Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. 1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айту




1. мәтінді оқып, дәптерге көшіру, ауызша айту.

Парниктік эффект (жылу эффектісі).

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (СО2), көмірсутектер, яғни метан (СН2), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары эффектінің пайда болуына алып келеді.

Парниктік эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңәріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқыды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосфераға шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (СО2 жылу энергиясының 18 %-ын сіңәреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температурасының көтерілуіне алып келеді.

Атмосфералық газдар (азо, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. СО2-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3-5 градусқа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антрактидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттің орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайпарға алып келеді.

Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, аул шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруіне білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді. Сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аймағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттің деңгейі 0,1-0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4 градусқа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнін дұрыстығына күмәнмен қарауда.

2000 жылы Гаана қаласында өткен конференцияда әрбір индустриялды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілуі керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртенінін атмосферадағы азаюын ормандар мен топрақтың сіңіруінен емес өздерінің іс әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді.

Қазақстанда да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

 

 

СОӨЖ № 10

Қоршаған ортаның ластануы

Тапсырма

Берілген сұрақтар бойынша дайындалу, тестер құрастыру

1.Қоршаған ортаның ластану түрлері

2.қышқылдық жамбырлар

3.озон қабатының бұзылуы

4парниктік эффект

5 топырақ, өсімдіктер, жануарлар деградациясы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 854; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.