Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер




негізгі әдебиеттер:

1. Оспанова Г.С.; Г.Т Бозшатаева. Алматы Экономика 2002

2. Куатбаев жалпы экология

3. Биологиялық күрес жолдары Төребаев С.С. Алматы, 1987.

4. Тұрақты даму және айналадағы орта. Әділов Ж.М. Алматы, 1988.

5. Табиғат қорғау Мамбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ.. Оқу құралы.Алматы, Қайнар, 1990.

6.Вернадский В.И.Биосфера.М., «Мысль» 1967.

7.Радкевич В.А.Экология,Минск:Высшая школа,1997.

8. Чернова Н.М.,Былова А.М. Экология, М.. Просвещенние, 1981.

9.Наумов Н.П. Жануарлар экологиясы.. М.: Высшая школа, 1963.

10.Горышина Т.К. Өсімдіктер экологиясы. М: Высшая школа,1979.

11.Одум Ю.Экология. М., Мир,т.1-2,1986.

12..Одум Ю.Экология негіздері.М.:Прогресс,1975.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.

2. Қазақстан топырақ экологиясы. Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ү.–Алматы: 1998.

3. Экология, окружающая среда и человек: Учеб.пособие для вузов. Новиков Ю.В. М.: 1998.

4. Человек и природа: век ХХ Фурсов В.И.. А-А., Қайнар, 1983.

5. Жалпы биология. Полянский Ю.Т. және т.б. Алматы, 1986.

6. Экология и экономика. Сағымбаев Г.К.–Алматы: 1997.

7. Экология (Теория, законы, правила, принципы и гипотезы). Реймерс Н.Ф.– М.: «Россия Молодая», 1994.

8. Экологический энциклопедический словарь М.: Издат.Дом «Ноосфера», 1999.

9. Экологический терминологический словарь Алматы: Изд-во Рауан, 2000.

7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы Сабақ тақырыбы СӨЖ тапсырма- лары Ұсынылатын әдебиеттер ОБСӨЖ бақылау формасы № тапсырманы тапсыру уақыты
№ оқу құрал беті, § және тарау
             
  Коммонер зандары Конспект дайындау 1,3,4   жазбаша 1-апта
  Бергман және Аллен ережелері Конспект дайындау 1,2,3,4,5   реферат 1-апта
  Табиғи ресурстар Семей полигонның экологиялық мәселесі Конспект дайындау 1,3,5,17,   жазбаша 1-апта
  Арал тенізінің экологиялық мәселесі Конспект дайындау 2,4,1,11   жазбаша 2-апта
  Балхаш көлінің экологиялық мәселесі Конспект дайындау 1,2,3,4,5   жазбаша 2-апта
  Көкшетаудың экологиялық мәселесі Конспект дайындау 1,2,3,4,5, 17,16,   жазбаша 2-апта
  Популяция санының реттелуі. Полиморфизм Конспект дайындау 1,2,3,4,5, 17,16,   жазбаша 3-апта
  Әлемдік экологиялық мәселелер. Конспект дайындау 1,3,4,,17,16,   реферат 3-апта
  Атмосфераның ластануы Конспект дайындау 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   реферат 3-апта
  ҒТР Конспект дайындау 1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 4-апта
  Табиғатты ұтымды пайдалану Конспект дайындау 1,4,5,11, 17,16,17   жазбаша 4-апта
  Қызыл кітап Конспект дайындау 1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   жазбаша 4-апта
  Экологиялық білім беру Конспект дайындау 1,2,3   жазбаша 5-апта
  Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы Конспект дайындау 1,7,11,12   жазбаша 5-апта
  Көлдердің эвтрофикациясы   1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 5-апта
  радиациалық ластану   1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 6-апта
  Топырақ эрозиясы Конспект дайындау 1,4,5,11, 17,16,17   жазбаша 6-апта
  Атмосфера қабаттары, В.И. Вернадскийдің еңбектері.   1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   ауызша 6-апта
  Әлемдік мұхиттің мұнай және мұнай қалдықтармен ластануы реферат 1,2,3   ауызша 7-апта
  Топырақтың ауыр металдармен ластануы Конспект дайындау 1,2,3,4,5   жазбаша 7-апта
  Қоршаған ортаға антропогендік әсері реферат 1,2,3,4,5   ауызша 7-апта
  Экологияның заңдары реферат 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 8-апта
  Биосферадағы тірі зат, биокостық зат Конспект дайындау 1,2,3,4,5, 17,16,   жазбаша 8-апта
  Биосфера және оның шекаралары реферат 1,4,5,11, 17,16,17   ауызша 8-апта
  Халықаралық экологиялық ұйымдар реферат 1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   ауызша 9-апта
  ҚР-ың тұрақты даму концепциясы реферат 1,2,3   ауызша 9-апта
  Қызыл кітап баяндама 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 9-апта
  ҚР-ың ерекше қорғалатың объектілері баяндама 1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 10-апта
  Қорықтар, қорықшалар Конспект дайындау 1,4,5,11, 17,16,17   ауызша 10-апта
  Су қоры Конспект дайындау 1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   жазбаша 10-апта
  Биосфера және ғарыш реферат 1,2,3   жазбаша 11-апта
  Өсімдіктер, жануарлар және топырақ деградациясы Конспект дайындау 7,8,14,18   ауызша 11-апта
  Бергман, Аллен ережелері реферат 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 11-апта
  Қазақстанның қызыл кітапқа енген өсімдіктері   1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 12-апта
  Қазақстанның қызыл кітапқа енгенжануарлары мен құстары Конспект дайындау 1,4,5,11, 17,16,17   ауызша 12-апта
  Гидросфераға антропогендік әсері реферат 1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   ауызша 12-апта
  Литосфераға антропогендік әсері реферат 1,2,3   ауызша 13-апта
  Семей полигонның экологиялық мәселесі реферат 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 13-апта
  Биологиялық ырғақтар, фотопереодизм Конспект дайындау 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 13-апта
  Биотикалық қарым-қатынастар Конспект дайындау 1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 14-апта
  Оптимум ережесі, Либих заңы Конспект дайындау 1,4,5,11, 17,16,17   ауызша 14-апта
  Қазақстандағы полигондар реферат 1,2,3,4,5,9, 10,17,16,   ауызша 14-апта
  Құрлық экожүйелер   1,2,3   ауызша 15-апта
  Орман, жер кодексі баяндама 1,2,3,4,5,6, 11,17,16,   ауызша 15-апта
  Ормандардың жіктелуі реферат 1,2,3,4,5, 17,16,   ауызша 15-апта

8. Баға бойынша ақпарат

ағымдағы (сұрау, жазбаша жұмыс, тесттер)

аралық (тесттілер)

қорытынды (тестілеу)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарасты

жүз ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквивалент Ұпайдық пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе Бойынша бағалау
A 4,00 95-100 Өтежақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,00 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,00 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,00 50-54
F 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз

9. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу және талап ету. сабаққа қатысуы;

сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау ережесі;

мадақтау және жазалау.

Жұмысты тағайындалған уақытқа дейін тапсыру керек. Соңғы мерзім емтихандық сессиясына басталуына дейінгі 3 күнде барлық тапсырмаларды тапсыруға болады. Бірақ уақытында тапсырмаған үшін ұпай шегеріледі. ол үшін Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды. Әр тақырыптарды қайталау, өткет материалдарды талқылау міндетті түрде жүргізіліп отыру керек. Оқу материалын меңгерілуі тестпен тексеріледі. Тестілеу студенттерге ескерілусіз болады. Сабаққа міндетті түрде кешікпеу керек. Ал кешіккен жағдайда екі кешіккен бір сабақты босатумен тең.

Бағалау кезінде ескертілетін шаралар:

Сабаққа қатыспау –1 ұпай, сабаққа кешігу –0,5 ұпай, аудиторияда тәртіп сақтамау –0,5 ұпай, жұмысты уақытында дұрыс өткізбеу(әр күн үшін) 0,5 ұпай шегеріледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген

хаттама № «__»______ 2012 ж.,

 

Факультеттің ОӘК төрайымы

__________ «» 2012 ж.

 

География және экология кафедрасы

Агайдарова А.А. экология магистрі

(Аты жөні, тегі)

 

«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

(дәріс сабақтарына арналған методикалық нұсқаулар)

 

«барлық мамандықтарға арналған»

Кокшетау, 2012

 

Дәріс 1.

Экология пәнінің мазмұны, міндеттері және зерттеу әдістері

Дәрістің жоспары

1.экологияға кіріспе (міндеттері, әдістері)

2.Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы

3. зерттеу объектілері

Енгізілген сөздер: аутэкология, демэкология, синэкология, эйдэкология, геоэкология, биоэкология, қолданбалы экология, адам экология.

Экология пәнінің мазмұны – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйе) және биосфералық деңгейде зерттеу болып табылады. Экология ұғымын ғылымда алғашқы рет неміс ғалымы Э.Геккель (1866 ж) қолданды.

Экология пәнінің негізгі міндет і – популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару.

Экология ғылымының басты мақсаты – ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам – қоғам – табиғат» арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу объектісі жеке особьтар емес, особьтар топтары – популяциялар, түрлер, қауымдастықтар, экожұйелер, яғни, биологиялық микро және макро жүйелер.

Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлі зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау жасау, модельдеу жатады. Ал, бақылау, салыстырмалы түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық, лабораториялық), мониторинг жүргізу негізгі эмпиристік әдістері болып табылады.

Бақылау және салыстырмалы талдау жасау ғылымның дәстүрлі әдістеріне жатады.Сол арқылы сипаттама жасалып, талдау жүргізу үшін алғашқы ақпарат алуға болады.

Эколог маман үшін ең маңыздысы далалық зерттеулер, яғни түрлер популяциялары мен олардың қауымдастықтарын табиғат жағдайында зерттеу. Далалық зерттеулер организм немесе популяцияға белгілі бір факторлар әсерін білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде бақылаулар мен салыстырмалы талдау жасау арқылы зерттелетін макрожүйелерге сипаттама жасалады. Мұндай сипаттама жасау үшін эколог мамандармен қатар ботаниктер, зоолог, микробиолог, топырақтанушы, химик, гидролог, және басқа да мамандар қатысады. Көптеген сандық және сапалық мәліметтерді сипаттама жасауда физиология, анатомия, биохимия, систематика және басқа да ғылымдардың әдістері қолданылады.Мысалы, өсімдіктер қауымдастығын зерттеуде олардың сандық және сапалық сипаттамасы жасалады. Барлық өсімдіктер топтарының систематикасы, тіршілік формалары, ярустылығы, мозайкасы, фенологиясы, түрлердің көптігі, биомассасы, өнімділігі және сондай ақ тіршілік ортасының сипаты (рельеф, топырақ, экспозиция) сияқты көптеген сандық және сапалық мәліметтер алынады.

Жануарларға экологиялық зерттеулер жүргізгенде олардың қоректенуі, көбеюі, мінез құлқы, популяцияның орналасуы мен миграциясы, ортаның абиотикалық жағдайлары (температура, ылғалдылық, жарық т.с.с.) және қауымдастықтағы биотикалық байланыстар ескеріледі.

Экологияның сандық және сапалық зерттеу әдістері толығырақ 10 тарауда қарастырылады.

Эксперименталдық әдістер арқылы организмнің дамуына кейбір жеке факторлардың әсерін тәжірибе арқылы анықтауға және экологиялық механизмдерін білуге мүмкіндік береді. Табиғаттағы тәжірибенің бақылаудан өзгешелігі – организмге белгілі бір фактордың әсері жасанды жағдайда жүргізіледі. Экологиялық тәжірибенің мысалы ретінде орман шетіндегі қорғаныс сызықтарын, мелиорациялық жұмыстарды, жануарларды бұрын тіршілік етпеген аудандарға көшіру жұмыстарын келтіруге болады.

Экологияда қазіргі кезде кибернетика мен теория әдістері, математикалық әдістер қолданылады. Әсіресе, электрондық есептеу машиналарын қолдану және экологиялық жүйелерді модельдеу кең таралып келеді. Бұл әдістің ерекшелігі түпнұсқамен, яғни объектімен немесе жүйемен қатар оның қолдан жасалған жасанды көшірмесі де зерттеледі.

Зерттеулерде әр түрлі математикалық (сандар, белгілер), графикалық модельдер қолданылады.

Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы

Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология (жалпы экология), геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология деп ерекшелеуге болады.

Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалық және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр.

Биологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология:

  • Аутэкология (особьтар және организмдер экологиясы);
  • Демэкология (популяциялар экологиясы);
  • Эйдэкология (түрлер экологиясы);
  • Синэкология (қауымдастықтар экологиясы);
  • Биогеоциналогия (экожүйелер туралы ілім);
  • Ғаламдық экология (биосфера экологиясы) болып бөлінеді.

Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларына сәйкес биоэкологияны:

  • Микроорганизмдер экологиясы;
  • Саңырауқұлақтар экологиясы;
  • өсімдіктер экологиясы;
  • жануарлар экологиясы деп бөлінеді.

Белгілі бір таксономиялық топтарды зерттеу үшін айтылған систематикалық категориялар ары қарай да бөлініп кете береді, мысалы, құстар экологиясы, жәндіктер экологиясы, күрделі гүлділер экологиясы, жеке түрлердің экологиясы және т.б. Экологиялық әдістерді ботаника, зоология немесе микробиологияның кез келген таксонына қолдану қосымша жалпы экологияны да дамытады. Мысалы, солтүстік теңізде устрицаның бір түрінің экологиясын зерттеу арқылы неміс гидробиологі К.Мебиус жаңа экологиялық ұғым биоценозды ғылымға енгізді.

Жалпы экология (экзоэкология) – тірі материяның жоғарғы:организм, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.

Жалпы экологияны бұлай қарастыру, экология ғылымын әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің пайда болу, даму, тіршілік ету заңдылықтарын, олардың қоршаған орта жағдайларымен қатынастарын қоса түсінуге мүмкіндік береді.

Тірі материяның бірігу ерекшеліктеріне сәйкес жалпы экология және бірнеше бөлімдерден тұрады: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т.б.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық экология, палеоэкология сияқты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жеке бөлімі эндология зерттейді. Бұған молекулярлық экология, экологиялық генетика, клеткалар экологиясы, ұлпалар экологиясы, экологиялық морфология және т.б. ғылымдары кіреді.

XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт геоэкология дами бастады. Геоэкорлогия қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.

Геоэкология (грекше geo – жер) – географиялық (табиғи-территориялық кешендер, геожүйелер), биологиялық(биоценоз, боигеоценоз, экожүйе) және әлеуметтік-өндірістік (табиғи-шаруашылық кешендер) жүйелердің қарым-қатынастары туралы ғылым. Ғылыми әдебиеттерде «геоэкология» ұғымы «ландшафтар экологиясы» ұғымына балама ретінде пайда болды.

Тіршілік ету ортасы, экологиялық компоненттері және аймақтарына байланысты: құрлық экологиясы, мұхит экологиясы, таулар, аралдар экологиясы, тундра, шөл, дала экологиясы және т.б. сияқты бағыттарға бөлінеді.

Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және әлеуметтік экология болып табылады.

Адам экологиясы (антропоэкология) – кешенді, антропожүйе мен биосфераның бір-біріне әаер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам экологиясы ұғымын ғылымға 1921 жылы американдық ғалымдар Р.Парк пен Э.Бюргерс енгізді. Адам экологиясы өте кең, ауқымды міндеттерді шешеді. Оның бірі табиғи (географиялық) ортаның және оның компоненттерінің антропожүйеге әсері, екіншісі антропогендік әсірдің салдарын зерттеу.

Адам экологиясынан басқа: қала экологиясы, тарихи экология, халықтар экологиясы бағыттары да бар.

Әлеуметтік экология – қоғам - табиғат жүйесіндегі қарым қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді. Адам социум ретінде қарастырылатын болғандықтан әлеуметтік экология пәні - әлеуметтік статусына, еңбек түріне, жасына байланысты адамдардың ірі топтарын біріктіреді. Әлеуметтік экология адам тіршілігі мен қоршаған ортаны біртұтас «қоғам-табиғат» жүйесі және Жер биосферасын адамзаттың экологиялық қуысы ретінде қарастырады.

Әлеуметтік экология ғылым ретінде апат салдарын болдырмау мен қатар қоршаған ортаға тиімді әдістер арқылы Жер бетінде бүкіл тіршілік атауын, адам дамуының биологилық және әлеуметтік дамуын жақсарту жолдарын да қарастырады. Экологияның басты бағыты ретінде әлеуметтік экология философиялық, әлеуметтік-экономикалық, этикалық және басқа да аспектілері басқа бағыттармен толықтырылатын кешенді ғылым. Мысалы, тарихи экология, мәдениет экологиясы, экология және экономика, экология және саясат, экология және мораль, экология және құқық, экологиялық ақпарат және т.б.

Әлеуметтік экологиямен байланысты бағыттардың бірі, тіршілік ортасы мен табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын дайындайтын қолданбалы экология болып табылады.

Қолданбалы экологияға:

  • өнеркәсіптік (инженерлік) экология;
  • технологиялық экология;
  • ауыл шаруашылық экологиясы;
  • химиялық экология;
  • медийиналық экология;
  • табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау және т.б. жатады.

1974 жылы американдық биолог Барри Коммонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтырып экологияның негізгі төрт заңынтұжырымдады:

    1. Табиғатта бәрі өзара байланысты.
    2. Мәңгілік еш нәрсе жоқ.
    3. Табиғаттың талғамы күшті.
    4. Өздігінен ештеңе болмайды.

Тексеру сұрақтары:

1)Экология терминін кім ашты?

2) Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.

3) Экологияның бағыттарын атандар.

4) Адам экологиясы ұғымын ашқан кім?

 

Дәріс 2.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1082; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.