Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница




(36)

мұнда –ші факторлы белгінің өзгерме коэффициенті, – нәтижелі белгінің өзгерме коэффициенті.

Икемділік коэффициенттері регрессия теңдеуіне кіретін факторлардың жалпы әсерінде әр фактордың үлесін бағалау үшін керек.

Факторлардың приоритеттігін белгілеу үшін модельдердің мағыналы талдауы айтылған коэффициенттердің салыстырылуына жүгінеді. Бұл мақсатта, әсіресе регрессия теңдеуіне көп факторлар енгізілген жағдайда және икемділік коэффициенттерінің шамасы бойынша факторларды ранжирлеу жүргізіледі.

Экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарын зерделеудің бұл әдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

- зерттеу мақсатын анықтау;

- техникалық-экономикалық ақпараттарды жинау;

- байланыс түрін таңдау;

- модель параметрлерін табу;

- алынған нәтижелерді талдау және олардың интерпретациясы.

Корреляциялық - регрессиялық өзара байланыстың мақсаты ірілендірілген есептеулер үшін формулаларды шығару, жоспарды, болжауды, тиімді басқаруды әзірлеу үшін қолдану және талдау мақсатымен, техникалық-экономикалық көрсеткіштердің әлеуметтік үрдістерінің байланыстарын зерттеу және тағы басқалары кіреді.

Белгілер арасында функционалды тәуелділікте факторлы белгінің шамасын біле тұра, нәтижелі белгі шамасын дәл анықтауға болатынын, функционалды және корреляциялық тәуелділіктерді салыстырғанда ескеру керек. Ал корреляциялық тәуелділікте факторлы белгі шамасы өзгергенде ғана нәтижелі белгі өзгерісінің беталысы байқалады. Бір мағыналы функционалды байланыс нақтылығына қарағанда, корреляциялық байланыс көптеген себептермен және салдармен сипатталады да, тек беталыстары ғана белгіленеді.

Қандай-да белгілердің арасындағы байланыстардың дәлелдігі туралы нәтижелі сөз экономикалық теорияның қолында тұрғанын айта кеткен жөн. Мұнда зерттеу белгісіне қандай факторлардың әсері тиетінін немесе қандай факторлардың әсері тексерілу керектігін теориялық талдап көрсету керек. Құбылыстар арасындағы байланыстың статистикалық өрнегі салыстырылатын белгілердің біреуінің өзгерісі басқасының өзгерісімен жалғастырылуы мүмкін екенін көрсетеді. Нәтижесінде әрине бұл өзгерістерге мағыналы талдау түрінде жауап іздеу керек. Байланыстарды зерттеудің статистикалық әдістер көмегімен нақты жағдайларда теориялық түрде қалай болатынын білуге болады. Статистика теориялық талдаумен белгіленген байланыстың нақты бар болуы туралы сұраққа ғана жауап беріп қоймай, бұл тәуелділіктің сандық сипаттамасын да береді. Бір құбылыстың басқа құбылыстардан тәуелділігінің сипатын біле тұра, құбылыс өзгерісінің көлемін және себебін түсіндіруге, оның келешектегі өзгерістері үшін қажетті шараларды жоспарлауға болады.

Функционалды байланыс факторлы белгі мен нәтижелі шама өзгерістерінің толық сәйкестігімен сипатталады және әр белгі-фактор мәніне нәтижелі белгі мәндері сәйкес келеді. Корреляциялық байланыстарда факторлы және нәтижелі белгі өзгерістерінің арасында ешқандай сәйкестік болмайды, бөлек факторлардың әсері орташа алғанда тек фактілі көрсеткіштерді жаппай бақылаған жағдайда ғана байқалады. Корреляциялық тәуелділікті қолданудың қарапайым жағдайында нәтижелі белгінің шамасы тек бір фактордың өзгеруінің нәтижесі ретінде қарастырылады (мысалы, еңбектің энергиямен қамтамасыздануы еңбек өнімділігінің өсуінің себебі ретінде қарастырылады). Бірақ берілген мысалда негізгі болып алынған белгі-фактор нәтижелі белгі өзгерісінің жалғыз себебі болып келмейді, онымен бірге нәтижелі белгінің шамасына көптеген басқа себептер де әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай кәсіпорында еңбек өнімділігінің деңгейінің қалыптасуына қолданылатын техника мен технологиялардың жетілдірілген дәрежесін көрсететін, еңбектің механизациялану және автоматтандырылу деңгейін, өндірістің мамандандырылуын, жұмыскерлердің құрамын, кадрлердің тұрақтамауын сипаттайтын және тағы басқа факторлар біраз әсерін тигізеді. Одан басқа белгі-фактордың өзі бірқатар жағдайлардың өзгеруінен тәуелді болуы мүмкін. Жалпыланған түрде нәтижелі белгі күрделі өзара әсерлесуде болып келеді, ол басқа белгілер өзгерісінің факторы ретінде шығады.

Ол корреляциялық талдау нәтижелерінің мәні берілген байланыста болатынын білдіреді, ал бұл нәтижелердің интерпретациясы жалпы түрде корреляциялық байланыстар жүйесін құруды қажет етеді. Зерттелу белгісіне бір уақыттағы әртүрлі факторлардың үлкен көлемінің әсері, белгі-факторының бір мәніне нәтижелі белгі мәндерінің толық үлестірімінің сәйкес келуіне келтіреді, себебі әр нақты жағдайда басқа факторлы белгілер өздерінің әсер ету күшін және бағытын өзгертіп отыруы мүмкін.

Белгілер арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді зерттегенде келесі сұрақтарға жауап алу керек:

1.Бірліктердің модельденетін жиынының қасиеттеріне алдын-ала талдау жүргізу;

2. Байланыстың бар болуын белгілеу, оның бағытын және тұрпатын анықтау;

3. Белгілер арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесін өлшеу;

4. Регрессиялық модельді құру, яғни байланыстың талдаулық өрнегін табу; модель адекваттығын бағалау, оның экономикалық интерпретациясы мен тәжірибеде қолданылуы.

Корреляциялық талдау нәтижелері тәжірибеде қолданылып, күткен нәтижелері алынуы үшін зерттелу обьектілері мен белгі-факторлары терілген кезде белгілі шарттардың орындалуы міндетті. Корреляциялық талдау әдісін дұрыс қолданудың басты шарттарының біріне келесі регрессия теңдеуінің тәуелділіктері кіреді:

1. Сызықты ;

2. Гиперболалық ;

3. Көрсеткішті ;

4. Параболалық ; (37)

5. Дәрежелік ;

6. Логарифмдік ;

7. Логистикалық .

Негізгі әдебиеттер: 4 [63-71], 5 [103-121];

Бақылау сұрақтары:

1. Өзара байланысты көрсеткіштер жүйесі;

2. Регрессия теңдеуіне факторлардың әсері;

3. Икемділік коэффициенттері.

4. Белгі өзгерісінің беталысының корреляциялық тәуелділіктері;

13. Дәріс тақырыбы. Халық статистикасы. Еңбек статистикасы.

Дәріс конспектілері: Халық статистикасы өте ертеден дамыған өндіріс. Шаруашылық үшін халық статистикасының есебі, мемлекет тарапынан пайда болған. Оның құжаттық қажеттілігі адам тууы мен өлімі т.б. көрсеткіштер арқылы тіркеледі.

Халық статистикасы бірлік белгісімен жинақталған адамдар тобы. Тұрақты тұру аймағында (территория) адам тууы мен өлімі үздіксіз алмасып халық статистикасы үрдісін құрайды. Халық статистикасы бақылау бірлігі үшін жеке адам немесе отбасы алынады. Оның халық туралы негізгі сарқылмас қоры күнделікті қажет мәлімет пен ақпарат мыналар: тікелей есеп – керекті мәліметтердің жиынтық бірліктерді есептеу арқылы алынатын статистикалық бақылау және таңдамалы статистикалық бақылау, санақ..

Халық статистикасы есептері:

- халық саны және тұру аймағын анықтау;

- халық құрылым мөлшері (жасы, жынысы, білімі, нәсілі, әлеуметтік жағдайы, қызметі т.б.);

- халық сан мөлшері, өсу-дамуы (тууы, өлімі, динамикалық өсімі, неке қию мен неке ажырасуы т.б.);

- тұрақты тұрғын халық ішінде аймақтардға көшіп келген немесе басқа аймаққа көшіп кеткен адамдар (көшіп-қонып қоныс аударушылар), өмір сүру мерзім деңгейі (жыл);

Тұрақты халық тығыздығын анықтау

Тұрақты тұрғын халық саны белгілі уақытта жүргізілген халық санағы арқылы тіркеуге алынған жеке тұлғалар санын айтамыз. Бір санақтан екінші санаққа дейін халық саны бір аймақтан екінші аймаққа қоныс аударып көшуін табиғи қозғалыс деп, мына салааралық өрнекті келтіруге болады.

(38)

мұнда Nж.а . - халық саны жыл аяғында;

Nж.б . -халық саны жыл басында;

Nт.а .-1 жылда туған адам саны;

Nк.кел . -1 жылда көшіп келген адам саны;

Nк.кет . - 1 жылда көшіп кеткен адам саны;

Nқ.а . - 1 жылда қайтыс болған адам саны.

Тұрақты тұрғыны бар аймақта санақ жүргізу статистикада халықтың сан мөлшерін анықтау категориясы дейміз. Санақ тізімі екі түрден тұрады: тұрақты және қолма-қол.

Тұрақты тұрғын халық саны дегеніміз – санақ жүргізген аймақта тұрақты тіркеуде тұрған адам саны, бірақ санақ тіркеу кезінде орнында болмаған тұлғалар. Қолма-қол халық саны дегеніміз - санақ жүргізген аймақта тұрақты тіркеуде тұрмайтын адам саны, бірақ санақ тіркеу кезінде орнында болған тұлғалар сол аймаққа тіркелген статистикалық көрсеткіш ретінде санаққа алынады.

Орта жылдық тұрғын халық саны төмендегідей.

Санақ жүргізу күндері жақын периодтта болса, орта хронологиялқ шамамен есептейміз.

(39)

Орта хронологиялқ шамамен есептеу үшін санақ жүргізу алғашқы және соңғы күндері динамикалық периодпен халық саны алынады.

Халық тығыздығын р десек, онда P=N / S,

мұнда S - аймақтағы ауданға сәйкес тұрақты тұрғын халық саны.

Халықты топтау деп статистикалық бақылау арқылы жиналған әртүрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сандық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуді және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады. Олар мыналар:

- әлеуметтік көрсеткіш (жұмысшы, кәсіпкер, кызметкер, жекеменшік т.б.);

- еңбек атқару ортасы;

- қызметі (оқытушы, дәрігерер, мектеп оқушысы, студент т.б.);

- нәсілі (қазақ, орыс, неміс т.б.);

- қалалық, ауылдық тұрғындары;

- жынысына, отбасы, әлеуметтік жағдайына байланысты (демографиялық топтау мына түрге бөлінеді: жынысы-аймақ, өндіріс орны-жасы т.б.).

Халықтың жынысы мен жасы туралы мәлімет белгілі бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық есеп беруде пайдаланылады. Отбасы әлеуметтік жағдайын зерттеуге некеде тұрған адамдар саны пайдаланады.

Табиғи халық қозғалысы (көшіп-қону) көрсеткіштері

Табиғи халық өсуі, оның тууы мен өлім саны (туған және өлген адамдар санының айырмасы), некеде тұратын және некеден ажырасқан адамдардың абсолюттік саны алынған. Әрине бұл сан өте шектеулі көрсеткіш, сондықтан халық саны, табиғи қозғалуын 1000 адам үшінесептеліп,қатысты шама арқылы анықталады.

Туу коэфициенті Кт;

Өлу коэфициенті Кө;

Табиғи өсімше коэфициенті

Неке коэфициенті

мұнда Nн.а . -1 жылда некеге тұрған адам саны;

Некеден ажырасу коэфициенті

мұнда Nн.а.а. – некеден ажырасқан адам саны;

Табиғи туу коэфициенті немесе

мұнда Nжен – орта жылдық 15-49 жастағы қыз-әйелдер саны;

dжен - 15-49 жастағы қыз-әйелдер бөлігі;

Брутто – халықтың туу коэфициенті (қыздар саны орта шамамен, қыз туған әйелдар) Кн;

мұнда 0,49 - туылған қыздар бөлігі.

Нетто- халықтың туу коэфициенті (туған кыздар саны орта шамамен және туу жасы шешесіне жеткен қыздар) Кт.қ.ш.ж;

Кт.қ.ш.ж =

мұнда Lжен - жасы бойынша топталған әйелдер;

Lж.т. – жаңа туған балалар саны (100000 адам.);

Бала өлімінің коэфициенті Кб.ө.;

Кб.ө =

мұнда m-1 жасқа дейінгі 1 жылда өлген балалар саны;

N1 - осы жылда туған балалар саны;

N0 - өткен жылда туған балалар саны;

Халықтың өмір сүру деңгей көрсеткіші:

Кө.с. =

Табиғи халық қозғалысы және тууы мен өлім көрсеткіштері теория және практика жағынан зерттеуге өте маңызы бар. Ол халық құрылымын, сан өсімін талдауға және келешекте болжам жасау үшін қолданылады.

Кесте 14 арқылы адам өлімі (өмір сүру деңгей жасын) көруге болады. Оған мына тәуелділіктер қажет:

Qx =Dx /Lx, Px =1-Qx

Өмір сүру деңгей жасы

Кесте 14

Жасы, жыл X- жасынадейін өмір сүрген адамдар саны X -жастан Х+1 -жасқа өткен кезде өлген адамдар саны Келесі жылда өлетін ықтималдығы бар адамдар Х+1 -жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы
X Lx Dx Qx Px
      0,065 0,935
      0,034 0,966
      0,018 0,982
      0,010 0,990
    және т. б.    

Өте маңызды халық көрсеткіші ретінде адам өмір сүру ұзақтығын орташа жыл білеміз Ех.

Еңбек ресурстарының негізгі категорияларына еңбекақы қабілетті жастағы халық жатады:

- өздігінен әрекет етуші халық; экономикалық белсенді халық. Сонымен қатар, Халықаралық статистикада «Жалпы еңбек ресурстары» термині қолданылады. Аталған категорияларды бөліп қарастырайық.

Дағдыдағыдай, еңбекке қабілетті жастағы халық - бұл 15-60 жастар аралығындағы халық, бірақ осы көрсеткішті бағалауда ұлттық өзгешеліктер болуы мұмкін.

Елдің даму деңгейі мен еңбекке қабілетті жастағы жастың бастапқы шегі, ереже бойынша, өзара байланысты. Елдің даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, еңбекке қабілетті жастың бастапқы шегі соғұрлым жоғары және еңбекке қабілетті (жастың) ересек жастың шегі төмен болады.Осылайша «өздігінен әрекст етуші халық» - бұл тіршілік ету қаражаттарының қайнар көздері бойынша халықтың бөлінуін сипаттайтын категория.

Мысалы, санақ жүргізуді ұйымдастыру барысында қызметі бар тұлғалар, стипендия алушылар, зейнеткерлер, мемлекет пен жеке тұлғалардың қарауындағылар басқа көрсетілмеген тіршілік ету қайнар көздері бар (болып) адамдар болып бөлінеді.

Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) - БҰҰ-да құрылған және қолданылатын категория. Бұл өндіріске әлуметті түрде қатысуға қабілетті тұлғалар. ¥ЕЖ-не (ұлттық есеп-шоттар жүйесі) сәйкес жіктелінген материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірісі ескеріледі.

Экономикалық белсенді халықтың санын есептеу үшін мынадай формулаларды ұсынуға болады:

Еңбекке Мемлекет пен Еңбекке

қабілетті - жеке тұлғалардың = қабілетті

жастағы қарауындағылар жастағы ЭБХ

ЭБХ (еңбекке қабілетті жастағы) +

өндірістегі жұмыспен қамтылған жасөспірімдер мен зейнеткерлер

= ЭБХ.

Экономикалық белсенді халықты сипаттау үшін топтау әдісі кеңінен қолданылады. Бұл топтаудың 2 типі бар:

1. Жалпы демографиялық.

2. Әлеуметтік-экономикалық.

Жалпы демографиялық топтар экономикалық белсенділікті ғана емес, сондай-ақ, бүкіл халықты қарастырады. Оларға мынадай топтаулар жатады:

- жыныс және жас бойынша топтау;

- әр елді әкімшілік-аймақтық бөлу тұрғысынан аймақтық топтау (халықтың тұрғын орны бойынша). Бұған әр елде әрекет ететін ережелерге сәйкес қала және ауыл халқына топтау кіреді;

- отбасы жағдайы бойынша (некеге отырғандар, бойдақтар, ажырасқандар, жесірлер), сондай-ақ отбасы саны бойынша топтау;

- ұлты және ұлпық тілі бойынша топтау (әр түрғынның өз тағдырын өзі шешу қағидасының негізінде);

- азаматтық бойынша топтау (осы тұлғаның қай мемлекеттің азаматы болын табылатындығы туралы сұраққа жауап береді);

- білім деңгейі бойынша топтау (осы елде қалыптасқап білім беру жүйесіне сәйкес);

- тіршілік ету қаражаттарының қайнар көздері бойынша топтау (істен түсетін табыс, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, капиталдан түсетін табыс, пайыздар, дивиденттер, жалға беру, жеке тұлғалардың қарауындағылар, ұжымдар мен мемлекеттің қарауындағылар).

Әлеуметтік-экономикалық топталу экономикалық белсенді халықты сипаттау үшін қолданылады.

Оларға ең алдымен, Халықаралық Еңбек Ұйымы бекіткен статус бойынша Халықаралық жіктеу шеңберіндс құрылатын қызметтегі жағдайы бойынша топтау жатады.

Экономикалық белсенді халықтың ең маңызды топтауына жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздарға бөлу болып жатады. Бұл топтау жұмыс күшінің статистикасы бойынша XIII Халықаралық конференцияда (Женева, 1982 ж.) қабылданған жұмыстылар мен жұмыссыздықтың анықтамаларына негізделеді. Онда қабылданған ережеге сәйкес жұмыспен қамтылғандарға бір апта, не бір күн ішінде мына категорияларға жатқызытын, ең аз жұмыс жасынан үлкен тұлғалар жатады:

1. Ақы төленетін қызмет:

а) «жұмыс істеушілер» - есептік кезең аралыгында қолма-қол ақша немесе заттай түрдегі сыйақы немесе жалақы алу мақсатымен жұмыс атқарған тұлғалар;

ә) «жұмыс істеушілер, бірақ есептік кезеңде болмағандар» - өз жұмысымен ресми байланысты сақтауды жалғастырғанмен, уақытша жұмыста болмайтын, жұмыс істейтін болып есептелінетін тұлғалар. Бұл ресми байланыс мынадан тұруы мүмкін: жалақыны төлеу жалғасады; болжанбаған жағдайлар аяқталғаннан кейін жұмысқа оралу кепілдігі немесе оралу мерзімі туралы келісімі болады; жұмыста уақытша болмаса да, оған жәрдемақы төленуі мұмкін.

2. «Дербес қызмет»

а) «жұмыс істеуші қожа», бұл анықтама есептік кезең аралығында қолма-қол ақша немесе заттай төлем түрінде пайда немесе отбасы табысын алу мақсатымен жұмыс атқарған тұлғаларды білдіреді;

ә) «қожа, бірақ жұмыс істемейтін» - жеке бизнесі бар, бірақ уақытша қандай да бір себеппен іс жүргізбейтін тұлға.

Халықаралық статистика басылымдарында «шамалы жұмыс» ұғымы кездеседі, ол ең аз дегенде аптасына бір сағат ішінде атқарылатын жұмыс ретінде түсіндіріледі.

Ауру немесе жарақат алу, мейрам немесе демалыс, ереуіл немесе білім алу немесе кәсіби дайындық, жүктілік немесе баланың ауруымен байланысты демалыс, жұмыстан қысқару, уақытша қайта ұйымдастыру немесе ахуалы нашар жұмыс, механикалық немесе электр істен шығу, шикізат, материал немесе отынның жетіспеушілігі сияқты тағы басқа себептерден жұмыста уақытша болмаған тұлғалар, олар жұмыспен ресми байланысын сақтаған жағдайда «ақы төленетін қызмет» категориясына жатқызылады.

Жұмыс берушілер, дербес қожалар және өндірістік кооперативтердің мүшелері «дербес жұмыспен қамтылғандар» ретінде саналуы және есептік кезеңдегі олардың жағдайына байланысты «жұмыс істеуші қожа» немесе «жұмыс істемейтін қожа» болып жіктелуі тиіс.

Отбасы бизнесіндегі ақы төленбейтін жұмыс істеуші мүшелері атқарған жұмыс уақыт мөлшеріне байланыссыз «дербес жұмыспен қамтылғандар» категориясына жатқызылуы тиіс.

Отбасының ақы төленбейтін мүшелерін «жұмыспен қамтылғандар» категориясына жатқызатын елдер, әдетте, «ақысыз жұмыс» уақытының шегін белгілейді (әдетте аптасына 15 сағат).

Жеке тұтыну мен өз отбасы үшін тауарлар мен қызметтер өндірумен шұғылданатын тұлғалар, егер ондай өндіріс үй - шаруашылығы табысына біршама үлес қосатын болса, онда олар «дербес жұмыспен қамтылғандар» категориясына жатқызылады. Қолма - қол ақша немесе заттай төлем түрінде ақы алатын көмекші шеберлер (шәкірттер) «ақы төленетін қызмет» категориясына жатқызылады және осы категорияның бос қалғандары сияқты «жұмыс істеуші қожа» немесе «қожа, бірақ жұмыс істемейтін» болып жіктеледі.

Есептік кезең аралығында негізінен экономикалық емес қызметпен айналысатын студенттер, үй - шаруашылығымен айналысатын әйелдер және басқа тұлғалар (оларды «дербес жұмыспен қамтылғандар» ретінде жіктедік) «жұмыспен қамтылғандар» ретінде саналуы тиіс, бірақ, егер мүмкін болса, жеке есептелуі керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 496; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.