Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 14 страница




Қызамықпен ауыратын ауруларда конъюнктивит, қасаң қабық жарасы, көз ұясы қабырғасының периоститі байқалады.

ЕМІ: көзді 1:500 фурацилин ертіндісімен жуу, 30 процент сульфацил натрий ертіндісін тамызу.

Шешек ауырған балаларда катаральді конъюнктивит, шеміршектің конъюнктивасында кепкен күлдіреулер болады. Күлдіреулер жараланып, оның орнында дөңгелек формалы жоғары орналасқан тыртықтар болады. Олар горизантальды сызық ретінде орналасады. Кейде метагетпетикалық, дискі тәрізді кератит және иридоциклит болуы мүмкін. Егер оспалық детрит конъюнктиваға, қабақ терісіне вакцинатциядан кейін түссе, 3 – 8 күннен кейін, онда пустула пайда болады, келесіде қасаң қабықта эрозия және жара паэда пайда болады.

ЕМІ: көзге фурацилин, сульфацил натрий тамшыларын тамызу. Қабақ терісіне 1проценттік брилл. зел. ертіндісін жағу, қасаң қабық зақымданса, витамин тамшыларын тамызу және май жағу.

Күл ауруында (дифтерияда) қасаң қабықта өзіне тән инфильтраттар пайда болады: одан басқа өзгерістер, конъюнктивиттер, иридоциклиттер, цилиарлы бұлшық еттің зақымдануы, мидриаз. Күл ауруының ең кеш паралитикалық кезеңіне көз жағынан келесі асқынулар байқалуы мүмкін: аккомодацияның салдылығы, сыртқы бұлшық еттердің салдылығы. Оның себебі: күл ауруы токсиннің ІІІ пар ми нервтеріне әсері.

ЕМІ: көзге жиі дезинфекциялық ертінділерді тамызу, антибиотиктерден жасалған майларды жағу, А мен В витаминдерінің ертінділерін көзге тамызу. Ауруды оқшаулау (жекелендіру) және тез арада күл ауруына қарсы сары су енгізу.

ҚАНТТЫ ДИАБЕТТЕГІ КӨЗ ОРГАНЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР.

Қантты диабетттің жиі кездесуі келесі жазулармен түсіндіріледі:

1. оны анықтау тәсілдерінің жетілуі

2. адам өмірінің ұзаруы

3. шын ауру санының өсуі

Балаларда 5 жасқа дейін пайда болады және көз органының зақымдануымен жүреді. Оның ерте белгісі- диабеттті ангиопатия, ол 3 жастағы балада (егер бірнеше ай ғана ауырса) білінеді. Бұл патологияда жиі теріскен шығып, блефарит терісінің құрғақтығы. Конъюнктиваның өзгеруі: тамырлардың кеңеюі, нүкте тәрізді қан құйылулар, микроанеаризмалардың пайда болуы. Барлық диабетпен ауыратын аурулардың жартысында тамыр жүйесінде айқын өзгерістер бар, егер 10 жыл ауырса –барлығында, мектеп жасындағы балаларда қантты диабет емделмесе жиі – катаракта дамиды.

Дер кезінде дұрыс ем көрсетсе катаракта кері дамиды. Қантты диабетттің асқынуларының бірі –ретинопатия: флебопатия, микроаевризмалар, түрлі мөлшерлі қан құйылу ошақтарының болуы, ұсақ, дөңгелек, өзара тұтастың сарғыш-ақ ошақтардың болуы, (майлар мен гиалин бар құрамында), ұсақ веналар кеңейген, иректелген. Қантты диабет үдегенде – пролиферативті диабетті ретинопатия дамиды-жоғары да аталған белгілерге қосымша тор қабықта жаңадан қан тамырлары және нәзік жартылай мөлдір байланысты тканді пленка дамиды (соңғысы пролеферативті ретиниттің белгісі). Тор қабықтың ісігін азайту үшін, микроаневризмаларға әсер ету үшін фотакогуляция және лазеркогуляция қолданылады. Диабеттті емдеуде антикогулянттар, ангиопротекторлар және стероидтар қажет. Педиатрларға еске салатын жәй: диабеттің көздегі асқынулары аурулардың 1/3 бөлігінде көру қабілетін толық соқырлыққа дейін төмендетеді.

 

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ АУРУЛАРДАҒЫ КӨЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Олар өте жиі кездеседі және тор қабық пен көру нерві зақымдалады. 14 процентке дейін балаларда артериялық қысым жоғары болады. Олардың бір бөлігі келесіде «гипертониктер» қатарына, ал бір бөлігі бүйрек ауруларының белгісі. Артериялық қысымы жоғары аурулардың жалпы санының 1/3 бөлігі екінщ-шілік симптоматикалық гипертония құрайды. Гипертониялық ауруларда көз түбінде кездесетін өзгерістер аурудың ағу ерекшелігі туралы мағлұмат береді. Тор қабықтың тамырларының органикалық өзгерістерінің алғашқы белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Балаларда гипертониялық аурулардағы өзгерістер – тор қабықтың тамырларының диаметрінде. Ол өзгеріс – ангиоспазм тамырлардың қайтымды өзгерістері. Ересектерде артерияның қабырғасындағы өзгерістер ерте пайда болады. 4 сатыны ажыратады:

1 сатысы: гипертониялық ангисклероз, «мыс», «күміс», сым симптомдары, «Гунн Самос» симптомы. Самос –Гунн симптомдарының түрлері склерозданған артерияның астындағы венаны басу дәрежесіне байланысты.

2 сатысы: гипертониялық ангиопатия – тек артериялардың тарылуы.

3-4 сатысы: гипертониялық ретинопатия және гипертониялық нейроритинопатия. Жоғары аталған белгілерге қосымша тор қабықта ісік, геморрагия және «жұлдыз фигурасы» пайда болады. Сонымен гипертониялық аурумен ауыратын ауруларда көз түбін қарау өте қажет, себебі көз түбінің суреті негізгі аурудың болжамын береді.

БҮЙРЕК АУРУЫНДАҒЫ КӨЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Бүйрек ауруында жиі кездесетін – созылмалы неврит. Бүйректегі органикалық өзгерістер тор қабықтағы өзгерістердің алдын алады. Сондықтан да көз түбіндегі өзгерістер бүйректегі процесстің ауырлығын сипаттайды. Балалардағы көз түбіндегі өзгерістер – артериялардың түйілуі, ал ересек балаларда және ересектерде тор қабық пен көру нервісінің дискісінде ісік, қан бұзылуылар, сары даққа «жұлдыз» фигурасы пайда болады. Аталған өзгерістер паренхиматозды органдарда ауыр өзгерістің және адамның өлімінің жақын екендігінің белгісі. Көру қызметі процесстің ауырлығына байланысты.

КОЛЛАГЕНОЗДАРДАҒЫ КӨЗ ТҮБІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР.

Коллагеноздарға негізінде келесі өзгерістер жататын аурулар тобын жатқызады: 1. байланыс тіннің жүйелі өзгерістер, процесске тамырлар қабырғасының өзгерістерімен.

2. ретикулоэндотениальды жүйенің патологиялық жағдайлары.

3. организмнің имунологиялық төзімділігінің өзгерістері.

Бұл ауруларда 7-13 процент жағдайда процесс көзге көшеді. Ауру жиі қайталанады, 70-80 процент балаларда көру өткірлігі төмендейді, сондықтан да олар кәдімгі мектептерде оқи алмайды. Аурудың ерте белгілері: қасаң қабық шыны тәрізід дененің өзгерістері және бәсең увеит. Кейде балаларда көз өзгерістері анықталғаннан кейін 1-1,5 жылдан кейін буындары ауырады. Ауруды анықтауда басты орын – қанның протеинограммасын иммунологияғы Коллагеноздардың ішіндегі көздегі өзгерістердің жиілігі бойынша екінші орынды ревматизм алады. Онда көз жағынан болатын өзгерістер: эписклериттер, ретиноваскулиттер, тромбоздар болады, тор қабықтың тамырларының жедел өтімділігінің бұзылуы. Көп ауруларда увеит сырттай тыныш көздерде басталып өтеді, жиі екі көзде зақымданады. Көру нерві коллагенозда екінші ретте зақымданады – оның қан тамырларында болатын өзгерістерге байланысты – көру нервісінің семуі дамиды. Емі терапевттерменбірге жүргізіледі, гармондар, салицилаттар, имунодепрессанттар. Егер асқынулар пайда болса (катаракта, екіншілік суқараңғы, қасаң қабықтың дистрофиялық өзгерістері), оларға сәйкес оперативті ем қолданылады, катарактаның экстракциясы көздің қысыммен төмендетуге бағытталған, кератопластика. Оперативті ем көзде және буындарда қабыну процессі басылғаннан кейін 2-3 айдан соң, алдын –ала 2 жұмалық күшті қабынуға қарсы емнен кейін жүргізіледі.

 

ҚАН АУРУЫНДАҒЫ КӨЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Лейкоздағы көздегі өзгерістер – тор қабық бозғылт түсті, сарғыш реңді. Тамырлар бозғылт, бірақ артериялар мен веналар түсі бойынша ажыратылады. КНД ісінген, бозғылт. Көз түбінде сұр-ақ түсті, дөңгелек немесе сопақша формалы ошақтар бар. Олардың әрқайсысы қызыл түсті сақинамен көмкерілген. Соған қосымша қан құйылулар анықталады. Егер лейкемиялық ошақтар ретробульбарлы кеңістікте болса, біржақты экзофтальм, ми қабығының лейкемиялық инфильтратциясында көру нервісінің сүйелденген дискісі болады. Анемияда көз түбі бозғылт түсті, әсіресе КНД түссізденген. Тамырлар бозғылт, аретриялар мен веналардың түсінде айырмашылық жоқ, көптеген қан құйылулар анықталады.

РЕТРОЛЕНБАЛЬДІ ФИБРОПЛАЗИЯ

Бұл ауруда шала туған балаларда оттегі палатасына (кювезге) орналастырғанда, оның ауасында оттегінің артық болуынан болады және ол алғашқы рет Америкада байқалған. Онда көз түбінің шетінде – тор қабығында пролеферативті сұр түсті ошақтар пайда болады. Үдегенде сол ошақтардың саны және көлемі ұлғаяды. Бұл ошақтардың маңында қан құйылулар пайда болады, тор қабықтың сырылуы пайда болады. Аталған өзгерістердің салдарында көз алмасының қалыпты өсуі тежеледі микрофтальм байқалады. Көру өткірлігі төмендейді.


ШАКЕНОВА НҮРГҮЛ СЕРІКҚАЗЫ ҚЫЗЫ

ОФТАЛЬМОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР

(оқу құралы)

Басылымға ұсынылды (ОӘК бекіткен күні)

Формат 60х84 1/16

Қағаз офсеттік

Көлемі (басылған парақ бойынша көрсетіледі – 16 бөлінген жалпы парақ саны)

Тираж _____

 

Басылған (Семей қаласы ММУ типографиясы, Абай көшесі, 103)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 882; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.