Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сімдіктер мен жануарлар экологиясы




Дәрістің жоспары:

1. ҚР өсімдіктер әлеміне ортаның экологиялық әсері

2. Орман қорының экологиялық мәселелері

3. Жануарлар дүниесіне ортаның экологиялық әсері

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының "өкпесі" деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.

Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан - жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан - жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі - дәрмектік өсімдіктер мен жеміс - жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180 - 200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтырып отырады. Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен - тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы "Қызыл кітап" шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі — сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттік қорық, 5 ұлтгық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыла-рының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен "Жас орманшылар", "Жасыл патрульшілер", "Жас экологтер", "Жас натуралистер" атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар - еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе, алтын тамыр, марал оты, дермене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мың-жапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің "Меккесі" деп аталады. Табиғатттың.әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу* салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің; азаюынан бүлінуде. Қазір кең - байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле үшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмұрт - шөп, сарытұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. бірте - бірте жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл - шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесікатырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктер ортасы болса, екішіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отьн, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына. келтурі жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөнідру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт қажет болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97 %-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Жануарлар экологиясы. Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан - жануарлардың 1,5 млн.астам түрі бар деп саналады. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың еті, сүті, терісі өте бағалы саналады. Адам баласы ерте кезден бастап ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фришердің мәліметі бойынша 1600 – ші жылдан бері қарай сүтқоректілірдің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.

Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады (кесте).

 

 

Кесте

 

Аты Салмағы, кг Биіктігі, м. Тіршілік аймағы Жойылуы, жыл
Африка пілі   3,2 Африка  
Керік - 5,86 Кения  
Жолбарыс     Трансвал  
Канна антилопасы   1,78 Бат.Африка -
Ергежейлі антилопа 3,6   Бат.Африка -
Африка түйеқұсы   2,74 Африка -
         

 

 

Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс -әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп - ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам өмірі үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.

Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері- орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды құртуда, суқоймасын салуда, жол құрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байқалады. Нәтижесінде адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антропогсндік ландшафтарға айналады. Олардың негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, құрып кетуі. Мұндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер (Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.

Тың жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала құстарының тұрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи тұрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүние жүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал құстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.

Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат қауымдастығы жер бетіндегі аңдар мен құстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жұмыс жүргізуде. Солардың бірі -БҰҰ ұйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".

Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

Пысықтау сұрақтары

1) Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары бойынша қандай іс- шаралар өткізіліп жатыр

2) Антропогендік әсердің жануарлар мен өсімдіктерге тікелей және жанама әсері

 

Дәріс 13.

Қазақстанның негізгі су объектілері. Су қорлары проблемалары және оларды пайдалану. Гидрологияның экологиялық проблемалары.

Дәрістің жоспары:

1) Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау.

2) Табиғат суларының негізгі ластану көздері

3) Су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шаралары

4) Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері

5) Суды тыңайтқыштар мен пестицидтермен ластанудан қорғау

1.Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау.

Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алады. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жеткен.

Қазақ хдлқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» — деген халық мақалын есте ұстаған ата бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат қорларын қорғауда, ләжі болса оны арттыруда жатыр.

Суды қорғау деп адамзаттың Жер бетіндегі табиғи су қорларының жай - күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекетін айтамыз.

Бұрынғы ТМД - ның. және басқа да тәуелсіз республикалардың Негізгі Заңдарында: «судың физикалық, химиялық және гидробиологиялық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы мен оның өзін - өзі тазарту қабілетінің нашарлауы әсерінен адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, балық қорларының азаюына, сумен қамтамасыз ету жұмысын нашарлатуға және тағы басқа да қолайсыз құбылыстарға әкеліп соғатын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан барлық су көздері қорғалуға тиіс»,— деп жазылған.

Су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың ластануы деп атаймыз.

Әдетте су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл - қоқыс, метал сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын қоқыстану деп атаймыз.

Судың сарқылуы деп адамдардың әрекеті әсерінен тұрақты сипатта су мөлшерінің кемуін айтамыз.

Су көздерінің ластану дәрежесі еудағы зиянды қоспалардың шоғырлануымен анықталады және халық шаруашылығы салаларының талаптарына сәйкес бағаланады. Ең қатаң талаптар су пайдаланудың шаруашылық — ауыз су және мәдени - тұрмыстық салаларына қойылады. Себебі, ластануды бірінші кезекте адамдардың денсаулығына қатерлі екендігінде және олардың өмірлерінің санитарлық жағдайыньң нашарлауына әкеліп соғуының мүмкін болуында.

Төмендегі көрсеткіштер судың жай - күйінің ең маңыздылары болып саналады.

Денсаулық сақтау министрлігі енгізген судағы; зиянды заттардың шоғырлануының мүмкіндік шегі (ШМШ —қазіргі кездегі су-санитарлық заңның бірі болып табылатын негізгі гигиеналык шама. ШМШ - шамалары (мг/л) су көздеріне түсуі мүмкін барлықзаттар үшін жасалған. Мысалы, бензол үшін ШМШ 0,5 мг/л-ге тең, қорғасын үшін — 0,1, сынап үшін— 0,05, темір үшін — 0,5, бензин үшін — 0,1 мг/л-ге тең.

Ластану дәрежесі ШМШ (ПДК)-нен жоғары ақаба суларды су көздеріне кұюға қатаң тыйым салынған. Ақаба сулар - тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнайы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (асхана, монша, пәтерлер, асхана және т.б.); өндірістік (кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған және т.б.); атмосфералық (қар, жауын шашын т.б.) болып бөлінеді.

Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚ — БПК) — суды ластайтын, көбіне органикалық заттарды тотықтыруға қажетті оттегінің мөлшері (мг/л). Тұрмыстық ақаба сулар үшін оттегіне қажеттілік айтарлықтай бірқалыпты және адамның су қажеттілігіне байланысты: адамдардың су қажеттілігі тәулігіне 50 литр болған жағдайда ОБҚ — 600...800 мг/л-ге, тәулігіне 100 л болса - 300...400 мг/л, тәулігіне 200 л болса — 150...20 мг/л, Ал өнеркәсіптік ақаба сулар үшін ОБҚ өндірістің сипатына байланысты кең көлемде құбылып отырады (50 мг/л-ден бірнеше мың мг/лгге дейін).

Судағы еріген оттегінің мөлшерін, ондағы зиянды заттардың оттегін пайдалануы мен судың оттегіне қану ара. қатынасы арқылы анықтайды. Су оттегіне негізінен судың атмосферамен жанасуы арқылы толығып отырады, яғни су бетінің ауданына, судың жоғарғы қабатының оттегіне қанығуына және су араласуының тездігіне байланысты. Судың толық және қарастырылып отырған.мезгілдегі қанығуларының айырмасын оттегінің тапшылығы дейді және оны мг/л-мен немесе толық қанығудың процент (%) есебінде көрсетеміз.

Сутегінің көрсеткіші (рН) судағы сутегі иондарының шоғырлануын анықтайды және судың кышқылдық немес сілтілік қасиетін көрсетеді. Суды пайдаланудың мәдени-тұрмыстық пункттерінде рН көрсеткіші 6,5...8,5-нан аспауы керек. Табиғат суларының өзін - өзі тазарту процеетері үшін де рН осы мөлшерде болуы шарт.

Судың органолептикалық қасиеттері оның иісін, дәмін және ондағы тасынды қоспаларды сипаттайды, олар адамға жағымсыз әсер етеді. Бұл қасиеттер баллмен бағаланады. Суды пайдаланудың мәдени - тұрмыстық жерде судың иісі 2 баллдан аспауы қажет.

Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсеткіш қолданылады. Әдетте судың дәмдік қасиеттері оның иістік қасиеттерінің шегінен асқанда көрініс береді.

Ауыз су ретінде пайдаланылатын су көздері үшін: судың түсі 20 см түтікшеде, ал басқа жағдайлардың бәрінде—10 см түтікшеде байқалмауы шарт.

2.Табиғат суларының негізгі ластану көздері

1. Өнеркәсіп ағындылары. Табиғат су көздерін ластаудың ең көп бөлігін халық, шаруашылығының мұнай өңдеу, химия, сабын қайнату, целллюлоза-қағаз, текстиль, металлургия, тау - кен салаларының кәсіпорындары береді.

Өнеркәсіп ағындыларының барлығы дерлік әр түрлі дәрежеде судың сапасына кері әсер ететін мұнай шйкізаттарымен ластанған. Тіпті, судың құрамында мұнайдың елеусіз мөлшерінің (0,2...0,4 мт/л) кездесуі суға арнайы иіс береді, ол иіс суды сорғыдан өткізіп, хлорлаған соң да кетпейді.

Химия кәсіпорындарының ағындыларында, әсіресе орман - химиялық, бояу, коксохимия және басқа да салаларының ағындыларында кездесетін фенолдық қосындылар үлкен қауіп төндіреді. Фенолдық сулар өте күшті антисептикалық қасиеттерге ие бола отырып, судағы биологиялық процестерді бұзады, мұрын жаратын жағымсыз иіс береді.

Электрохимия өндірісінің, кенбайыту фабрикаларының, пестицид шығаратын кәсіпорындардың және шахтылар мен кенорындарының су ағындыларында едәуір мөлшерде мырыш (Zn) пен мыс (Си) кездеседі.

Соңғы кездерде кейбір өнеркәсіп су ағьндыларында пайда болған синтетикалық беттік - белсенді заттар (СПАВ—СББЗ) судың биохимиялық тазалағыш қабілетін бірден нашарлатады. Сондықтан тіпті СББЗ-дың, елеусіз мөлшерінде де судағы өсімдіктердің тіршілігі тыйылады, иісі мен дәмі күшейеді, көбіктердің берік жиынтықтары пайда болады.

3. Үй - жай шаруашылығының (коммуналдық) ағындылары. Қалалар мен басқа да елді мекендер ластанған заттардың үлкен мөлшерін береді. Үй - жай шаруашылығының ағындыларының құрамында зәрнәжісті сулардан басқа да едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды пайдаланудан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтану орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Үй-жай шаруашылығының ағындыларында ауру қоздырушы микробтар мен вирустардың және гельменттердің жұмыртқаларының болуы бұл суларды аса қауіпті етеді. Үй-жай ағындылары біркелкі құйылмайтындығымен ерекшеленеді, сонысымен қоса құбырларының жұмысын қиындатады.

Елді мекендер жауын - шашын мен қар еру кездерінде де көшелер мен кәсіпорындардын аулаларынан ағатын лас сулармен су көздерін қосымша былғайды. Оларда мұнай шикізаттары және басқа да арнайы ластаушылар болады.

.

Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері. Қазіргі кездегі ақаба суларды тазалаудың келесі тәсілдері қолданылады: механикалық, физикалық және биохимиядык.,

Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту, тоспалау және центрофугалау арқылы бөліп алуға қызмет етеді. Бұл тәсілді, басқа тазалау -тәсілдерін қолданар алдында алдын алу мақсатында немесе өнеркәсіп мақсатына пайдалануға болатын жағдайда қолданады. Механикалық тазалаудан өткен суды, әдетте, хлорлау арқылы залалсыздандыру қажет.

Химиялық және физика-химииялық тәсілдері колоидтық және ерітінді заттармен ластанған өнеркәсіптік ақаба суларды тазалау үшін қолданылады. Бұл үшін ластану сипатына сәйкес суға арнайы реагенттер қосылады, су қабатынан бу немесе ауа өткізіледі, электролиз және ион алмастырғыш материалдар қолданылады.

Биохимиялық тазалау кейбір микроорганизмдердің дамуы үшін ақаба сулардағы коллойдты және еріген органикалық заттарды пайдалану қасиетіне негізделген. Бұл тәсілді су минералды және ерімеген органикалық заттардан тазаланған соң қолданылады. Бұл тәсіл суды органикалық ластаушылардан толық дерлік тазартады. Биохимиялық тазалауды табиғи жағдайда жүргізеді, яғни суармалы егінжайларда, сорғыту алаңдарында немесе биологиялық тоғандарда, әуіттерде сонымен қатар жасанды жағдайда да, биологилық сорғыларда және аэротенкттерде жүргізіледі.

Суды тыңайтқыштар мен пестицидтермен ластанудан қорғау. Ауылшаруашылық өнеркәсібін жеделдету барысында су көздерінің ластануын міндетті тұрде болмай қоймайтын құбылыс деп қарауга болмайды, керісінше минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланған жағдайда қоршаған ортаны қорғауда олар эффективті кұралдың рөлін атқаруы мүмкін. Себебі, оларды қолдану барысында топырақтың құрылымын жақсартады және су және жел эрозиясына қарсылығын күшейтеді.

Тыңайтқыштардың су көздеріне түсуін болдырмау үшін келесі шараларды іске асыру керек:

— әрбір өсімдіктің (дақылдың) қажеттілігіне тыңайтқыш қосу нормасын сақтау;

— тыңайтқыш салудың оптимальді мерзімін топырақтың биохимиялық қасиеттеріне сәйкес белгілеу;|

— вегетация кезінде тықайтқыш қосуды бөлшектеп жүргізу (әсіресе жеңіл механикалық құрылымды топырақтар үшін);

— тыңайтқыш су арқылы қосу (дозасын азайту)

Мысалы, бүркіп суғару кезінде, азотты тыңайтқышты сумен қосу барысында оның әдеттегі дозасын екі есе кемітуге қол жеткізіледі; топыраққа керексіз заттардын қосылуын азайтатын тыңайтқыштардың түрлерін қолдану; пайдалы, сіңімді заттарды топыраққа біртіндеп беретін, жуып-шаюға шыдамды пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жоғары болып келетін, біртіндеп, жайлап әсер ететін, қорғайтын қабығы бар түйір түріндегі тыңайтқыштарды немесе нашар еритінмочевинаның түрін пайдалану; топырақ бактерияларының белсенділігін әлсірететін, аммонийлі азотты жеңіл еритін нитрат түріне көшіретін реактивтерді қолдану; тыңайтқыштарды ашық аспан астында сақталуын жою.

Пысықтау сұрақтары

1. Сулардың ластануының негізгі түрлерін атандар

2. Судың ластануы деп нені айтамыз?

 

Дәріс 14.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 3837; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.076 сек.