседі);

2) глаукома көздің алдыңғы бөлімінің ақауларымен кездеседі.Көп жағдайларда жүйелі аурулардың симптомдары; мысалы, Рекклингаузен нейрофиброматозы немесе Гиппел-Линдау ауруы; бұлардың жалпы аты факоматоздар, оларда жалпы глияның ұлғайюы.

Іштен пайда болған глаукоманың емі:

- хирургиялық.

Операция алдында 1 айға дейін дайындық жүргізіледі:

1. холиномиметикті миотикатер; пилокарпин 1%, 0,75 % карбохолин, 2-5 % ацекледин: 3-10% фурамон (жергілікті);

2. Анихолинэстерозды миотиктер: 0,25 % рэзерин; 0,02 % фосфакол, 0,02 % фосарбин, 0,005 % армин (жергілікті);

3. Зәр шығаратын дәрігерлер: фонурит (диакарб), мочевина (ішке)

4. Анальгетиктер: амидопирин, анальгин, аспирин (ішке)

5. Алдамшы ем: аяғын ыстық суға салу, самайға сүлік салыныды, кыза кағаз

6. Антигистаминдер: димедрол, пипольфен (ішке)

7. Нейротрофикалық дәрілер: новакаин блокадасы, дибазол, бромид;

8. Осмотерапия: глюкоза, глицерин (ішке);

9. Витаминдер: В топтағы, А,С;

10. Диета: сүт, өсімдік тағамдары, суды және тұзды, бұрышты шектеу.

Алғашқы бір жылда балалардың бәрі оперативті жолмен емделу керек. Гонипунктурада мезодермальды тінді бұзу және қосымша коньюктива астына сұйықтың ағуына жол салу. Гонипунктура іштен туа пайда болған глаукомада алысқа барған сатысында қолданылады. Глаукоманың кеш сатысында фистулизациялық операциялар көрсетілген (иридоклейзис).

Ангиоматозда глаукома хирургиялық жолымен нашар емделеді. Бұл жағдайда иридоклейзис немесе ангиодиатермокоагулация жасалады.

Реклингаузен нейрофиброматозында кеңінен сыртқы иридоэктомия көрсетілген.

Оперативті ем 25 % жағдайда тиімді. Операция тиімсіз болса, қайта операция көрсетілген.

 

Глаукома – бұл ауыр,жиі созылмалы,үдемелі,көздің ішкі қысымының жоғарлауымен өтетін,көру нервісінің семуіне әкелетін көз ауруы,яғни қайтпас соқырлыққа.КІҚ анықтайтын факторлар: 1. склераның регидтілігі 2. Көзде қанның мөлшерінің өзгеруі;3.Көздің ішкі құрылымының жағдайы:көз бұршағының мөлшері,шыны тәрізді дененің көлемі;4.Камераның ылғалы мен көздің қан тамырларыгның осмотикалық қысымы;5Негізгі фактор – көөде сүйықтың түзелуі мен көзден оның ағып кетуі, яғни көздің ішкі сұйығының(КІС) айналымы.Көздің дренажды жүйесі алдыңғы камераның бұрышында орналасады және трабекулалардан, ш леммов каналынан немесе склералды синустан және коллекторлардан (шығаратындардан,олардың саны 20-40), олар сулы веналарға құйады.Артқы (увеосклералды) сүйықтың ағу жолы – кірпікті дененің стормасы арқылы, склера арқылы увеалды және склералды веналарға.Көздің ішкі қысымын анықтау тәсілдері – болжама тәсіл (пальпаторлы зерттеу) және тонометриялық(Маклаков тонометрімен). Қалыпты жағдайда КІҚ ересектерде 26-27 мм. Сын.бағ. Көздің ішкі қысымының тәуліктік ауытқуы– қалыпты жағдайда 2-З мм сын.бағ.Глаукоманың негізгі белгілері - КІҚ жоғарлауы,көру нервісінің семуі,көру аймағының тарылуы. Глаукоманың келесі түрлерін ажыратады – біріншілік,екіншілік,іштен туа пайда болған.Біріншілік глаукома өмір барысында дренажды жұйенің жергілікті(склерозды) өзгерістерінде болады. Бұл полиэтиологиялық ауру,түрлі факторлармен шақырылады –эмоционалды,психиялық,гипотала­мусс жағдайымен,мойын остеохондрозымен,эндокринді жұйенің,зат алмасудың өзгеруімен. Біріншілік глаукоманың формалары :ашық бұрышты,жабық бұрышты,аралас; сатылары - бастапқы,дамыған,алысқа барған,терминалды (сатысы периметрия мен офтальмоскопия негізінде қойылады) және қысым дәрежесі КІҚ сай – қалыпты 16 дан 27 мм.сын.бағ.,біраз жоғарлаған - қымыс 28 ден 33 мм сын.бағ. және жоғары - 33 және одан жоғары.

Ашық бұрышты глаукома (АБГ) -симптомсыз өтеді және науқасқа білінбей соқырлыққа әкеледі.Көз сырттай өзгермейді.Белгілері КІҚ жоғарлауы,офтальмоскопиялық өзгерістер.Ажыранды диагноз:АБГ катарактадан ажыратылады.ЖБГ тән ерте субъективті белгілері(созылмалы ағымында): көзде емес, иррадияциялық ауырсынулар – басында,қасы маңында, тісте,жүректе және т.б.,әсіресе жалпы шаршағанда,психо-эмоционалды зорығу,ыстық ваннаға түскенде,ұзақ қараңғы бөлмеде отырғанда,басын ұзақ төмен ұстаса,гипертониялық криз түсында және т.б.Оған тән белгілері –жарыққа қарағанда көз алдында кемпірқосақ көрінеді,айналасын «терлеген терезеден»қарағандай.Объективті:алдыңғы кірпікті веналардың кеңеюі,иректелуі(кобра симптомы),қасаң қабықтың ісінуі,алдыңғы камера таязданады,көру өткірлігі төмендейдікөру аймағы тарылады,көру нервісінің экскавациясыЖБГ дамуына көз алмасының құрлысының ерекшелігі әкеледі: көз алмасының мөлшері кіші,көз бұршағы қалыпты,көз бұршағының мөлшері үлкен,кірпікті дене алдыға қарай орналасқан,немесе шлеммов каналының артқы орналасуы.Глаукоманың жедел ұстамасы дамуы мүмкін:басталуы кенеттен,кешкі немесе түнгі уақыттарда,түрткі факторлардан соң.Пртоцесс бір жақты,қатты ауырсыну көзде,ауырсыну көзде ғана емес,жүрек айнып,құсу,қалтырау. Объективті-сүйелденген инъекция,қасаң қабық ісінген,алдыңғы камера таяз,қарашық кеңейген,жарыққа реакциясы жоқ,Көз түбі көрінбейді.КІҚ 60-80 мм.сын.бағ.

Жедел иридоциклитттен ажырату керек.Біріншілік глакоманың алдын алу шаралары - 1 40 жастан асқандар арасында глаукоманы белсенді анықтау,яғни тонометрия өткізу(жаппай);2)глаукомасы бар,оған күдігі бар науқастарды диспансерлік есепке алу;3)глаукомасы бар науқастарды үнемі емдеу және жүйелі түрде байқау;4)глаукомасы бар науқасты сауықтандыру және еңбекке бағыттау;5)қалың халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары.Глаукоманы анықтау тәсілдері-тәуләктік тонометрия, периметрия, кампиметрия, офтальмоскопия, гониоскопия, эластотонометрия, тонография,түрлі сынамалар. Біріншілік глакоманың емі – кешенді ем (жергілікті гипотензивті ем жәнежалпы трофикалық). Гипотензивті дәрілер–КІС ағуын жақсарту: холиномиметиктер, антихолинестеразды; простагландиндер (артқы жолмен сұйықтың ағуын жақсарту);КІС шығаруын төмендету: b–блокаторлар,жергілікті карбоангидразаның ингибиторы. Жалпы трофикалық ем,витаминдер,антисклерозды,қан тамырларын қеңейтетін,антиоксиданттар және т.б.Глаукоманың жедел және жедел асты ұстамаларының емі - 1% пилокарпин – алғашқы бір сағатта 2 там. әрбір 15 мин.сайын,келесідеәрбір жарты сағатта (3-4 рет) және келесіде - әрбір сағат сайын тәулік аяғына дейін (+ b–блокаторлар, азопт қолдануға болады);ішке диакарб - 0,5 г х 3 рет 1-ші күні,келесіде 0,25 х 1-2 рет күніне немесе глицерин (1-2 г./кг дене салмағына 1-2 рет күніне); аяғын шымшым суға салу,клизма немесе тұзды ішті айдайтын дәрілер,самайға сүлік салу.Бір сағаттан соң КІҚ төмендемесе,литикалық қоспа б\е жатқан жағдайда, 3 сағаттан соңнауқас емханаға бағытталады (24 сағаттан кем емес)оперативті емге - иридэктомия немесе фистулизациялық микрооперация (ал АБГ- синустрабекулэктомия). Іштен туа пайда болған глаукома көздің дренажды жүйесінің дұрыс дамымауы салдарынана дамиды жіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.Алдыңғф камераның бұрышында мезодермалды тін бар немесе оның толық сіңбеуі(глаукоманың жәй формасы).Сол себепті көзден ағып кететін сұйық жолында кедергі пайда болады,немесе кірпікті бұлшық еттің,дренажды жұйенің даму ақауы(тұқым қуалау факторы).Ерте белгілері - қасаң қабықтың қарауытуы,алдыңғы камера терең,қарашық кеңейген,оның жарыққа реакіиясы баяужарыққа қарай алмау,жарықтан қорқу,тамаққа тәбеті төмендеген,бала мазасызданады.Кеш белгілері -КІҚ жоғары,екі жақты макрокорнеа, макрофтальм (сатысына байланысты),алдыңғы камера терең, көру нервісінің глаукоматозды экскавациясы (семуі).Жас өспірімдік глаукома- балаларда 6 жастан 35 аралығында болады.Ол іштен туа пайда болған глаукоманың кеш көрінісі.Глаукоманың жіктелуі:біріншілік,екіншілік,құрастырмалы,көздің алдыңғы бөлігінің неме се бүкіл организмнің дамуының ақауы(Реклингаузен нейрофиброматозы; Гиппель-Линдау ауруы және Стюрж-Вебер).Емі іштен туа пайда болған глаукоманының - хирургиялық -гониотомия мен гони опунктура,кеш сатыларында- фистулизациялық операциялар.. Екіншілік глаукомалар– көз аурулары салдарынан дамиды.(қабыну,тамырлы,ісікті,жарақаттық және т.б.).Ондай глаукомалдың бірі факогенді глаукомалар(көз бұршағының жағдайымен түсіндіріледі)– факоморфиялық,факолитикалық, факотопикалық. ГЖҰ және факогенді катарактаның ажыранды белгісі-қарашықтың сұр түсі. Жедел жәрдем– ГЖҰ дай(пилокарпин ғана тамызылмайды),келесіде-жедел катарактаның экстракциясы.

4.Көрнекті құралдар: 1) бейнеатериалдар; 2) кестелер–КІҚ тәуліктік сызығы,кзру аймағы глаукоманың түрлі сатыларында;глаукоманың жедел ұстамасы суреті;қалыпты жағдайда көз түбінің сипаттамасы жіне көру нервісінің семуі;алдыңғы камераның бұрышының құрлысы; 2.глаукомадан слайдтар, 3. Бейнефильм.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1.Глаукоманың негізгі клиникалық белгілері.

2. Глаукоманың негізгі түрлері

3. Факогенді глакоманың түрлері.

Дәріс

Тақрыбы: Глаукома

Оқу мақсаты: Тақырыптың келесі сұрақтары дәріс барысында таданады:

6. Көздің КУҚ және дренажды жүйесі туралы түсінік

7. Глаукоманың этнологиясы және патогенезі.

8. Глаукоманы емдуінің соңғы жетістіктері және оның алдын алу.

 

Көрнекті құралдар: КІҚ –ың тәуліктік өлшемдері: қалыпты және түрлі патологиялық жағдайларда; глаукоманың түрлі сатыларда көру аймағы; глаукоманың жедел ұстамасының клиникалық белгілері; көз түбінің және глаукоматозды экскавацияның офтальмологиялық сурет;алдыңғы камераның бұрышының суреттері бар кестелер.

 

Глаукома әлемде соқырлықтың себебі ретінде жеткші орын алатын ең ауыр көз ауруларының бірі. Суқараңғы немесе «глаукома» грек сөзі.Ол қазақша «көк түсті су» деген мағнаны білдіреді. Себебі кенеттен ұстама дамығанда қарашық көкшіл сары түсті суға толы сияқты. Халық арасында бұл ауруды «көксу», «сарысу», «суқарңғы» дейді.

Бірінші рет глаукома термині Гиппократпен еңгізілген. Бірінші рет глаукоманың клиникалық белгілеріне арнап дәрігері Самсэт-ды 1348 жылы сипаттама берді. Клиникасында келесі белгілерді көрсеткен: көз ұясында ауырсыну, сол жақ басының ауырсынуы, көру өткірлігі төмендеген, қарашықтың кеңейуі, жарыққа реакцияның болмауы, қарашық жасыл-сары түсті жорықтанады. Грек тілінен аударғанда «Глаукома» - Жасыл деген мағнаны береді. Бірақ, бұл термин клиникалық суретіне сай емес. Дегенімен «глаукома» бүкіл жер жүзінің офтальмологтарының терминологиясына бірік екен.

Глаукома жедел немесе созылмалы, біртіндеп үдейтін ем тағайндалмағанда соқырлыққа әкеледі.

Жылдан жылға қарай глаукомамен ауратын науқастар саны ұлғаюда: жер шарында 67 млн. Жуық адам глаукомамен аурады және болжам бойынша 2030 жылдыщң аяғына дейін бұл сан екі есе өседі, Өкініштісі еңбекке жарамды жаста байқалады. АҚШ-та 4 млн. Жуық, Ресейде 2002 жхылы 750 000 адам және соншасы өз аурулары туралы білмейді. А.П.Нестеров, Е.А.Егоров 2001 жылы әлемде глаукома соқырлықтың себебі ретінде 2-3 орынды алуда.Қазақстанда қазірде глаукома нашар көрумен соқырлықтың басты себебінің бірі; 90-шы жылдары глаукомамен ауырғандар саны күрт ұлғайды: (1997 жылы – 50,1, 1999 жылы – 63,42, 100 000 тұрғынғы). Көзден біріншілік мүгедектік құрылымында глаукоманың үлесі 12-ден 20% ал таралуы 10 000 ересек тұрғынға 0,1 ден 0,8 дейін өсті (Е.С.Либман, Е.В.Шахова, 2000 жыл) бал біріншілік мүгедектік құрамында глаукоманың үлесі 27 % тең, еңбекке жарамды жастағы әрбір бесінші адам глаукомадан мүгедек (21,6%), 40 жастан кішілер арасында мүгедектік 8,6% құрайды. Соңғы онжылдықта глаукома тек медициналық ғана проблема емес, әлеуметті –экономикалық. Соңғы жылдары глаукоманың «жасаруы» байқалуда.

2. Глаукоманың ересектер, балалар жәнежасөспірімдер арасында таралуы- 2 мин.

Қазақстанда тексерілген барлық халықтың ішінде суқараңғының үлес салмағы 1,1 %ке тура келеді. Бір көздің соқырлзығына үлес салмағы бойынша 0,59 % екі көздің – 2,2 % болып келеді (Ульданов Г.А., Лобах Л.Б., 1985; Мустафина Ж.Г. 1989).

Барлық континентке қарағанда алғашқы мүгедектер суқараңғының әсерінен мындай топтардан тұрады: І топтағы мүгедектердің үлесі 46,76 %, ІІ – 37,66 %, ІІІ – 15,58%. Әсіресе ауыл тұрғындарының ішінде І топтың үлесіне 57,14 %, ал қаланың тұрғындарына 40,82 % құрады.

Емханалардың мәлметтері бойынша суқаранғылықтардың әсерінен соқырлық және нашар көрушілік: Алматы қаласы бойынша 38-52 % ке, Қостанай және Рудный қаалаларында 26-58 %ек жетті. Соқырлықтың негізгі себептері: диагнозды кеш қою – 55,8 %, дер кезінде хирургиялық ем жасамау – 27,3 % және көз ауруымен бірге болатын ақаулар – 17 % келді.

Кейбір областарда (Қарағанды, Жамбыл,Солтүстік Қазақстан) сұраңқы 40 жастан жоғары адамдарда 0,1-0,5 %тіркелген. Сол шақта Алматы, Қостанай областарында суқараңғы диагнозы 1,2-2 % қойлған.

Республика бойынша тұтас алғанда суқараңғы аурумен 36378 адам тіркелген (1996 жылғы мәлімет бойынша).

40 жастан артқан тұрғындарының КУҚ анықтағанда көптеген авторлардың мәліметтері бойынша глаукома орташа 0,5-3 % жағдайларда анықталады.

3. Глаукомада жанұялық және тұқымқуалаушылық

 

Глаукома тұқым қуалайды: анализ бойыгша 38,5 % жағдайда, объективті зерттеулере 36,9 % жағдайда, глаукоманың күдігі – 24,3 %, 40 жастан үлкен барлық тұрғындарды глаукомаға зерттегенде 0,2-0,5 % құрайды.

Глаукома аутосомды рецедивті доминантты генмен қадағаланады. Бұл мәліметтер жиі медициналық байқаулардың, әсіресе жанұяда глаукома бар жағдайларда.

9. КУҚ және оның анықтаушы факторлары.

Глаукоманың негізгі белгісі КІҚ-тың көтерілуі. КІҚ – көз алмасының құрамының оның ішкі қабатында, яғни склераға көрсететін қысымы.

Көру аппаратның қалыпты қызметі тек КІҚ жоғарласа немесе төмендесе аталған қызметі өзгереді, оның салдары көздің орталық жхәне шетке көруі және басқа көз қызметтері бұзылады. Көздің ішкі қысымы КІҚ анықтайтын факторлар:

6. Склераның ригидтігі, яғни склераның КІҚ қарсы күші. Неғұрым склера эластикалық, яғни созылмалы болса, соғырылым КІҚ және көз ішінде өзгерістер сирек байқалады.

7. Көздің ішіндегі қанның көлемі. Көздің қабаттарындағы қанның көлемі негізінен хориондағы қап мөлшеріне байланысты. Көзге келетін қанды тоқтатсақ (энукмация, әкелетін артерияны байлау) КІҚ төмендейді.

8. Көз бұршағы шыны тәрізді дене, яғни ішікі қөұрамының әсері.

9. КУҚ тың тоқтатуда камераның ылғалы мен кап тамырларындағы осмотикалық қысым маңызды орын алады. Осмотикалық қысым аталған құрылымдарда кристаллондтар мен коллоидтар анықталады. Қап тамырына гипертониялық тұзды немесе коллоидты ертінді енгізілсе КІҚ төменлейді (қысқа уақытқа).

10. Негізгі фактор – көздің ішкі сұйығының аналымы. КІҚ кірпікті денеде шығарылады. Көзде 0,2-0,5 мл ылғал бар.

 

10. Көздің дренажды жүйесі.

Көздің тамырсыз орталарының (қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді) қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін сулы ылғал үнемі жаңарып отыруы керек. Ол алдыңғы ұңғылдың бұрышында орналасқан дренажды жүйемен жүзеге асырады.

Көздің алдыңғы ұңғылының бұрышында терең емес сақина тәрізді трабекула (қалқанша, шарбақша) орналасады. Оның алдынғы және артқы қырлары шығыңқы орналасып, Швальбенің алдыңғы шекаралық сақинасын түзейді. Бұл сақина қасаң қабықтың склераға өтетін жері. Артқы шекаралық сақина (склеральды шпора). Оған кірпікті бұлшық еттің меридинальды талщықтары бекінеді. (Брюкке бұлшық еті). Аталған бұлшық ет еркін жиырылғанда, алдыңғы ұңғылдың бұрышының ашылуына және көздің ішкі сұйығының көзден ағуын жақсартады.

Склеральды синус немесе шлелемов канола склеральды саланың түбінде өтеді. Оның ішкі беті эндотелимен көмкерленген. Шлелемов каналының сыртқы қабырғасынан кең варикозды кеңейген қан тамырлары (20-40қа сейін саны) басталады.

Сулы веналар ұңғылдың ылғалын терең склеральды өрімге (сплетение), одан варикозды веналарға, одан терең склеральды өрімге, одан вортикозды веналарға және алдыңғы эписклеральды және коньюктивальды веналарға. Яғни, тробекулярлы аппарат, шлелемов каналы, әкететін коллекторлар көзден сұйықты әкететін жолдар, яғни фильтрациялық (сүзілу), немесе дренажды жүйе.

Аталған жолдардың кез келген жерінде болатын өзгерістер КІҚ өзгеруіне әкеледі. Аталған негізгі сұйықтық ағатын жолдарымен бірге қосымша жолдар бар: көру нервісінің бойымен өтетін кеңестік және тамыр жолы (увеосклеральды жол).

6. Көздің ішкі қысымын өлшеу тәсілдері

КІҚ анықтау – тонометрия, яғни тонометрмен жүргізіледі.

Бірінші танометрлеуі Graefe (862). Donders (1863) ұсынған. Танометрлер импрессиондық және аппланациялық болып бөлінеді:

1) апплонациялық танометр арқылы қасаң қабықты тегіс беті бар затпен көз қысымы өлшенеді. Бұл тонометрдің негізін А.Н. Макланов (1884) зерттеп шығарады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1377; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.